«Қазақфильм» ауласында тізіліп тұрған көліктер қайдан келді

Алматыдағы «Қазақфильм» ғимараты аумағында пайда болған автокөліктерге қатысты ресми түсінік берілді, деп хабарлайды Kazinform.

көліктер
Фото: Видеодан кадр

«Қазақфильм» АҚ президенті ретінде менің басты міндетім – 178 адамның айлығын тауып беру. Жалға берем бе, әлде басқа да жұмыстар істеймін бе — ол менің міндетім. Мен кинодан да басқа қызметкерлердің жалақысын төлеуім керек. Бұл таксопарк, ешқандай автокөлік сатылмайды», - деді «Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалды КТК телеарнасына берген сұхбатында.

Бұл мәселеге қатысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

«Қазақфильм» айналасында болып жатқан мәселелер жайында айта кеткім келеді. Шынында да, қазір біз айналысып жатқан жүйелі мәселелер бар. Осыған байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатын болады», - деп жазды Аида Балаева Facebook желісінде.

Сондай-ақ, министр «Қазақфильмнің» бұрынғы даңқы көп ұзамай оралатынына сенім білдірді.

«Алдағы уақытта сапалы фильмдер түсіріп, көрерменді қуанта береді деп ойлаймыз», - деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар