ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 16-18 қыркүйек аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ
16 қыркүйекте Астанада «ҚТЖ» АҚ-да ҚР Байланыс және ақпарат министрі мен ҚТЖ президентінің қатысуымен жаңа талшықты-оптикалық байланыс желісінің салтанатты ашылуы болады.
16 қыркүйекте ҚР ІІМ-інде брифинг өтеді.
16 қыркүйекте Астанада Қазақстанның халықаралық ынтымақтастық ауқымындағы тіркеу жүйесін дамыту перспективаларына арналған халықаралық конференция өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
16 қыркүйекте ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Инженнерлік-тектік қызметті мемлекеттік ретету туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді.
БАСҚА МЕМОРГАНДАР
16 қыркүйекте ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында көпсалалы тілашарлардың таныстырылымы өтеді.
ТМД
11-20 қыркүйекте Анапада ТМД елдерінің ХХ мерейтойлық кинофестивалі өтуде.
СПОРТ
13-17 қыркүйекте «Дәулет» спорт кешенінде бокстан әйелдер арасындағы ІІ халықаралық турнир өтуде.
18 қыркүйекте Алматыда Қала күніне арналған бұқаралық веложорық өтеді.
АСТАНА
1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде.
12-25 қыркүйекте «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Спорт - бүкіләлемдік пікір алмасу тілі» көрмесі өтуде.
14-16 қыркүйекте Астанада Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстанным» ІІ халықаралық әндер фестивалі өтуде.
14-16 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында Орталық Азиядағы ірі конференция «Digital Communication Kazakhstan-2011» көрмесі өтуде.
16 қыркүйекте Астанада Қазақстан халықтары тілдерінің ХІІІ республикалық фестивалі өтеді.
16 қыркүйекте Қазақстан халықтары тілдерінің Астана қалалық ХІІІ фестивалі өтеді.
АЛМАТЫ
29 тамыздан 25 қыркүйекке дейін Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында «Қазақстан достардың көзімен» фотокөрмесі өтуде.
15-17 қыркүйекте Алматыда алғашқы Заң форумы өтеді.
16 қыркүйекте Достық үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтеді.
16 қыркүйекте «Динамо» стадионында даңқты олимпиада чемпионы Шәміл Серіков атындағы демалыс орталығы ашылады.
16 қыркүйекте Көктөбеде Алматы қаласының әкімі А.Есімовтің қатысуымен бауырлас Тусон қаласының (АҚШ) ескерткіші ашылады.
16 қыркүйекте Алматы әкімі А.Есімовтің қатысуымен Қазпошта жаңа бөлімшесі ашылады.
16 қыркүйекте ҚР Тұңғыш Президенті қорында Р.Батпенованың жеке көрмесі ашылады.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 16-Ы, ЖҰМА
Халықаралық озон қабатын қорғау күні. Жыл сайынғы Халықаралық озон қабатын қорғау күнін БҰҰ Бас ассамблеясы 1994-інші жылғы №A/RES/49/114 арнайы қарарымен жариялаған.
Бұл күн Озон қабатын бұзушы заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қол қойылуын есте қалдыру үшін белгіленген.
Планетамызды күн радиациясының жойғыш әсерлерінен қорғайтын Жер атмосферасындағы стратосфералық қабаттың төмендей түскеніне тұңғыш рет ғалымдар ХХ ғасырдың 60-ыншы жылдарының соңында көңіл аударды.
80-інші жылдары ғалымдар жаңалық ашты: Антарктида аумағында озонның жалпы көлемі 2 есе азайып кеткен. Нақ сол кезде «озон жырығы» атауы пайда болды.
Озонның жұқаруына хлор тотығы әсер етеді. Ал бұл - заводтардың, өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауаға жайылатын қоқыстары. Озон жырықтарының алдын алуға біздің күшіміз жетпейді. Алайда, озонды ең болмаса тұрмыстық деңгейде сақтауға адам күші жетеді-ақ.
Мексика Құрама Штаттарының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1810).
Қазақстан Республикасы мен Мексика Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 13-інде орнатылды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
11 жыл бұрын (2000) Атырауда Мысыр билеушісі болған Бейбарыс сұлтанның 775 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өтті. Конференцияға араб елдерінің ғалымдары қатысты. Сонымен қатар қазақ тіліне аударылған «Әз-Захир Бейбарыс өмірбаяны» атты кітаптың тұсаукесері болып, Атырау облыстық қазақ драма театры жазушы Рақымжани Отарбаевтың «Бейбарыс» атты пьесасын сахналады.
Шежіре бойынша Бейбарыстың атамекені - Каспий теңізінің маңы, бір деректерде - Еділ-Жайық бойы. Кіші жүздегі Байұлының Беріш руынан деген мәлімет бар.
6 жыл бұрын (2005) Түркияның Измир қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты шараға Измир провинциясының губернаторы Оғыз Қаған Көксал, осы қаладағы құрметті консулдықтардың басшылары, іскер топ өкілдері, қазақ диаспорасы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
6 жыл бұрын (2005) Алматыда қоғам қайраткері, экономика ғылымының докторы, академик Ерік Асанбаевтың (1936-2004) тұрған үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.
Ерік Асанбаев 1936 жылдың 10 наурызында Торғай (Қостанай) облысының Байғабыл ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің экономика факультетін және аспирантурасын бітірген. 1958 жылдан бастап Қазақ КСР-нің Қаржы министрлігінде экономист, Жобалау комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазақ КСР Министрлер кеңесінің мүшесі, Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болған. Көптеген ордендермен және медальдармен марапатталған.
6 жыл бұрын (2005) Алматыдағы Орталық ғылыми кітапханада ақын, жыршы, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушы Көсембек Байғұттыұлының (1884-1951) «Заман» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Рәсім аясында автордың жеке мұрағат материалдары қойылған көрме ашылды. «Үш қиян» баспасынан жақында ғана ақын немересі Бақыт Хамзақызының құрастыруымен шыққан туындыға К.Байғұттыұлының заман, өмір ағысы жайлы жырлаған өлеңдері, айтыстары, қоғамның келеңсіз жақтарын сынап жазған мысалдары және шығыстық үлгіде жазылған «Бес сері» дастаны енген.
Халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын ел аузынан жинап насихаттауда көп еңбек сіңірген К.Байғұттыұлының шығармалары қазір Орталық ғылыми кітапхана қоры мен Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар мен текстология бөлімінде сақтаулы. «Қазақтың қарт ақыны Көсембекпін, Сөзге бай, тілге жүйрік, шешен бекпін» деп жырлаған ақын ХХ ғасырдағы қуғын-сүргіннің құрбаны болған.
6 жыл бұрын (2005) Өскеменде қазақстанда құрастырылған «SKODA» автокөлік маркасы сатыла басталды.
6 жыл бұрын (2005) Ақтөбедегі Мұғалімдер үйінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80-жылдық мерейтойына арналған екі томдық фотоальбомның таныстырылымы болды.
2 мың дананы құрайтын екі томдық баспа 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) шығарылған. Бірінші томда бүгінгі күнге дейін жинақталған мұрағаттан алынған, Молдағұлованың туған-туыстарының, майдандас жолдастарының сөздерінен жиналған барлық материалдар 304 беттік кітапта көрсетілген. Екiншi кiтап Батыр қызға арналған өлеңдер, әндер, дастандар, әңгiмелерден тұратын көркем шығармалардың жинағы болып табылады. Фотоальбомда Әлияның барлық суреттері, туған жері Қобда ауданының және жерленген Псков облысында түсірілген фотосуреттері жинақталған.
4 жыл бұрын (2007) Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы Жаһандық серіктестікке қосылды.
Оның барысында Қазақстан Қағидалар хаттамасына қол қойды және осынау үдеріске толыққанды мүше атанды.
Жиналғандардың алдында сөйлеген МАГАТЭ Бас директоры Мохаммед Әл-Барадэй, атом энергетикасы дамуының болжануына байланысты осынау бастаманың өзектілігін атап өтті.
Біздің еліміз Атомдық энергетика саласындағы Жаһандық серіктестіктің негізгі қағидаларын бөліседі және өз атомдық энергетикалық технологиясын дамытуды сезімтал технологиялар әзірлемеу міндеттемесін алған мемлекеттерге ядролық отынға кепілдікті және әділ қолжетімділік беру қажеттілігін атап көрсетеді. АҚШ Президенті Джордж Буш 2006 жылы ұсынған Атом энергетикасындағы Жаһандық серіктестік бастамасы әлемдік энергия тұтынымының өсуіне байланысты таза, қауіпсіз және қолжетімді ядролық энергияның келешектегі арту ықтималдығына байланысты халықаралық мәмілеге талдап жасауға бағытталған. Бүгінде Серіктестікке 16 мемлекет, оның ішінде атом энергетикасындағы өз жетістіктерімен көзге түскен және алдыңғы қатарлы технологияларға ие Қытай, Ресей, АҚШ, Франция елдері мүше.
2 жыл бұрын (2009) Ақтөбе облысы мен Чех Республикасының сауда-өнеркәсіптік палаталарының арасындағы ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.
Қол қойылған келісімшартта Чех Республикасы мен Ақтөбе облысының арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды нығайту және дамыту, ақпараттық-консультациялық, маркетингілік іс-шараларды дамыту, сондай-ақ оқу ынтымақтастығы мен тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылып отыр.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1926-2000) домбырашы, күйші ТАЛАСБАЙҰЛЫ Елемес дүниеге келді.
Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Атасы Еспембет, әкесі Таласбай аймағына әйгілі күйшілер болған. Домбыраны 7 жасында әкесінен үйренген. Оның өз жанынан шығарған туындысы - «Арман-ай» күйі. Сталиндік асыра сілтеу кезінде ол ата-анасымен бірге Қытай жеріне қоныс аударады.
Оның «Шер тарқатар», «Атамекен», «Күйшақыртқы», «Кеңес», т.б. күйлері бар. 1996 жылы Қазақстанға оралған. 1998 жылы Қазақ радиосының, 2000 жылы Қазақстан 1 телеарнасының алтын қорына күйшінің орындауындағы 25 күй жазып алынды. Сондай-ақ, оның орындауындағы 10 күй 1998 жылы жарық көрген «Жетісу күйлері» жинағына енген.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 17-І, СЕНБІ
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
291 жыл бұрын (1720) Павлодар қаласының негізі қаланды.
1720 жылы қала кішігірім Коряковский негізінен бастау алады. Қазіргі атауын 1861 жылы ІІ Александрдың жаңа туған ұлының құрметіне алған, сол кезде оған Коряковтың ірі татар, орыс және қазақ кәсіпкерлері кірген көпестер қауымының сұрауы бойынша берілген.
Павлодар қаласы Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, Ертіс өзенінің бойында, Павлодар облысының әкімшілік орталығы. Қаланың құрамына Ленинск кенті, Мойылды, Павлодарлық ауылдары және Кенжекөл ауылдық округы кіреді. Қаланың жалпы ауданы 637,8 мың шаршы метрді құрайды. Қала тұрғындарының саны - 331700 тұрғын (2009).
Павлодарда мұнай өндеуші, химия, алюминь, электролиз, металлургиялық, картон-рубероид, машина жасау және трактор зауыттары жұмыс істейді.
81 жыл бұрын (1930) аудандық газет ретінде «Колхоз жолы» деген атаумен қазіргі «Көкшетау» қалалық газеті шыға бастады. Газет облыстың экономикалық, әлеуметтік саладағы жетістіктерін насихаттағаны үшін үш мәрте Бүкілодақтық шығармашылық байқаудың лауреаты атанған. 1980 жылы газет «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 1990 жылдың қаңтар айынан бастап «Көкшетау» деген атпен шыға бастады.
15 жыл бұрын (1996) Қазақстан мен Грузия арасында экономикалық даму, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы 14 келісімге қол қойылды.
7 жыл бұрын (2004) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джон Ордвэй сенім грамотасын тапсырды.
7 жыл бұрын (2004) Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абдел Маугуд Ахмед Махмуд әл-Хабаши сенім грамотасын тапсырды.
4 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы «Каспий, «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру және олардың қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.
ЕСІМДЕР
65 жыл бұрын (1946) «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ-ының президенті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі, Қазақстан Республикасының құрметті мәдениет қызметкері ШАЯХМЕТОВ Бағдат Мұхаметұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. 1969-1990 жылдары - «Өскемен титан-магний комбинатының» аға шебері, партия бюросының хатшысы, цех бастығы, директордың орынбасары, бас инженері. 1990-1993 жылдары - «Өскемен титан-магний комбинатының» директоры. 1993-1998 жылдары - «Өскемен титан-магний коминаты» АҚ-ының бас директоры. 1996-1997 жылдары - «Қазатомөнеркәсіп» ААҚ-ының президенті. 1997-1998 жылдары - «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ының президенті. Қазіргі қызметінде 1998 жылдан бастап істейді.
«Құрмет белгісі», Отан ордендерімен, «Еңбек даңқы» үшінші дәрежелі құрмет белгісімен, «Қазақстан Республикасында инженерлік істі дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.
65 жыл бұрын (1946-1996) ақын СӘУІРБАЕВ Өмірбай дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында туған. 1962 жылы оныншы сыныпта оқып жүрген кезінде қатты сырқаттанып, бес жыл бойына төсек тартып жатқан. Осы кезден өлең жаза бастап, мектепті де, Шымкент педагогикалық институтын да сырттай оқып бітірген. Түркістан аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі, Саттар Ерубаев мұражайының директоры болып қызмет істеген.
«Сырымды айтам, адамдар», «Ақ дидарың көргенде», «Ардағым», «Өмірсерік» секілді өлеңдер жинағының авторы.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 18-І, ЖЕКСЕНБІ
Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003-інші жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Қазақстанда жүзден аса ұлт және ұлыс өкілдері тұрады. Әр тілдің өзіндік тарихы, басқа да тілдердің тағдырымен байланысты өз тағдыры бар. Тіл арқылы адамдар бір-бірін тауып, рухани мәдениетті, салт-дәстүрді түсінуге үйренеді.
Чили Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1810).Чили - Оңтүстік Американың оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігі Перумен, шығысы Боливия, Аргентинамен, оңтүстігі мен батысы Тынық мұхитымен шектеседі. Мемлекет құрамына Отты жер аралының батыс бөлігі және Пасха, Хуан-Фернандес, Веллингтон, т.б. аралдар кіреді. Астанасы - Сантьяго қаласы. Мемлекеттік тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо.
Қазақстан Республикасы мен Чили Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы тамыздың 19-ында орнатылды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
19 жыл бұрын (1992) «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.
11 жыл бұрын (2000) «Қазақстан Петролеум» қауымдастығы «Мұнай және газ геологиясы туралы ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі» терминологиялық сөздігін шығарды.
Сөздікті құрастыруға республикаға белгілі, мұнай және газ өндіру саласына қатысты сарапшылар қатысқан. 3 мың данада шыққан терминологиялық сөздік барлық мұнай компаниясының қызметкерлеріне тегін таратылып берілген.
6 жыл бұрын (2005) Астанада АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (ЮСАИД), «ЭксонМобил» компаниясының және Қазақстандық несиелендіру орталығының қолдауымен Кәсіпкерлікті дамыту орталығы ашылды.
ЮСАИД-тың кәсіпкерлікті дамыту жобасының шеңберінде Орталық стратегиялық консалтинг бойынша қызмет көрсетеді, Астана қаласының кәсіпкерлері арасында нарық заңдарына негізделген қағидаларды жақсартуға бағытталған қаржы менеджменті, маркетинг және кадрларды басқару бойынша тренингтер өткізіледі.
4 жыл бұрын (2007) Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімшілік орталығы Макинск қаласында республикамызда тұңғыш рет минералды мақта жылытқышы бар қабырға материалдарын шығаратын орталық iске қосылды.
Аталмыш материалдар үлкен сұранысқа ие, олар әсіресе ірі құрылыс нышандарына қажет материалдарды «NOVA KSi» ЖШС өндіреді. Шикізат Теміртау қаласындағы «Миттал Стил» корпорациясынан әкелінеді.
2 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды.
Заң денсаулық сақтау саласындағы заңнаманы жүйелендіруге, оны халықаралық норма мен стандарттарға үйлестіруге, ұлттық медицинаның мәртебесін, азаматтарға сапалы медициналық көмек және медициналық қызмет көрсету деңгейін арттыруға, сапалы дәрігерлік құралдармен, медициналық бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге бағытталған.
2 жыл бұрын (2009) Алматыда «Өркениеттің болашағы және өркениеттік серіктестіктің стратегиясы» атты ІІІ Өркениет форумында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Стратегия радикального обновления глобального сообщества и партнерство цивилизаций» атты кітабының таныстырылымы өтті.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1926-1999) жазушы ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ Сейтқан дүниеге келді.
Қытай Халық Республикасының Алтай аймағы, Жеменей ауданында туған. 1944-1945 жылдары Шығыс Түркістандағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. 1947 жылы - Шығыс Түркістан Жеменей аудандық жастар ұйымының хатшысы. 1948-1954 жылдары - Шыңжаң халық демократиялық одағы Қаба аудандық атқару комитетінің бастығы, Алтай атқару комитеті бастығының орынбасары. 1954-1957 жылдары - Қытай Коммунистік партиясының Алтай аймақтық комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі. 1958-1964 жылдары - «Алтай» газетінің бас редакторы. Жазушы мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түсіп, абақтыға жабылған. 1969 жылы абақтыдан қашып шығып, Монғолияға бас сауғалайды.
Қаламгердің 3 роман, 4 повесть, 2 өлеңдер жинағы монғол, қазақ тілдерінде кітап болып жарық көрген. 1993 жылы атамекеніне оралған жазушының қаламынан «Оспан батыр», «Бір уыс қан» атты шығармалар туған.
40 жыл бұрын (1971) Жезқазған қаласының әкімі, саясаттану ғылымдарының кандидаты ӘБДІҒАЛИЕВ Берік Бақытұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Ұлытау ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында ғылыми қызметкер, Ікі саясат бөлімінің меңгерушісі, директордың орынбасары болып қызмет атқарған. 1997 жылы - Қазақстан Республикасы Баспа ісі және бұқаралық ақпарат құралдары Ұлттық агенттігі басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат депатраменті директорының орынбасары, Сараптау және жоспарлау басқармасы бастығы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Сараптама орталығы меңгерушісінің орынбасары. 2000-2001 жылдары - Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары. 2001-2002 жылдары - Теміртау қаласы әкімінің орынбасары. 2002-2003 жылдары - Ұлттық зерттеулер институтының директоры. 2003-2004 жылдары - «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы орталық аппараты басшысының бірінші орынбасары, 2004-2007 жылдары - «Саяси білім қоры» қоғамдық қорының президенті. 2005-2006 жылдары - «Атамекен» Кәсіпкерлер одағы атқарушы директорының кеңесшісі. 2006 жылы - Киев облысы Вышгород қаласы мэрінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - «Атамекен» Ұлттық дамыту орталығының директоры. 2007 жылы - Алтынбек Сәрсенбаев қорының басшысы. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Халықтар ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы. 2008 жылы - Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2008-2010 жылдары - Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының директоры. 2010 жылы - Ұлытау ауданының әкімі. 2010 жылдың тамызынан - қазіргі қызметінде. 2009 жылдың сәуірінен - «Қазақ альманағының» бас редакторы.