Қазақмыс 2,7 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржыландыруға қол жеткізді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және Қытай даму банкімен арада қол жеткізілген келісімнің арқасында біз өзіміздің ірі дамыту жобаларымызды икемді де ұзақмерзімді қаржыландырумен кепілдендірдік. Осы жобаларды іске асыру аймақтың экономикасын дамытуға және Қазақстанның ұлттық бюджетіне түсімдердің артуына септігін тигізетін болады», дейді Қазақмыс тобының Бас атқарушы директоры Олег Новачук.
2009 жылдың маусым айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы Қазақстандағы инфрақұрылымдық және ресурстық жобаларды дамыту үшін 3 миллиард АҚШ доллары сомасында несиелік бағдар алуға Қытай даму банкімен келісімге келген болатын. Қазақмыс, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ және Қытай даму банкі арасындағы қаржылық ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, осы несиелік бағдардағы Қазақмыс тобының үлесі 2,7 миллиард долларды құрайды. Желтоқсанның 30-ы күні Қазақмыс пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ арасында 2,1 миллиард доллардың Несиелік келісіміне қол қойылды. Келісім бойынша бұл қаражаттың 2 миллиарды - Бозшакөл мыс жобасын, 100 миллионы - Бозымшақ алтын-мыс жобасын қаржыландыруға жұмсалады. Қалған 600 миллион доллар Қазақмыс тобында үш жыл бойы сақталады және компания оны басқа дамыту жобаларына жұмсай алады.