Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақмыс қымбат металдар нарығына қатысушылардың тізіміне қосылды

АЛМАТЫ. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақмыс қымбат металдар нарығына қатысушылардың Лондон қауымдастығы (LBMA) тізіміне қосылды,

Қазақмыс қымбат металдар нарығына қатысушылардың тізіміне қосылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оған Қазақмыс тобы компанияның Балқаш металлургиялық кешенінен шыққан күміс құймаларын тестілеуден өткізген соң еніп отыр. Тәуелсіз сарапшылардың құймаларға талдау жасаған талдауы бойынша, сараптаманы Қазақмыстың кәсіпорны өндірістік қабілеті мен қаржылық жағдайы бойынша LBMA талаптарын қанағаттандырды.

«Шығарған күміс құймалардың халықаралық сертификатталуы қымбат металдық бөлімшеміздің табыстылығын арттыру мен өндіріс технологиясын жетілдірудің ұзақ мерзімді бағдарламасының нәтижесі болды. Біз акционерлердің, қызметкерлеріміздің және қазақстандық бұқараның игілігіне Топтың табыстылығын арттыру үшін өнімімізді өңдеп шығарудың барынша жоғары дәрежесіне қол жеткізуге талпынудамыз», дейді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы Эдуард Огай.

Компания күмісті құймалар күйінде шығарудың автоматтандырылған жаңа қондырғысын орнатуға 710 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсады. Бір құйманың салмағы халықаралық стандартқа сай 1000 унцийге немесе 31,1 килограммға тең. Күмісті құйма түрінде шығаратын қондырғының өндірістік қуаттылығы жылына 400 тоннаны құрайтын болады.