Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Қазақмыс» 2011 жылы Қарағанды облысында 2 миллиард теңгеге жуық соманың әлеуметтік жобаларын қаржыландырады

ҚАРАҒАНДЫ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімдігінде «Қазақмыс» корпорациясымен 2011 жылға арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

«Қазақмыс»  2011   жылы Қарағанды облысында     2  миллиард теңгеге жуық соманың   әлеуметтік жобаларын   қаржыландырады

Бұл келісімге өткен сенбі күні Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов пен «Қазақмысә ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай қол қойды.

«Меморандумның жалпы құны 2 миллиардқа жуық теңгені құрайды. Жезқазғанның әлеуметтік саласын дамытуға шамамен 500 миллиондай теңге жұмсалса, Балқаш қаласына да осыншама сома қарастырылып отыр», деп хабарлады Э.Огай өз сөзінде.

Оның айтуынша, сондай-ақ биыл Қарағандыда «Қазақмыстың» есебінен Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш тұрғызылады. «Бұл жобаға 200 миллионнан астам теңге бөлініп отыр»,- деді «Қазақмыстың» басқарма төрағасы.

Меморандумға сәйкес, корпорация сонымен бірге Жезқазғандағы Алаш алаңында жүргізілетін қайта жаңарту және Тәуелсіздік монументін орнату жұмыстарын қаржыландырады. Корпорация облыс спортшыларының Олимпиада дайындықтықтарын және «Сарыарқа» хоккей клубын қаржыландыруды жалғастырады. «Қазақмыс» сонымен қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне де материалдық көмек көрсетпек.