«Kazakhstan Forbes» журналына енген 30-ға жуық бизнесмен Шымкентте бас қосты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде «Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық бизнесмен мен өңірдегі ірі кәсіпкерлер бас қосты, деп хабарлады ҚазАқпаратқа облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Бизнес конференцияға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев инвестициялық мүмкіндіктер мен туризм индустриясының жетістіктерін атап өтті.

Отандық өндірісті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтқан әкім кәсіпкерлер үшін инфрақұрылымы дайын тегін жер беріліп, онда коммуналдық тарифтері төмен және салықтық жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол банктік несиенің пайыздық сыйақысын субсидиялау, банкке мемлекеттік кепілдік беру сияқты мүмкіндіктер бар екеніне тоқталды. 

Мәселен, облыста индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру мақсатында жалпы аумағы 959 гектарды құрайтын 11 индустриялық аймақ құрылған. Бүгінде бұл өндірістік алаңшаларда 160-тан астам жоба орналастырылса, оның 56-сы жұмыс жасауда. Ал өңірде соңғы 6 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібінің түрлі салаларында 145 кәсіпорын іске қосылып, 13 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Бизнесмендердің бас қосуында көне Түркістан қалашығын жаңғырту бойынша эскиздік жоба мен Қ.А.Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыру жобасы таныстырылды.

Сонымен қатар, өңірімізді көркейтудегі жобалардың қатарына «Сарыағаш» курорты аумағын кеңейтіп, халықаралық деңгейге көтеру,  Шардарада жағажай туризмін дамыту мақсатында Шардара су қоймасы аумағында демалыс аймақтарын орналастыру жобасы, облыс аумағында тау-шаңғы туризмін дамытуға бағытталған халықаралық стандарттарға сай «Қасқасу» туристік рекреациялық кешенін іске асыру, өндірістік жылыжайларды көбейту, Шымкент қаласын дамыту сынды жобалар  кәсіпкерлер назарына ұсынылды.

Елбасының Шымкент қаласын республикадағы үшінші мегаполиске айналдыру бойынша тапсырмасына орай, облыс орталығы инвесторларға арналған үлкен алаңға айналуы тиіс. Осы орайда, облысқа инвестиция тарту мақсатында бағытталған шараға «Kazakhstan Forbes» журналының тізіміне енген 30-ға жуық ірі кәсіпкер келді.

Жиында TS Development компаниясының президенті және «Dostyk PLAZA», «Shymkent PLAZA» жобаларының иесі С.Төлбасов Шымкент қаласындағы ең ірі сауда орталықтарының бірі болып табылатын «Shymkent PLAZA» жобасына 16 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйғанын айтып,  бүгінгі  ашылуына шақырды.

Соңғы жаңалықтар