Қазақ туы Солтүстік полюстің аспанында желбіреді

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстандық парашютші Асхат Қаратабанов халықаралық экспедиция құрамында Солтүстік полюсте болып, мұзды аймақтың аспанында қазақ елінің көк байрағын желбіретті.
None
None

ҚР спорттың ұлттық түрлері феде­ра­циясының «Бес қару» қауымдастығы өкіл­де­рінің хабарлауынша, «Полюс» Арктика мен Антарктиданы зерттеу экспедициялық орта­лығы сәуірдің 2-сі мен 4-і аралығында Сол­түстік полюстің географиялық нүктесіне па­рашютпен халықаралық экспедиция жасады. Бұл экспедицияға еліміздің атынан қатысуға тәжірибелі спортшы, Қазақстанның парашют спорты федерациясының өкілі Асхат Қаратабанов таңдалды. Пара­шюттік-десанттық дайындық бойынша шәкірт тәрбиелеп жүрген Қаратабанов бүгінге дейін әуеден 4000 рет секірген. Экспедиция алдын­да Алматыда «Бес қару» федерациясының және "KIT Group" компаниялар тобының президенті Дәурен Мұса Асхатқа Қазақстанның көкбайрағы мен федерацияның туын Солтүстік полюсте желбірету үшін табыс етті.

Осыдан кейін А.Қаратабанов Мәскеуге жетіп, онда парашютшілермен бірге Мурманскіге, одан ұшақпен Солтүстік полюстегі Барнео мұзды базасына жетті. Бірнеше күн климатқа бейімделгеннен кейін халықаралық экспедиция мүшелері полюстің 4500 метрлік биіктігінен пара­шютпен құлдилады. Солтүстік полюс бағындырылғаннан кейін олар Норвегияның Шпицберген архипелагындағы Лонгйир қаласы арқылы Мәскеуге жетті. Солтүстік полюске Ту тіккен қазақ мінген ұшақ бүгін Алматы әуе­жайына келіп қонады.

Соңғы жаңалықтар