Қазақ Ұлттық университетінде жаңа телерадио кешені ашылды

p; Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ -  Бүгін   Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде білім ордасының 75 жылдық мерейтойына орай жаңа телерадио кешені ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Телерадио кешені жаңа сандық жабдықтармен және де түрлі жанрдағы теле-радиобағдарламалар жасау үшін қажетті  барлық техникалық құралдармен жабдықталған.  Сонымен қатар, бұл кешеннің оқу-өндірістік телестудиясы мен радиостудиясы бар. Телестудия бірнеше студенттік шығармашылық редакциядан тұрады. Атап айтқанда, жаңалықтар редакциясы, немесе convergence newsroom - конвергентті редакция, жастар және сауықтыру редакциясы, спорт редакциясы, ғылым жөніндегі арнайы редакция.

Ашылу рәсіміне   университет ректоры,   академик Бақытжан Жұмағұлов қатысып: «Бұл кешен журналистика саласында кәсіби шеберлігі шыңдалған журналистер дайындауға зор мүмкіндік береді», деп атап өтті.

«Жаңа студияда студенттер университет тіршілігінен, оның ғылыми жетістікті жобаларынан хабардар ететін «Тұғыр», «Ғұламалар ғұмыры», «Эврика», «Химик шоу», «Ақыл әңгімелейді», «ҚазҰУ сұлуы», «Видиовизиткалар», «Ұшқыр сөз» сынды бағдарламалар дайындайтын болады. Олар жыл сайын  қазақ және орыс тілдерінде университет жаңалықтарын жасайды, ал жасалған бағдарламаларды оқу ғимараттарындағы және ҚазҰУ қалашығы жатақханасындағы мониторлардан көрсететін болады. Бұл кешен жеке өз бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді», дейді осы факультеттің деканы, профессор Ғалия Ибраева.

Оның айтуынша, жақын арада Қазақ Ұлттық университеті телестудиясының бағдарламалары қалалық жалпы университеттік «UVISION» кабельдік арнадан хабар тарататын болады.

Соңғы жаңалықтар