ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 22-24 сәуір аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None

ҮКІМЕТ

22 сәуірде Ауыл шаруашылығы министрлігінде Орман және аң аулау шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев пен «Табиғат» экологиялық қорының төрағасы Мэлс Елеусізовтың қатысуымен «Жасыл жапырақ акциясын өткізу» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

22 сәуірде сағат 14:30-да Стамбул университетінің Еуразия институтында (Түркия, Стамбул) Стамбул клубының алғашқы мәжілісі өтеді


АСТАНА

9 сәуірден 15 маусымға
дейін Астананың Жеңіс және Иманов көшелерінде жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

22 сәуірде Министрліктер үйінде «Қазақстандық қоғамның бірігуі: қамтамасыз етудің жолдары мен механизмдері» семинары өтеді.

22 сәуірде «Нұр Отан» ХДП-да Оралбай Әбдікәрімов Астанадағы мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан орын алып қалатын құқық бұзушылық әрекеттер бойынша арыздары бар азаматтарды қабылдайды.

20-24 сәуірдің аралығында Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде VI жазғы Универсиаданың бокстан турнирі өтеді.

22 сәуірде Министрліктер үйінде«Мемлекеттік тілдегі заң терминдерін біріздендіру мәселелері» дөңгелек үстел отырысы өтеді.

22 сәуірде Министрліктер үйінде ҚР ККМ-дегі жемқорлыққа тосқауыл қою жұмыстарын ұйымдастыруға арналған отырыс болады.

22 сәуірде ҚР ТЖМ ғимаратында «Өрт қауіпті маусымдағы алдын алу шаралары» брифингі өтеді.

22 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Академия мен БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

22 сәуірде Еуразия университетінде Қазақстан тарихы бойынша «Тарих ата» ҮІ республикалық қашықтық олимпиадасының ресми ашылуы өтеді.

22 сәуірде Назарбаев Университеті біліктілікті арттыру қысқа мерзімді бағдарламасының аясында қорытынды тренингтер сериясын өткізеді.

22 сәуір күні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, өнертапқыш саласы бойынша жетістіктердің 8-ші республикалық «Шапағат-2011» байқауының жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты кеш өткізеді.

22 сәуірде «Астаналық» БО-да Талғат Мұсабаевтың қатысуымен «Ғарыш саласының даму болашағы» онлайн-конференция өтеді.

22 сәуірде Президенттік мәдени орталықта дәстүрлі орындаушылардың Әміре Қашаубаев атындағы ҮІІІ республикалық байқауының жабылуы.

21-22 сәуірде Президенттік мәдениет орталығында Жеңіс күніне арналған Еске алу сабағы өтеді.

22-23 сәуірде Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде Қоян-қолтық ұрыстан Республикалық ұлан Қолбасшысы кубогы жолындағы ІХ халықаралық турнир өтеді.

23 сәуір күні Астана қаласында жалпықалалық сенбілік өтеді.

23 сәуірде К.Байсейітова атындағы опера және балет театрында Ұлттық театрлар республикалық фестивалі өтеді.

24 сәуiр күнi Астанада тұңғыш рет "Болашақ" бағдарламасының түлегi Алима Мұрзабекованың Сән үйiнiң ашылуы орын алады

2011 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының көрме залында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Көрме 15.00 басталады.

АЛМАТЫ

20-22 сәуірдің аралығында Алматыда ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ұлы Жібек жолымен -2011» атты VI Халықаралық кітап көрмесі өтеді.

20-22 сәуірде «Атакент» орталығында KITF туристік көрмесі өтеді.

22 сәуірде Сауданы либерализациялау мен кедендік реформаны жүзеге асыру (RTLC) USAID жобасы ұйымдастырған «Халықаралық сауданы оңтайландыру: жүргізілген реформалар және 2012 жылға арналған жоспарлар» конференциясы өтеді.

22 сәуірде Білім министрі Алматы ЖОО ректорларымен кездеседі.

22 сәуірде КИМЭП (KIRC) сегізінші халықаралық ғылыми-зерттеу конференция өткізіледі.

22 сәуірде «Қазіргі заманғы университеттегі студенттік өзін-өзі басқару: тәжірибе, инновациялар мен болашағы» халықаралық студенттер форумы өтеді.

22 сәуірде «Қоршаған орта мен денсаулық» семинары өтеді.

22 сәуірде Ерлан Каринмен кездесу өтеді

22 сәуірде Чернобыль АЭС-індегі апатқа 25 жыл толуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

22 сәуірде МАБ-та Наурыз мерекесі тойланады.

22 сәуірде ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлау жөніндегі мемлекеттік комиссияның екінші отырысы қөтеді.

22 сәуірде Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен алғашқы ұлттық басылымдар «Айқап» журналы мен «Қазақстан» газетінің жарыққа шыққанына 100 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

22 сәуірде "Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күніне арналған «Махаббат аялдамасы» шарасы өтеді.

22 сәуірде «Орталық Азия - Орталық»: инновациялар арқылы болашаққа» құбыр желісінің құрылысының басталғанына 50 жыл» мерейтойлық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

22 сәуірде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Ғылым әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы нәтижесін шығару және жеңімпаздарды марапаттау өтеді.

22 сәуірде Тәуелсіздіктің 20 жылдығына және Қазақстан халқы бірлігіне арналған «Тіл - достық негізі» шарасы өтеді.

21-23 сәуірде «AlmatyTowers» кешенінде Қазақстанның сән апталығы (Kazakhstan Fashion Week ) өтеді.

21-24 сәуірдің аралығында Алматыда «Бүгінгі француз киносы» ІІ кинофестивалі өтеді.

22 сәуірде Армат Бектасовтың «Тіл бедері - бірлік тілі» жеке көрмесі ашылады.

22 сәуірде «Достық бәйтерегі» мүсін композициясының салтанатты ашылуы өтеді.

22-26 сәуірдің аралығында Алматыда Студентік және дебюттік фильмдердің «Бастау» І халықаралық кинофестивалі өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

СӘУІРДІҢ 22-І, ЖҰМА

Халықаралық Жер-Ана күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы сәуірдің 22-інде Халықаралық Жер-Ана күні деп жариялау туралы қарарды бірауыздан мақұлдады.

Қарар Боливия ұсынысымен қабылданды. 50-ден астам БҰҰ-ға мүше-мемлекеттер оның тетеавторы болып дауыс берді. Соның ішінде Қазақстан да бар.

Бұл маңызды құжат мақсаты - қазіргі және болашақ ұрпақтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қажеттіліктері арасында әділетті тепе-теңдікке қол жеткізу.

Жер-Ана күнін жариялау планетамыздың және оның экологиялық жүйесінің бізді өмірмен қамтамасыз етіп отырғанын түсінгенімізді паш етіп, сондай-ақ 1992-нші жылғы Рио-де-Жанейрода өткен қоршаған орта және оны дамыту Конференциясында қабылданған міндеттерді бекіте түсті.

ОҚИҒАЛАР

40 жыл бұрын (1971) сол кездегі Қазақстанның астанасы Алматы қаласына бірінші рет Ту-154 әуе лайнері келіп қонды. Мәскеуден Алматыға дейінгі аралықтағы - 3 500 шақырымдық жолды лайнер не бәрі 3 сағат 45 минутта ұшып өткен.

26 жыл бұрын (1985) Ақтөбеде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың (1924-1944) облыстық мемориалдық мұражайы ашылды.

3 жыл бұрын (2008) Мемлекет басшысы ҰҚШҰ мемлекеттері темір жолдарының бірыңғай жүйесін құру келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды.

3 жыл бұрын (2008) Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен жарық көрген «Саяси түсіндірме сөздіктің» тұсаукесері болып өтті. Төрт мың данамен басылып шыққан 616 беттік түсіндірме сөздікке екі мыңнан астам саясаттану, жаһандану, әлеуметтану, мәдениеттану салаларының терминдері мен анықтамалары енгізіліп, оларға ғылыми тұрғыдан түсініктеме берілген. «Қазақстанда саясаттану мектебі енді қалыптасып келе жатыр. Бұл қазақ тілінде басып шығарылған алғашқы саяси түсіндірме сөздік», - дейді саясат ғылымдарының кандидаты Берік Әбдіғали. Кітапта Ежелгі Шығыс, Батыс елдерінің және Ресей мен Қазақстандағы саясаттану мектептері мен ағымдарының түсініктері жан-жақты қамтылған. Әлемдік және отандық авторлардың еңбектеріне сүйене отырып жазылған сөздік дүниежүзінде болып жатқан көптеген саяси үрдістерді түсінуге көмектесіп, қазіргі саясаттану мәселелерінің өзекті проблемаларымен неғұрлым жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Қазақ тілді орта және жоғары оқу орындарына, саясаттанушыларға, әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушыларға арналған сөздікте сондай-ақ, әлемдік саясатта өзіндік мектеп қалыптастырған саясаттанушылар мен еліміздің саяси өміріне белсене араласқан тарихи тұлғалар да қамтылған.

2 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2 жыл бұрын (2009) БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы 32 серіктес ұйыммен бірлесе отырып Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ашты. Бұл кітапхананың қорын кез-келген оқырман пайдалана алады. www.wdl.org сайтында мәдениеттің бірегей туындыларымен, қолжазбалармен, карталармен, сирек кездесетін кітаптармен, фильмдермен, аудиожазбалармен және фотосуреттермен танысуға болады. Олардың ішінде ежелгі қытай мәтіндері, арабтың ғылыми трактаттары, 764 жылғы «Hyakumanto darani» жазбасы және басқа да мәдени құндылықтар бар. Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ағылшын, араб, испан, қытай, португал, орыс және француз тілдерінде жұмыс істейді.

1 жыл бұрын (2010) Елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Қазақстан хоккейі» журналының тұсауы кесілді.

Журналдың таныстырылымы барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген бас редактор Максим Карташов Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы Жолдауында спортқа баса назар аударғандығын және 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы қажеттігін атап өткендігін тілге тиек етті.

Журналдан еліміздің жетекші хоккейшілерімен арадағы сұхбаттарды, олардың өміріне қатысты материалдар топтамаларын, спорт жаңалықтарын оқуға болады.

Сондай-ақ басылымның жарық көруіне мемлекеттік органдардың да қолдау көрсететіне үміттеніп отырған бас редактор жылына 8 мәрте орыс тілінде жарық көретін журналдың болашақта қазақ тіліндегі нөмірі де оқырман назарына ұсынылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда Қазақстандық «BTIMES.KZ» іскерлік порталы - Орталық Азиядағы жаңа бірегей ұқсастығы жоқ ақпараттық бизнес-медиаресурстың тұсаукесері өтті.

Оның негізгі мақсаты - қазақстандық компанияларға қозғалмалы дамуға жайлы жағдайлар жасау тиімді құралдар пайдалану арқылы елдегі және дүниежүзіндегі экономика, бизнес, даму үрдісі, беделді сарапшылардың пікірлері мен талдаулары жөніндегі уақытылы және сапалы ақпарат беру. Порталдың негізін салушы Нұриддин Аманқұлдың айтуы бойынша, каталог айналымға өз мекемесі және фирмасы жөніндегі ақпаратты жайластыратын клиенттерге де, керекті өнім және қызмет туралы ақпарат іздеген келушілерге де өте ыңғайлы. «Клиенттердің негізгі мақсаты кірушілергі олардың компаниялары туралы бүкіл ақпарат табылып ұсынылуы. Кірушілер, өз кезегінше сұранымы бойынша бүкіл мекемелер жөнінде толық тізім ала алады. Бар құпия осында. Компаниясы бірінші болып табылғанына және кіруші оның компаниясына көңіл білдіруге клиентті тарту міндет», - деді Н.Аманқұл.

1 жыл бұрын (2010) Елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Қазақстан хоккейі» журналының тұсауы кесілді.

Журналдың таныстырылымы барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген бас редактор Максим Карташов Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы Жолдауында спортқа баса назар аударғандығын және 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы қажеттігін атап өткендігін тілге тиек етті.

Журналдан еліміздің жетекші хоккейшілерімен арадағы сұхбаттарды, олардың өміріне қатысты материалдар топтамаларын, спорт жаңалықтарын оқуға болады.

Сондай-ақ басылымның жарық көруіне мемлекеттік органдардың да қолдау көрсететіне үміттеніп отырған бас редактор жылына 8 мәрте орыс тілінде жарық көретін журналдың болашақта қазақ тіліндегі нөмірі де оқырман назарына ұсынылуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1946) Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері ӘДІЛБАЕВ Жұмаділ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында туған. Облыстық «Коммунизм туы» газетінде корректор, әдеби қызметкер, жауапты хатшы орынбасары, бөлім бастығы лауазымдарын атқарған. 1978-1983 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің нұсқаушысы. 1983-1985 жылдары - облыстық «Коммунизм туы» газетінің редакторы. 1985-1990 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық партия комитеті идеология бөлімінің бастығы. 1990 жылдан Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған.

60 жыл бұрын (1951) ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, республикалық «Жігер» шығармашылық фестивалінінің лауреаты, Абайдың 150 жылдығына орай өткен жыр мүшәйрасының жүлдегері ЖӘЛЕНОВА Қатира Сыздыққызы дүниеге келді.

Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін бітіріп, Қазақ радиосында 20 жылдан астам жемісті еңбек еткен.

1978 жылы «Кел, махаббат» атты жыр жинағы жарық көрген. Содан бері «Аңсаған менің әнімсің», «Ақ гүлдер» атты жинақтары шықты. Бір топ өлеңдері «Разбег» атты ұжымдық жинақта орыс тіліне аударылып басылған. 2009 жылы «Сырдария» жыр жинағы жарық көрген. Қазіргі кезде кәсіпкерлікпен айналысады, «Ай-мир» сауда үйінің директоры.

Тәжік ақыны Г.Сүлейменованың «Қырық бұрым» өлеңдер жинағын аударған. Сондай-ақ ол Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық жас ақын-жазушылардың кеңесіне қатысқан.

«Айрықша қызметі үшін» медалімен, Қызылорда облысының мерекелік медалімен марапатталған, екі мәрте облыс әкімі стипендианты.

СӘУІРДІҢ 23-І, СЕНБІ

Дүниежүзілік кітаптар және автор құқығы күні. Дүниежүзілік кітаптар және автор құқығы күні 1995 жылы 15 қарашада ЮНЕСКО - ның 28 сессиясында жарияланды (Қарар №3.18).

Шешім халықтың сауатын ашу мақсатымен, мәдениетті дәстүрдің дамуын ұғындыру үшін қабылданды, және де кітап білім берудің ең үлкен құралы болып табылады, тағы да оны ең сенімді әдіспен сақтайды. Қарарда бұл күні кітап көрмелері мен жәрмеңкелердің өткізілуі әсерлі болады деп танылған..

Бұл күн 23 сәуір 1616 жылы өмірден қайтқан Мигель де Сервантес, Уильям Шекспир (Юлиан күнтізбесі бойынша), Инка Гарсиласо де ла Веганы еске алу мақсатында бекітілген. Кітаптың арқасында ең алдымен білімге, ойға рухани моральдық құндылықтарға, адамзаттың шығармашылық жетістіктерімен әсемділікті түсінуіне жол ашылады. Кітап - бұл сан алуан мәдениетті әлемнің терезесі және де әр түрлі уақыттағы өркениетпен кеңістікті жалғастырып тұратын көпір.

Дүниежүзілік кітап және автор құқығы күнін атап өте тұрып, біз кітаптың сақталуының маңыздылығына ерекше көңіл бөлуіміз керек және де әр мемлекет өз мәдениеттін арттыра түсіруі керек.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Назарбаевтың «ХХI ғасыр табалдырығында» атты кітабының жарық көруіне орай баспасөз мәслихаты өтті.

6 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасының сайлауы туралы», «Қазақстан Республикасының лицензиялау сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңдарына қол қойды.

2 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң Наурыз мейрамын мерекелеу күндерін наурыздың 21-нен 23-не дейін ұлғайтуды және Қазақстан Республикасы күнін мерекелеуді алып тастауды көздейді.

2 жыл бұрын (2009) Польшадағы Великопольски аймағының астанасы Познань қаласында Адам Мицкевич атындағы университеттің Шығыстану және түркітану институтында қазақ бөлімі ашылды.

Польшаның ең ірі оқу орындарының бірінде қазақ бөлімінің ашылуы поляк ғылыми-педагогикалық және студенттер қоғамының елімізге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, тарихы мен тіліне деген қызығушылығын білдіреді.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Елшілігі Тәжікстанның «Иттилоот ва муошират» деп аталатын республикалық баспасөз орталығында Елшіліктің жәрдемімен Парсы тілдес журналистер форумы «Афрузда» басылып, «Қазақстан - ХХІ ғасыр» деп аталатын парсы және орыс тілдерінде шығарылған журналдың тұсаукесері өтті.

Аталған журналда еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірі жайында толыққанды ақпарат берілген. Сонымен бірге Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына жеке тармақ арналған.

Басылымның негізінен парсы тілдес оқырмандарға, бірінші кезекте масс-медиа өкілдеріне бағдарланғанын ескеретін болсақ, оның беттерінен қазақстандық радио, теледидар, Интернет-провайдерлер, баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді табуға, сондай-ақ бұл саланы реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық базасының нормативті құжаттарымен танысуға болады.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Елшілігі Тәжікстанның «Иттилоот ва муошират» деп аталатын республикалық баспасөз орталығында Елшіліктің жәрдемімен Парсы тілдес журналистер форумы «Афрузда» басылып, «Қазақстан - ХХІ ғасыр» деп аталатын парсы және орыс тілдерінде шығарылған журналдың тұсаукесері өтті.

Аталған журналда еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірі жайында толыққанды ақпарат берілген. Сонымен бірге Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына жеке тармақ арналған.

Басылымның негізінен парсы тілдес оқырмандарға, бірінші кезекте масс-медиа өкілдеріне бағдарланғанын ескеретін болсақ, оның беттерінен қазақстандық радио, теледидар, Интернет-провайдерлер, баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді табуға, сондай-ақ бұл саланы реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық базасының нормативті құжаттарымен танысуға болады.

65 жыл бұрын (1946) Берлин қаласында «Нойес Дойчланд» атты күнделікті газет шыға бастады.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1901-1960) геолог-петролог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері СЕРГИЕВ Николай Григорьевич дүниеге келді.

Ресейде туған. Ленинград политехника институтын бітірген. 1928-1931 жылдары Орталық Қазақстанды геологиялық картаға түсіру жұмыстарына араласып, Қоңырат кенін табуға қатысқан. 1931-1933 жылдары - Ленинград политехника институтының ассистенті. 1933-1936 жылдары - КСРО ҒА Геология ғылымдары институтының ғылыми қызметкері. 1936-1942 жылдары - Ленинград политехника институтының доценті. 1942-1947 жылдары КСРО ҒА Геология ғылымдары институтының сектор меңгерушісі және ғылыми хатшысы. 1947-1960 жылдары - Қазақ тау-кен институтында кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері эффузиялық тау жыныстарының петрологиясын зерттеу мәселелеріне арналған. Орталық Қазақстан өңіріндегі эффузиялық түзілімдерде терең петрологиялық зерттеулер жүргізген. Ұлы Отан соғысы жылдары қорғаныс өнеркәсібіне қажетті шикізаттар іздеп, осы мақсатқа жарайтын құмның ірі кенін тапқан.

Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған.

75 жыл бұрын (1936) «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің өндірісті дамыту және жаңғырту жөніндегі кеңесшісі, техника ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Инженелік академиясының, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының, Халықаралық экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі, КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының, Қазақ КСР Министрлер Кабинеті сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері БАЙМҰХАМЕТОВ Серғазы Қабиұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Қаратал ауданында туған. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «Қарағандыкөмір» комбинатында кен шебері, телім бастығының орынбасары, бастығы, бас инженер орынбасарының көмекшісі, бас инженері, шахта директоры қызметтерін атқарған. 1979-1992 жылдары - «Қарағандыкөмір» Өндірістік білестігінің техникалық директоры, бас инженері. 1992-1994 жылдары - «Қазақстанкөмір» мемлекеттік корпорациясының, «Көмір» мемлекеттік холдингтік компаниясының бірінші вице-президенті. 1994-1995 жылдары - Қазақ көмір ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары. 1995-1996 жылдары - «Қарағандышахтакөмір» мемлекеттік кәсіпорнының техникалық директоры. 1996 жылдан «Испат-Кармет» АҚ Көмір департаментінің техникалық директоры болып қызмет атқарған. 2005-2008 жылдары - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің өндірісті дамыту және жаңғырту жөніндегі директоры қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

Бірнеше кітаптың, 80-ге жуық авторлық куәліктің иегері.

Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту, РФ-ның «Дружба» ордендерімен, медальдармен, «Шахтер даңқы» белгісінің үш дәрежесімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

75 жыл бұрын (1936) КСРО МҚК-інің құрметті қызметкері, РФ Президенті жанындағы Үкіметтік байланыс және ақпарат федеральдік агенттігінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы ҰҚК-інің құрметті қызметкері, құрметті байланысшы, генерал-майор ЖАҚЫПБЕКОВ Сабет Малғаждарұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында туған. Новосібір электротехникалық байланыс институтын бітірген. 1977-1995 жылдары Қазақ КСР-інің Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде лауазымды қызметтер атқарып, Қазақстан Республикасы ҰҚК Бас үкіметтік байланыс басқармасының бастығы болған. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары. 1997 жылы зейнет демалысына шыққан. 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерлер кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультеті, Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасының профессоры, ақын, филология ғылымының докторы, Қазақстан жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты ТАРАҚ Әнуар дүниеге келді.

Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген. 1980-1990 жылдары қазіргі «Жас алаш» газетінде, 1990-1992 жылдары «Парасат» журналында, 1992-2000 жылдары «Алматы ақшамы» газетінде істеген. 2000-2002 жылдары «Қазақстан-Заман» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. 2002 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

Ақынның өлеңдері «Баспалдақтар», «Атамекен» ұжымдық жинақтарға енген. Сондай-ақ бірнеше әнге сөз жазған. «Алаштың айбын-ардағы - Абылай хан», «Қазақ әдебиетіндегі тарихи тұлға проблемасы (Абылай хан бейнесінің көркемдік тағылымы)» монографияларының, «Аударма психологиясы мен мәдениеті», «Аударма әлемі», «Ауызша аударма» оқу құралдарының, 200-ден аса зерттеу мақалаларының авторы.

СӘУІРДІҢ 24-І, ЖЕКСЕНБІ

Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні. Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні Дүниежүзілік демократиялық жастар федерациясының шешімімен жыл сайын 1957 жылдан бастап аталып өтеді. Бұл атаулы күн бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдардың жастар мәселелеріне назарын аударуға бағытталған. 1955 жылы Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында шешім қабылданған күннен бастап, отаршылдыққа қарсылық білдіріп, бейбітшілікті қолдайтын жастардың халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде атап өтіледі.

Дүниежүзілік бауырлас қалалар күні. Дүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімімен, жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен.

1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды.

2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді.

Қазақстан Елордасы - Астанамен әлемнің 12 қаласы бауырласқан, олардың арасында - Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалар бар.

Бүкіл әлемдегі армяндардың аза тұту күні. Осман империясындағы армян геноциді шарықтау шегіне жетіп, шамамен 1,5 миллиондай армян өлтірілген. Бұл күн 1989 жылдан бастап атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

21 жыл бұрын (1990) Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің шешімімен Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

21 жыл бұрын (1990) Қазақ КСР-інің «Қазақ КСР Президенті қызметін бекіту және Конституцияға (Негізгі заң) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының Президенті туралы» Жарлығы қабылданды.

20 жыл бұрын (1991) Түркияда Қазақстанның мәдениет және өнер күндері басталды. Осы іс-шара шеңберінде «Алтын тамырлар» атты көрме ашылды. Бұл көрме қазақ пен түрік халықтарының тарихи тамырластығын қамтыды.

16 жыл бұрын (1995) жазушы Қасым Қайсеновке, ардагерлер Алексей Кулаков пен Мурдин Тайповке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

15 жыл бұрын (1996) Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы мемлекет басшылары аллеясына Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен жұбайы Сара Алпысқызы алғашқы шырша ағашын отырғызды.

15 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Назарбаевқа елдегі ең жоғарғы лауазым белгілері - «Алтын Қыран» ордені, омырау белгісі және Президент байрағы тапсырылды.

11 жыл бұрын (2000) Алматыда «Еуразия - 2000» экономикалық саммиті өз жұмысын бастады. Саммитте Орталық Азия және Кавказ маңы елдері көшбасшылары интеграция, глобализация сауалдарын, Еуразияның болашағын талқылады.

10 жыл бұрын (2001) Алматыдағы «Атакент» іскерлік әріптестік орталығында «Ұлы Жібек жолымен» атты бірінші халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі ашылды.

5 жыл бұрын (2006) Астанада «Таймас» баспа үйінен ат спорты мен жылқы шаруашылығының бүгінгі жай-күйіне арналған «Қазанат» атты кітап жарық көрді. Оның авторлары - еліміздегі ат спорты мен жылқы шаруашылығының білікті жанашырлары саналатын Кеңес Рақышев пен Сәдібек Түгел. Бес бөлімнен тұратын бұл кітап жылқының қадір-қасиеті турасында ел аузында айтылып келген аңыз-әңгімелермен бірге жылқы малының биологиялық ерекшеліктері мен тұқым түрлері, республикада аталған саланы өркендету мен ат спортын дамытудың нақты мүмкіндіктері жан-жақты сараланып көрсетілген.

5 жыл бұрын (2006) Қызылорда облысы Қармақшы аудандық әкімдігінде елімізде тұңғыш рет Сауда-өнеркәсіп палатасы жанындағы құқықтық қолдау орталығы ашылды. Кәсіпкерлік саласын дамыту біздің еліміздің алдында тұрған аса өзекті мәселелердің бірі. Соған орай орталық «Адвокаттық қызмет туралы» Заңға, «Құқықтық қолдау орталықтары туралы» Ережеге және басқа да Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сай қызмет етпек.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1921) биология ғылымының докторы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ИСАЕВА Елена Савельевна дүниеге келген.

Ресейдің Курск облысында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1954 жылдан Қазақстанда тұрады. 1954-1961 жылдары Алматыда орта мектеп мұғалімі, 1961-1986 жылдары - Қазақстан ҒА-ның Микробиология және вирусология институтында аға, жетекші ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1987 жылдан зейнеткерлік демалыста.

Негізгі ғылыми еңбектері вирустардың биохимиясы мен молекулалық биохимиясын зерттеуге арналған, тұмау миксовирусының молекулалық биологиясын зерттеді.

75 жыл бұрын (1936) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Платиналы Тарлан сыйлығының иегері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың және М.Әуезов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, Тарбағатай, Аягөз және Үржар аудандарының құрметті азаматы ЖҰМАДІЛОВ Қабдеш дүниеге келген.

Қытай Халық Республикасы, Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) филология факультетін тәмамдаған. 1965-1967 жылдары - «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қызметкер, 1967-1976 жылдары - «Жазушы» баспасында редактор, 1976-1981 жылдары - Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде жауапты қызметкер болған. 1980 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста.

Қ.Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан бастап жергілікті баспасөз бетінде жарық көрген. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланды. 10 роман, 13 повесть, 50-ден аса әңгіме, көптеген мақала жазған, «Жас дәурен» өлеңдер жинағының, «Қаздар қайтып барады» әңгімелер жинағының, «Көкейкесті», «Атамекен», «Тағдыр» романдарының, «Дарабоз», «Соңғы көш» дилогияларының авторы.

«Дарабоз» романында даңқты қолбасшы - Қаракерей Қабанбайдың жорық жолдары баяндалады. Сондай-ақ романда 18-ғасырдағы қазақ халқының тыныс-тіршілігі эпикалық кең тыныспен көрсетіліп, Абылай ханның, қазақтың басқа да батырлары мен билерінің көркем бейнелері сомдалған. «Атамекен», «Тағдыр» тарихи романдарында шалғайда жүрген қазақ ұлтының ауыр тағдыры көрсетілген. 1998 жылы Қ.Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - «Таңғажайып дүние» ғұмырнамалық романы жарық көрді. 2008 жылы жазушының «Мәңгілік майдан» кітабы, ал 2010 жылы «Тозақ оты» повестер мен әңгімелері жарыққа шықты. Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім, қазағым» жинағында жарияланды. Қ.Жұмаділов шығармалары көптеген шетел тілдерінде, соның ішінде орыс, украин, беларусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде басылып шыққан.

«Парасат» орденімен, ел мәдениеті дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін «Күлтегін» медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

60 жыл бұрын (1951) Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының профессоры, Халықаралық Экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академиясының академигі, КСРО өнертапқышы, еңбек сіңірген ғылым қайраткері ӨТЕПОВ Ерқасын Балапанұлы дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған. Г.И.Носов атындағы Магнитогорск кен-металлургия институтын, Мәскеу болат және қорытпалар институты аспирантурасын, осы оқу орнының докторантурасын бітірген. 1974-1979 жылдары - «Ақтөбеауылмаш» зауытының инженер-технологы, аға шебері, ауысым бастығы. 1982-1989 жылдары - Владимир политехникалық институтының Муром филиалы ғылыми-зерттеу секторының аға инженері, аға оқытушысы, доценті. 1997-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы ЖАК Сарапшылар кеңесінің сарапшысы, төраға орынбасары. 2005-2008 жылдары - Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Тіршілік қауіпсіздігі» кафедрасының меңгерушісі. 2008 жылдың шілдесінен бастап - қазіргі қызметінде.

450-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 15 өнертабыстың, 20 монографияның және 10 оқу құралының авторы. Сонымен қатар оның басшылығымен 1 докторлық, 11 кандидаттық диссертация қорғалды.

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Айрықша еңбегі үшін» медалімен, КСРО Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің қола медалімен, Халықаралық Экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академиясының М.Ломоносов атындағы медалімен марапатталған.

55 жыл бұрын (1956) Ақтөбе облыстық «Ақтюбе» газеті бас редакторының орынбасары, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының Шәкәрім Құдайбердиев атындағы, Қазақстан Журналистер одағының Төлеубай Ыдырысов атындағы сыйлықтардың және Ақтөбе қаласы әкімі сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері АШЫҚБАЕВ Ертай Ахатұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Темір ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 1983-2000 жылдары Темір аудандық «Жұмысшы туы» - «Рабочее знамя», Торғай облыстық «Торғай таңы» газеттерінде қызмет атқарған. 2000 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

Алғашқы өлеңдері «Темірқанат», «Ақ сәуле», «Бастау» жинақтарына енген. «Қос мең», «Жақсы баға», «Ұя», «Ашық сабақ», «Ғашықтар мектебі», «Қаңтардағы құс», «Қобыландының қонысы» атты өлең кітаптары, «Біздің керуен» эсселер жинағы жарық көрген. «Жалын» баспасы ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық жабық конкурсында төрт дүркін жүлдегері атанған. Ағылшын ақыны Джон Китстің, чех жазушысы Ярослав Сейферттің, неміс ақындары Стефан Георгенің және Нобель сыйлығының лауреаты Герман Гессенің, поляк ақыны Збигнев Херберттің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

55 жыл бұрын (1956) бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, халықаралық санаттағы төреші, әлем чемпионы (1978) РАЧКОВ Валерий Александрович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Спортқа келуіне В.Рачков өз жаттықтырушысы С.Болдыревке қарыздар. 1973 жылғы Бүкілодақтық жастар ойындарының жеңімпазы (Свердловск), 1977-1978 жылдардағы КСРО чемпионы, Монерль олимпиада ойындарына қатысып (1976), алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіске жетіп, үшіншісінде болашақ олимпиада чемионы И.Бахфельдтен (ГДР) жеңіліс тапты. Екінші матч-реваншта И.Бахфельдты жеңеді. 213 рет жекпе-жекке шығып, оның 190-ын жеңіспен аяқтады. 1981 жылдан әкімшілік жұмыстармен айналысты, 1993 жылдан бизнеспен шұғылданады.

40 жыл бұрын (1971) Шымкент қаласының әкімі ЖЕТПІСБАЕВ Арман Шәрібайұлы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Жамбыл ауданында туған. Қазақ химия-технология институтын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. 1993-1998 жылдары - «Мистер Д және К» фирмасының директоры, «Шымкент-Тельбоне» БК-нің директоры, «Энерготехсервис» компаниясының директоры, «Интерсервис» ЖШС-нің директоры. 1998-1999 жылдары - «Автосервис және сауда» АҚ-ның вице-президенті, «Алаугаз» АҚ-ның вице-президенті, «Алатаутрансгаз» Оңтүстік Қазақстан жерасты газ қоймасы ЖШС-нің директоры. 1999 жылы - «Южгаз» ЖШС-нің директоры, «Шымкентгаз Оңтүстік Қазақстан газ қоймасы» ЖШС-нің директоры. 1999-2000 жылдары - «Қазкоммерцбанк» ААҚ Шымкент филиалы директорының орынбасары. 2000-2002 жылдары - «Қазкоммерцбанк» АҚ Қызылорда филиалының директоры. 2003-2005 жылдары - «Қырғызавтобанк» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, «Қазкоммерцбанк Қырғызстан» басқармасы төрағасының бірінші орынбасары. 2003-2005 жылдары - «ARNA Корпорациясы» АҚ-ның атқарушы директоры, басқарма төрағасы. 2005-2006 жылдары - «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы дирекциясының директоры. 2006-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар