«Қазақмыс» Ұлы Жеңістің 67 жылдығын атап өтуге 25 млн. теңге бөлді

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазақмыс» компаниясы Жеңіс күнін тойлауға және Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, мүгедектер мен соғыс қатысушыларын, сондай-ақ тыл еңбеккерлері мен олардың жесірлерін құттықтап, құрмет көрсетуге 25 миллион теңге қаржы бөлді.
None
None

Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай,  қаржы салтанатты шараларды, парадтар мен шерулерді, Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаларды өткізуге және мерекелік ас беруге жұмсалады. Сондай-ақ «Қазақмыс» кәсіпорындарынан зейнеткерлікке шыққан 2 мыңнан астам Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, олардың жесірлеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға  ақшалай көмек жасауға жұмсалатын болады.

Бұдан бөлек, «Қазақмыс» тобы облыстық әкімдікпен арада қол қойылған әлеуметтік саладағы ынтымақтастықтың кешенді жоспарының аясында 12 миллион теңге шамасындағы қосымша ақшалай көмек Қарағанды облысындағы барша ардагерлерге көрсетілетін болады.

Соңғы жаңалықтар