Қазақ тілінің интегративті рөлі ұлтаралық қатынастар саласындағы ел саясатының практикалық факторы болуы тиіс - М.Тәжин

Бұл туралы бүгін Ақордада республикалық және жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен ұлысаралық қарым-қатынас мәселелеріне арналған республикалық кеңесте ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин айтты.
«Бүгінгі шынайы әлемде не орын алып жатқандығын қараңыздаршы. Дамыған әлем аталатын көптеген елдер күшті көші-қон шараларымен, нормаларымен, тосқауылдарымен дүрдиіп отыр. Кез келген ел, тіпті қараңыздаршы, бұған дейін ұлыстық қарым-қатынаста барынша либералды саясатты тәжірибеге алғандар да, бүгінде өте қатаң нормативке, мемлекеттік тілді білуге бағдарлануда. Мұндай нормативтер Германияда, Ресейде қойылуда», - деді ол.
М.Тәжиннің атап өтуінше, Қазақстанда бұл қарым-қатынаста өте демократиялық әрі либералды ахуал қалыптасқан. Дегенмен, қазақ тілінің интегративті рөлі ұлтаралық қарым-қатынастар саласындағы еліміздің саясатының практикалық факторы болуы тиіс.
«Бұл дұрыс. Бізде мұны қандай үлгіде жасау керектігіне қатысты көзқарас бар. Бірақ біз өзіміз үшін барынша ашық қалыптастыруымыз қажет»,- деді ол.