ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 14-18 қыркүйек аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ҮКІМЕТ
14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Премьер-*министрі Кәрім Мәсімовтің және байланыс министрі Асқар жұмағалиевтің қатысуымен 14 сентября в 10.00 состоится открытие выставки-конференции «Digital Communications Kazakhstan-2011» көрме-концеренциясының ашылуы болады.
14 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия баяндамасының халықаралық таныстырылымы өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
14 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
14 қыркүйекте Л.Гумилев атындағы ЕНУ-де ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата отырысында «Діни бірлестіктер туралы» заң жобасы талқыланады.
БАСҚА МЕМОРГАНДАР
14 қыркүйекте ҚР Статистика агенттігінде елдің әлеуметтік және экономикалық дамуының қаңтар-тамыз айларындағы қорытындыарына арналған брифинг өтеді.
14 қыркүйекте Ақрдада ҚР Мемлекеттік хатшысы сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты отырыс өткізеді.
ТМД
11-20 қыркүйекте Анапада ТМД елдерінің ХХ мерейтойлық кинфестивалі өтуде.
САЯСИ ПАРТИЯЛАР
14 қыркүйекте «Нұр Отан» ХДП орталық аппаратында партия төрағасының бірінші орынбасары Н.Нығматуллиннің қатысуымен партияның аймақтық және аумақтық филиалдары төрағалары орынбасарларының семинары өтеді.
СПОРТ
13-17 қыркүйекте «Дәулет» спорт кешенінде бокстан әйелдер арасындағы ІІ халықаралық турнир өтуде.
18 қыркүйекте Алматыда Қала күніне арналған бұқаралық веложорық өтеді.
АСТАНА
1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде.
12-25 қыркүйекте «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Спорт - бүкіләлемдік пікір алмасу тілі» көрмесі өтуде.
14 қыркүйекте Астанада «ҚР-ында азаптау фактілерін тергеу тетіктерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
14 қыркүйекте Президенттік мәдениет орталығында Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән фестивалі ұйымдастыршылары мен қазылар алқасының баспасөз мәслихаты өтеді.
14-16 қыркүйекте Астанада Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстанным» ІІ халықаралық әндер фестивалі өтеді.
14-16 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында Орталық Азиядағы ірі конференция «Digital Communication Kazakhstan-2011» көрмесі өтеді.
АЛМАТЫ
29 тамыздан 25 қыркүйекке дейін Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстан достардың көзімен» фотокөрмесі өтуде.
14 қыркүйекте Алматыда «Энергия тиімділігін реттеу саясатының салдары» тақырыбында семинар өтеді.
14 қыркүйекте Алматы маңында «ТалесҚазақстанинжиниринг» зауытының ашылуы болады.
14 қыркүйекте Алматыда «Ұлттық идея - Қазақстан тәуелсіздігінің игілігі жолында отандастарды біріктіру факторы» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтеді.
14 қыркүйекте Алматыда Қазақ физиологиялық қоғамы VII съезінің ашылуы болады.
14 қыркүйекте ҚР Тұңғыш Президенті қорының студенттік стипендияларын алуға республикалық конкурс жеңімпаздарын марапаттау өтеді.
14 қыркүйекте «Достық» спорт кешенінде әйелдер арасында гандболдан Азия чемпионаты басталады.
14 қыркүйекте ҚР Орталық мұражайында Ақжан Әбдәлиеваның сурет көрмесі ашылады.
15 қыркүйекте Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры өзінің 78-театр маусымын ашады.
15-17 қыркүйекте Алматыда алғашқы Заң форумы өтеді.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 14-І, СӘРСЕНБІ
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
91 жыл бұрын (1920) Қазақстан тарихында бірінші рет әділет халық комиссары болып Ғұбайдолла Әлібеков тағайындалды. Ол басшылық жасаған тұста қалың малды тоқтату, барымта туралы және т.б. декреттердің ең алғашқы жобалары жасалды. 1920 жылдың аяғына таман оның басшылығымен республикада 231 сот және 111 тергеу учаскілері құрылды.
75 жыл бұрын (1936) Алматының шығыс бөлігінде Фрунзе ауданы құрылды. Алғашқы басшылары аудандық партия комитетінің хатшысы Рақымжан Қилыбаев пен Халық депутаттары аудандық кеңесі Атқару комитетінің төрағасы Филонов Александр болды. 1980 жылы көршілес жаңа ауданның ұйымдасуына байланысты мұның аумағы және шекарасы өзгерді. Солтүстігінде Пастер, Добролюбов, Орынбор көшелері арқылы Москва ауданымен, батысында Фурманов көшесі арқылы Совет және Калинин аудандарымен шектессе, шығысында және оңтүстігінде қала шегіне дейін созылды. 1995 жылғы желтоқсанның 12-інде Алматы қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес Медеу ауданы болып өзгертілді. Қазіргі кезде аудан әкімі - Крылов Василий Леонидович. Бұл аудан Алматы қаласындағы ең әдемі және ұлттық сәулет элементтері, төңірегінің табиғат сұлулығы және құрылыс индустриясының жетістіктері үлкен талғампаздықпен үндестік тапқан аудандардың бірі болып есептеледі.
19 жыл бұрын (1992) Қазақстанның өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің алғашқы съезі өтті.
8 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының Махамбет ауданына сапары барысында жаңа мешіттің және Махамбет Өтемісұлы атындағы аймақтық-тарихи мұражайдың ашылу салтанатына қатысты.
Осы күні Атырау қаласында ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілген Махамбет Өтемісұлы мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
7 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сот жүйелерін реформалау мақсатында «Мамандандырылған сот әкімшіліктерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.
6 жыл бұрын (2005) «Қазатомпром» Ұлттық атом компаниясы сайтының таныстырылымы болды.
Wi-Fi интернет желiсінің сымсыз технологиясына кіруді «2Day Telekom» қамтамасыз етеді. Компания екі бағытта қолданылатын басқа да материалдарды және уранды экспорт пен импортқа шығаратын ұлттық операторлардың бірі болып табылады. Компанияның 100% акциясы Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігіне тиесілі. «Қазатомпром» 1997 жылы құрылған күнінен бастап уранды өндіруді 795 тоннадан (дүниежүзі бойынша 13-ші орын) 3363 тоннаға (дүниежүзі бойынша 3-ші орын) дейін жеткізген. 2010 жылы уран өндіруді 15 мың тоннаға дейін қарқынды дамыту бағдарламасы қарастырылған. Қызықтыратын барлық ақпаратты www.kazatomprom.kz. сайтынан әлемдегі кең тараған сегіз тілде мәлімет алуға болады.
6 жыл бұрын (2005) Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының көрме залында Бірінші халықаралық дизайн фестиваль ашылды.
Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі және Қазақстанның дизайнерлер одағы, «Казэкспосервис» көрме компаниясы және Алматы қаласының әкімшілігі.
Фестиваль аясында «Жарнама және Полиграфия» VIII Халықаралық қазақстандық көрме, «Бизнес-сувенир» көрмесі, сонымен қатар «Байтерек-дизайн-2005» және Алматы қаласының тарихи орталығын тұжырымдайтын және өңдейтін халықаралық практикалық семинар өткізілді.
2 жыл бұрын (2009) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессоры Сағындық Сатыбалдиннің «Қазақстан ғасырлар асуында» атты туындысының таныстырылымы өтті.
Ғалым кітапта Қазақстанның 55-жылдық экономикалық дамуына ғылыми талдау жасаған. Еңбегін «Қазақстан кеше», «Қазақстан бүгін», «Қазақстан ертең» деп үш кезеңге бөліп қарастырған.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1926-1988) филология ғылымының докторы, профессор МҰСАБЕКОВА Фәтима Машанбекқызы дүниеге келді.
Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1951 жылдан Қазақ педагогикалық институтының оқытушысы, ал 1978 жылдан осы институттың қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болған.
Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ тілінің стилистикасы мәселелеріне арналған. Ғалымның «Жай сөйлем пунктуациясының негіздері», «Қазіргі қазақ тіліндегі зат есім стилистикасы» атты еңбектері бар.
65 жыл бұрын (1946) Қазақстан Суретшілер одағының басқарма төрағасы, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор ӨМІРБЕКОВ Байтұрсын Есжанұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Ескелді ауданында туған. Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. Еңбек жолын аталмыш оқу ордасының оқытушысы болып бастаған. 1978-1993 жылдары Алматы театр және көркемсурет институтының проректоры болған. 1994-2007 жылдары - Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры. 2007-2009 жылдары - Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. 2009 жылдың сәуірінен - қазіргі қызметінде.
Үш кітаптың, 2 альбомның, 50-ден аса баспа жұмыстың авторы.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 15-І, БЕЙСЕНБІ
Халықаралық демократия күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007-нші жылғы желтоқсанның 13-індегі үкіметтердің демократияны дамыту мен нығайтудағы күш-жігерлерін қолдауға арналған қарарында (№A/RES/62/7) жарияланған. 2008-інші жылғы қыркүйектің 15-інен атап өтіледі. Халықаралық демократия күні Жаңа және қайта жаңғырған демократия елдерінің халықаралық конференциясының ұсынысы бойынша 1997-нші жылғы Демократия туралы ортақ декларация қабылдануына байланысты бекітілген.
Қарарда БҰҰ-ға мүше елдерге, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға, жеке тұлғаларға бұл күнді қоғамның хабардарлығын арттыру мақсатында атап өту ұсынылады. Қарар БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ-ның Халықаралық демократия күнін атап өту үшін шаралар қабылдауға шақырады.
Пан Ги Мун өзінің 2009-ыншы жылғы қыркүйектің 15-індегі жолдауында: «Демократия өз-өзінен маңызды болып қоймайды - бұл әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуге ынталандырушы қуатты күш, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау, сондай-ақ негізгі құқықтар мен бостандықтарды сыйлау да», - деп атап көрсетті.
Коста-Рика Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821). Коста-Рика - Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Сан-Хосе қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ел аумағы 7 провинцияға бөлінген. 1949 жылғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент Үкіметті де тікелей өзі басқарады. Заң шығарушы органы - Заң шығарушы ассамблея. Ақша бірлігі - Коста-Рика колоны. Қазақстан Республикасы мен Коста-Рика арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1986 жылғы қазанның 1-інде орнатылды.
Никарагуа Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1821).
Қазақстан Республикасы мен Никарагуа арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы шілденің 6-ында орнатылды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
16 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасы астанасы туралы» заң күші бар Жарлыққа қол қойды.
15 жыл бұрын (1996) Алматыдан 300 шақырым қашықтықта Алматы-Райымбек тас жолы бойындағы Мұратәлі деп аталатын үлкен төбеге Райымбек батырға ескерткіш орнатылды. Ескерткіш сәулетші Қ.Егізбаевтың жобасы негізінде тұрғызылды.
10 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларында орын алған лаңкестік оқиғаларға байланысты Алматыдағы АҚШ елшілігінде болып, американ халқына көңіл айтты және ресми мәлімдеме жасап, лаңкестердің айуандық істерін батыл айыптады.
6 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Ядролық лаңкестік актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияға» Қазақстан Республикасы атынан қол қойылды.
Бұл құжат мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық лаңкестіктің алдын алу, жолын кесу және оны жою жөніндегі шараларды іске асыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді.
ЕСІМДЕР
435 жыл бұрын (1576-1656) мемлекет қайраткері, батыр, қолбасшы, би, Әйтеке бидің үлкен атасы ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР Сейітқұлұлы дүниеге келді.
Әкесі Сейітқұл өзіне қарасты алшындармен Нұрата өңіріндегі өзбек, қарақалпақтардың басын біріктіріп хан сайланғаннан кейін, алғыр да зерек Жалаңтөс баһадүрді Нұратадағы мешітке оқуға береді. Мешітте батырлар жырын, атақты хандар туралы жылнамаларды көп оқып, өзін батырлыққа, ел басқару ісіне шыңдап, түрлі әскери өнерді де игере бастайды. Баласының зеректігін байқаған әкесі оны Бұқар ханы Абдулланың жоғары дәрежелі әскери мектебіне жібереді. Осы жерде үш жыл оқып, түменбасылық лауазым алады. 1626 жылы Имамқұл хан Бұқар хандығынан тәуелсіз Самарқан аймағын құрып, оған бас қолбасшысы Жалаңтөс баһадүрді әмір етіп тағайындайды. Ол дарынды қолбасшы ғана емес, ұлы сәулет өнерінің де қамқоршысы болған. Самарқандағы Ұлықбек медресесінің қарсысынан «Ширдор» (Арыстан қақпа) медресесін салдырып, 1646 жылы осы екі медресенің ортасынан «Тіллә Қари» (Алтынмен апталған) медресесінің құрылысын бастайды, бірақ бұл медресенің құрылысы 1660 жылы ол қайтыс болғаннан кейін ғана аяқталған.
120 жыл бұрын (1891-1948) алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі ҚАШҚЫНБАЕВ Иса Таумышұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. Орал реалдық әскери училищесін, Қазан университетінің медицина факультетін бітірген. 1917 жылғы желтоқсанда өткен 2-ші жалпықазақ съезінде Уақытша ұлт кеңесі (Алашорда) мүшелігіне кандидат (Ұлт кеңесі мүшесінің орынбасары) болып сайланды. 1920 жылғы маусымның 21-індегі Қазақ РК (б)П облыстық комитеті мәжілісінде «қоғам үшін қауіпті» адам ретінде оны айрықша мінездемемен Заволжье әскери округіне жіберу жөнінде шешім қабылдады. Алайда Халық атқару комитетінің ара түсуімен Ташкент қаласына жіберілді. 1920 жылы осында мұсылмандардың өлкелік фельдшерлік мектебін ұйымдастыруға белсене қатысты. Ол 30-шы жылдардың ортасында Ташкенттегі Семашко атындағы Функционалдық диагностика институтында бөлім меңгерушісі болды. 1938 жылғы сәуірдің 23-інде «контрреволюциялық ұйымға қатысты» деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қылмысы дәлелденбегендіктен 1939 жылғы желтоқсанның 1-інде түрмеден босатылды. Соғыс жылдарында көшіріліп әкелінген госпитальдарға жетекшілік етті. Соғыстан кейін Ташкентте Семашко атындағы Курортология ғылыми-зерттеу институтында қызмет етті.
Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 16-Ы, ЖҰМА
Халықаралық озон қабатын қорғау күні. Жыл сайынғы Халықаралық озон қабатын қорғау күнін БҰҰ Бас ассамблеясы 1994-інші жылғы №A/RES/49/114 арнайы қарарымен жариялаған.
Бұл күн Озон қабатын бұзушы заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қол қойылуын есте қалдыру үшін белгіленген.
Планетамызды күн радиациясының жойғыш әсерлерінен қорғайтын Жер атмосферасындағы стратосфералық қабаттың төмендей түскеніне тұңғыш рет ғалымдар ХХ ғасырдың 60-ыншы жылдарының соңында көңіл аударды.
80-інші жылдары ғалымдар жаңалық ашты: Антарктида аумағында озонның жалпы көлемі 2 есе азайып кеткен. Нақ сол кезде «озон жырығы» атауы пайда болды.
Озонның жұқаруына хлор тотығы әсер етеді. Ал бұл - заводтардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауаға жайылатын қоқыстары. Озон жырықтарының алдын алуға біздің күшіміз жетпейді. Алайда, озонды ең болмаса тұрмыстық деңгейде сақтауға адам күші жетеді-ақ.
Мексика Құрама Штаттарының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1810).
Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 13-інде орнатылды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
11 жыл бұрын (2000) Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Конференцияға араб елдерінің ғалымдары қатысты. Сонымен қатар қазақ тіліне аударылған «Әз-Захир Бейбарыс өмірбаяны» атты кітаптың тұсаукесері болып, Атырау облыстық қазақ драма театры жазушы Рақымжани Отарбаевтың «Бейбарыс» атты пьесасын сахналады.
Шежіре бойынша Бейбарыстың атамекені - Каспий теңізінің маңы, бір деректерде - Еділ-Жайық бойы. Кіші жүздегі Байұлының Беріш руынан деген мәлімет бар.
6 жыл бұрын (2005) Түркияның Измир қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Измир провинциясының губернаторы Оғыз Қаған Көксал, осы қаладағы құрметті консулдықтардың басшылары, іскер топ өкілдері, қазақ диаспорасы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
6 жыл бұрын (2005) Алматыда қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы, академик Ерік Асанбаевтың (1936-2004) тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.
Ерік Асанбаев 1936 жылдың 10 наурызында Торғай (Қостанай) облысының Байғабыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін және аспирантурасын бітірген. 1958 жылдан бастап Қазақ КСР-нің Қаржы министрлігінде экономист, Жобалау комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған. Көптеген ордендермен және медальдармен марапатталған.
6 жыл бұрын (2005) Алматыдағы Орталық ғылыми кітапханада ақын, жыршы, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы Көсембек Байғұттыұлының (1884-1951) «Заман» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Рәсім аясында автордың жеке мұрағат материалдары қойылған көрме ашылды. «Үш қиян» баспасынан жақында ғана ақын немересі Бақыт Хамзақызының құрастыруымен шыққан туындыға К.Байғұттыұлының заман, өмір ағысы жайлы жырлаған өлеңдері, айтыстары, қоғамның келеңсіз жақтарын сынап жазған мысалдары және шығыстық үлгіде жазылған «Бес сері» дастаны енген.
Халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын ел аузынан жинап насихаттауда көп еңбек сіңірген К.Байғұттыұлының шығармалары қазір Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар мен текстология бөлімінде сақтаулы. «Қазақтың қарт ақыны Көсембекпін, Сөзге бай, тілге жүйрік, шешен бекпін» деп жырлаған ақын ХХ ғасырдағы қуғын-сүргіннің құрбаны болған.
6 жыл бұрын (2005) Өскеменде қазақстанда құрастырылған «SKODA» автокөлік маркасы сатыла басталды.
6 жыл бұрын (2005) Ақтөбедегі Мұғалімдер үйінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80-жылдық мерейтойына арналған екі томдық фотоальбомның таныстырылымы болды.
2 мың дананы құрайтын екі томдық баспа 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) шығарылған. Бірінші томда бүгінгі күнге дейін жинақталған мұрағаттан алынған, Молдағұлованың туған-туыстарының, майдандас жолдастарының сөздерінен жиналған барлық материалдар 304 беттік кітапта көрсетілген. Екiншi кiтап Батыр қызға арналған өлеңдер, әндер, дастандар, әңгiмелерден тұратын көркем шығармалардың жинағы болып табылады. Фотоальбомда Әлияның барлық суреттері, туған жері Қобда ауданының және жерленген Псков облысында түсірілген фотосуреттері жинақталған.
4 жыл бұрын (2007) Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы Жаһандық серіктестікке қосылды.
Оның барысында Қазақстан Қағидалар хаттамасына қол қойды және осынау үдеріске толыққанды мүше атанды.
Жиналғандардың алдында сөйлеген МАГАТЭ Бас директоры Мохаммед Әл-Барадэй, атом энергетикасы дамуының болжануына байланысты осынау бастаманың өзектілігін атап өтті.
Біздің еліміз Атомдық энергетика саласындағы Жаһандық серіктестіктің негізгі қағидаларын бөліседі және өз атомдық энергетикалық технологиясын дамытуды сезімтал технологиялар әзірлемеу міндеттемесін алған мемлекеттерге ядролық отынға кепілдікті және әділ қолжетімділік беру қажеттілігін атап көрсетеді. АҚШ Президенті Джордж Буш 2006 жылы ұсынған Атом энергетикасындағы Жаһандық серіктестік бастамасы әлемдік энергия тұтынымының өсуіне байланысты таза, қауіпсіз және қолжетімді ядролық энергияның келешектегі арту ықтималдығына байланысты халықаралық мәмілеге талдап жасауға бағытталған. Бүгінде Серіктестікке 16 мемлекет, оның ішінде атом энергетикасындағы өз жетістіктерімен көзге түскен және алдыңғы қатарлы технологияларға ие Қытай, Ресей, АҚШ, Франция елдері мүше.
2 жыл бұрын (2009) Ақтөбе облысы мен Чех Республикасының сауда-өнеркәсіптік палаталарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.
Қол қойылған келісімшартта Чех Республикасы мен Ақтөбе облысының арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту және дамыту, ақпараттық-консультациялық, маркетингілік іс-шараларды дамыту, сондай-ақ оқу ынтымақтастығы мен тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылып отыр.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1926-2000) домбырашы, күйші ТАЛАСБАЙҰЛЫ Елемес дүниеге келді.
Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Атасы Еспембет, әкесі Таласбай аймағына әйгілі күйшілер болған. Домбыраны 7 жасында әкесінен үйренген. Оның өз жанынан шығарған туындысы - «Арман-ай» күйі. Сталиндік асыра сілтеу кезінде ол ата-анасымен бірге Қытай жеріне қоныс аударады.
Оның «Шер тарқатар», «Атамекен», «Күйшақыртқы», «Кеңес», т.б. күйлері бар. 1996 жылы Қазақстанға оралған. 1998 жылы Қазақ радиосының, 2000 жылы Қазақстан 1 телеарнасының алтын қорына күйшінің орындауындағы 25 күй жазып алынды. Сондай-ақ, оның орындауындағы 10 күй 1998 жылы жарық көрген «Жетісу күйлері» жинағына енген.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 17-І, СЕНБІ
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
291 жыл бұрын (1720) Павлодар қаласының негізі қаланды.
1720 жылы қала кішігірім Коряковский негізінен бастау алады. Қазіргі атауын 1861 жылы ІІ Александрдың жаңа туған ұлының құрметіне алған, сол кезде оған Коряковтың ірі татар, орыс және қазақ кәсіпкерлері кірген көпестер қауымының сұрауы бойынша берілген.
Павлодар қаласы Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Ертіс өзенінің бойында, Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Қаланың құрамына Ленинск кенті, Мойылды, Павлодарлық ауылдары және Кенжекөл ауылдық округы кіреді. Қаланың жалпы ауданы 637,8 мың шаршы метрді құрайды. Қала тұрғындарының саны - 331700 тұрғын (2009).
Павлодарда мұнай өндеуші, химия, алюминь, электролиз, металлургиялық, картон-рубероид, машина жасау және трактор зауыттары жұмыс істейді.
81 жыл бұрын (1930) аудандық газет ретінде «Колхоз жолы» деген атаумен қазіргі «Көкшетау» қалалық газеті шыға бастады. Газет облыстың экономикалық, әлеуметтік саладағы жетістіктерін насихаттағаны үшін үш мәрте Бүкілодақтық шығармашылық байқаудың лауреаты атанған. 1980 жылы газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылдың қаңтар айынан бастап «Көкшетау» деген атпен шыға бастады.
15 жыл бұрын (1996) Қазақстан мен Грузия арасында экономикалық даму, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы 14 келісімге қол қойылды.
7 жыл бұрын (2004) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джон Ордвэй сенім грамотасын тапсырды.
7 жыл бұрын (2004) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абдел Маугуд Ахмед Махмуд әл-Хабаши сенім грамотасын тапсырды.
4 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы «Каспий, «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1946) «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ-ының президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақстан Республикасының құрметті мәдениет қызметкері ШАЯХМЕТОВ Бағдат Мұхаметұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1969-1990 жылдары - «Өскемен титан-магний комбинатының» аға шебері, партия бюросының хатшысы, цех бастығы, директордың орынбасары, бас инженері. 1990-1993 жылдары - «Өскемен титан-магний комбинатының» директоры. 1993-1998 жылдары - «Өскемен титан-магний коминаты» АҚ-ының бас директоры. 1996-1997 жылдары - «Қазатомөнеркәсіп» ААҚ-ының президенті. 1997-1998 жылдары - «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ының президенті. Қазіргі қызметінде 1998 жылдан бастап істейді.
«Құрмет белгісі», Отан ордендерімен, «Еңбек даңқы» үшінші дәрежелі құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.
65 жыл бұрын (1946-1996) ақын СӘУІРБАЕВ Өмірбай дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған. 1962 жылы оныншы сыныпта оқып жүрген кезінде қатты сырқаттанып, бес жыл бойына төсек тартып жатқан. Осы кезден өлең жаза бастап, мектепті де, Шымкент педагогикалық институтын да сырттай оқып бітірген. Түркістан аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі, Саттар Ерубаев мұражайының директоры болып қызмет істеген.
«Сырымды айтам, адамдар», «Ақ дидарың көргенде», «Ардағым», «Өмірсерік» секілді өлеңдер жинағының авторы.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 18-І, ЖЕКСЕНБІ
Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Қазақстанда жүзден аса ұлт және ұлыс өкілдері тұрады. Әр тілдің өзіндік тарихы, басқа да тілдердің тағдырымен байланысты өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бір-бірін тауып, рухани мәдениетті, салт-дәстүрді түсінуге үйренеді.
Чили Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1810).Чили - Оңтүстік Американың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігі Перумен, шығысы Боливия, Аргентинамен, оңтүстігі мен батысы Тынық мұхитымен шектеседі. Мемлекет құрамына Отты жер аралының батыс бөлігі және Пасха, Хуан-Фернандес, Веллингтон, т.б. аралдар кіреді. Астанасы - Сантьяго қаласы. Мемлекеттік тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо.
Қазақстан Республикасы мен Чили Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы тамыздың 19-ында орнатылды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
19 жыл бұрын (1992) «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.
11 жыл бұрын (2000) «Қазақстан Петролеум» қауымдастығы «Мұнай және газ геологиясы туралы ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі» терминологиялық сөздігін шығарды.
Сөздікті құрастыруға республикаға белгілі, мұнай және газ өндіру саласына қатысты сарапшылар қатысқан. 3 мың данада шыққан терминологиялық сөздік барлық мұнай компаниясының қызметкерлеріне тегін таратылып берілген.
6 жыл бұрын (2005) Астанада АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД), «ЭксонМобил» компаниясының және Қазақстандық несиелендіру орталығының қолдауымен Кәсіпкерлікті дамыту орталығы ашылды.
ЮСАИД-тың кәсіпкерлікті дамыту жобасының шеңберінде Орталық стратегиялық консалтинг бойынша қызмет көрсетеді, Астана қаласының кәсіпкерлері арасында нарық заңдарына негізделген қағидаларды жақсартуға бағытталған қаржы менеджменті, маркетинг және кадрларды басқару бойынша тренингтер өткізіледі.
4 жыл бұрын (2007) Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімшілік орталығы Макинск қаласында республикамызда тұңғыш рет минералды мақта жылытқышы бар қабырға материалдарын шығаратын орталық iске қосылды.
Аталмыш материалдар үлкен сұранысқа ие, олар әсіресе ірі құрылыс нышандарына қажет материалдарды «NOVA KSi» ЖШС өндіреді. Шикізат Теміртау қаласындағы «Миттал Стил» корпорациясынан әкелінеді.
2 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды.
Заң денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық норма мен стандарттарға үйлестіруге, ұлттық медицинаның мәртебесін, азаматтарға сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға, сапалы дәрігерлік құралдармен, медициналық бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге бағытталған.
2 жыл бұрын (2009) Алматыда «Өркениеттің болашағы және өркениеттік серіктестіктің стратегиясы» атты ІІІ Өркениет форумында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Стратегия радикального обновления глобального сообщества и партнерство цивилизаций» атты кітабының таныстырылымы өтті.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1926-1999) жазушы ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ Сейтқан дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасының Алтай аймағы, Жеменей ауданында туған. 1944-1945 жылдары Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. 1947 жылы - Шығыс Түркістан Жеменей аудандық жастар ұйымының хатшысы. 1948-1954 жылдары - Шыңжаң халық демократиялық одағы Қаба аудандық атқару комитетінің бастығы, Алтай атқару комитеті бастығының орынбасары. 1954-1957 жылдары - Қытай Коммунистік партиясының Алтай аймақтық комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. 1958-1964 жылдары - «Алтай» газетінің бас редакторы. Жазушы мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түсіп, абақтыға жабылған. 1969 жылы абақтыдан қашып шығып, Монғолияға бас сауғалайды.
Қаламгердің 3 роман, 4 повесть, 2 өлеңдер жинағы монғол, қазақ тілдерінде кітап болып жарық көрген. 1993 жылы атамекеніне оралған жазушының қаламынан «Оспан батыр», «Бір уыс қан» атты шығармалар туған.
40 жыл бұрын (1971) Жезқазған қаласының әкімі, саясаттану ғылымдарының кандидаты ӘБДІҒАЛИЕВ Берік Бақытұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер, Ікі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары болып қызмет атқарған. 1997 жылы - Қазақстан Республикасы Баспа ісі және бұқаралық ақпарат құралдары Ұлттық агенттігі басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат депатраменті директорының орынбасары, Сараптау және жоспарлау басқармасы бастығы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Сараптама орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2000-2001 жылдары - Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары. 2001-2002 жылдары - Теміртау қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2003 жылдары - Ұлттық зерттеулер институтының директоры. 2003-2004 жылдары - «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары, 2004-2007 жылдары - «Саяси білім қоры» қоғамдық қорының президенті. 2005-2006 жылдары - «Атамекен» Кәсіпкерлер одағы атқарушы директорының кеңесшісі. 2006 жылы - Киев облысы Вышгород қаласы мэрінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - «Атамекен» Ұлттық дамыту орталығының директоры. 2007 жылы - Алтынбек Сәрсенбаев қорының басшысы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Халықтар ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы. 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008-2010 жылдары - Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры. 2010 жылы - Ұлытау ауданының әкімі. 2010 жылдың тамызынан - қазіргі қызметінде. 2009 жылдың сәуірінен - «Қазақ альманағының» бас редакторы.