Қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімі ай сайын стипендия алып отырады

ТАЛДЫҚОРҒАН. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғанда қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғалімі атағына облыстық конкурс өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Конкурстың басты мақсаты тіл саясатын насихаттау, қазақ тілі оқытушыларының абыройын көтеру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және оның мемлекеттік тіл ретіндегі мәртебесін әрі қарай нығайту, сабақ барысына инновациялық технологияларды енгізу және оқудың жаңа әдістемелерін анықтау болды. Қазылар алқасының шешімімен қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиетінің үздік мұғаліміне Қапшағайдан келген Гүлдариға Жақсымбетова лайық деп танылды. Ал орыс тілді сыныптарға сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің арасында бірінші орынды талғарлық Меруерт Бейсенбаева жеңіп алды. Конкурс ережесіне сәйкес, облыстық жарыстың жеңімпаздары жыл бойына негізгі жалақыларына қосымша ай сайын 1 айлық көлемінде стипендия алып отырады.
Соңғы жаңалықтар