«Қазақфильм» сахна саңлағын 100 жасында киноға түсуге шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Хабиба Елебекова 100 жасқа таяды. Жуырда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы актрисаға Қалибек Қуанышбаев туралы киноға түсуге ұсыныс жасады, деп хабарланды Ұлттық арнадағы «Таңшолпан» бағдарламасында.
None
None

Бұл туралы ғасыр жасаған сахна саңлағын құттықтай барған «Таңшолпанның» тілшісі Жазира Зәкірқызымен әңгімеде белгілі болды.
Хабиба Елебекова театр өнеріне 70 жылдан аса қызмет етті. 93 жасында киноға түскен. «Тетарға 17 жасымда келдім. Театр - менің қарашаңырағым», дейді актриса.
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын ерекше құрметтейтін өнер иесі таңғы бағдарлама көрермендеріне ақынның өлеңін жатқа оқып берді.

Соңғы жаңалықтар