Қазақ тілін оқытуды дамыту мәселелері - Павлодардағы «дөңгелек үстел» отырысы

ПАВЛОДАР. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Ертең Павлодарда «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысы өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл шара «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты мен Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының бастамашылығымен өткізіледі. Қазақ тілін меңгерген орыс тілді жастар, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен славян, орыс және казак ұйымдары қауымдастықтарының өкілдері республикадағы тілдің жағдайына баға береді. Олар мемлекеттік тілдің толыққанды дамуына кедергі болып отырған мәселелерді талқылайды, оларды шешу жөніндегі ұсыныс-кеңестер әзірлейді.Күшті және бәсекеге қабілетті қазақ тілі өзінің әлеуметтік қызмет аясын біртіндеп кеңейтуі керек, деп санайды нұротандықтар. Партия қазақ тілін енгізумен және оны дамытумен, тілді балабақша қабырғасынан үйретумен байланысты мәселелерге жіті назар аудармақ.
Соңғы жаңалықтар