"Қазақмыс" тобы Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнін атап өтуде

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен жыл сайын 28 сәуірде аталып келе жатқан Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні, "Қазақмыс" тобының кәсіпорындарында қауіпсіздік мәселелері жөнінде мәжілістер өткізілді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

Соңғы айлардың ішінде "Қазақмыста" еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруда басшылық пен қызметкерлердің бірлескен іс-қимылдарының құрылымдалған тетігін құруға бағытталған іс-шаралардың бүтін бір кешені жүзеге асырылды.

"Қазақмыс" жарақаттанушылықты нөлдік деңгейге жеткізуге және апаттық жағдайларды тіптен болдырмауға талпынады әрі қауіпсіздікті өзінің өнеркәсіптік қызметінің ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.

Топтағы әрбір деңгейде төнетін қауіп-қатерлерді ұғынуды, қатерлерді анықтап алу және сол қатерлерді мейлінше кеміту әрі жою бойынша тиімді шараларды әзірлеуді қамтитын өндірістегі қатерлерді басқару жүйесі енгізіліп отыр.

Мұндай жүйелі көзқарастың мақсаты, бірінші кезекте, әлемдік тәжірибелерді ескере отырып, еңбек қауіпсіздігінің стандарттарын қайта қарау, қызметкерлер құрамын оқыту және жұмыс істеу үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын құру арқылы да қол жеткізілетін "Қазақмыстағы" барлық кәсіпорындардың және мердігер ұйымдардың қызметкерлерінде қауіпсіз еңбектенудің мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Тренингтер өткізу үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасына оқыту саласындағы халықаралық консалтингілік жетекші компания - Du Pont Safety Resources компаниясы қатыстырылып отыр.

Кәсіпорындарының техникалық жағынан қайта жарақталуына баса назар аударылып келеді. Атап айтқанда, қазіргі заманғы автосамосвалдар, бұрғылау қондырғылары, жер астында тасымалдағыш автобустар және басқа да түрлі техника сатылып алынды, қашықтан бақылау жасауды қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылды. Бірқатар кеніштерде өрт өшірудің автоматты жүйелерін орнату, энергиямен қамсыздандыру жүйелерін қалпына келтіріп, күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстар аяқталды. Жерасты кеніштерінде өздігінен жүретін техниканың адамдарға жарақат келтіруін болдырмау мақсатымен бейнебақылау жүйелерінің жинақтамалары сатылып алынды.

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) кең ауқымды проблемаларға әлем жұртшылығының назарын аудартып, еңбекті қорғаудың мәдениетін құру және ілгерілету, жұмыс орнында жыл сайын болатын мертігудің кемуіне қалайша септігін тигізетіндігіне назар аударту мақсатымен, 28 сәуірді - Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күні ретінде жариялады. 2011 жылғы Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы: - "Еңбекті қорғауды басқару жүйесі: үздіксіз кемелдене түсуге бет алу" деген ұранмен өтуде..

«Өнімнің сапасы мен жоғары өнімділікке қол жеткізуге септігін тигізетін қауіпсіз де лайықты еңбек жағдайлары сәтті бизнестің ең қажетті шарты болып табылады. Қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуінің және біздің жұмыскерлердің денсаулығы үшін қамқорлықтың "Қазақмыс" тобы үшін маңыздылығы бірінші дәрежеде. Біз еңбекті қорғау мен өнеркәсіптегі қауіпсіздікті басқарудың аса тиімді жүйесін енгіздіріп отырмыз және де өндірісте орын алуы мүмкін қайғылы уақиғаларды болдырмауға қомақты ресурстар қосып келеміз. Біздің түпкі мақсатымыз - жұмыс орындарындағы дертке шалдығушылық пен жарақаттанушылықты нөлдік деңгейге жеткізу», - деді өз сөзінде "Қазақмыс" тобының басқарушы бас директоры Олег Новачук.

Соңғы жаңалықтар