ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ
26 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігінде апталық брифинг өтеді.
28 қыркүйекте Байланыс және ақпарат минстрлігінде «Суицид проблемаларын жариялау саласындағы ақпараттық саясатты қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
26 қыркүйекте ҚР Парламенті Сеатының төрағасы Қ.Мәми ҚХР Бүкілқытайлық Халық өкілдері жиналысы тұрақты комитетінің төрағасы У.Бангомен кездеседі.
26 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінде өтетін дөңгелек үстелде Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістік жағдайындағы экономикалық саясатының негізгі қырлары талқыланады.
29 қыркүйекте ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде: Тәуелсіздіктің 20 жылы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
ҚОҒАМ
26 қыркүйекте Астанада «Саламатты Қазақстан» үшінші медициналық пойызын Астана вокзалынан салтанатты аттандыру шарасы өтеді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астанада Қазақстанның ИЫҰ-ға төрағалығы ауқымыда Денсаулық сақтау министрлерінің ІІІ Ислам конференциясы өтеді.
ТМД
27 қыркүйекте Минскіде ТМД Атқару комитетінде Достастық қатысушы-мемлекеттерінің Достастықтың жарғылық және басқа да органдарындағы тұрақты өкілетті өкілдері кеңесінің отырысы өтеді.
27-30 қыркүйек күндері Донецк қаласында ТМД қатысушы елдерінің «Донбасс-Лаңкестікке қарсы-2011» бірлескен жаттығуы өтеді.
28-29 қыркүйек күндері Минскіде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 20 жыл» атты халықаралық ғылыми-пактикалық конференция өтеді.
28-30 қыркүйек күндері Киевте ТМД елдерінің халықаралық инновациялық форумы өтеді.
29-30 қыркүйек күндері Санкт-Петерборда «Тарих сабақтары. Ұлы Отан және Екінші дүниежүзілік соғыстары, Ресей мен әлемнің 20-21 ғасырлардағы тарихы» атты V халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
СПОРТ
21-29 қыркүйекте Тегранда (Иран) волейболдан ерлер ұлттық командалары арасында XVI Азия чемпионаты өтуде.
22 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Бакуде бокстан XVI әлем чемпионаты өтуде.
28-29 қыркүйек күндері «Достық» спорт комбинатында әйелдер футболы командалары арасында ҚР чемпионаты өтеді.
2 қазанда «Қазақстандық бокс федерациясының кубогы» басталады.
АСТАНА
1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтуде.
18-27 қыркүйек аралығында Астанада Бибігүл Төлегенованың V халықаралық әншілер конкурсы өтуде.
26 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан» телекорпорациясының мемлекеттік тілге көшуіне, отандық телевидение тарихында тұңғыш «Мәдениет» мәдени-ағарту телеарнасының ашылуына және «Балапан» телеарнасының ашылғанына 1 жыл толуына арналған шара өтеді.
27 қыркүйекте «Қамқор» мекемесінде кардиолог дәрігерлер ашық есік күнін өткізіп, келушілерге консультациялық кеңес береді.
28 қыркүйекте №6 кәсіптік лицейде «Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар үшін интернаттар мекемелерінің түлектері проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
28 қыркүйекте «Қазақстан» концерт залында тұңғыш Қазақстандық автомобиль ғылыми экспедициясының Оңтүстік полюске аттануына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
АЛМАТЫ
25 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Алматыда ХІХ республикалық театр фестивалі өтуде.
26 қыркүйекте Абай атындағы опера және балет театрында Болат Аюхановтың «Балеттің үлкен кеші» өтеді.
26 қыркүйекте SIFE UIB студенттік ұйымы командасының Куала-Лумпурде өтетін SIFE Бүкіләлемдік кубогына аттануына арналған баспасөз мәсллихаты өтеді.
26 қыркүйекте республикалық театрлар фестивалінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
26 қыркүйекте Алматыда І Бүкіләлемдік қуыршақ карнавалының ашылуы болады.
26 қыркүйекте Асфендияров атындағ ҚазҰМУ-де ХХІ ғасырдағы геронтология проблемаларына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
26 қыркүйекте ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған жалпыреспубликалық экологиялық акция өтеді.
26 қыркүйекте «Астана» халықаралық қонақүйінде «Қазақстан - ЕО:2020»: мүмкіндікер мен перспективалар» энергетикалық хартиясына қол қою бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
30 қыркүйекте Алматыда «Қазақстан мемлекеті: Тәуелсіздіктің 20 жылы» фотоплакаттар көрмесі ашылады.
АЙМАҚТАР
ПАВЛОДАР
28-29 қыркүйек күндері Павлодарда «Қазақстан-Сібір 2011» халықаралық өнеркәсіп көрмесі ауқымында қолөнершілер эксппозициясы ашылады.
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 26-Ы, ДҮЙСЕНБІ
Шет тілдердің еуропалық күні. Қыркүйектің 26-сында атап өтілетін Шет тілдердің еуропалық күні 2001 жылғы желтоқсанның 6-ында Тілдердің еуропалық жылында Еуропа кеңесімен жарияланған (және Еуропа одағы қолдау көрсеткен). Еуропалық шет тілдер мағынасы өте зор, оны Еуроодаққа мүше-елдердің ресми тілімен шатастыруға болмайды. Бұл күннің басты мақсаты - мектептегідей басқа да тілдерді үйретуді қолдау болып табылады.
Дүниежүзілік контрацепция күні. 2007 жылғы қыркүйектің 26-ында репродукторлы денсаулық сауалымен шұғылданатын көптеген ұйымдардың бастамасымен алғашқы рет Дүниежүзілік контрацепция күні белгіленді. Оның мақсаты - жаспарланбаған жүктіліктің жоғары деңгейін төмендету. Қазіргі кезде 15-25 жастағы жастар арасында контрацепция туралы ұғымды кеңейту керек. Осы төңірегінде қажетті ақпарат беруіміз керек, өйткені олардың нәпсі репродукторлы жүріс-тұрысы қалған өміріне із қалдырады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
11 жыл бұрын (2000) «Қазақстан-Сорос» қоры «Шетелде білім алу» атты алғашқы білім жәрмеңкесін өткізді. Онда әртүрлі халықаралық елшіліктер мен донор ұйымдар білім гранттарын ұсынды.
10 жыл бұрын (2001) Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы өтті.
9 жыл бұрын (2002) ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен ғылым өркендеген көне Тараздың 2000 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды. Орталық алаңда Бәйдібек Қарашаұлының үлкен ескерткіші ашылып, Мұражай мен Тараз университеті жанынан сәулет өнерінің соңғы жетістіктері үлгісімен салынған Мұхаммед Қайдар Дулати атындағы Жастар сарайы пайдалануға берілді. Бұрынғы Химиктер сарайы жаңғыртылып, Баласағұн атындағы сарай болып қайта ашылды. Осы күні қойылған театрландырылған көрініске қаланың 6 мыңнан астам өнерпаздары қатысты.
8 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ұлттық мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда университеттің 10 факультетінде 63 мамандық бойынша кадрлар даярланып, 14 мыңнан астам студент, 650 аспирант, докторанттар және ғылыми ізденушілер дәріс алады. 63 кафедрада 1100 оқытушы, оның 226-ы ғылым докторы, профессоры, 550-і ғылым кандидаттары мен доценттер.
6 жыл бұрын (2005) Атырау мұнай өндеуші зауытының есімі ғаламшарға берілді.
«Рос Астро» аспан денелер тізімдемесінде Атыраудың мұнай өндеуші зауытының есімі Бикеш шоқжұлдызының тоғызыншы көлеміндегі жұлдызға берілді. Галактикалық координаттар бойынша ол Күннен 281 жарық жыл ұзындығында орналасқан. Халықаралық нөмірі - FE 095-259.
4 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің, сондай-ақ Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенцияның факультативті хаттамаларына қол қойды.
Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық келісім 1996 жылы Бас Ассамблеяның қарарымен қабылданған болатын. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің құзыреті салаларын анықтайды. Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенция 1984 жылы қабылданды. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ сарапшыларына Конвенцияның қатысушы-елдеріндегі түрмелер мен тергеу оқшауландыру орындарында болу мүмкіндігін беріп, зорлық-зомбылықтарды болдырмауға бағытталған ұлттық тетіктерді құруға шақырады.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1956) «Aspan-Tau LTD» ЖШС-інің директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор АРЫНОВ Қажымұқан Тоқтиярұлы дүниеге келді.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Алматы экономикалық университетін бітірген. Қазақстан Ғылым Академиясы Химия ғылымдары институты директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері. 1996-1997 жылдары - «Алматыэкологоқұрылыс» ғылыми-өндірістік бірлестігі бас директорының орынбасары. 1997-1999 жылдары - Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 1999-2000 жылдары - Сүлейман Демирель атындағы Түрік университетінің профессоры. 2000-2001 жылдары - Қызылорда облысы әкімі Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының директоры. 2001-2003 жылдары - Қызылорда облысы Аймақтық дамыту және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының бастығы. 2003 жылы - «Казглавселезащита» мемлекеттік басқармасы бастығының орынбасары. 2003-2005 жылдары - Ыбырай Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы президенті. 2005-2007 жылдары - «Бәйтере» Экологиялық зерттеулер орталығы» ЖШС-інің директоры. 2007 жылдың сәуірінен Әбікен Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының директоры болған. Қазіргі қызметінде 2010 жылдан бастап істейді.
300-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 27-І, СЕЙСЕНБІ
Бүкіләлемдік туризм күні. 1979 жылы Испанияның Торремолино қаласында Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясы бекіткен. Мереке мақсаты - туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастық экономикасына үлесін жариялау, түрлі елдердің халықтары арасындағы байланысты дамыту.
Бұл мейрам әлем елдерінің көпшілігінде тойланады, туристер басқосуы ұйымдастырылып, мерекелік шаралар мен фестивальдер өткізіледі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
11 жыл бұрын (2000) РАТА-ТАСС агенттігі мен «Қазақстан Интерпресс» қоғамдық қоры «Қазақстан-ТАСС» агенттігін құрды.
6 жыл бұрын (2005) Астанадағы Жамбыл атындағы №4 мектеп-гимназияда жас туристер стансасы ашылды. Директоры - А.Г.Шаяхметов.
6 жыл бұрын (2005) Алматыда екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды тереңдету мақсатында құрылған Қазақстан-Германия кәсіпкерлері қауымдастығының таныстырылымы болды.
Қауымдастықтың негізгі міндеттері мемлекеттік бақылаушы органдар алдындағы өз мүдделері мен құқықтарын қорғау болып табылады.
6 жыл бұрын (2005) Алматыда Ә.Қастеев атындағы мұражайда контемпорари арт (Қазақстанның қазіргі заманғы өнері) атты жаңа залы ашылды.
Залда әлемдік деңгейдегі арт-алаңдарында елімізді көрсететін барлық қазақстандық авторлардың жұмыстары жиналған. Жаңа залда мүсіндер, картиналар, суреттер қойылған. Авторлардың көптеген жұмыстарында Орталық-Азияның әлеуметтік-саяси ортасы бейнеленген.
4 жыл бұрын (2007) Алматыда Абай жолы» романының орыс тіліндегі жаңа аудармасының таныстырылымы болып өтті.
Қазақстанда туған және қазақ әдебиетімен жете таныс, сондай-ақ Әбдіжәміл Нұрпейісов, Әбіш Кекілбай, Оралхан Бөкей мен Төлен Әбдіктің шығармаларын сәтті аударып мол тәжірибе жинақтаған есімі әлемге әйгілі жазушы Анатолий Ким бұл аудармаға үлкен дайындықпен келді.
4 жыл бұрын (2007) Павлодарда ақын, қаланың Құрметті азаматы, аудармашы әрі драматург Аманжол Шамкеновтің (1927-2004) құрметіне мемориалдық тақта ашылды.
Ондаған кітап пен поэзиялық жинақтардың авторы Аманжол Шамкенов 1927 жылы Павлодарда дүниеге келді. Қазақ мемлекеттіқ университетін бітірген. Оның «Студент сыры» атты тұңғыш жинағы 1951 жылы басылып шықты. Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері мемлекеттік комитеті көркем әдебиет редакциясында, «Жұлдыз» журналында, «Жазушы» баспасында жемісті еңбек етті, көптеген жылдар Қазақстан жазушылары одағында балалар әдебиеті секциясына басшылық етті. Сондай-ақ, ол «Үнді әуендері» өлеңдер топтамасы үшін Джавахарлал Неру атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері.
4 жыл бұрын (2007) Семейде Қазақстандағы бірінші автобус құрастыру зауыты - «DAEWOO BUS KAZAKHSTAN» ЖШС ашылды.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1926-1999) жазушы, Қостанай қаласының құрметті азаматы ШӘКІБАЕВ Серік дүниеге келді.
Павлодар қаласында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында істеген. Қостанай қалалық партия комитетінің мүшесі, Халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты болып сайланған. 1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы әдеби кеңесшісі болған.
Жазушының «Үлкен Түркістанның күйреуі», «Көтеріліс», «Төтенше комиссия» романдары, т.б. шығармалары бар.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.
45 жыл бұрын (1966) Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, экономика ғылымының кандидаты, «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының корреспондент мүшесі БЕЙСЕМБЕТОВ Искандер Қалыбекұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Мәскеу экономика-статистикалық институтын және аспирантурасын бітірген. 1994-1995 жылдары - «Тенгри» ақпараттық-талдамалық акционерлік қоғамының төрағасы. 1995-1999 жылдары - Экономикалық зерттеулер институты директорының орынбасары, директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы. 2003-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ының басқарушы директоры. Қазіргі қызметінде 2004 жылдан бастап істейді.
Бірнеше кітаптың және 30-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 28-І, СӘРСЕНБІ
Атом саласы қызметкерлерінің күні. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы желтоқсанның 13-індегі «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңының 4-інші бабына сәйкес бекітілді.
Қыркүйектің 28-і - кездейсоқ күн емес. 1942 жылы нақ осы күні КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті «Уран бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы» жарлық шығарды және Ғылым академиясы жанында арнайы атом ядросы зертханасын құруды мақұлдады.
Құтыру ауруына қарсы күрестің бүкіләлемдік күні. Құтыру аурумен күрес жөніндегі (ARC) қайырымдылық ұйымы мен Аурулармен күрес және аурулардың алдын алу орталықтары /CDC/ (Атланта, АҚШ) ұсынысымен өткізіледі.
Құтыру ауруына қарсы күрес бүкіләлемдік күні адамдар мен жануарлар құтыруының зардаптары туралы, сондай-ақ оның алдын алуға және оны қоздырушылармен шектеу орындарындағы жануарлар арасында күресе отырып, тамырына балта шабуға болатыны тиісті жұмыс жүргізсе қаншалықты жеңіл екені жайлы хабардарлықты арттыруға арналған.
Бүкіләлемдік жүрек күні. Бұл күні Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Дүниежүзілік жүрек федерациясы денсаулық тексеру, ұйымдасқан түрдегі серуендеулер, жүгіру және фитнеспен айналысу, бұқаралық лекциялар, қойылымдар, ғылыми форумдар, көрмелер, концерттер, фестивальдер мен спорт жарыстарын қоса есептегенде - 100-ден астам елдерде шаралар ұйымдастырады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1996) Алматыдағы Кеңсай зиратында жазушы Оралхан Бөкеевтің қабіріне ескерткіш орнатылды.
11 жыл бұрын (2000) Алматыда Түркістанға 1500 жыл толуы мен Мәдениетті қолдау жылына орай екі күндік «Әл-Фараби мұралары және әлем мәдениеті» атты Халықаралық конгресс өтті.
Бұл іс-шараға Ресей, Сирия, Иран, Түркия, Орта Азия елдері мен Қазақстанның әл-Фарабитану жетекші мамандары қатысқан.
Конгрессті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Философия және саясаттану институты Түркия Премьер Министрі жанындағы Түркия халықаралық ынтымақтастық агенттігінің қаржылай көмек көрсетуімен ұйымдастырған.
10 жыл бұрын (2001) Астанада Республикалық клиникалық аурухана салтанатты түрде ашылды.
Бұл еңселі медициналық кешен елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанада медициналық кластер құру қажеттігі жөнінде көтерген бастамасының негізінде және тікелей тапсырмасымен салынған. Клиникада 20 бөлім жұмыс істеп, бір уақытта 240 емделушіні қабылдайды. Бөлім меңгерушілері конкурстық негізде алынған. Мұнда жасалатын барлық диагностика, емдеу жұмыстары еуропалық деңгейдегі, қазіргі заманғы ең үздік стандарттарға сай қазіргі заманғы медициналық құралдармен, зертханалармен, емдеу жабдықтарымен жарақталған. Кешеннің медициналық қызметімен Қазақстанның барлық аймағының, Астана қаласының тұрғындары пайдалана алады. Клиника жергілікті және республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады.
6 жыл бұрын (2005) Цюрих қаласында Қазақстан-Швейцария Қауымдастығы салтанатты түрде ашылды.
Қауымдастық екі елдің саясаткерлері мен кәсіпкерлерін біріктіреді, мақсаты әр түрлі саладағы екі жақты ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
6 жыл бұрын (2005) Алматыда «Қазақфильм» киностудиясының аймағында «Еуразия» кинофестивалы аллеясының іргетасы салтанатты түрде қаланды.
6 жыл бұрын (2005) Қостанайда мүгедек-балалардың қолынан шыққан көркемдік шығармашылық жұмыстарының көрмесі болып өтті.
Көрменің ұйымдастырушысы - облыстық Мәдениет департаменті және Мүгедектер қоғамы. Көрмеге көркемдік жұмыстардан басқа, қолданбалы өнер туындылары да қойылды.
2 жыл бұрын (2009) «Нұр Отан» ХДП оңтүстік қазақстандық филиалының «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен Шымкентте «Еркін пікір» зияткерлік-пікірсайыс клубы ұйымдастырылды.
Мұнда балалар өз құрбы-құрдастарын патриоттық рухта, кәсіптік жағынан жетілдіруге, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеумен қатар, жастардың өзекті мәселелерін де талқылайды.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1956) медицина ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті департаментінің директоры ХАМИТОВ Төлеген Нұрғалиұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін «Гигиена , санитария , эпидемиология » мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика академиясының экономика факультетін менеджмент бакалавры мамандығы бойынша бітірген. 1979 жылдан - Қарағанды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының эпидемиолог-дәрігері, санитарлық дәрігері, дәрігері-топ жетекшісі. 1986 жылдан - Қарағанды қаласы Совет аудандық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігері. 1997 жылдан - Қарағанды аймақтық санитарлық-эпидемиологиялық стансасы бас дәрігерінің Совет ауданы бойынша орынбасары. 2000 жылдан - Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының санитарлық-эпидемиологиялық стансасының бас дәрігері. 2003 жылдан - Қарағанды қаласы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы. 2006 жылдан - Қарағанды облысы Мемлекеттік санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің директоры. 2008 жылдың сәуірінен бері - Қарағанды облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бастығы. Қазіргі қызметінде 2009 жылдан бастап істейді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Ерен еңбегі үшін», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» омырау белгісімен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Қарағанды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының құрмет грамоталары және алғыстарымен марапатталған.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 29-Ы, БЕЙСЕНБІ
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
19 жыл бұрын (1992) Дүние жүзі қазақтары құрылтайының алғашқы салтанатты мәжілісі өтті.
11 жыл бұрын (2000) Семейде «Абай күні» атты 1-інші Халықаралық поэзия фестивалі өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Түркия және Жапониядан танымал жазушылар мен ақындар қатысты.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) - ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған.
6 жыл бұрын (2005) Ақ ордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстандағы Корей Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Иль-су сенім грамоталарын тапсырды.
6 жыл бұрын (2005) 1999 жылы өткен ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша шығарылған алғашқы Аналитикалық есеп жинағы жарық көрді.
Жинақтың авторы - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің қолдауымен тұрғын халық саласындағы БҰҰ-ның қоры.
Аналитикалық есепте халықтың экономикалық белсенділігі туралы, тілдерді меңгеруі, білім деңгейі туралы мәліметтер алғашқы рет көрсетілген. Сонымен қатар, азаматтардың тұрғын үй жағдайлары, некеге отыруы, үй шаруасындағы әйелдер туралы статистикалық таудаулар жасалған.
6 жыл бұрын (2005) «Эйр Астана» әуекомпаниясының «Tengri» борттық журналының алғашқы саны жарық көрді.
Журналдың алғашқы санында мәдениет, тарих, республикамызды болып жатқан басты оқиғалар туралы мақалалары, қазақ, ағылшын және орыс тілдеріндегі берген отандық жұлдыздардың сұхбаттары жазылған және отандық белгілі фотошеберлердің жұмыстарын тамашалауға болады.
2 жыл бұрын (2009) Елордалық «Риксос» қонақ үйінде Дархан Қалетаевтың «Қазақстан - болашаққа ұмтылған ел. Ұлттық көшбасшы факторы» кітабының таныстырылымы өтті.
Бұл шараға көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қазақстандық жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторлары қатысты.
Бұл еңбек Қазақстанның өткенін, бүгінгісі мен келешегін саралаудың жаңа талпынысы болып табылады және тәуелсіз республика тарихындағы Елбасының рөліне арналып отыр.
Қалетаев Дархан Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған. Сарсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Ұлттық жоғары мектебін бітірген. Саясаттану ғылымының кандидаты. Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық саясат жөніндегі мемлекеттік комитете, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде, Қазақстан Республикасы мәдениет, Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде әр түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары. 2008 жылдан - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 2009 жылдан - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры. «Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.
2 жыл бұрын (2009) Алматыда «Сталинизм және Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы репрессия» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті.
Кітап «Зерде» мен Фридрих Эберт (Германия) қорларының бірлескен жобасы аясында жарық көрген.
Осы уақытқа шейін жабық мұрағат қорларында сақтап келген тергеу материалдарын негізге ала отырып қазақ байларын, ишан, имам, молдаларды, сондай-ақ ұлттық саяси басқарушы топты жою үдерісі жеке адамдардың қайғылы тағдыры арқылы көрсетілген.
Кеңестер Одағының құрамындағы қазақ қоғамы өткен ғасырдың 20-30-жылдары адамзат бұрынғы өз тарихында кездестірмеген зұламатты басынан кешіргені белгілі.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1936) журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Алматы облысының және Жамбыл ауданының құрметті азаматы МУСИН Баймолда Садыханұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Еңбек жолын Жамбыл облысы Мерке аудандық «Коммунизм туы» газетінен бастап, республикалық «Жас алаш» газетінің бөлім меңгерушісі, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы болған. Сонымен қатар 1983-1987 жылдары Қазақстан коммунистік партиясы Алматы облыстық комитетінде жауапты қызметтер атқарған. Қазіргі уақытта зейнеткерлік демалыста.
70 жыл бұрын (1941) «Орталық Азия аймақтық экономикалық ынтымақтастығына мүше елдердің жүк тасымалдаушы және экспедиторлар қауымдастығы» одағының төрағасы, экономика ғылымының докторы, Халықаралық көлік академиясының академигі ЕСЕНҒАРИН Нығметжан Қабатайұлы дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Челябі облысында туған. Орал темір жол көлігі инженерлері электромеханикалық институтын, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Халық шаруашылығы институтын бітірген. 1972-1977 жылдары - Қазақ темір жолы бас инженерінің орынбасары, бөлім бастығы. 1977-1982 және 1984-1986 жылдары - Целинный темір жолының бас инженері бастығының орынбасары, бастығы. 1986-1989 жылдары - КСРО Жол қатынасы министрінің орынбасары. 1989-1991 жылдары - Алматы темір жолының бастығы. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы көлік министрі, Көлік және коммуникациялар министрі. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары. 1996-2001 жылдары - Беларус, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей Федерациясы интеграциялық комитетінің төрағасы. 2001-2002 жылдары - Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы бас хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Тәуелсіз экспедиторлар қауымдастығының президенті. 2002 жылдан бастап «Экономтрансконсалтинг» ЖШС-інің бас директоры, «Магистраль Казахстана» журналының бас редакторы. Қазіргі қызметінде 2010 жылдың наурызынан бастап істейді.
Парасат, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Құрмет белгісі», Ресей Федерациясының Достық ордендерімен, медальдармен марапатталған.
45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Халықаралық бизнес университетінің президенті САҒАДИЕВ Ерлан Кенжеғалиұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Миннесота штаты университетін бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде екінші хатшы болып қызмет атқарған. 1992 жылы - Халықаралық қайта құру және даму банкі Ауыл шаруашылығы департаментінің ассистенті. 1993-1994 жылдары - «Девелопед Текнолоджи Рисорс» жобасының жетекшісі. 1995-1999 жылдары - «Фуд мастер» компаниясы» ЖШС-інің бас директоры. 1999-2005 жылдары - «Фуд мастер» компаниясы» ААҚ-ының директорлар кеңесі төрағасы. 1999 жылы - «Фудмастер-Асептик» компаниясы» ЖШС-інің бас директоры. 1999-2002 жылдары - «Фудмастер-Асептик» компаниясы» ЖШС-інің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - «Жаңа технологиялар. Қазақстан» ЖШС-інің бас директоры. 2004-2007 жылдары - «Зере» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, бас директоры. 2004-2007 жылдары - Халықаралық бизнес университетінің президенті. 2008 жылдың қаңтарынан - қазіргі қызметінде.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 30-Ы, ЖҰМА
Бүкіләлемдік теңіз күні. 1978 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 10-сессиясының шешімімен қабылданған. Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын, соның ішінде мұнаймен, ластаудың алдын алу.
Дүниежүзілік аударма күні (Аудармашылар күні). 1991 жылы Халықаралық федерация (FIT) қыркүйектің 30-ын Халықаралық аудармашылар күні деп жариялады.
Ботсвана Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1966). Ботсвана -Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Габороне қаласы. Ресми тілі - ағылшын және сетсвана тілдері. Ақша бірлігі - пула. Мемлекет басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы Ұлттық жиналыс.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
187 жыл бұрын (1824) Ресей Сенатының шешімімен Көкшетау қамалы империяның бекітілген аудандар жөніндегі ресми тізіміне енгізген.
1839 жылы Көкшетауға әскери гарнизон енгізіліп, казактар стансасы құрылған. 1868 жылы әскери құрылымдардың жойылуына байланысты қамал жергілікті азаматтық қоныстарға айналған.
92 жыл бұрын (1919) Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің Әділет бөлімін құру туралы шешімі қабылданды.
11 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Білім» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.
6 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің қатысуымен Балқаш көлінің мәселелеріне бағытталған халықаралық экологиялық форум болып өтті.
Форумға Қытайдың, Қырғызстанның белгілі ғалымдары, экологтары, мамандары, Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімшіліктері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, барлығы 400-ден астам делегаттар қатысты.
Форумның мақсаты Балқаш көлінің мәселелеріне әлемдік қоғам назарын аудару, бірлескен іс-әрекеттің кешенді бағдарламасын құрастыруға Қазақстанның қоғамдық, үкіметтік және бизнес ұйымдардың қызығушылығын біріктіру, сонымен қатар Балқаш көлі бассейнінің барлық аумағындағы экологиялық және экономикалық ынтымақтастық аймағын құрастыру болып табылады.
6 жыл бұрын (2005) Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында керең-мылқау суретшілерінің көрмесі ашылды.
Ұйымдастырушысы - Кереңдердің мәдениет үйі. Жұмыстар әр түрлі жанрда орындалған - пейзаж, портрет, графика, комикстар. Көрмеде қылқалам өнерінен басқа, мүсіндік және сәндік өнердің туындылары қойылған. Авторлардың жасы14-тен 50-ге дейін.
70 жыл бұрын (1941) Мәскеу үшін шайқас басталды.
15 жыл бұрын (1996) Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы Шарт мәтініне қол қойды.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1941) заң ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі СҮЛЕЙМЕНОВ Майдан Күнтуарұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), КСРО Ғылым Академиясы мемлекет және құқық институтының аспирантурасын бітірген. 1966-1991 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Философия және құқық институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Мемлекет және құқық институтының директоры. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Төралқасының бас ғалым хатшысы. 1995 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университеті Ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып істейді.
Қазақстан Республикасы Конституциясын, Азаматтық кодексін, тұрғын үй заңын және басқа да экономикалық реформаға қатысты заңдарды жасауға қатысқан.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
2011 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫ:
ОҚИҒАЛАР
65 жыл бұрын (1946) Қазақ КСР Ғылым Академиясының баспасы ұйымдастырылды (1964 жылғы маусымнан «Наука», қазіргі «Ғылым» баспасы). Баспа ғылыми, ғылыми-танымдық әдебиеттер, әмбебап және салалық анықтамалықтар мен сөздіктер, т.б. шығарады. Бірінші редакциялық-баспа кеңесінің жетекшісі Қаныш Сәтбаев, директоры Б.Нинбург болды. Баспа 1946-2000 жылдары аралығында қазақ, орыс, ұйғыр және басқа да тілдерде 13 мың кітап пен жалпы саны 31 млн дана журнал шығарды. Олардың қатарында Абай, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтбаев, т.б. Қазақстанның өнер және мәдениет қайраткерлерінің шығармалары, 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 5 томдық «Қазақ КСР тарихы» бар.
40 жыл бұрын (1971) Достоевскийдің Семейдегі 1857-1859 жылдары тұрған үйіне әдеби-мемориалдық мұражай ұйымдастырылды. Бұл шара қазақ жеріне жер аударылған орыс жазушысының туғанына 150 жыл толуы қарсаңында жүзеге аста. Мұражай жартылай ашылған кітап пішінде, екі қабат ағаш үйге жапсарлас ғимаратта орналасқан. Кіре берісіне Достоевский мен Ш.Уәлихановтың достығын бейнелейтін қоладан құйылған мүсін қойылған. Мұражайда жазушының «Бейшаралар» романынан бастап «Ағайынды Қарамазовтар» романына дейін, сондай-ақ әр жылдары толық басылған жинақтары, әлем тілдерінде жарық көрген туындылары, ғалымдардың жазушы шығармашылығы туралы жазған зерттеу еңбектері бар. Сонымен қатар оның Ш.Уәлихановпен жазысқан хаттары, оған байланысты көптеген құнды экспонаттар қойылған.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1911-1955) ақын, драматург, сазгер, аудармашы АМАНЖОЛОВ Қасым Рақымжанұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. Семей малдәрігерлік техникумын бітіріп, Ленинградтың Орман шаруашылығы институтына түскен, бірақ денсаулығына байланысты оқи алмаған. 1931-1941 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, Орал облыстық театрында жұмыс істеген. 1941-1946 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан оралған соң біраз жылдар «Әдебиет және өнер» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі болған. Ақынның соғысқа дейінгі кезеңдегі көркемдік сапасы аса биік туындылары қатарына «Ақын», «Бірінші май», «Жолдас маршал», «Орамал», «Мен табиғат бөбегі», т.б. өлеңдері жатады. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңі оның ақындығының қалыптасқан, ең шоқтықты да өнімді тұсы. Бұл шақта ақынның «Байкал», «Оралым», «Дариға, сол қыз» өлеңдері, «Мартбек», «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмалары жазылды. Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын Ғ.Мүсірепов қазақ поэзиясындағы жаңа бетбұрыс деп бағалаған. Ол ақындығымен қатар үлкен сазгер де болған. Оның әнін өзі шығарған «Дариға, сол қыз», «Туған жер», т.б. шығармалары халықтың сүйікті әндеріне айналған. Аударма саласында да жемісті еңбек етіп А.Пушкиннің «Полтава», М.Лермонтовтың «Маскарад», А.Твардовскийдің «Василий Теркин», Г.Низамидің «Ләйлі - Мәжнүн» поэмаларын, Т.Шевченконың, В.Маяковскийдің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. Ақын қазақ поэзиясына он буынды өлең түрін енгізіп, оның әбден тұрақтануына көп еңбек сіңірді.
2011 жылғы қыркүйектің 9-ында Қарағанды қаласында Қасым Аманжоловтың 100-жылдық мерейтойына орай еңселі ескерткіш ашылды.
ҚАЗАННЫҢ 1-І, СЕНБІ
Халықаралық қарттар күні
Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 1991-ыншы жылғы 1 қазанда негізінде жыл сайын атап өтіледі. (қарар 45/106 1990 жылғы 14 желтоқсанда).
БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990-ыншы жылғы желтоқсанның 15-індегі № 45/106 қарары негізінде жыл сайын атап өтіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясында қарт адамдардың жалпы азаматтық және арнайы құқықтары мен мүдделері, оның ішінде жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыру кепілдіктері бекітілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді. Бүгінгі таңда Қазақстанда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құраса, ал 2030 жылы 11,5 пайызын құрайтын болады. БҰҰ-ның бұл болжамы осы аумақтағы туудың төмендеуі мен ер адамдардың өлімінің жоғарылығына негізделген.
Халықаралық музыка күні
1975 жылы ЮНЕСКО-ның Халықаралық музыка кеңесінің шешімімен жыл сайын қазанның 1-інде атап өтіледі. Халықаралық күннің бекітілуінің бастаушыларының бірі ХХ ғасырдың композитор-классигі - Дмитрий Шостакович. Жыл сайын бүкіл дүниежүзінде үлкен концерттің бағдарламамен және жақсы әртістер мен көркемдік ұйымдардың қатысуымен өтеді. Бұл күні дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасына кірген шығармалар оқылады.
Бүкіләлемдік күлімсіреу күні
Жыл сайын қазанның бірінші жұмасында атап өтіледі. Бұл ғажайып мейрамның болуына әлем суретші Харви Бэллуға (Harvey Ball) борышты. 20 ғасырдың ортасында ол Америкада өмір сүрді. Оның шығармашылығы ешқандай қызығушылық танытпады. Бір күні сақтандыру компаниясының өкілдері келіп, есте тез сақталатын визитка карточкасын ойлап табуын сұрады. Харви көп ойланбастан тапсырыс берушілерге, қазір барлық интернет пайдаланушылар «смайлик» деп атайтын - күліп тұрған сары бетті ұсынды. Бұл 1963 жылы болатын. Тапсырыс берушілер оның ұсынған жұмысын қабылдап, компанияның жұмысшыларына таратып берді. Сосын бұл сүйкімді бет футболкаларда, бейсболкаларда, конверттерде, ашық хаттарда, сіріңке қораптарында пайда бола бастады. АҚШ-тың почтасы осы символмен маркалар шығарды.
Дүниежүзілік күлкі күні алғашқы рет 1999 жылы атап өтілді.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Павлодарда Достық үйінің жанына әуезді сағат орнатылды. Бұл жер облыс орталығындағы көрнекті орындардың біріне айналмақ. Диаметрі 1,5 метрлік сағаттың хронометрі әрбір жарты сағат сайын жергілікті композитор Иван Чужиновтың әуендерін орындайды. Сағат павлодарлық электроншы-инженерлердің жобасы бойынша жасалды. Оның механизмін микрокомпьютер басқарады.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан мен Кореяның қорғаныс министрлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбекотың жұмыс бабындағы сапарда меморандумға қол қойылды.
Сапар барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Корей Республикасы Ұлттық қорғаныс министрі Тэ Ёнг Киммен кездесті. Екі елдің қорғаныс министрлері қорғаныс ведомстволары арасында өзара түсіністік пен әскери саладағы ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды. Сонымен бірге кездесу кезінде әскери ынтымақтастықтың келешектегі жай-күйі талқыланды.
Екі мемлекет қорғаныс ведомствосының басшылары арасында Каспий теңізінде әскери және азаматтық кемелерді жөндейтін көп салалы кеме жасау кешенін салу жөнінде де әңгіме қозғалды. Бұл ретте корей жағының технологияны трансферттеу мен қызметкерлерді оқытуды қамтамасыз етуі қарастырылған.
Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қорғаныс министрімен бірге Корея Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерімен танысып, су ығыстырғышы 450 тонналық кораблін көрді, «STX Co» кеме жасау зауытында болды және атыс, радиолакация, байланыс пен бақылау жүйесін өндіретін «Samsung Thales» әскери өндіріс кешенінің кәсіпорнын аралады.
1 жыл бұрын (2010) Қазақстан мектептерінде медиация институты енгізілді.
Медиация институтының енгізілуі кәмелетке толмағандар арасындағы үдеп бара жатқан қылмыстық оқиғаларды азайтып, балалардың бір-бірімен қарым-қатынасында шиеленістердің төмендеуіне септігін тигізеді. «Жобаның басты мақсаты - мектеп ортасында бейбітшілік пен зорлық-зомбылықсыз мәдениетті дамыту», дейді жоба жетекшісі, «Астананың коммерциялық емес ұйымдарының форумы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Баян Ахметжанова.
Медиация - мектеп оқушылары арасында туындаған дау-дамайлы қарым-қатынастарын баламалы түрде шешудің бірден бір жолы. Ол араздасушы тараптардың бір-біріне деген өшпенділігін азайтып, керісінше өзара келісімге деген ынта-ықыластарын арттырады. Олардың екіжақты татуластыруға бағытталған тетіктерді пайдалануларына мүмкіндік береді.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1941) инженер-металлург, дипломат, саяси ғылымдардың кандидаты, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген жұмысшысы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры СҮЛЕЙМЕНОВ Төлеутай Ысқақұлы дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын (қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті), КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. 1969-1971 жылдары - Қарағанды металлургия комбинаты комсомол комитетінің хатшысы, цехтың шебері. 1971-1977 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Теміртау қалалық комитетінің бірінші хатшысы. 1973 жылы - Теміртау қалалық бақылау комитетінің төрағасы. 1973-1977 жылдары - Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы. 1977-1980 жылдары - Дипломатиялық академияның тыңдаушысы. 1980-1981 жылдары - КСРО Сыртқы істер министрлігі Орта Шығыс елдері бөлімінің бірінші хатшысы. 1981-1985 жылдары - КСРО-ның Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласындағы Бас өкілдігінің (консульство) консулы. 1985-1988 жылдары - КСРО Сыртқы істер министрлігі Орта Шығыс елдері бөлімінің кеңесшісі. 1988-1991 жылдары - КСРО-ның Ирандағы Елшілігінің кеңесшісі. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы -ының Америка құрама штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1996-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы -ының Венгриядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Польша, Болгария, Чехия, Словакия және Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Бельгиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы герцогтығындағы, Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Қазақстан Республикасының Еуропалық Одақ және Солтүстік-Атлантикалық шарт ұйымы жанындағы өкілдігі басшысы қызметін қоса атқарушы. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Қазіргі қызметінде 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап істейді.
«Парасат», «Құрмет», «Құрмет белгісі», «Даңқ», Құрмет, Орта Крест, Қос крестің ақ ордендерімен және медальдармен, Қазақстан Республикасы Президентінің құрмет грамотасымен марапатталған.
65 жыл бұрын (1946-2003) Қазақстан Республикасының Денсаулық ісінің үздігі ҚҰРМАНОВ Нұрлепес Төлегенұлы дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. 1975-1977 жылдары - 1-ші Мәскеу медицина институтының клиникалық ординаторы. 1977-1992 жылдары - Маңғыстау облыстық ауруханасының бөлімше меңгерушісі, бас дәрігерінің орынбасары, бас дәрігері. 1992-1994 жылдары - Маңғыстау облыстық әкімдігі басшысының орынбасары. 1994-2000 жылдары - «Каскор» АҚ-ының вице-президенті, президенті. 2000-2003 жылдары - «Ча-Кур» медициналық фирмасының директоры болған.
Медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1951) «Павлодар облысының жылжымайтын мүлік Орталығы» РМК-ның директоры, ғалым агроном-экономист, экономика ғылымының кандидаты АДАМОВ Абызбай дүниеге келді.
Павлодар облысының Ертіс ауданында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті), Қазақ құқықтану және халықаралық байланыс институтын бітірген. 1980-1981 жылдары - Ертіс аудандық партия комитетінің нұсқаушысы. 1981-1985 жылдары - совхоздың партия комитеті хатшысы, Ертіс аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығының орынбасары, бастығы, аудандық жоспарлау комитетінің төрағасы. 1985-1987 жылдары - Ертіс аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы. 1987-1989 жылдары - совхоз директоры. 1989-1992 жылдары - Ертіс аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 1992-1994 жылдары - Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1994-1997 жылдары - «Берік» мемлекеттік ауыл шаруашылық сауда үйінің бас директоры. 1997-1998 жылдары - Павлодар облыстық агроөнеркәсіп кешені бастығының орынбасары. 1998-1999 жылдары - «Ай-Мелькомбинат» акционерлік қоғамы директорының орынбасары. 1999-2000 жылдары - «Энергоқұрылыс» акционерлік қоғамының басқарушысы. 2000-2002 жылдары - Павлодар облыстық қаржы департаменті клирингтік және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы. 2002-2007 жылдары - Павлодар облысы Ертіс ауданының әкімі. 2007-2010 жылдары - Павлодар облысы әкімшілігінің бас инспекторы. Қазіргі қызметінде 2010 жылдан бастап істейді.
«Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы құрметті спорт қайраткері, «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры ИМАНҒАЛИ Қазбек Қажыұлы дүниеге келді.
Атырау облысының Индер ауданында туған. Қазақ дене шынықтыру институтын бітірген. 1978-2000 жылдары - Атырау облысының Махамбет ауданындағы балалар спорт мектебінің бокстан жаттықтырушысы, директордың орынбасары, директоры. 2000 жылы - Махамбет аудандық туризм және спорт бөлімінің меңгерушісі. 2000-2001 жылдары - Олимпиадалық қор дайындау жөніндегі Атырау арнайы спорт мектебінің директоры. 2001-2002 жылдары - Атырау облыстық жастар ісі, туризм және спорт департаментінің бастығы. 2002-2005 жылдары - Атырау облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы. 2005-2006 жылдары - Атырау облыстық денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы. 2006-2010 жылдары - Атырау облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы, «Астана волейболдық клубы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры. Қазіргі қызметінде 2011 жылдан бастап істейді.
ҚАЗАННЫҢ 2-І, ЖЕКСЕНБІ
Тұңғыш ғарышкер-қазақ Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан тарихи күні
1991 жылғы қазанның 2-сінде жергілікті уақыт бойынша 11 сағат 59 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан құрамында ресейлік Александр Волков, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров пен австриялық ғарышкер Франц Фибек бар «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен кеңес-австрия экипажы ұшып шықты. Қазақстан мен Австрия арасында ғарышқа жол салған бұл тарихи бастаманы Қазақ КСР президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Австрия Республикасының канцлері Франц Враницкий бақылады.
Мұғалім күні
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998-інші жылғы қаңтардың 20-сындағы Жарлығына сәйкес жыл сайын қазанның бірінші жексенбісінде атап өтіледі. 2003-інші жылғы қарашаның 15-інде ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстанда кәсіби және басқа да мерекелердің жаңа тізімі бекітілді. Осы Жарлыққа сәйкес мұғалім күні - қазан айының бірінші жексенбісі.
Мұғалім - тек ғылымдарға үйретуші ғана емес, сондай-ақ рухани игіліктер мен адамгершілік ізгі ниеттерді оқушылар бойына сіңіруші де. Ұстаздар айрықша азаматтық парыз - жас ұрпақты тәрбиелеу міндетін атқарады. Олардың білімі мен тәжірибесі, дәстүрлер сабақтастығы мен жаңашылдығы әрбір мектептің негізі боп қаланған. 1994-інші жылы ЮНЕСКО қазанның 5-інде аталып өтетін - Дүниежүзілік Мұғалім күнін (World Teachers' Day) бекіткен.
Халықаралық жәбірлемеушілік күні
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2007-інші жылғы маусымның 27-сінде (БҰҰ-ның №A/RES/61/271 қарары) бекіткен. 2007-нші жылдан бастап жыл сайын, қазанның 2-сінде, жәбірлемеу философиясының негізін қалаушы Махатма Гандидің туған күнінде атап өтіледі.
Бас Ассамблея қарарында айтылғандай, бұл Халықаралық күннің мақсаты - бейбітшілік, шыдамдылық, түсіністік пен жәбірлемеушілік мәдениетін бекітуге талпыныс. Қарар барлық адамдарға осы дата туралы жария етіп, осы күнді атап өтуге және мерекелеуге шақырады.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Астана тұрғындары Бірыңғай төлем орталығы (БТО) арқылы коммуналдық, оның ішінде электр энергиясы, ыстық және ауыз су, газ, кәріз және қоқыс шығару қызметтері үшін төлемақыны бір түбіртекпен төлей бастады. Мұндай орталық алғаш 1997 жылы Алматыда іске қосылды. Астана жүйені енгізген екінші қала.
3 жыл бұрын (2008) Алматыдағы орталық бейітте Ұлы Отан соғысына қатысушы, генерал-лейтенант Константин Максимовке орнатылған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті.
К.Максимов 1917 жылы наурыздың 29-ында Украинаның Харьков облысының Барвенково қаласында туған. 1917 жылдың желтоқсанында Қызыл Армия қатарына шақырылып, қатардағы солдаттан генерал-лейтенант шеніне дейін көтерілген. Әскери тақырыптарға мақалалар да жазған. Ол үш мәрте Қызыл Ту орденінің, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерінің иегері.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1926-1983) кинорежиссер, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері ҚАРСАҚБАЕВ Абдолла дүниеге келді.
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Мәскеу қаласындағы Сергей Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының режисер факультетін бітірген. 1947-1983 жылдары - «Қазақфильм» студиясында режиссер болып «Ана мен бала», «Егер біздің бәріміз де...», «Қанатты сыйлық», «Ботагөз» атты көркем фильмдерді қоюға қатысты. Тарихи тақырыпқа «Қилы кезең», «Даладағы қуғын» секілді фильмдерді, «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Менің ағам», «Қатарыңнан қалма», «Оу, ковбойлар», «Алты жасар Алпамыс», «Балалық шақтың кермек дәмі» көркем фильмдерін, сонымен қатар «Қазақ халқының қолөнері», «Торғай шеті», «Черкасск қорғаны», «Ақтөбе», т.б. деректі фильмдер қойған.
2001 жылы 24 шілдеде Абдолла Қарсақбаевтың аты Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің Жаңақұрылыс орта мектебіне берілді.
50 жыл бұрын (1961) Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы, заңгер, 1-ші класты бағаланған соттың судьясы СМАҒҰЛОВ Мұхтар Керімқұлұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Іле ауданында туған. Аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1982-1987 жылдары - Калинин аудандық сотының кеңесшісі, сот орындаушысы, сот отырысының хатшысы. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекші консультанты. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары арбитраждық сотының аға консультанты. 1994-1995 жылдары - Алматы қалалық арбитраждық сотының мемлекеттік арбитры, судьясы. 1995-2002 жылдары - Алматы қалалық сотының судьясы, шаруашылық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 2002-2007 жылдары - Маңғыстау облыстық сотының төрағасы. Қазіргі қызметінде 2007 жылдан бастап істейді.