«Қазақ тілі - менің тілім» - ағылшын пәнінің мұғалімі Светлана Шнайдер
ПАВЛОДАР. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Тілдері қолдану және дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы Павлодар облысының ұжымдарында талқыланып жатыр.
Қашыр ауданындағы №3 Тереңкөл мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Светлана Шнайдер: «Біз, Қазақстан Республикасының азаматтары, қай ұлттың өкілі болсақ та, Қазақстанның - мемлекет, ал оның мемлекеттік тілі - қазақ тілі екенін түсінуіміз керек. Менің ұлтым- неміс, қазақ ауылында туып-өстім. Мен мемлекеттік тілді жетік білетінімді мақтан етемін», - дейді.
Светлана Шнайдер үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқыту жүйесін жасау және оны енгізу туралы жобаның тезисін толығымен қолдап отыр. «Орыс топтарының студенттері қазақ тілін бір жыл ғана оқитыны құпия емес. Осындай қысқа мерзімнің ішінде тілді үйренуге болады ма? Сондықтан да, үздіксіз оқыту моделін дер кезінде жасалып отырған ұсыныс деп санаймын», дейді жас педагог.
«Жаңа жобада Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың тілдерін үйренуге және сақтауға жақсы жағдайлар жасалған. Бұл республика халқының бірлігін сақтаудағы өте маңызды мәселе», -деп санайды жас мұғалім.