Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Қазақмыс» алғашқы тоқсанның өндірістік нәтижелерін жариялады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін «Қазақмыс тобы» алғашқы тоқсанның өндірістік нәтижелерін жариялады,

«Қазақмыс» алғашқы тоқсанның өндірістік нәтижелерін жариялады
деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Қазақмыс тобы» 2008 жылдың соңында кейбір жоғары шығынды кеніштердің қызметтерін тоқтата отырып, 2009 жылы өндірісті қысқартатынын хабарлаған болатын. Алғашқы тоқсанда мыс өндірісі катодты мыс теңгерімінде 82 мың тоннаны құрады. Корпорацияның Бас атқарушы директоры Олег Новачуктың айтуынша, жағымды бұл көрсеткішке қарамастан катодты мыс бойынша 2009 жылға жасалған 300 мың тонна деңгейіндегі болжам сол қалпында қалдырылады. Топ өзінің инвестициялық бағдарламаларын, соның ішінде Екібастұздың ГРЭС-1 стансысындағы негізгі жəне қосалқы жабдықтарды жаңартуды жалғастыруда. Электр стансысындағы №5 энергоблокқа электростатикалық сүзгілерді орнату басталды, ол ауаға тарайтын зиянды заттарды азайтуға мүмкіндік береді.