«KAZAKH INVEST» ҰК павильонында компанияның басқарма төрағасы БАҚ өкілдерімен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 13 шілде күні сағат 15:00-де ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы павильонында «KAZAKH INVEST» басқарма төрағасы Мақсат Қабашев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездеседі.

«KAZAKH INVEST» ҰК павильонында компанияның басқарма төрағасы БАҚ өкілдерімен кездеседі

Кездесудің тақырыбы: «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясының 100 күн жұмыс шеңберіндегі қол жеткізген қызметі, міндеттері мен жоспарлары.

Кездесу өтетін орын: ЭКСПО көрмесіндегі «KAZAKH INVEST» павильоны, шығыс кіреберісі (Мәңгілік Ел жағынан), Сингапур Республикасының павильоны жанында, 3-қабат.

ЭКСПО аумағына кіру рұқсаттама керек болған жағдайда алдын-ала хабарласу керек екенін ескеру қажет. 

Анықтама телефондары: 620-554, 620-511 (байланысатын тұлғалар: Алтынай Кәрібжанова, 87017554866, Кулшынбаева Акмарал +77017108057, Айдана Тусупова 87785552440).