Қазақ тілін үйренгісі келетіндер көбеюде - Павлодар

ПАВЛОДАР. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақ тілін үйренгісі келетіндердің саны күн санап өсуде,
None
None

әсіресе, өзге ұлт өкілдері ерекше ықылас танытуда. «Қазақ тілі» қоғамы белсенділерінің қатысуымен өткен «дөңгелек үстел» басындағы кездесуде осы мәселе сөз болды.

- Осыдан 20 жыл бұрынғы жағдайда қарағанда, адамдар тұрмыста та, жұмыста та мемлекеттік тілде көп сөйлесе бастады,- дейді С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапхана директорының орынбасары Шолпан Шахметова.

Өткен 20 жылда мемлекеттік тілді кеңінен танытуға «Қазақ тілі» қоғамының мүшелері айтулы үлес қосты, деп санайды тілдерді дамыту басқармасының бастығы Талғат Әбілқасымов. Барлық үлкен кәсіпорындар мен мекемелерде қазақ тілін үйрену курстары жұмыс істейді. Студенттер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы этнобірлестіктерінің жастары да қазақ тіліне ерекше ықылас танытуда.

«Дөңгелек үстел» отырысына қатысушылар сондай-ақ қазақ классиктері мен қазіргі заман жазушыларының кітаптарының облыстық кітапхана қызметкерлері әзірлеген көрмесімен танысты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум