ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 23-25 қыркүйек аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ
21-23 қыркүйекте Астанада Тәуелсіздік сарайында Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің VII конференциясы өтуде.
23 қыркүйекте ҚР Үкіметінің басшысы «Еуропа үшін қоршаған орта» 7-халықаралық конференциясына келген делегациялар басшыларымен кездеседі.
БАСҚА МЕМОРГАНДАР
23 қыркүйекте Астана және алматы қалалары мен облыстардың жаңадан құрылған тексеру комиссияларының төрағаларының қатысуымен отырыс өтеді.
23 қыркүйекте Алматыда ТМД экономикалық кеңесінің, ЕурАзЭҚ ықпалдастық комитетінің және Кеден одағы комиссиясының отырыстары өтеді.
ТМД
17-22 қыркүйекте Киевтің София алаңында ІІІ халықаралық Киев кинофестивалі өтуде.
21-23 қыркүйекте Севастопольдегі (Қырым) Мәскеу үйінде «ХХІ ғасырдағы славян мәдениеті» халықаралық конференциясы өтуде.
23 қыркүйекте Алматыда ТМД экономикалық кеңесінің, ЕурАзЭҚ ықпалдастық комиитетінің және Кеден одағы комиссиясының отырыстары өтеді.
ҚОҒАМ
1 қаңтар мен 25 қараша аралығында ҚР Мәдениет министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық конкурсын өткізуде.
23 қыркүйекте Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық кеңесі өтеді.
СПОРТ
19-25 қыркүйекте Копенгагенде (Дания) тас жолдағы велосайыс өтуде.
21-29 қыркүйекте Тегранда (Иран) ерлер ұлттық командалары арасында XVI Азия чемпионаты өтуде.
АСТАНА
1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Астана қаласында республикалық «Мектепке жол» акциясы өтуде.
18-27 қыркүйекте Астанада Бибігүл Төлегенованың V халықаралық әншілер конкурсы өтуде.
23 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Жолау - инновациялық даму стратегиясы» тақырыбында семинар-кеңес өтеді.
23 қыркүйекте Президенттік мәдениет орталығында сурет көрмесі өтеді.
23 қыркүйекте ҚР презимденті жанындағы мемлееттік басқару академиясында магистранттар қатарына салатантты қабылдау рәсімі өтеді.
АЛМАТЫ
29 тамыз бен 29 қыркүйек аралығында Алматыда ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан достардың көзімен» фотокөрмесі өтуде.
20-23 қыркүйекте ҚР Ұлттық Ядролық орталығының Ядролық физика институтында VIII халықаралық «Ядролық және радиациялық физика» конференциясы өтуде.
23 қыркүйекте Алматыда Д.Қонаевтың мұражай-үйінде А.ооловинцевтің «Түркілер мен әлде моңғолдар ма? Шыңғысхан дәуірі» кітабының танвыстырылымы өтеді.
23 қыркүйекте Ә.Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚР Экоеномикалық даму және сауда министрі Қ.Келімбетовтің қатысуымен Елбасы Жолдауын түсіндіру жөніндегі республикалық ақпараттық-насихаттық топтың кездесуі өтеді.
23 қыркүйекте Алматы қуыршақ театрында Бүкіоәлемдік қуыршвақтар карнавалына арналған бас пасөз мәслихаты өтеді.
23 қыркүййекте скөрнекті саяси және қоғам қайраткері Ш.Омаровқа арналған мемориалдық тақта мен көрменің ашылуы өтеі.
23 қыркүйекте Алматыда XVI мектеп оқушыларының халықаралық астрономиялық олимпиадасы өтеді.
23 қыркүйекте Ресейдің Марин театрының камериалық музыкадан концерті өтеді.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
22-26 қыркүйек күндері Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық-драма театрында Астана қаласының М.Горький атындағы орыс драма театрының гастролі өтуде.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 23-І, ЖҰМА
Сауд Арабстаны Корольдігінің Мемлекеттік мейрамы - Корольдіктің жарияланған күні (1932).
Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабстаны арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1994 жылғы сәуірдің 30-ында орнатылды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
18 жыл бұрын (1993) Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары Орта Азияда Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды.
8 жыл бұрын (2003) Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды.
7 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Афинада өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындары жүлдегерлерімен кездесіп, мемлекеттік наградалар табыс етті.
Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев 1-інші дәрежелі «Барыс» орденімен, Олимпиаданың күміс жүлдегерлері - грек-рим күресінің палуаны Георгий Цурцумиа, боксшы Геннадий Головкин, еркін күрес палуаны Геннадий Лалиев, ауыр атлет Сергей Филимонов «Құрмет» орденімен, қола жүлдегерлер - жеңіл атлет-онсайысшы Дмитрий Карпов, боксшы Серік Елеуов, грек-рим күресінің палуаны Мкхитар Манукян «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушылар - Н.Ақүрпеков, К.Ғалымтаев, Л.Дон, Ю.Мельниченко, Т.Сайханов және В.Карповқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарынан бір алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Командалық есеп бойынша Қазақстан жиырма төртінші орынға табан тіреді.
6 жыл бұрын (2005) Павлодарлық Тарас Шевченко атындағы Украина мәдениет серіктестігінде республикадағы бірінші украин-қазақ сөздігінің тұсау кесер рәсімі болды.
Сөздік украина диаспорасының оқушыларына өз тілін және мемлекеттік тілді үйренуге көмек көрсетеді. Басылымның тиражы үш мың дана.
6 жыл бұрын (2005) Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені ашылды.
Қоладан құйылған Әлияның бейнесі гранит тұғырға орнатылған. Ескерткіштің екі жағындағы гранит бедерлерге сақ дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі қазақ тарихы бейнеленген. Мемориал авторлары - белгілі мүсіншілер Бақытжан Әбішев пен Ескен Серғабаев.
2 жыл бұрын (2009) Қазақстанның шайбалық хоккей федерациясы өзінің ресми сайтын - www.icehockey.kz. іске қосты.
2 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда Қабанбай батыр ескерткіші салтанатты түрде ашылды.
Жетісу жерінде тұрып жатқан батырдың ұрпақтары «Дарабоз» қоғамдық-мәдениет қорын құрып, бірнеше қайырымдылық акцияларын жасау нәтижесінде ескерткіштің құрылысына қаражат жиналып отыр.
Ескерткіш қоладан құйылған, биіктігі 11 метр. Мүсінші-архитектор - Болат Құсайынов, жобалаушы - Бердібек Шігербаев.
Қаракерей Қабанбай (1691-1769) - қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының бірі болған.
2 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстанның Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында Ер Жәнібек батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.
Кешен қолындағы найзасымен бейнеленген батырдың алтыметрлік қола ескерткішінен тұрады. Оның екі жағын екі қасқыр қоршап тұрса, ал арқасында биіктігі 45 метрлік стела бар. Ескерткіштен 30 метрдей жерде Ер Жәнібектің кесенесі орнатылған.
Ер Жәнібек, Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792) - жоңғар шапқыншылығы кезінде ерекше көзге түскен батыр, шешен. Ол үш жүздің хандары Әбілмәмбет және Абылай (Әбілмансұр) кезінде жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда қазақ қолының ең батыр сардарлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Уақ Өтеген және Орақбай, Малайсары қатарлы батырлармен тізе қоса отырып, «Құба Қалмақ» аталған жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда күрескен қолбасы, әйгілі шешен, әділ би әрі сол кездегі тұтас Абақ-Керейдің ел иесі болған.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1941-2004) жазушы, ақын-аудармашы САИН Алдан дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Еңбек жолын 1958 жылы Алматы теледидар студиясынан бастап, Көкшетау облыстық «Степной маяк» газетінде қызмет істеген. Кейін республикалық теледидар студиясында, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінің жергілікті теледидар мен радио хабарын тарату бас редакциясында, республикалық кәсіподақтар кеңесінің баспасөз орталығында, Қазақстан Жазушылар одағының насихат бюросында қызметкер, Қазақ КСР кітапқұмарлар қоғамында жауапты хатшы, «Қазақтелефильм» студиясында бас редактордың орынбасары міндетін атқарған. Жазушының «Комиссардың өкілі» атты повесі жарық көрген. Жұмағали Саин, Мағжан Жұмабаев, т.б. ақындардың өлеңдерін орыс тіліне аударған.
50 жыл бұрын (1961) Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, ғалым, экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Саяси ғылымдар академиясының академигі, «Евразия» Халықаралық экономикалық академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының академигі, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты АРЫНОВ Ерлан Мұхтарұлы дүниеге келді.
Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1983-1992 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы Экономика институтында қызмет істеді. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты Стратегиялық зерттеулер орталығы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Даму институтының президенті. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау вице-министрі. 2001-2008 жылдары - Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры. 2008 жылы - Ермахан Бекмаханов атындағы өлкенің тарихы және этнографиясы ғылыми-өндірістік орталығының бас ғылыми қызметкері. 2008 жылдың сәуірінен - қазіргі қызметінде.
Негізгі ғылыми еңбектері өтпелі кезеңнің әлеуметтік-саяси және экономикалық мәселелерін зерттеуге арналған. 250-ге жуық ғылыми еңбектің, шет елдерде жарық көрген монографиялардың, жоғары оқу орындары мен орта мектептерге арналған оқу құралдары мен сөздіктердің авторы. Ол экономика және саясаттану мамандықтары бойынша 6 ғылым докторы мен 22 ғылым кандидатын даярлаған.
«Ана тілінің айбары», «Құрмет» ордендерімен, Мұстафа Шоқай атындағы алтын медальмен, т.б. медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1961) «Privateclinic Almaty» көппрофильді медициналық орталығы бас директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары, хирург, медицина ғылымының докторы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты АРЫНОВ Нұрлан Мұхтарұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1984-1990 жылдары - Алматы қалалық емханасының дәрігері. 1990-1994 жылдары - Алматы мемлекеттік медицина университетінің ассистенті, доценті. 1994-1997 жылдары - Александр Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми-зерттеу орталығының жетекші қызметкері, 1998-2003 жылдары - осы орталықтың бөлім меңгерушісі. 2003-2005 жылдары - Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-ының «Мейірім» көппрофильді медициналық орталығының бас дәрігері. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді.
Оның ғылыми жұмыстары соқырішектің іріңдеуі кезіндегі калликринкинин жүйесінің патофизиологиясына, ұлтабар, ішек, өт жолдарының бітелуіне байланысты жасалатын операциялардың ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ол Қазақстанда алғаш рет балалар бауырының зақымданған бөлшектерін алып тастау (резекция) және асқазаннан жасанды (пластикалық) өңеш жасау операцияларын жүзеге асырды. Сонымен қатар Талдықорған, Түркістан, Павлодар, Астана, Қаскелең, Сарқанд қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы, Павлодар облысының Бақал, Көктерек және Ленин елді мекендері тұрғындары үшін қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, балалар мен ересектерге 700-ден астам операция жасаған. Ғалымның 220-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы, 11 әдістемелік ұсынысы және Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның 35 авторлық өнертабыс куәлігі бар. Нұрлан Арыновтың басшылығымен медицина ғылымының өзекті мәселелеріне арналған 3 ғылыми жұмыс жинағы жарық көрген. Балалар хирургиясы саласының 1 докторын, 8 кандидатын даярлаған. Сондай-ақ республикалық және шетелдік конференцияларда, симпозиумдарда, съездерде баяндамалар жасаған.
«Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына қосқан еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 24-І, СЕНБІ
Гвинея-Бисау Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1973).Гвинея-Бисау - Солтүстік-Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігі Сенегалмен, шығысы мен оңтүстігі Гвинеямен, батысы Атлант мұхитымен шектеседі. Мемлекетке 60-қа жуық аралдар кіреді. Астанасы - Бисау қаласы. Мемлекеттік тілі - португал тілі. Ақша бірлігі - песо.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
40 жыл бұрын (1971) Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің нөмірі 551-ші қаулысымен сот және әділет органдарының жұмысын жақсарту мақсатында Республикада әділет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары құрылды.
6 жыл бұрын (2005) Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде қазақстан-германияның есептеуіш ғылым және жоғары өнімді есептеп шығару тақырыбындағы алғашқы семинар болып өтті.
Семинардың негізгі мақсаты - есептеуіш ғылымы саласындағы соңғы жетістіктерді талқылау және Қазастан мен Германия ғалымдары арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамыту.
6 жыл бұрын (2005) Петропавлда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.
Жобаның авторы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Хасен Абаев. Петропавлда ескерткіш орналасқан жерде бұрын Халықтық Ішкі істер комиссариатының ғимараты орналасқан болатын. Ескерткіштің іргетасына шойын жолға бекітілген пирамида орнатылған. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» деген жазу қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Үшбұрышты пирамида - бұл бәріне белгілі адам символы болып табылады. Ол шойын жолға бекітілген сияқты, сол жолмен кезінде репрессияға ұшырағандарды Қазақстанға жеткізген. Шетінде - үш жол, ол жарлық шығарған сталиндік «үштікті» бейнелейді. Композицияда үш түс пайдаланылған: қара түс - өлім, қызыл түс - қан, ақ түс - болашаққа деген сенім мен үміт. Ескерткіш орнатылған алаңда қазіргі заманғы талаптарға сай жасалған шағын бақ ашылды.
4 жыл бұрын (2007) БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде климаттың өзгеру проблемаларына арналған жоғары деңгейдегі кездесу болып өтті.
Президенттер мен үкімет басшылары, сондай-ақ өкілдер делегациялары климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту, зиянды ауа қалдықтарының ауаға шығарылуын азайту сияқты тақырыптарын, сондай-ақ аталмыш проблемалардың техникалық және қаржылық аспектілерін талқылады. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода әлемнің 180-нен астам елі қол қойған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның негізгі конвенциясы қабылданған болатын. Ол келісімде климаттың өзгеру проблемасы бойынша қатысушы елдердің ортақ іс-қимыл қағидалары көрсетілген. Тараптардың нақты міндеттемелері зиянды газ квоталарының тетігін анықтайтын Киот хаттамасында жазылған.
4 жыл бұрын (2007) Астанадағы Жастар сарайында жаңадан жабдықталып ашылған кинозалдың тұсаукесері өтті.
4 жыл бұрын (2007) Павлодар облысының Баянауыл ауылында академик Әбікен Бектұровтың (1901-1985) ескерткіші орнатылды.
Ә.Бектұров қазақтың алғашқы академигі Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыруға қатысты, бүгіндері өзінің есімімен аталатын Химия ғылымдарының институтын құрып, оған басшылық етті.
2 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Ақпараттық даму орталығы ашылды.
Бұл орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Дүниежүзілік банк, Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаменті, Еуразия даму банкі, Ислам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен серіктестігі нәтижесінде құрылды.
Ақпараттық даму орталығының міндеті - Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың озық тәжірибелері мен жинақтаған білімдерін барша жұртшылыққа кеңінен тарату. Орталық даму саласындағы ақпараттарға ашық және ақысыз қол жеткізуге мүмкіндік береді және барлық мүдделі тұлғаларға қазіргі заманғы үнемі жаңартылып тұратын ресурстарды, халықаралық ұйымдардың озық білімдері мен тәжірибелерін пайдалануды ұсынады.
2 жыл бұрын (2009) Алматыда Жетiсу ауданының «Құлагер» ықшамауданында орналасқан жаңа әкiмшiлiк орталығы ашылды.
2008 жылдың шілдесінде Алатау ауданының бой көтеруіне байланысты, Алматы әкімшілігінің және ХІ сессия мәслихаттының шешімімен Жетісу әкімшілік аймағының жаңа шекарасы белгіленген.
2 жыл бұрын (2009) Алматы поштамтының ғимаратында Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасының эмблемасы бейнеленген жаңа марка салтанатты түрде айналымға енгізілді.
Бағдарлама мен «Kazpost» логотиптері бар маркаланған конверт «Қазақстан Республикасының мемлекеттік символикасы» сериясына жатады, номиналы «Литер А», ол 20 гр. дейінгі қарапайым хатты жіберу тарифіне тең. Конверттің көлемі 220х110 мм, таралымы 1000000 дана, пошта айналымына - 2009 жылдың 24-ші қыркүйегінен бастап енгізілді.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1926) заң ғылымының докторы, профессор, КСРО жоғары мектебінің құрметті қызметкері, Халықаралық психология, кәсіпкерлік және менеджмент академиясының (Санкт-Петербор) академигі ШАЙБЕКОВ Кемелхан Асамбекұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. Алматы заң институтын, Мәскеу заң институтының аспирантурасын бітірген. Алматы заң институтының оқытушысы, аға оқытушысы, Қазақ мемлекеттік университетінің доценті, ауыл шаруашылығы мен табиғат қорғау құқығы кафедрасының, еңбек құқығы мен азаматтық процестер кафедрасының меңгерушісі болған. 2000 жылдан бастап Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті азаматтық және қылмыстық құқық кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Заңгердің 300-ден астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 15 монографиясы, оқулықтары, оқу құралдары бар. 30-дан астам заң ғылымының кандидатын, 10-нан астам докторын даярлаған.
Бірнеше медальмен марапатталған.
70 жыл бұрын (1941) жазушы КӨПЖАСАРОВА Айша дүниеге келді.
Тараз қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Қаратау қаласындағы орта мектепте 20 жылға жуық ұстаздық еткен.
Зейнетке шыққанға дейін Жамбыл облыстық Абай атындағы Қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған. Оның «Шұғыла», «Жаз келеді», «Бақытым менің», «Соны соқпақтар» атты кітаптары бар.
65 жыл бұрын (1946) кино актрисасы, Ресейдің халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО Комсомол сыйлығының иегері АРЫНБАСАРОВА Наталья Өтеуліқызы дүниеге келді.
Мәскеу қаласында туған. Мәскеу хореография училищесін, Бүкілодақтық кинематография институтының актерлік факультетін бітірген. 1964 жылы «Қырғызфильм» киностудиясы түсірген «Алғашқы мұғалім» фильмінде басты рөл - Алтынайды ойнап, кинодағы жолын бастайды.
1966 жылы Венецияда өткен халықаралық кино фестивалінде осы рөлі ең үздік әйел бейнесін жасағаны үшін берілетін жүлдеге ие болды. 1969 жылы «Мәншүк туралы ән» және «Жәмила» фильмдерінде басты рөлдерді сомдады. Актриса «Көл жағасында», «Нан дәмі», «Қаралы сұлу», «Сүйрік», т.б. фильмдерге түскен.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 25-І, ЖЕКСЕНБІ
Саңыраулардың халықаралық күні. Бүкілдүниежүзілік саңыраулар федерациясының құрылуына (1951) орай қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
74 жыл бұрын (1937) Алматыда қалалық хайуанаттар бағы ашылды.
Бүгінгі күні хайуанаттар бағында 3 мыңнан астам жануарлар мен құстардың 500 түрі бар. Ол қала қонақтары мен тұрғындарының демалатын және көз тартатын орындарының біріне айналды.
41 жыл бұрын (1970) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Қостанай облыстық атқару комитетінің әділет бөлімі құрылды. Бірінші бастығы болып Иртай Делмағамбетұлы Баймұхамбетов тағайындалды.
10 жыл бұрын (2001) Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Венгрия мен Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшілері Миклош Яцкович пен Жұмағұл Сааданбеков сенім грамоталарын табыс етті.
6 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ресейдің, Шығыс Еуропаның және Орталық Азияның, Қытай Халық Республикасының қоғамдық ғылымдар Академиясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары достастық мемлекеттер арасындағы сауда және қаржы-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту болып табылады.
Зерттеу орталықтары мамандар арасындағы біріккен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр, олар кездесулер аясында жүріп жатқан ғылыми шаралар туралы ақпарат алмастыра алады.
6 жыл бұрын (2005) Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты.
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер біздің дәуіріміздегі І-VI ғасырлардан жетіп отыр. Сол дәуірде Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде қыш тақталарға жазу тәсілі кеңінен тараған. «Мирас» университетінің археологиялық отряды күйдірілген қыш тақтасын Арыс өзені алқабында орналасқан Қылымжар деген жердегі көне қоныстан тапты. Табылған қыш тақтада төрт қатар етіп жазылған 15 таңба анық көрінеді.
4 жыл бұрын (2007) Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының Игілік ауылында жаңа мешіт ашылды.
Жергілікті тұрғындардың күшімен салынған мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан діни басқармасы Ақмола облысы бойынша имам өкілі Рахметолла қажы Оразұлы қатысты.
4 жыл бұрын (2007) Алматыда британдық «Хэйлибэри» мектебінің құрылысының іргетасына капсула қалау рәсімі өтті.
ТМД-дағы бұл алғашқы британдық орта мектеп «Хэйлибэри Алматы» деп аталатын болады. Оқуды аяқтаған оқушылар орта білім бітіргені жөніндегі сертификатты - IGCSE (International General Certificate of Secondary Education) және халықаралық бакалавр дипломын алады.
2 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда Алматы облысы Ішкі істер департаментінің ғимаратында Жедел басқару орталығы ашылды.
Ішкі істер органдарын техникалық қайта жарақтау және ақпараттық қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы аясында Ішкі істер министрлігі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметінің жаңа тұжырымдамасын белсенді және мақсатты жүзеге асырып отыр. Жедел басқару орталығы қалада орын алатын кез-келген оқиғаға: жеке тұлғалардың шағымдарынан бастап бүкіл қалаға қатысты төтенше жағдайларға үн қататын болады.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1941-2003) техника ғылымының докторы, профессор РАХИМОВ Есентай Рахимұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысының Көктерек ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым Академиясы Мәскеу мемлекеттік машинатану ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті болып бастап, өмірінің соңына дейін осы оқу ордасының аға оқытушысы, аға ғылыми қызметкері, доценті, факультет деканы, кафедра меңгерушісі, теоретикалық және қолданбалы математика кафедрасының профессоры болған.
Ғалымның 130 ғылыми еңбегі, оның ішінде 5 монографиясы, 6 оқу құралы және бірнеше ғылыми шығармалары бар. Көптеген шығармалары Ұлыбританияда, Италияда, Испанияда, Югославияда, Үндістанда, Болгарияда, Германияда және ТМД елдерінде жарық көрген. 8 техника ғылымының кандидатын даярлаған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
65 жыл бұрын (1946) заң ғылымының кандидаты, профессор, әділет полковнигі МҰҚАШЕВ Марат Бизауылұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. 1971-1973 жылдары - Алматы гарнизоны әскери прокуратурасының әскери тергеушісі. 1973-1979 жылдары - Державин гарнизонының аға тергеушісі, әскери прокурорының көмекшісі. 1979-1981 жылдары - Алматы гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі. 1981-1988 және 1990-1992 жылдары - Жамбыл гарнизоны әскери прокурорының орынбасары, әскери прокуроры. 1988-1990 жылдары - Петропавл-Камчатка гарнизонының әскери прокуроры. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы әскери прокуроры, әскери прокурорының орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Әскери институты кафедрасы бастығының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы жоғары мектебінің доценті. 1995-2003 жылдары - «Тұран» университеті құқық факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі. 2003 жылдан бастап «Әділ сөз» қоғамдық қорының Орталық Азия бойынша мониторингтік қызметін үйлестірушісі болған.
40-тан астам ғылыми еңбектің және бірнеше кітаптың авторы.
Бірнеше медальмен марапатталған.