11:06, 13 Маусым 2016 | GMT +5
Қазақ-түрік лицейі Ақмола облысындағы мектептерде пәндерді ағылшын тілінде оқытуда көмек көрсетуге әзір
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Үштілді білім беру бойынша Жол картасын іске асыру аясында таяуда М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің» ұйымдастыруымен жаңа оқу жылында үштілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мектептерге арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында көптілді білім беру» атты облыстық семинары өткізілді.

Семинарға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Назарбаев зияткерлік мектебі ат салысты. Аталған іс-шараға облыс бойынша 25 мектептен 100-ге жуық мұғалім қатысты. Мұғалімдерге шеберлік сыныптары өткізілді.
Облысымызда көптілді білім беруді сәтті енгізу үшін Облыстық дарынды балаларға арналған № 1 «Қазақ-түрік лицейі» мектеп интернатының тәжірибесін кеңінен пайдалану қажетілі айтылды. Қазақ-түрік лицейінің мұғалімдері облыс мектептеріне жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуда әдістемелік көмек көрсетуге қарсы емес екендіктерін айтты, деп хабарлайды «Ақмола медиа орталығы».