ҚазАқпарат: 2011 жылғы 4-9 қазан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ҮКІМЕТ
4 қазанда ҚР Әділет министрлігінде «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комиттетінің жанындағы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашвылықты жаңарту бағдарламасын жүзеге асырылуына мониторинг жасау жөніндгі сараптшы топтың отырысы өтеді.
5-8 қазан аралығында Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Литва Президенті Даля Грибаускайте ресми сапармен болады
6 қазанда Астанада Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторларының бірлескен комиссиясының кезекті 3-ші мәжілісі өтеді.
6-7 қазанда Астана қаласында V Азаматтық форум өтеді
8-9 қазанда Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Иранның Сыртқы істер министрі Алиакбар Салехидің шақыруымен Тегеранда жұмыс сапарында болады.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
6 қазанда Астанада Қазақстан мен Жапонияның стратегиялық әріптестігіне арналған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторлар бірлескен комиссиясының отырысы өтеді.
6-7 қазанда Рабатта Қазақстан мен Марокко Корольдігінің Сыртқы істер министрліктерінің консультациялары өтеді.
ӘЛЕМ
26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Варшавада ЕҚЫҰ-ның гуманитарлық өлшемдер бойынша міндеттемелері бойынша Шолу конференциясы өтуде.
4 қазанда Мәскеуде ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа ЕҚЫҰ бас хатшысы Ламберто Заньермен кездесу өткізеді.
ТМД
4-6 қазан күндері Киев қаласында Халықаралық көрме орталығында «Украина 2011» XVIII Халықаралық туристік салон өтеді.
8-24 қазан аралығында Киевтің Brucie Collections галереясында әлемге танымал фотосуретші Говард Шатцтың көрмесі өтеді.
ҚОҒАМ
1 қаңтардан 25 қарашаға дейін ҚР Мәдениет министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының этножурналистика саласында «Шаңырақ» атты бірлескен конкурсы өтуде.
4 қазанда Астанада Ұлттық баспасөз орталығында «Қоғамның рухани саласының мәселелері зиялы қауым көзімен» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
6-7 қазанда Астана қаласында V Азаматтық форум өтеді.
СПОРТ
22 қыркүйектен 10 қазанға дейін Бакуде бокстан XVI әлем чемпионаты өтуде.
5-9 қазан күндері Шымкентте Қазақстан Республикасының ІІІ Паралимпиадалық ойындары өтеді.
АСТАНА
4 қазанда Астанада Тәуелсіздік сарайында KAZENERGY VI Еуразиялық форумы өтеді.
5 қазанда ҚР Президенттік мәдениет орталығының концерт залында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік жемісі» атты кітаптың тұсаукесері және соған орай «Әдебиет және ізгілік» клубы ұйымдастырып отырған «Тәуелсіздік жемісі» атты мәдени шара өтеді.
4-5 қазан күндері «Көрме» орталығында «Қазақстандағы және бұрынғы кеңестік кеңістіктегі азаматтық қоғам: қалыптасуы және 20 жылдағы дамуы» атты үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық конференциясы өтеді.
4-5 қазанда KazEnergy VI Еуразиялық форумы өтеді.
5-6 қазанда Астанада Орталық, Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері прокурорлары халықаралық қауымдастығының 6-аймақтық конференциясы өтеді.
5-7 қазанда «Көрме» кешенінде «ҚазАвтоЖол-2011» сегізінші халықаралық көрмесі өтеді.
АЛМАТЫ
3-5 қазанда Алматыда «ИНТАЛЕВ» компаниялар тобы қазақстандық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Бюджеттік басқару: әдістемесі, жолға қою және автоматтандыру» оқыту курсы өтуде.
4 қазанда «Ұлы дала» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтай съезіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
4 қазанда Алматыда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан нысандарға баспасөз туры өтеді.
4 қазанда Алматыда электр энергиясын тұтынушыларға арналған ашық есік күні өтеді.
4 қазанда «Қазақстанның халық банкі» АҚ мен «Интервэйл Казахстан» ЖШС-нің бірлескен баспасөз мәслихаты өтеді.
4 қазанда Жамбыл атындағы филармонияда танымал ақын әрі прозашы Бақытжан Қанапьяновтың мерейтойлық шығармашылық кеші өтеді.
6-8 қазанда Алматыда «Болашақ игілігі үшін сапа» ұранымен VI халықаралық сапа форум өтеді.
7 қазанда Алматыда ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, тарихшы-этнограф, өнер зерттеуші, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Өзбекәлі Жәнібековтың туғанына 80 жыл толуына арналған көрме ашылады.
9 қазанда Алматыда «Мизамшуақ» романтикалық концерті өтеді.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
ҚАЗАННЫҢ 4-І, СЕЙСЕНБІ
Адамзаттың ғарыш дәуірі басталған күн. Дүниежүзілік ғарыш апталығы
Ғарыш дәуірі басталған күнді 1967-нші жылғы қыркүйекте Халықаралық астронавтика федерациясы жариялаған. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999-ыншы жылғы желтоқсанның 6-сында адам әл-ауқатын жақсартуға ғарыш ғылымы мен техникасы қосатын қомақты үлесті атап көрсету мақсатымен қазанның 4-і мен 10-ы аралығындағы аптаны Дүниежүзілік ғарыш апталығы (World Space Week) деп жарияланды.
Адамзат ғарыш дәуірінің басталуы күні - Қазақстан үшін айрықша мереке. 1957-нші жылы қазанның 4-інде нақ Қазақстан топырағынан планета тарихында тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ғарышқа шықты және Жердің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин осы жерден ғарышқа көтерілді. Нақ Байқоңыр ғарышқа ұшқан кеңестік, сосын ресейлік және шетелдік ғарыш кемелері үшін де басты ғарыш айлағына айналды.
Қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Гиннесс рекордтар кітабына енгізілген: бір ұшу мерзімінде оған дейін ешкім ашық ғарышта бір тәуліктен артық болып көрмеген.
Халықаралық жануарлар күні
1931 жылы Флоренцияда өткен Табиғатты қорғаушылар қозғалысын жақтаушылардың халықаралық конгресі шешімімен католик мерекесі - Әулие Франциска күні атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Орал жылу-қуат орталығындағы газ турбиналы электр стансасының таныстырылымына қатысты. Президент өз сөзінде бұл оқиғаның облыс өмірі үшін маңызы зор екендігін атап өтті. Қарашығанақта Елбасы тапсырмасы бойынша бесінші энергоблок салынғаннан кейін облыс электр қуатымен өзін-өзі толық қамтамасыз ететін болады. 2002 жылдың маусымында қуат пен өнеркәсіп технологияларының жаңа түрлерін дамыту жөніндегі жапондық НЕДО ұйымы, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және БҚО әкімдігі арасында қол қойылған төртжақты келісімге сәйкес салынған аталмыш стансаның іске қосылуы облысқа қосымша 26,9 МВт электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. Осы арқылы Орал жылу-қуат орталығы электр қуатын 300 млн. кВт-сағатқа дейін жеткізе алады. Бұл - сырттан келетін электр қуатының көлемі 200,0 млн. кВт-сағаттан астамға қысқарады деген сөз. Кәсіпорын жыл сайын 240 млн.-нан астам теңге табыс табатын болады. Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі ? жеті жыл. Ал қызмет ету мерзімі 25 жылға есептелген. Құрылыстың бас мердігері ? «Қазоңтүстікбатысөндірісқұрылыс» ЖШС.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1936-2005) физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СҰЛТАНҒАЗИН Өмірзақ Махмұтұлы дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Сергей Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1959-1978 жылдары - Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) кафедрасының меңгерушісі, доценті, аға ұстазы, ассистенті. 1978-1989 жылдары - Қазақстан ғылым академиясы математика және механика институтының директоры. 1985-1986 жылдары - Қазақстан ғылым академиясы физика-математика ғылымы бөлімінің академик хатшысы. 1986-1988 жылдары - Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті. 1988-1994 жылдары - Қазақстан ғылым академиясының президенті. 1991-2005 жылдары - Қазақстан ғылым академиясы Ғарыштық зертеулер институтының директоры. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы ғылым академиясының вице-президенті - Ғылым академиясы президентінің бірінші орынбасары. 1997 жылы - Қазақстан Республикасы ғылым академиясы Жаратылыстану және физика-математика ғылымдары бойынша академиясының вице-президенті. 2000-2005 жылдары - Қазақстан жаратылыстану ғылым академиясының вице-президенті. 2002-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті. 2004-2005 жылдары - «Асар» партия саяси кеңесінің мүшесі. 1989-1991 жылдары - Халық депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі 11-ші шақырылымының депутаты. 2004 жылы - «Асар» партиясы тізімі бойынша 3-ші шақырылымның Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламенті депутатына кандидат. Академик Өмірзақ Сұлтанғазин Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі Ғарыштық зертеулер институтының негізін қалаушы.
«Лекции по методу сферических гармоник», «методы сферических гармоник и дискретных ординат в задачах кинетической теории переносов», «Дискретные модели нелинейного управления Больцмана», «Математические проблемы кинетической теории переноса», «Космические исследования в Казахстане» кітаптардың және 300-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Оның жетекшілігімен 30-дан астам ғылым кандидаты және 6 докторы диссертация қорғаған.
Парасат, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10-жыл» мерекелік медалімен, 2 мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Сергей Королев атындағы медальмен, Константин Циолковский атындағы Ресей Ғарыш академиясының құрмет грамотасымен марапатталған.
75 жыл бұрын (1936) жоғары квалификациялы сот төрешісі, Ардагер судьялар кеңесінің төрағасы, Жоғарғы соттың отставкадағы судьясы ЖАЛМҰХАНБЕТОВ Кеңес Жексенбекұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында туған. Сергей Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1955-1957 жылдары - Сырдария аудандық қаржы бөлімінің аға инспекторы. 1957-1968 жылдары - геологиялық барлау партиясы бұрғылау станогының аға жұмысшысы, Киров ауылдық кеңесінің хатшысы, Қарағанды металлургиялық комбинаты цехының домналық көрікшісі, Теміртау және Приозерск қалалық полиция бөлімшісі социалистік меншігін ұрлауға қарсы күрес бөлімінің аға оперативті уәкілі. 1968-1981 жылдары - Жезқазған облыстық соты тұрақты сессиясының төрағасы, арнайы соттың төрағасы. 1981-1985 және 1988-1990 жылдары - Қазақ КСР Жоғарғы сотының судьясы. 1985-1986 жылдары - Алматы қалалық атқару комитеті әділет бөлімінің бастығы. 1986-1988 және 1990-1992 жылдары - Торғай облыстық сотының судьясы. 1992-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясы. 1995-1996 жылдары - Алматы облыстық сотының судьясы. 1996-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы. 2004 жылы желтоқсан айынан бастап зейнет демалысына шыққан. 2005 жылы - Қазақстан Республикасы судялар Одағының хатшысы. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты тәртіптік коллегиясының төрағасы. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы әділет квалификациялық коллегиясының мүшесі. 2001-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі. «Судебная реформа в Казахстане: взгляд изнутри» кітабының авторы.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған. Приозерск қаласының құрметті азаматы.
ҚАЗАННЫҢ 5-І, СӘРСЕНБІ
Бүкіләлемдік мұғалім күні
1994-інші жылы ЮНЕСКО бекіткен. Қазанның 5-інде атап өтіледі. 1966-ншы жылы осы күні ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы шақырған конференция «Мұғалімдер жағдайы туралы» Ұсынысты - мұғалімдер еңбегі жағдайларын айқындайтын тұңғыш халықаралық құжат қабылдады.
Бұл күн қоғамдағы мұғалімдер жайына, олардың білім беру мен дамудағы рөліне көңіл бөлуді көздейді. Бүкіләлемдік мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеттері атап өтеді.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) Алматыда Көшбасшы әйелдердің республикалық мектептері желісінің таныстырылымы болды. Мектептер желісінің құрамына еліміздің барлық облыстарынан 35 үкіметтік емес ұйымдар кірді. Көшбасшы әйелдердің республикалық мектептері желісінің негізгі мақсаты - жергілікті билік орындарында әйелдердің санын 30 пайызға жеткізуге ықпал ету. Таныстырылымға қатысушылардың айтуынша, «дүниежүзілік тәжірибеде кез келген мәселе ер мен әйелдердің кем дегенде 30 пайызы қатысып отырғанда оңтайлы шешіледі».
1 жыл бұрын (2010) Президентті Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы Төралқасының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының жоғары наградасы - Кәсіподақтар қозғалысына қосқан үлесі үшін Алтын белгімен марапатталғаны туралы хабардар етті. Конфедерация жетекшісі В.Щербаков Мемлекет басшысына награданы тапсырды.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1936-2010) Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері, Қазақстанның мал шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері ТАМШЫБАЕВА Зылиха Жанболатқызы дүниеге келді.
Алматы облысының Кербұлақ ауданында туған. 1954 жылы - Қоғалы орта мектебін бітірген. Алматы мал дәрігерлік институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. 1955-1963 жылдары - Шоқан Уәлиханов атындағы колхоздың сауыншысы, бригадир, тауарлы сүт фермасының меңгерушісі болды. Жас кезінен-ақ еңбек сүйгіштігімен, жоғары жауапкершілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түсті. 1963-1969 жылдары - Гвардия ауданындағы Шанханай ауылдық кеңесінің төрайымы. 1969-1970 жылдары - Киров аудандық халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1970-1971 жылдары - Алматы облысы Көксу ауданы «Еңбекші» кеңшары партия комитетінің хатшысы. 1971-2010 жылдары - Алматы облысы Көксу ауданы «Еңбекші» кеңшарының директоры қызметін атқарды. Кеңес Одағы және Қазақстан Компартиясының бірнеше съездеріне делегат, республика Жоғарғы Кеңесінің төрт мәрте депутаты болып сайланған.
«Парасат», «Құрмет», екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, Қазан төңкерісі, Ленин ордендерімен марапатталған. Алматы облысының құрметті азаматы.
ҚАЗАННЫҢ 6-Ы, БЕЙСЕНБІ
Бүкіләлемдік мекендеген жерді қорғау күні (World Hospice and Palliative Care Day)
Бүкіләлемде қазанның 6-ы күні атап өтіледі. Бұл мерекені 1979 жылы Еуропаның жабайы флорасы мен фаунасын және мекендеген жерлерін қорғау туралы конфенциясының шеңберінде бекітілген.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Қытайдағы қазақ сазгерлерінің CD жинағын шығарды. Ол «Атамекенге жеткен әуен» деп аталады.
Жинақ арқылы Еркін Абдоллаұлы, Ерболат Қызыкенұлы, Қайрат Сейфуллин, Нұрлыбек Қыдырханұлы, Ермұрат Зейіпхан және т.б. сазгерлердің әндері мен Әділ Сәлімханұлы, Құрманбек Әлімғазыұлы, Риза Қайырбайқызы, Раушан Әлімжанқызы және «Аршын» тобы тәрізді орындаушылардың өнерімен танысуға болады.
5 жыл бұрын (2006) Еуропада тұратын қандастарымыз үшін қазақ тілін үйренуге арналған компьютерлік интерактивтік бағдарламаның тұсаукесер рәсімі өтті. Алматыда өткен «Шетелдегі қазақтар: тіл және ақпарат» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында ұйымдастырылған рәсім барысында оны бағдарлама авторы - Рамазан Жәшиев көпшілік назарына ұсынды. Оның айтуынша, осы бағдарлама арқылы тілді аудармасыз, әрі жеңіл үйренуге болады. Аталмыш бағдарламаны пайдаланған талапкер түрік тілі арқылы қазақ тілін үйрене алады. Сондықтан оны тек Еуропа қазақтары ғана емес, сонымен бірге түрік тілін білетін кез-келген ағайын өз кәдесіне жарата алады. Бағдарламада тіл үйренушінің өз бетімен жұмыс істеуіне де қолайлы мүмкіндіктер қарастырылған.
3 жыл бұрын (2008) Семейдің шетіндегі Мұрат ауылында жаңа мешіт ашылды. Бұл нысан Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ғаббас Ыбыраевтың жеке қаржысына салынып отыр. 300 адамға есептелген жаңа мешітте түрлі рәсімдер өткізуге арналған жеке залдар бар. Мешіттің жанынан сондай-ақ, имамға арналған тұрғын үй де салынды.
3 жыл бұрын (2008) Арал ауданында ұн тартатын зауыт іске қосылды. Бұл кәсіпорынның жұмысы ұзақ жылдар бойы тоқтап тұрған еді. Бұрындары зауытта тәулігіне 96 тонна бидай тартылса, енді ол көрсеткіш екі есеге артты. Қажетті шикізат Қостанай және Ақмола облыстарынан жеткізіледі.
1 жыл бұрын (2010) Астанада «Бірлігіміз жарасқан» атты Ұлттық сыйлықтың таныстырылымы болды. Әрбір азамат қаһарманға лайық деп тапқан досын, туысын, тіпті өзін ұлттық сыйлыққа үміткер ретінде ұсына алады. Әрбір азамат қаһарманға лайық деп тапқан досын, туысын, тіпті өзін ұлттық сыйлыққа үміткер ретінде ұсына алады. Ол үшін Қоғамдық саясатты дамыту институтының директоры Шолпан Байболованың атына хат жазуы керек (e-mail: info@lichnost.kz). Хатта ұсынылған адамның неліктен бұл сыйлыққа лайықты тұлға екендігін, оның ерлігі баяндалған әңгімесі толық жазылуы тиіс.
1 жыл бұрын (2010) Таразда Орталық мешіт жанындағы hибатулла ат Тарази медресесінің жаңа корпусы ашылды.
«Бұл -Қазақстанда тиісті ресми лицензияға ие тоғызыншы медресе», - деді Қазақстанның Бас мүфтийі Әбсәттар қажы Дербісәлі алғысөзінде. Ол сондай-ақ, медресенің құрылысына
еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға өз үлестерін қосуды мақсат еткен 20 шақты қазақстандық компанияның атсалысқанын атап көрсетті.
Аймақ басшысы Қанат Бозымбаев өз сөзінде, осынау игі шараға атсалысқан барлық компанияларға алғысын білдірді.
Жаңа корпуста екі оқу сыныбы, неке қию бөлмесі, ғибадатхана, асхана, кітапхана, мәслихат залы бар. Бастапқы кезеңде бұл жерде 20 бозбала тегін оқитын болады, оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1961) Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері АРЫНҒАЗИН Асқар Қанапияұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. Еңбек жолы - Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми қызметкері, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы Іргелі зерттеулер институтының директоры, Еуразия ұлттық университеті жанындағы Іргелі зерттеулер институтының директоры, Еуразия ұлттық университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс жөніндегі проректоры. Қазіргі қызметінде 2006 жылдың қыркүйегінен бастап істейді.
«Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» кеуде белгісімен, мельдермен марапаталған.
60-тан астам ғылыми еңбектің авторы.
ҚАЗАННЫҢ 7-І, ЖҰМА
ОҚИҒАЛАР
65 жыл бұрын (1946) Алматыдағы Қазақ опера және балет театрында «Біржан - Сара» операсының премьерасы қойылды. Операның авторы М.Төлебаев, либреттосын Қ.Жұмалиев жазған. Алғашқы қойылымдағы Біржан бейнесін Ә.Үмбетбаев сомдаса, Сараны К.Байсейітова ойнады. «Біржан - Сара» - көп актілі лирикалық-драмалық опера. Оның негізіне XIX ғасырда өмір сүрген ақын, әнші-композитор Біржан сал мен Сара ақынның айтысы алынған. Операға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген.
3 жыл бұрын (2008) Астанада үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырып жатқан жобалары таныстырылды.
Аталмыш шараға жиналғандар онда үкіметтік емес ұйымдардың «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру ісіне үлес қосу», «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсететін арнайы қызмет құру», «Есірткіге еліткендерді әлеуметтік бейімдеу», «Есірткіге тәуелді адамдарға арналған әлеуметтік бюро құру», «Жылдың үздік отбасы», «Журналистер арасында азаматтық қоғамды дамытуға байланысты байқау ұйымдастыру», «Зорлық-зомбылық құрбандарына арналған сенім телефондары» сияқты өзге де көптеген жобаларымен танысты. «Бүгінде елорданың үкіметтік емес секторына қолдау көрсету мақсатында Астана қаласының әкімдігі «Үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға арналған орталық» құрды. Орталық аталған ұйымдарға тегін көмек көрсетеді», деді аталған орталықтың төрайымы Алтынай Көбеева. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Астанада 300-ден астам үкіметтік емес ұйым тіркеліп, жұмыс істеуде.
1 жыл бұрын (2010) Сербия Президенті Бория Тадичтің Қазақстанға ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Тараптар Астана мен Белградтың халықаралық саясаттағы көп ұстанымдары жақын екенін және екі елдің арасында қандай да бір саяси қарама қайшылықтар жоқ екендігін атап өтті.
Екі елдің министрлері сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнінде пікір алмаса отырып, бұл қатынастар екі елдің шын мәніндегі мүмкіндіктеріне сай келмейтіндігіне баса назар аударды. Кездесу соңында екі елдің қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық келісімдерге қол қойылды.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1951) кино және театр актері, Қазақстаның халық әртісі, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі, «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның әртісі, әнші, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, КСРО кинематографистер одағының мүшесі ЖОЛЖАҚСЫНОВ Досқан Қалиұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория) бітірген. 1971 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының актері. 1995-2001 жылдары - Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі болған. Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам бейнені сомдаған. Жолжақсыновтың актерлік өнеріне сезім тереңдігі, сахналық әрекет шынайылығы тән. Жолжақсынов - ұлттық кино өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан актерлердің бірі. «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал», «Искупи вину», «Человеческий фактор», «Монопат Утнапштити» т.ю фильмдерге түскен.
45 жыл бұрын (1966) экономика ғылымының кандидаты ДУНАЕВ Арман Ғалиасқарұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Сергей Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің асприантурасын бітірген. 1991-1992 жылдары - «Сервис-Центр» ғылыми-техникалық қоғамының кеңесшісі. 1992-1993 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі сыртқы байланыс бөлімінің меңгерушісі, бас маманы. 1993-1998 жылдары - «Астана-Холдинг» Қазақ холдингтік компаниясы инвестициалық бағдарлама басқармасының директоры, бастығы, инвестициалық бағдарлама бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, сыртқы байланыс бөлімінің бастығы, бас маманы қызметтерін атқарған. 1998-2000 жылдары - «ТұранӘлемБанкі» жабық акционерлік қоғамы инвестициалық және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы. 2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік борыштар департаменті директорының міндетін атқарушысы, директоры болған. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2003-2004 жылдары - «Ұлттық инновациялық қор» ЖАҚ басқармасының төрағасы. 2004 жылдың наурыз айынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі. 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы. 2008 жылы - «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-ның басқарма төрағасы. 2008-2011 жылдары - «СамұрықҚазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары. 2001-2002 жылдары - «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2002-2003 жылдары - «Қазақстан даму банкі» ЖАҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2008-2009 жылдары - «Kazyna Capital Management» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2009 жылы - «ТұранӘлемБанкі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі. 2007-2008, 2009-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалідарымен марапатталған.
ҚАЗАННЫҢ 8-І, СЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы көрсетілген қызмет саласындағы қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласында жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
ЕСІМДЕР
80 жыл бұрын (1931-1989) техника ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнертапқышы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚҰРМАНҒАЛИЕВ Марат Рамазанұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Бауман атындағы Мәскеу жоғарғы техникалық училищесін бітірген. 1955 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақстан ғылым академиясы Энергетика ғылыми-зерттеу институтының зертханашысы, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстанда өндірілетін көмірлерді циклондық оттықта жағу процестеріне арналған. Қуаты күшті энергетикалық қондырғылардың көміртозаңдандырғыш қазандықтарда сапасы төмен көмірлерді жағу құбылыстарын оттық модельдерде зерттеу әдістемесін өндіріске енгізді. Көмірді қайнаған қабатта, кейінірек айналмалы қайнаған қабатта жағуды зерттеген. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 5 монографияның, 50-ден астам патенттің авторы.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
ҚАЗАННЫҢ 9-Ы, ЖЕКСЕНБІ
Бүкіләлемдік пошта күні
1969-ыншы жылы Токиода өткен Дүниежүзілік пошта одағының XVI конгресінің шешімі бойынша өткізіледі.
Қазір қызмет көрсететін байланыс түрлерінің арасында бәрінен бұрын пошта пайда болған. Бүгінде ол, тіпті телефон желісі мен электр қуаты жетпейтін елді мекендерге де, яғни, бүкіл әлемге дерлік жайылған.
Бәлкім, уақыт өте келе пошта байланысы қарым-қатынас жасаудың басқа да шапшаңырақ түрлеріне орын берер, бірақ хаттар мен түрлі-түсті ашық хаттар ғана өткен оқиғаларды еске түсіріп қала бермек. Жақын адамдарыңызға хат жазыңыз, олардың жүректерінде өзіңіз туралы естелік қалдырыңыз!
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2006) қазақстандық «Futurtech» компаниясы үндістанның жетекші компаниясы NIIT-мен бірлесе отырып, Алматыда ақпараттық технология саласында білім беретін орталық ашты. Ақпараттық технология саласында білім беретін әлемдегі ең үздік компаниялардың алғашқы ондығының қатарындағы NIIT компаниясын Қазақстанға әкелген «Futurtech» компаниясы - Елбасының «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру» стратегиясын жүзеге асыру мақсатында «Lancaster Group Kazakhstan» АҚ мен «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-ның бірлесуінен құрылған ұйым. Түрлі деңгейде білім беретін орталық MasterMind әдісінің ең жаңа жүйесін ұсынады. Әртүрлі бағыттағы бағдарлама бойынша білім беретін орталыққа өтініш білдірген студент не маман 1 айдың ішінде оқуын бастай алады. Оқу мерзімі таңдаған бағдарлама бойынша 3 айдан 3 жылға дейін болады.
3 жыл бұрын (2008) Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдары мен Жоғарғы сот әзірлеген 2009-2011 жылдарға арналған Сот білімі стратегиясының жобасы таныстырылды. Ғалымдардың айтуынша, Сот білімі стратегиясы судьялардың біліктілігін арттыру, сот білімін жетілдіріп, судьяларды дайындау шараларының сапасын жоғарылату мақсатында әзірленген. ҚР Жоғарғы сотының Сот жүйесін зерттеу жөніндегі орталықтың меңгерушісі Ермек Абрасұловтың сөзіне қарағанда, аталған стратегияны жүзеге асыру барысында сот білімі бағдарламалары мен әдістемелерін, оқу жоспарларын жетілдіру қарастырылып отыр. Оның аясында жыл сайынғы талдау жүргізу, дәрістердің сапасы мен курстарды жоғарылату мәселелері қамтылған.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1951) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ҰҒА-ның корреспондент мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлттық білім академиясының академигі ҒАЗАЛИЕВ Арыстан Мәуленұлы дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. Еңбек жолы - Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, Қарағанды кооперативтік институтының доценті, Органикалық синтез және көмір химиясы институтының ғылыми хатшысы, зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қарағанды университетінің проректоры, Органикалық синтез және көмір химиясы институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары болған.
Ғылыми зерттеу еңбектерінің негізгі бағыты жаңа биологиялық активті заттарды жасауға арналған. Ол табиғи алкалоидтарды модификациялаудың химиялық және электрхимиялық өндірістік әдістерін жасады, изотиоцианатофосфор қышқылы эфирлерін электрхимиялық синтездеудің жаңа реакциясын ашты, кванттық химия әдістерін пайдалану арқылы бірқатар алкалоидтардың тұңғыш рет электрондық құрылымын анықтады.
Ол Ресей ғылым академиясының «Ғылыми серіктестікке қосқан үлесі үшін» алтын медалінің иегері, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
400-ден астам ғылыми жұмыстың, монографияның, оқулықтар мен кітаптардың, авторлық зерттеулер мен патенттердің авторы.