Қазақ ұлттық опера және балет театры 90-шы мерейтойлық маусымын «Сильфида» балет қойылымымен аяқтайды

АСТАНА. KAZINFORM — 8-9 маусымда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 90-шы мерейтойлық маусымын Х.Левенсхольдтың «Сильфида» романтикалық балетінің жаңа қойылымымен жабады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Балет
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін өткен салтанатты шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және республикалық деңгейдегі театр жетекшілері қатысты.

«Сильфида» балеті – бізге жеткен ең көне классикалық балет өнерінің жаңа дәуірін ашқан романтикалық-хореографиялық спектакль. Әлем классикасының жауhары - театр сахнасында ұзақ жылдар қойылып келген, ал бұл қойылымның ерекшелігі балет өнерінің жаңаша түрленуінің көрінісі», – делінген хабарламада.

Балет
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, қойылымда балет әртістерінің киім үлгісі де, музыка ырғағы, сахналық декорациялар толықтай өзгеріс енген. Жаңадан жаңғырған «Сильфида» Алматының мәдени өміріндегі елеулі оқиғалардың бірі және алматылықтар мен қала қонақтары үшін жағымды жаңалық болмақ. 

Спектакльге республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары, балет әртістері Жәнел Түкеева, Богдан Вербовой, Әмір Жексенбек, Айман Егісбаева, Айгүл Дүйсекова, Сырым Аюпов қатысты. 

Балет
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қоюшы-дирижер ретінде Абай атындағы ҚазҰОБТ бас дирижері Нұржан Байбусинов сөз сөйледі. 

Қоюшы-балетмейстер – Мариин театрының әйгілі балет әртісі, «Benois de la Danse», «Золотая маска», «Золотой софит» сыйлықтарының лауреаты Леонид Сарафанов. 

Қоюшы-суретші Ресейдің Халық суретшісі Вячеслав Окунев болды. 

Соңғы жаңалықтар