11:04, 04 Маусым 2013 | GMT +5
Қазақмыс тобының Степной кен ошағында машинист қаза тапты
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - 3 маусым күні Степной кен ошағында кенді тасымалдау кезінде ТОРО жерасты көлігі кен құдығына құлаған.

Оны жүргізген машинист жарақаттанып, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Қазақмыс тобының баспасөз хабарламасында көрсетілген.
Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды.