«Қазақмыс» корпорациясы ағымдағы жылы жолдарды және әлеуметтік-мәдени тұрмыстарын жөндеуге қомақты қаржы салады
СЕМЕЙ. Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан әкімдігі мен «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің арасында жасалған келісімге сәйкес, көктем келген соң Жезкент кентінде сауықтыру кешенін, бассейн мен Мәдениет үйін қалпына келтіру жұмыстары басталады.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Бородулиха ауданының тұрғындарымен болған кездесуде мәлім етті.
Аймақ басшысының мәліметі бойынша, алдын-ала келісімге сәйкес өнеркәсіптік кәсіпорынның қаржысына жақын келешекте Бородулиха-Жезкент тас жолы жөнделіп, Глубокое ауданында екі балабақша салынады. «Қазақмыс» сондай-ақ, орталықазия өңіріндегі ең үлкен құрылыстардың бірі - Семейдегі мешіттің құрылысын жалғастыруға 100 миллион теңге аударады.