Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

"Қазақалтын" тау-кен концерні" АҚ-ы республикалық бюджетке 4 миллиард 667 миллион 39 мың 475 теңге қосымша құн салығын қайтарды

АЛМАТЫ. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Kazakhgold Group Limited еншілес "Қазақалтын" тау-кен концерні" АҚ-ы ерікті түрде республикалық бюджетке 4 миллиард 667 миллион 39 мың 475 теңге немесе 32 миллионға жуық доллардың қосымша құн салығын қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақалтын" тау-кен концерні" АҚ-ы    республикалық бюджетке 4 миллиард 667 миллион 39 мың 475 теңге қосымша құн салығын қайтарды

Қосымша құн салығын кәсіпорынның 2007-2009 жылғы бұрынғы басшылығы бюджеттен жалған келісімдер бойынша заңсыз алған болатын. Бүгінгі таңда KazakhGold бұрынғы менеджментінің бұл заңсыз әрекеттері Лондондағы Жоғары Сотта қаралуда. Ал KazakhGold Group Limited қазіргі басшылығы заңсыз шығарылған бұл қаражатты қайтарып, оны Қазақстан экономикасын қаржыландыруға жұмсауға дайын екенін мәлімдеді.