«Қазақмыс» мыс катодын өндіруді азайтпақ

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Қазақмыс» ПЛС өткен жылы өзі өндірген шикізаттан 340,1 мың тонна мыс катодын және 3,5 мың тонна мыс қоспаларын шығарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл алдын-ала жоспарлаған жылдық көрсеткіштен біршама жоғары. Сондай-ақ ілеспе өнімдерді өндіруде де оң өзгерістер байқалды. Мәселен, 2007 жылмен салыстырғанда мырыш қоспасын шығару 3 пайызға өсіп 137,3 мың тоннаны құрады. Алтын өндіру де 9 пайызға ұлғайып 123,5 мың унцияны, ал күміс өндіру 12 пайызға азайып 16,710 мың унцияны құрады. Ал компанияның бөлімшесі саналатын Kazakhmys Power электр энергиясын өндіруді 17 пайызға өсіріп, 10 402 ГВтсағатқа жеткізді. Әлемдегі жетекші халықаралық компаниялардың бірі саналатын «Қазақмыс» ПЛС 20 кен орнына, 10 тау-кен байыту фабрикасы мен 2 металл балқыту кешеніне ие. Онда мыс өндіруден бастап мыс катоды, мыс қоспасы үлгісіндегі дайын өнімдер жасалады. Былтыр олар өздері өндірген рудадан 48 мың тонна металлургиялық мырыш, 137 мың тонна мырыш қоспасын шығарды. Компания осыған қарамастан, биыл өз өндірісінде мыс катодының жылдық көлемін 300 мың тоннаға дейін азайтуды жоспарлап отыр.
Соңғы жаңалықтар