Қазақмыс Директорлар Кеңесіндегі өзгерістер туралы хабарлайды

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Қазақмыс тобы Директорлар Кеңесіндегі өзгерістер туралы хабарлайды.
None
None

2013 жылдың 21 қазанынан Тəуелсіз атқарушы емес директор болып Линда Армстронг тағайындалды.

Мамандығы бойынша геофизик Линда Армстронгтың жер қойнауын пайдалану саласында 30 жылдан астам жұмыс тəжірибесі бар. Ол еңбек жолын Shell компаниясында бастап, Солтүстік теңіздегі мұнай кен орындарын игеру жобаларында қатысты, концерннің Ұлыбританиядағы жəне Омандағы бөлімшелеріндегі бірқатар маңызды басқарушы лауазымдарда болды, оның ішінде Shell International Техникалық вице-президент қызметін атқарған. Линда Армстронг Қауіпсіздік жөніндегі британ кеңесінің қамқоршылық кеңесінің Төрағасы жəне Central Europe Oil Company атқарушы емес директоры. Линда Армстронг тағайындалғаннан кейін, Директорлар кеңесінің тəуелсіз Төрағасын қоса алғанда Қазақмыс Тобы Директорлар кеңесінің тоғыз мүшесінің бесеуі тəуелсіз болады жəне бұл Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексінің талаптарына (UK Corporate Governance Code) толығымен сəйкес келеді. Армстронг Топтағы Қауіпсіздік, еңбекті жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Комитеттің құрамына кіреді.

Бұл тағайындауға қатысты өз пікірін білдірген ДК Төрағасы Саймон Хил: «Мен Линда Армстронгтың Топтың Директорлар кеңесінің құрамында болатындығына қуаныштымын», - деп мəлімдеді. - Бүгінгі күні біздің қызметіміз өндірістік шығындарды азайтуға, өндірісті ұлғайтуға бағытталған жаңа жобаларды жүзеге асыруға жəне қауіпсіздік көрсеткіштерін жақсартуға бағытталып отыр. Линданың кен өндіру саласындағы тəжірибесі, оның техникалық жəне пайдалану салаларындағы машықтары біз үшін аса құнды. Бұған қоса Линданың өндірістік қауіпсіздік мəселелеріне ерекше көңіл бөлетіндігі компанияның бұл салада əрі қарай дамуына оң əсер ететіндігі сөзсіз».

Соңғы жаңалықтар