ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 5-10 сәуір аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 5-10 сәуір аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ПАРЛАМЕНТ

5 сәуірде Парламент Сенатында Экономикалық және аймақтық саясат жөніндегі комитеттің отырысы өтеді.

ҚОҒАМ

6 сәуірде ҚР Президентінің көмекшісі Бақыт Сұлтановпен «Қазақстан. Экономика бүгін және болашақта» деген тақырыпта online-конференция өтеді

АСТАНА

31 наурыз бен 8 сәуір аралығында Әділет министрлігінің веб-сайтында (www.minjust.kz) Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен «Заңды тұлғаларды және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің өзекті мәселелері» атты интернет-конференция өтеді .

5 сәуірде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында ресейлік танымал саясаттанушы Юрий Солобозовтың «Назарбаев - лидер антиядерного мира» кітабының таныстырылымы өтеді.

5 сәуірде ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың республикалық штабында Қазақстанның Азаматтық альянсы, Қазақстан халқы Ассамблеясына кіретін республикалық ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілері, жастар ұйымдары және «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы мәлімдеме жасады.

5 сәуірде Астана Ішкі істер департаментінде апталық брифинг өтеді.

5 сәуірде Журналистер үйінде Бас редакторлар клубының өкілдері мәлімдеме жасайды.

5 сәуірде ҚР Президенттік мәдениет орталығында республикалық конкурстардың лауреаты, Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы № 131-ші мектеп-лицейдің 3-сынып оқушысы, сегіз жасар ақын Жамбыл Дүйсеновтың «Тәуелсіздігім - Тәңірден келген тәтті сый» атты шығармашылық кеші өтеді.

6 сәуірінде сағат 15.00-де bnews.kz АА студиясында (www.bnews.kz порталында бейне Online-трансляция) ҚР Президентінің көмекшісі Сұлтанов Бахыт Тұрлыханұлымен online-конференция өткізіледі

АЛМАТЫ

5 сәуірде Қазақтың Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университетінде Ресейдің Новосібір қаласынан келген делегациямен кездесу болады.

5 сәуірде Д.Қонаев атындағы мұражайда Космонавтика күніне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.

6-8 сәуірде Алматыда «Қазақстанның азық-түлік нарығы-2011» атты 13-ші халықаралық көрме өтеді

9-10 сәуір күндері Алматыда 3-Халықаралық білім форумы өтеді.

8 сәуір күні Алматыда «Құрманғазы мұралары» деп аталатын концерт өтеді.

11-12 сәуірде Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Жамбыл және түркі халықтарының эпикалық мұрасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.

СӘУІРДІҢ 5-І, СЕЙСЕНБІ

Көші-қон полициясы күні. 1993 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасында болған өзгерістерге байланысты уақыт талабына сәйкес төлқұжаттық-визалық қызмет қайта құрылды. Соның негізінде көші-қон полициясы құрылды. Қызмет құрылымы, міндеттері өзгерді. Қазақстанға келетін шетел азаматтары санының өсуіне байланысты олардың болу тәртібін реттеу қажеттілігі туындады. Президент Жарлығы бойынша тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударушыларға айрықша көңіл бөлінді. Заңсыз көші-қонмен, Қазақстанға шетел азаматтарының келу фактілерінің бұзылуымен күресу үшін 2002 жылдың сәуір айында «Рубеж» бірыңғай бөгеу жүйесі взводы құрылды.

ОҚИҒАЛАР

141 жыл бұрын (1870) Маңғыстаудағы Иса-Досан көтерілісіне қатысушылар Александровск фортына шабуыл жасап, форттың маяктарын өртеді. Әскери гарнизонның бекінісін талқандады. Бұл кезде көтерілісшілердің саны 10 мыңға жеткен еді.

91 жыл бұрын (1920) Бурабай курорты ашылды. Ол өзінің әдемілігімен және қайталанбаушылығымен Қазақстанның, Ресейдің және ТМД елдерінің түпкір-түпкір жерлерінен адамдарды қызықтыратын қымызымен, шипалы батпағымен және минеральды суларымен танымал. Таза ауа, дала шөбінің және орманның қаныққан хош иісі курорттың ерекшелігі болып табылады. Өзінің әдемілігі, көлдердің, өсімдік пен аң әлемінің әралуандылығына байланысты «Қазақстанның Інжуі» аталып кеткен.

86 жыл бұрын (1920) Ғұбайдолла Әлібеков (1871-1923) Қазақстанның әділет министрлігінің бірінші комиссары, Қазревкомға мүше болып сайланып тарихта қалды.

Ғұбайдулла Әлібеков Қазревкомдағы мүшелік міндеттерінен басқа тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету, Ақмола, Ақтөбе, Адай уездеріндегі төтенше оқиғалардың тергеу жұмыстарында белсенді қоғамдық қызметтерді жүргізді.

16 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру жөніндегі республикалық кеңес құру туралы» Жарлығы шықты.

15 жыл бұрын (1996) Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісінде жанармай-энергия және су ресурстарын пайдалану, Орталық Азия аумағында газ құбырларын салу және пайдалау туралы келісімге қол қойылды

5 жыл бұрын (2006) Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Наз» халық биі ансамблі қазақ би өнерінің тарихында тұңғыш рет қазақ күйлері желісімен «Тұйғындар» би спектаклі қойылды. Биді қоюшылар өскелең жасқа бұл шығарма арқылы елдің тарихы мен мәдениетін түсіндіруге тырысқан. Биге Махамбеттің «Жұмыр қылыш», Е. Брусиловскийдің «Желдірме», А. Жайымовтың «Шалқыма», М. Бердіғұловтың «Көк бөрі», Ә. Қазақбайдың «Жаппас қылыш домбыра», «Тілепалды», Б. Рыспанбеттің «Қыз елік», «Тұйғындар» секілді туындыларымен қатар, халық күйі «Кеңес» пен халық әні «Дедімай-ау» әуені пайдаланылған. 1999 жылы құрылған «Наз» халық биі ансамблі Шара Жиенқұлова атындағы қазақ биінің ІІ-республикалық байқауының жеңімпазы. Халықаралық «Шабыт» байқауының Бас жүлдесі мен Қытайда өткен байқаудың алтын жүлдесін иеленген. Бұл күнде құрамында 50 балет бишісі бар ұжым әр ұлттың 100-ден астам биін меңгеріп отыр. Түркия, Қытай, Корея және Ресей елдерінде өнер көрсетті. Алматыдағы қойылымның бас демеушісі ? «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы және Астана қаласының мемлекеттік филармониясы.

5 жыл бұрын (2006) Оралда «Татар мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жанынан «Ақ қалфақ» әйелдер клубы ашылды. Татар мәдени орталығы төрағасының орынбасары Светлана Тенишеваның айтуынша, клубтың басты мақсаты ? қыз-келіншектер арасында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау. Орталықтың байырғы мүшесі Рауза Ахмедгалиева жетекшілік ететін клубтың бағдарламасы, іс-жоспары жасалып, мұнда қолөнер, ұлттық тағамдарды даярлау, ән-би және басқа үйірмелер жұмыс жасай бастады.

5 жыл бұрын (2006) Ақтөбе облыстық өлке тану мұражайы еркеше экспонатен толықтырылды. Бүгін қала әкімінің орынбасары Әкімгерей Қадырбекұлы Орск қаласының мэрі Юрий Брэгтиннің Наурыз мерекесінде осында қонақта болып қала әкімшілігіне сыйға тартқан Ахмет Яссаудің бейнесін мұражайға табыс етті. Бұл қол өнер бұйымы асыл тастардан жасалған.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда бразилиялық жазушы Пауло Коэльоның қазақ тіліндегі «Захир» кітабының тұсау кесер рәсімі болды. Бұл романды авторы елімізге келген бірінші сапарындағы әсерімен жазған. Басты кейіпкері қазақ және оның кейбір әрекеттері Қазақстанда өткен роман 42 тiлде әлемнің 83 елiнде жарияланған.

П.Коэльо - «Узда», «Валькирии», «На берегу Рио-Пьедра я села и заплакала», «Мактуб», «Пятая гора», «Книга воина света», «Вероника решает умереть», «Дьявол и сеньорита Прим», «Одиннадцать минут» атты танымал кітаптарының авторы. Оның кітаптары әлемнің 100-ден астам елдерінде жарияланған. П.Коэльо - ЮНЕСКО кеңесшісі, 1996 жылы Францияның мәдениет министрі Мәдениет пен Әдебиет Орденінің Кавалері атағын берді. 1999 жылы оған Францияның Үкіметі беретін Дүниежүзілік экономикалық қордың «Хрусталь наградасы» және Құрметті легион орденінің кавалер наградасы ұсынылды. Жыл сайын П.Коэльо өзінің авторлық қаламақысын өзінің атындағы қорға тапсырады. Бұл қор Рионың панасыз кедей балаларына және қорғаусыз қалған қарттарға көмектеседi. Сонымен бірге жазушы тағы да бразилия классиктерінің шығармаларын басқа тілге аударғанына және Бразилияның палеонтологиясын зерттеуде демеушісі болып табылады.

4 жыл бұрын (2007) Ресейде «Біздің мыңжылдықтағы адамдар» («Люди нашего тысячелетия») атты энциклопедия жарық көрді, оның беттерінің бірі «Қазақстан Алюминий» АҚ-ның президенті Ыбырақымов Алмасқа арналған. Кітапта танымал мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, мәдениет және өнер қызметкерлерінің өмірбаяндары жарияланған. Ыбырақымов Алмас «үшінші мыңжылдық адамдары» тізіміне Қазақстанның ең үздік кәсіпорынының басқарушысы ретінде кірді. Бір мезгілде павлодарлық кәсіпкерді озат қызметі үшін Стратегиялық басқару және есепке алудың халықаралық лигасының «Отандық кәсіпкерліктің тарихы» орталығы «Өзгерудің халықаралық орденімен» марапаттады.

3 жыл бұрын (2008) Петропавлда Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жастар кітапханасында Балалар кітабы апталығы аясында ресейлік жазушы Анатолий Ким аударған екі томдық «Абай жолы» кітабының таныстырылымы өтті.

Қазақ әдебиеті классигінің романының алғашқы аудармасын 1978 жылы бір топ ресейлік жазушылар жасаған болатын. Ал Анатолий Кимнің ұсынып отырған екі томдықтың жаңа нұсқасы Мұхтар Әуезовтің туғанына 110 жыл толуына орайластырылды. Тұсаукесер барысында атап өтілгендей, бірінші және екінші нұсқаның айырмашылығы жер мен көктей. Алғашқысында тапаралық тартысқа, ал екіншісінде Абай тұлғасының қалыптасуына баса назар аударылған.

70 жыл бұрын (1941) фашистік Германия мен Италия тарапынан әскери қауіп төніп тұрған жағдайда Мәскеуде КСРО мен Югославия арасында достастық және шабуыл жасамау жөнінде келісімге қол қойды.

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1936) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі АЙТБАЕВ Өмірзақ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті).

1959-1962 жылдары - «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 1962-1999 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер. 1995-1996 жылдары - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры. 1997-1998 жылдары - Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 1999 жылдан - «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.

1989 жылдан - «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан - бірінші президенті, 2004 жылдан - президенті.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

70 жыл бұрын (1941) экономика ғылымының докторы, Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Есеп және басқару» кафедрасының профессоры, Халықаралық білім және өндірісті ұйымдастыру Академиясының нақты мүшесі ТІЛЕУБЕРГЕН Мүбәрак Ахметуәлиұлы дүниеге келген.

Ақмола облысының Бұланды ауданында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Степногор қаласындағы Ақмола тау-кен комбинатында инженер болып жұмыс істеген. 1970-1991 жылдары - Қазақ КСР-і Ғылым Академиясының экономика институтында кіші, аға ғылыми қызметкер. 1991-2003 жылдары - ҚазМУ-дің «Экономика және менеджмент» кафедрасында доцент болды. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді. Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті докторлық диссертация кеңесінің мүшесі болып табылады.

80-нен аса мақаланың, соның ішінде басқа авторлармен бірге жазған 4 монографияның, жеке 2 монографияның, 2 әдістемелік нұсқаулықтың, 3 оқу-әдістемелік құралдың авторы.

«Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен марапатталған.

«Фразеологизмы и проблемы их перевода», «Становление и развитие казахской терминологии», «Термины и их переводы», «Казахское слово», «Основы казахской терминологии» атты кітаптарының және 320 ғылыми еңбектің авторы

СӘУІРДІҢ 6-Ы, СӘРСЕНБІ

Ресейде тергеу органдары қызметкерлерінің күні. 1963 жылғы сәуірдің 6-да КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен бастапқы тергеу құқығын КСРО Қоғамдағы тәртіпті қорғау министрлігіне тапсырылды. Кейін КСРО Ішкі істер министрлігі болып өзгертілді. Бұл Жарлық Ресей Федерациясы ішкі істер органдары тергеу аппараты ресми қызметінің бастапқысы болды.

ОҚИҒАЛАР

16 жыл бұрын (1995) Қарағанды қаласында белгілі ғалым Ебіней Арыстанұлы Бөкетов тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

Бөкетов Ебіней Арыстанұлы (1925-1983) - техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ тау-кен металлургия институтын және аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын аталмыш білім ордасында ассистент болып бастап, аға оқытушы, доцент, проректор қызметтерін атқарған. Қазақстан Ғылым академиясы Химия-металлургия институтының директоры, Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері түсті, асыл және сирек металдар металлургиясына, анорганикалық және физикалық химия салаларына арналған. Мыс-электролиттік шламдардан селен, теллур элементтерін бөліп алудың пиро- және гидрохимиялық әдістерін ұсынған. Д.Менделеевтің периодты жүйесіндегі химиялық элементтер анологтарының классификациясына түзетулер енгізген. Металлургиялық тотықсыздандырғыштар арқылы көмірді сутектендіру мүмкіндігін дәлелдеген. Жалпы ғалымның 100-ден астам ғылыми еңбегі, 50 өнертабысы, 10 патенті және 20-ға жуық авторлық куәлігі бар. Сонымен қатар Бөкетов қазақ, орыс тілдерінде әдеби шығармалар (публицистика, ғылым және мәдениет қайраткерлері жайлы естеліктер) жариялап, көркем аударма саласында С.Есениннің «Анна Снегина», В.Маяковскийдің «Қандала», «Жақсы» деп аталатын шығармаларын және И.Василенконың «Артемка» повесін, Э. Золяның әңгімелері мен мақалаларын, И.Вазовтың «Тепкіде» романын қазақшалаған. Қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қаласының бір көшесі Бөкетов есімімен аталады. Сондай-ақ ғұлама ғалым туралы жазушы М.Сәрсеке «Ебіней Бөкетов» атты кітап жазып шығарды.

10 жыл бұрын (2001) республикалық «Асар» жастар газетінің алғашқы саны жарық көрді.

6 жыл бұрын (2005) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы студенттері түсірген «Екі кішкентай шұжық» атты балалар фильмі Фридрих Вильхем Мюрнау атындағы жүлдені жеңіп алды.

Күшікке тамақ табу үшін бір кішкентай баланың ақша ұрлауы жайында түсірілген фильмге, аталмыш оқу орнының студенттері Әсет Иманғалиев пен Мәлік Беделбеков және танымал әртіс Ғазиза Әбденәбиева, сондай-ақ бірқатар қазақстандық және германиялық жастар қатысып, оған неміс режиссері Файт Хельмер режиссерлік етті.

4 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында академик Асқар Жұмаділдаевтің бүлдіршіндерге арналып жазылған танымдық-математикалық кітапшаларының таныстырылымы болды. Кітаптағы математикалық терминдер мен есептер қазақ тілінде тақпақ және халық ертегілерінің кейіпкерлері арқылы балаларға жеткізілген.

2 жыл бұрын (2009) қазақстанның танымал жазушысы Дүкенбай Досжанның «Мен өлгенде» деген кітабы жарық көрді. Кітапқа жазушының әр кезеңдегі жазылған «Қымыз», «Жел Арыстан жалы», «Жас келіншектің асуы», «Ақыл базарда сатылмайды», «Кішкентай Ягимус» және басқа да әңгімелері кірді.

1 жыл бұрын (2010) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сталиндік кезеңдегі Қазақстандық бірінші басшылар» деп аталатын туындының тұсаукесер рәсімі өтті.

Аталмыш кітаптың авторлары тарих ғылымдарының докторлары мен профессорлары Владислав Григорьев пен Ләйла Ахметова. Шығармада Сталин кезеңіндегі Қазақстанның бірінші тұлғалары туралы тарихшылар мен саясаткерлердің ой-толғанысы берілген. Әр бөлім, әр саясаткердің қызмет жолына арналған. Сондықтан бұл кітап саяси тарих жанрына жатқызылып отыр.

«Кітап 1924-1953 жылдарды қамтыған, сталиндік кезеңде Қазақстанды басқарған Филипп Голошекин, Левон Мирзоян, Николай Скворцов, Жұмабай Шаяхметов туралы көптеген мағлұматтарымен құнды. Өйткені, материалдардың 90 пайызы, бұған дейін еш жерде жарияланбаған жаңа деректер. Мен Мәскеудің кітапханалары мен мұрағаттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында зерттеу жүргізіп, жұмыс істедім. Біз ХХ-шы ғасырдың көшбасшылары туралы білуіміз керек, бұл біріншіден өз тарихымызды түгендеу үшін қажет», деді таныстырылым барысында Ләйла Ахметова.

Ғылыми еңбек студенттерге, педагогтарға, журналистерге, саясаткерлерге, әлеуметтанушыларға және ХХ ғасыр тарихы мәселелері қызықтыратын оқырмандарға арналған.

115 жыл бұрын (1896) сәуірдің 6-ы мен 15-і аралығында, Афинада қазіргі Олимпиада ойындары тұңғыш рет өтті.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1946) «Қазцинк» АҚ-ының кәсіподақ төрағасы ОМАРОВ Әбдіманап Сауытбайұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті), Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында ауысым бастығы, бөлімше бастығы болып жұмыс істеген. 1986-1987 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1987-1991 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің екінші хатшысы. 1991-1992 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасы. 1992-1993 және 1994-1995 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің бірінші орынбасары, орынбасары. 1993-1994 жылдары - «Цеолит» өндірістік-коммерциялық фирмасында басқарма төрағасы. 1995-1999 жылдары - «Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты» ААҚ бас директорының орынбасары. 1999 жылдың ақпанынан - «Қазцинк» АҚ жалпылама сауалдар жөніндегі директоры. Қазіргі қызметінде 2003 жылдың шілдесінен бастап істейді.

«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

45 жыл бұрын (1966) Атырау облысы Мақат ауданының әкімі РЫСҚАЛИЕВ Сырым Мұратұлы дүниеге келді.

Атырау облысы Махамбет ауданында туған. Қазақ ауылшаруашылығы институтын бітірген. Махамбет аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында бас агроном болып жұмыс істеген. 1999-2007 жылдары - Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, бөлім бастығы, Атырау облыстық ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары. 2007 жылы - Атырау облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары - Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008 жылы - Атырау облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2008 жылдың қарашасынан істейді.

СӘУІРДІҢ 7-І, БЕЙСЕНБІ

Дүниежүзілік денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық күні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы - ДДҰ-ның 1948 жылы құрылған күнінде атап өтіледі. Сол кезден бері әлемнің екі жүзге жуық мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болған.

Денсаулық күнін жыл сайын өткізу 1950 жылдан бастап дәстүрге айналды. Бұл күн адамдардың өз өмірлерінде денсаулықтың мәні қаншалықты зор екенін түсініп, бүкіл әлемде адамдар денсаулығын жақсара түсу мақсатында тиісті шешім қабылдаулары үшін өткізіледі. ДДҰ әр жылды медицинадағы аса көкейкесті мәселелердің біріне арнап отырады.

ДДҰ 2011 жылы Бүкіләлемдік денсаулық күні болашақ ұрпақтар үшін дәрілерді қорғау бойынша бүкіләлемдік науқанды өткізуге дайындалады.

2011 жылғы Бүкіләлемдік денсаулық күнінің тақырыбы - Микробтарға қарсы дәрілердің тұрақтылығы, - және ауру адамдарды емдеу үшін қолданылатын көптеген дәрілердің жаһандық таратылуы олардың сақталу тиімділігіне қауіп төндіреді, сонымен қатар, олар өлімге себепкер болған негізгі инфекцияларға қарсы күрескен түбегейлі жетістіктерді тәуекелге ұшыратады.

ОҚИҒАЛАР

11 жыл бұрын (2000) Душанбеде Ұжымдық қауiпсiздiк туралы келiсiм шарттың қатысушы елдері қауiпсiздiк кеңесi хатшыларының кездесуi болып өттi.

Кездесуде халықаралық терроризмға және экстремизмге қарсы, есірткі саудасымен күресу, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы келiсiм шартың әрі қарай жетiлдiру сұрақтары қарастырылды. Үйлестiрулер мен ынтымақтастық жүйелеуінің, әскери ынтымақтастық бағыттағы мақсатпен келісім шарттың қатысушы елдері қауіпсіздік кеңесі хатшыларының тұрақты жұмыс істейтін комитетін құру туралы шешім қабылданды.

11 жыл бұрын (2000) ақын Олжас Сүлейменовтің «Жазу тілі» кітабы жарық көрді.

6 жыл бұрын (2005) «Қазпошта» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік таңбаларды пошталық төлемге енгізді.

Бұл «Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануына 10 жыл» номиналы бір, екі, үш, сегіз, он теңге, және «А» литерасымен (Қазақстан Республикасының аумағындағы жер бетіндегі көлікпен 20 гр дейін жай хатты жіберу тарифының номиналы) номиналы 50 және 65 теңге стандартты пошта маркалары. Безендірушісі - Игорь Макиенко.

6 жыл бұрын (2005) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде қазақтың алғашқы кәсіби журналистикасы мен баспасөзінің негізін қалаушылар, Алаш ардақтылары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлының мүсін-барельефінің ашылу рәсімі өтті.

Сонымен қатар салтанатты жиында журналистика факультетінің мерейтойлық кітабы таныстырылады. Кітап факультет тарихына қатысты мұрағаттық құжаттар негізінде жазылды. Онда 1000-ға жуық фотосурет басылып, факультеттің бүгінгі тыныс-тіршілігі таныстырылған, әр жылдарғы түлектердің аты-жөні жарияланған.

3 жыл бұрын (2008) Павлодарда талантты спортсмен және педагог, Қазақстанның үздік жаттықтырушыларының бірі Батырбек Сейсенбаевқа арналған мемориальдық тақта орнатылды. КСРО-ның спорт шебері, бүкілодақтық дәрежедегі судьясы, жоғары дәрежедегі жаттықтырушы-оқытушы халықаралық класстағы төрт шеберді, дзюда, самбо және қазақша-күрес спорты бойынша жүзден астам шеберлерді дайындаған. Ол өзінің шәкірттеріне спорттағы жетістіктерімен және еңбекқорлығымен үлгі болды.

Батырбек Сейсенбаевтың жігерлігінің және оның шәкірттерінің халықаралық спорт алаңдарындағы нәтижелерінің арқасында, 1985 жылы Павлодарда дзюдо күресі бойынша «Батыр» Олимпиадалық қордың мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ашылды. Б.Сейсенбаев дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан жоғары жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, оған «Қазақ КСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы», «КСРО дене шынықтыру саласының еңбек сіңірген қызметкері» атағы берілді.

3 жыл бұрын (2008) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2001 жылғы маусымның 15-сінде Шанхай қаласында (Қытай Халық Республикасы) қол қойылған Лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенцияға өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасындағы азаматтардың өзара жүріс-тұрысы жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

2 жыл бұрын (2009) Астанада 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің 17 жауынгеріне арналған Еске алу аллеясы ашылды.

Осыдан он төрт жыл бұрын Тәжікстан тауларында әскери қызмет бабындағы Қазақстанның Ішкі әскер ротасы тұтқиылдан тап берген лаңкестердің шабуылына ұшыраған болатын. Олардың қазақстандық ротаны тез арада жоямыз деген жоспары іске аспай, керісінше кері шегінулеріне тура келген. Алайда шайқас 17 жауынгердің өмірін қиып кетті. Жаңадан ашылған аллея алдында 17 жауынгердің туған-туысқандары, әскер қатарында бірге сап түзеген жолдастары, қала тұрғындары жиналып, жаңадан отырғызылған 17 ағаштың түбіне гүл шоқтарын қойды.

2 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі, Қарағанды қаласының №78 орта мектебінің мұғалімі Мағрифа Кәрібекова космонавтиканы насихаттаған үшін Юрий Гагаринің медалімен марапатталды.

Награданы космонавтика Федерациясының атынан Ресей Федерациясының Федеральды аэронавигациялық қызметінің басшысы Александр Пузанов табыс етті.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунге бірінші дәрежелі «Достық» ордені жаһандық деңгейдегі бейбітшілікті, әлеуметтік әділеттілікті және тұрақты дамуды ілгерлетуге айырықша үлес қосқаны үшін берілгенін атап көрсетті.

1 жыл бұрын (2010) Ақордада Қазақстан мен Украина арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен Виктор Янукович бірлескен мәлімдемеге, сондай-ақ Қазақстан мен Украина арасындағы 2010-2011 жылдарға арналған «Жол картасы - 3» іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Сондай-ақ Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Украинаның Сыртқы істер министрі Константин Гришенко 2000 жылғы мамырдың 19-ындағы Қазақстан Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинеті арасындағы «Азаматтардың өзара сапарлары туралы» келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951-2009) мемлекет қайраткері, инженер- құрылысшы АХМЕТОВ Қасымхан Қаскенұлы дүниеге келді.

Алматы облысында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

1968 жылы еңбек жолын кеңшарда балықшы болып бастаған. 1974-1975 жылдары - Жезқазған кен металлургия комбинаты Батыс руднигі учаскенің электродәнекершісі, энергетигі. 1976-1979 жылдары - Никольский қалалық комитетінің хатшысы, бөлім меңгерушісі, ЛКЖО Ағадыр аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1979-1985 жылдары - Жезқазған облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1985-1986 жылдары - Жезқазған облыстық халық қызмет көрсету басқармасы. 1986-1991 жылдары - Жезқазған облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі, екінші хатшысы. 1991-1994 жылдары - Жезқазған мемлекеттік меншік жөніндегі аумақтық комитетінің төрағасы, Жезқазған облыстық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің экономикалық реформалау бойынша экономиканы дамыту және жекешелендіру дайындық комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас инспекторы. 1995-1997 жылдары - аким Алатауского района города Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі. 1997-2003 жылдары - аким города Балхаша Карагандинской области. В 2003-2007 жылдары - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімі, «Қазақмыс корпорациясы» Балхашцветмет»өндірістік бірлестігінің бас директорының орынбасары, кеңесшісі. 2007-2009 жылдары - генеральный представитель ТОО «ГМК «Нұрдаулет»КМК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас өкілі қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13 -ші шақырылымының депутаты болған.

Көптеген медальдармен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.

50 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының халықаралық қатынастардың кешенді проблемалары бөлімінің бастығы, тарих ғылымының докторы, профессор МЕҢДІҚҰЛОВА Гүлнар Малбағарқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) және оның аспирантурасын бітірген. Алматы архитектура-құрылыс институтында ассистент, мұғалім болып жұмыс істеген. 1990-2005 жылдары - Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ғылыми-ақпарат бөлімінің ғылыми қызметкері, аға, жетекші ғылыми қызметкері, бөлім бастығы. 2002-2003 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. 2002-2004 жылдары - Дінмұхаммед Қонаев атындағы университеттің тарихи тәртіп кафедрасының меңгерушісі. Қазіргі қызметінде 2005 жылдың маусымынан бастап істейді. Сондай-ақ 2005 жылдан бастап Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрамындағы Диаспора орталығының директоры болып қызмет атқарады.

Негізі жұмысымен қатар ғалым халықаралық конференцияларға қатысып, АҚШ-тың Индиана, Миннесот университеттерінде, Ұлыбританияның Оксфорд университетінде, Түркияның, Польшаның, Канаданың бірқатар университеттерінде дәріс оқиды.

100-ден аса ғылыми еңбектің авторы.

СӘУІРДІҢ 8-І, ЖҰМА

Халықаралық сығандар күні. 1971 жылдың 8-ші сәуірінде бірінші Бүкілдүниежүзілік сығандар конгресі өткізілді. Осы конгресте Бүкілдүниежүзілік сығандар одағы құрылып, әнұраны мен туы қабылданды.

Сыған туралы алғашқы естеліктер 1501 жылы сыған таборының көсемі Васильдің Литва князі Александр Казимировичтен күзет грамотасын алған кезден бастау алады. Бүгінгі таңда аталмыш мереке ірі сыған ұйымдары бар 60-қа жуық елде жыл сайын атап өтіледі.

Халықаралық тайцзи және цигун күні (имунитетті күшейтуге арналған көне қытайлық жаттығулар жүйесі). Тайцзи и цигун - дем алу мен иммунитетті реттеуге арналған ежелгеқытайлық жаттығулар жүйесі. Бұл күні дәстүр бойынша көпшілікке көрінетін жаттығулар өткізіледі.

ОҚИҒАЛАР

12 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен Ақмола облысының әкімшілік орталығы Астана қаласынан Көкшетау қаласына көшірілді.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің «Тәуелсіз Қазақстанның монеталары» атты тұңғыш фото көрмесі болып өтті. Көрмеге қойылған жәдігерлердің қатарында «Қызыл кітап», «Номадтар алтыны», «Тарихи-сәулет ескерткіштері», «Қазақстанның қызыл кітабы», «Спорт», «Көке Түркістан» сериялары бойынша шыққан монеталардың суреттері бар.

6 жыл бұрын (2005) Алматыда Халықаралық экономика мектебінің және әлеуметтік ғылымының (ХЭМ) тұсау кесер рәсімі өтті. Бұл мектеп Қазақстан-Британдық университетiнің бөлiгi болып табылады.

3 жыл бұрын (2008) Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде «Ресейдегі қазақтар» кітабының таныстырылымы өтті. Хронологиялық қағида бойынша құрастырылған екі томдық жинаққа 600-ден астам өмірбаяндық анықтамалар енгізіліп отыр. Мұрағат материалдарына, анықтамалық-энциклопедиялық әдебиеттерге, жеке сауалдарға негізделген бұл кітапта әр жылдары Ресейде тұрған, сондай-ақ қазір де сонда тіршілік кешіп жатқан ұлты қазақ айрықша тұлғалар таныстырылады. Кітап нақты бір адамның тағдыры арқылы жаңа дәуірде Қазақстан мен Ресей аумақтарында орын алған тарихи және көші-қон үдерістерін қадағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған үдерістердің барысында Ресейде қомақты қазақ диаспорасы қалыптасып, бүгінде онда 1 миллионнан астам қазақ тұрып жатыр.

3 жыл бұрын (2008) Ақтөбеде АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Джон Ордвейдің қатысуымен республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың филиалында американдықтардың бұрышы ашылды.

Американдық дипломат өз сөзінде Ақтөбеде ашылып отырған бұл орталықтың маңызына тоқталды. «Американдық бұрыштардың 10 жылға жуық тарихы бар. Олар алғаш рет Ресейде ашылған болатын», - деді ол. АҚШ-тың тарихы, ғылымы, мәдениеті туралы ақпараттық және жалпытанымдық жұмыстарды жүргізу үшін ең жақсы әріптес ретінде кітапханалар таңдап алынды. Джон Ордвейдің сөзіне қарағанда, «кітапханалардың есігі халық үшін әрқашан ашық болумен қатар, кітапхана қызметкерлерінің өзі кәсіби және тиімді қатынастарды орнатады». Кітапханадағы американдық бұрышта оқырмандарға Америка Құрама Штаттары туралы ағымдағы ақпараттар ұсынылады және олар волонтерлердің, АҚШ-тан келген қонақтардың қатысуымен түрлі іс-шаралар, АҚШ-қа қатысты баяндамалар, семинарлар және көрмелер өткізудің орталығына айналады.

Американдық бұрышқа елшілік 350 кітапты, түрлі құжатты және көркем фильмдерді сыйға тартқан. Сондай-ақ бұл жерде интернет қызметі, компьютерлер, виртуальды дерекқорлар және т.б. ақысыз ұсынылады.

3 жыл бұрын (2008) Қазақстанда Ұлттық бюджеттік желі құрылды. Жаңа құрылымның мақсаты - бюджеттік үдерістің ашықтығын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету. Осы бағытта қоғамның мемлекеттік бюджетті жоспарлау, құру, орындау, бақылау ісіне жанама түрде қатысуына қол жеткізуді және бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігін жақсартуды көздеп отыр.

2 жыл бұрын (2009) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Халықаралық жас физиктер «Космос, ядра, наука и нанотехнологии» мектебі ашылды.

Ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне лаңкестікке қарсы күрес мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Заң лаңкестікке қарсы шаралардың жүйесін құрудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып, лаңкестікке қарсы күресудің құқықтық негіздерін жетілдіруге, лаңкестікке қарсы қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған.

1 жыл бұрын (2010) «Қазақстан Республикасы мен Француз Республикасының арасындағы стратегиялық серіктестік туралы шартты ратификациялау туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің терроризмге қарсы бірлескен оқу-жатығуларын ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке бағыттауды қарастырған «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қатар жарық көрген «Абайдың қарасөздері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Абай еңбегін орыс тіліне аударған қазақтың атақты аудармашысы Клара Серікбаева. Ол Шәкәрім, Әуезов, Аймауытов сынды ұлылардың шығармаларын орыс тіліне, шығыс ғұламаларының еңбектерін қазақ тілі мен орыс тіліне аударған. Ал, ағылшын тіліне аудармашыны біз ұзақ іздедік. Өйткені, ұлы Абайдың шығармасы қазақ халқының рухани мәдениетінің шыңы болып табылады. Сондықтан біз, ең жақсы аудармашы-ақынды іздедік. Біздің сұрауымызбен, Абай еңбегін менің Англиядағы досым, түркітанушы Ричард Маккейн аударды. Ол орыстың ұлы ақындарының шығармаларын ағылшын тіліне айдарған аудармашы- ақын», деді «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігінің президенті, жазушы Роллан Сейсенбаев.

Кітапты шығарудағы басты мақсат - қазақтың ұлы ақыны Абайдың шығармаларын әлемге таныстыру.

Аталмыш кітапты «Халықаралық Абай клубы» қоғамдық бірлестігі 4000 данамен шығарды.

1 жыл бұрын (2010) Атыраудағы «Каспиймұнайгаз» ғылыми-зерттеу институтында жер қыртысы жағдайындағы керндік материалдарды зерттеуге арналған петрофизикалық зертхана жұмысқа кірісті.

Бұл зертхана аймақтың жер қойнауын пайдаланушылары мұнайлы кен орындарының өнімді қыртыстарын, соның ішінде қазып алынған керндік материалды да тиісті зерттеулерін шұғыл әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік беретін бірегей жабдықпен жарақтандырылған. Бұрын жер қыртысының өнімділігі деңгейін, мұнай жатқан жер тереңдігін айқындап беретін мұндай зерттеулер шет елдерде жүргізетін еді. Енді соның бәрін өз елімізде жасауға тамаша мүмкіндік туды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының көрме залында белгілі ғалым, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің құжаттық жеке қорының ашылу рәсімі өтті.

Құжаттық жеке қорда 1961-2009 жылдар аралығында жазылған 700 жуық хаттар жинақталған. Соның ішінде көрмеде Әлкей Марғұлан, Мәлік Ғабдуллин, Лев Гумилев, Ғабит Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов, Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, Оралхан Бөкей, Жомарт Әбдіхалық, Иманғали Тасмағамбетов сынды мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, ақын-жазушылардан, әріптестерінен келген 20-ға жуық хаттар орын алған.

Ақселеу Сейдімбек 1942 жылғы желтоқсанның 12-сі күні Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының Байдалы би ауылында дүниеге келді. Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған соң «Лениншіл жас», «Орталық Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Зерде» журналы мен «Әлем» альманағында жұмыс істеді. Одан кейін Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Қолжазба бөлімінің меңгерушісі, Ыбырай Алтынсарин атындағы білім институтының директоры, Қазақ Білім академиясының президенті, Қазақстан Республикасы Президенттік Мәдени орталығы директорының ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Ғалым-этнограф 2000 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің професоры болып еңбек етті. Ақселеу Сейдімбек 2009 жылғы қыркүйектің 16-сы күні дүниеден озды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен Кембридж (Ұлыбритания) университетінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ғылыми-зерттеу қызметтерін бірге өткізу, Академия қызметкерлері мен тыңдаушыларына Кембридж университетінде стажировкалар өткізу, екі жақтың ынтымақтастығы мемлекеттік қызметкерлерді дайындау жөнінде құжатта қаралған. Бірлескен сертификациаланған бағдарлама жұмыстары бөлек қарастырылған. Кембридж университетімен серіктестік Академияның халықаралық қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге көтереді. Лайықты 2 және 14 орын алатын Беркли және Дьюк (АҚШ) университеті, Times Higher Education болжамы бойынша вуздардың дүниежүзілік рейтингінде Лондондық экономика мектебі 5 орын - Академияның басқа да серіктестіктерінің арасында дүниежүзілік отыздық тобы көрсетілген.

245 жыл бұрын (1766) АҚШ-та өрт сөндіру баспалдағына патент берілді.

ЕСІМДЕР

45 жыл бұрын (1966) Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары МУСРАЛИМОВА Айна Ермекқызы дүниеге келді

Ақмола облысында туған. Ебней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унверситетін бітірген. Еңбек жолын Бостандық кеңшарының астық өңдеу орталығында жұмысшыдан бастаған. 1992-1994 жылдары - Көкшетау қаласындағы № 19 орта мектебінің мұғалімі, Көкшетау облыстық кәсіподақ кеңесі жанындағы «Тұлпар» кіші кәсіпорының нұсқаушы-әдіскері, Ленинград ауданы «Қызылту» кеңшарының орта мектебінің мұғалімі, Көкшетау облыстық кәсіподақ кеңесі жанындағы «Тұлпар» кіші кәсіпорының істерді жүргізу жұмыстарының меңгерушісі. 1994-2002 жылдары - Көкшетау қалалық әкімшілігі Тілдер басқармасының бас маманы, Көкшетау қалалық әкімшілігінің әлеуметтік салалар жөніндегі бас маманы, Көкшетау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бас маманы, Ақмола облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Бұқаралық ақпарат құралдары жіне тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. 2002-2005 жылдары - Ақмола облысы әкімі аппараты әлеуметтік сала және ішкі саясат бөлімінің бас маманы, меңгерушісі. 2005-2008 жылдары - Ақмола облысы ішкі саясат департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдың сәуір айынан бастап - қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл», «10 лет Агентству Республики Казахстан по делам государственной службы» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

СӘУІРДІҢ 9-Ы, СЕНБІ

Микаэль Агриколаның күні (Фин тілінің күні). Ұлы фин ағартушысы Микаэль Агрикола жазбаша фин тілін жасауға өзінің зор үлесін қосқан. Соның құрметіне 9 сәуірде Финляндияда мемлекеттік байрақ көтеріледі.

ОҚИҒАЛАР

141 жыл бұрын (1870) Маңғыстаудағы Иса-Досан көтерілісін басып-жаншуға Дағыстаннан жазалаушы отряд келіп жетті. Көтерілісшілер Александровск (қазіргі Форт-Шевченко) бекінісін тастап, кері шегінуге мәжбүр болды.

11 жыл бұрын (2000) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Баку қаласында өткен «Китаби дәдә Коркут» эпосының 1300 жылдығына арналған мерекелік мәжіліске қатысып, сөз сөйледі.

4 жыл бұрын (2007) Павлодар облысы ардагерлер кеңесінің «Біздің өмірбаянымыз. 1987-2007 жылдар» (Вехи нашей биографии. 1987-2007») атты деректі кітабы жарық көрді.

Ардагерлер қозғалысының 20 жылдығына арналған бұл кітапта Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, тыл игерушілерінің қираған ауыл шаруашылығын қалпына келтірген, тың көтерген, қалалар мен зауыттарды салғандары туралы естеліктері кірген.

3 жыл бұрын (2008) атақты әнші және музыкант Боб Дилан «таза поэтикалық күші бар лирикалық композициялары үшін» Пулитцер сыйлығын алды.

«Вашингтон пост» газеті «Қоғамға қызмет ету», «Өзекті жаңалықтар», «Ұлттық репортаж», «Халықаралық репортаж», «Тақырыптық мақала» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды. Сондай-ақ уытты қытайлық ойыншықтар туралы мақалалар сериясын жариялаған «Нью-Йорк таймс» және «Чикаго трибюн» журналистері де сыйлық лауреаттары атанды. Қазылар алқасы Мьянмадағы шеруді қуып тарқату кезінде өлтірілген жапон журналисі бейнеленген суретті жариялаған «Рейтер» агенттігінің фоторепортажын да атап өтті. Шыққан тегі мажарлық газет магнаты Джозеф Пулитцердің сыйлығын Колумбия университетінің құрылтайшылары 1917 жылдан бері табыс етіп келеді. Оның көлемі 10 мың АҚШ доллары.

2 жыл бұрын (2009) Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында битум өндіретін зауыт іске қосылды.

1 жыл бұрын (2010) Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық аурухана базасы жанында аймақтағы бірінші экстракорпаральды ұрықтандыру орталығы ашылды.

Экстракорпаральды ұрықтандыру орталығы заманауи қымбат жабдықтармен жабдықталған. Бұл жерде СО2 инкубаторы, ламинирленген Virolab фирмасының сөрелері, микроманипулятор, микроскоп және басқа да жабдықтар бар. Жұмысқа экстракорпаральды ұрықтандыру орталығының репродуктолог, эмбриолог дәрігерлері - Мәскеуде акушерлік сала, гинекология және босанғанға дейінгі Ғылыми орталығының базасында және Самарадағы Карнауха дәрігерінің инкубаторында мамандандырудан өтті. Бүгінгі кезде облыстық клиникалық ауруханасында баланы көтере алмау және ұрықсыздық мәселесін эндокриннің бұзылуын анықтауға көмектесетін гормоналдық тексерулер жүргізеді.

1 жыл бұрын (2010) Астана мен Праганың прокурорлары бірлескен қимылдар жөніндегі хаттамаға қол қойды. Қазақстанға Чехия Республикасының Бас прокуроры Рената Весецканың ресми сапарының аясында ұйымдастырылып отырған шара.

Жүздесу барысында қылмыспен күрес және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды бірлесіп жүзеге асыру мақсатында Астана мен Прага қаласының прокурорлары арасында ынтымақтастық пен түсіністік жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Аталмыш құжат қол қойылғаннан бастап күшіне енеді және ол 5 жылға дейін күшінде болады. Құжат талаптарына сәйкес тараптар трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, қылмыспен табылған қаржыны заңдастыру бағытындағы қылмыстарды іздестіру барысында екіжақты өзара көмек көрсететін болады. Сондай-ақ екі елдің прокурорлары тәжірибе мен ақпарат алмасады.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дамушы және нашар дамыған елдерден келетін тауарлардың шыққан жерін анықтау ережелері туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын декларациялау тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

1 жыл бұрын (2010) Мәскеуде Балалардың «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының президенті Сара Назарбаева өскелең ұрпақты адами-рухани тәрбиелеу, ана мен баланы қорғау ісіне қосқан үлесі үшін гуманитарлық қызмет саласындағы «Достастық Жұлдызы» сыйлығымен марапатталды.

Сыйлықты ТМД елдерінің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қоры тағайындады.

«Достастық Жұлдызы» сыйлығы 2008 жылы тағайындалды. Ол жыл сайын үш аталым бойынша: білім және ғылым саласындағы, мәдениет және өнер саласындағы, сондай-ақ гуманитарлық саладағы жетістіктер үшін тоғыз лауреатқа табыс етіледі.

1 жыл бұрын (2010) Алматыда №5572 әскери бөлімінде тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан ішкі әскер жауынгерлеріне арналған Ескерткіш аллеясы ашылды.

1993-1999 жылдары жедел белгіленген Ішкі әскерлер Қазақстан Республикасының бөлек ерікті атқыштар батальонының құрамымен бірге тәжік-ауған шекарасында екі мыңнан аса жауынгер өздерінің міндеттерін орындаған. 1995 жылғы сәуірдің 7-сі тарихтағы қайғылы күн болды. Сол кезде Тәжікстанның Пшихавр шатқалында іргелес жақтың жауынгерлік күштері басым, тең емес қақтығыс басталды. Төрт сағатқа созылған қақтығыс 17 қазақстандық жауынгердің өмірін жалмады. Олар өздерінің әскери міндеттерін орындады, әскери антқа өз өмірлерінің құнымен сенімді болып қалды.

Бұл күн Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскер бөлімінде батырларды еске алу күні болып саналады.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1941) эстрада және цирк әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ҚАБИҒОЖИНА Сара Оқапқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы эстрада-цирк студиясын, Мәскеу эстрада өнерінің бүкілодақтық шығармашылық шеберханасын бітірген. Өнер жолын Қазақконцертте көркемсөз оқудан бастаған. Кейінірек жұбайы Сұлтанғали Шүкіровпен бірге көзбайлаушы-иллюзионистік жанрды меңгеріп, шеберлігін арттыра түскен. 1978 жылы Карловы-Вари мен Парижде, Брюссельде өткен бүкілдүниежүзі көзбайлаушы-иллюзионистерінің байқауларында «Неткен ғажап бұл әлем» атты (музыкасы Давид Тухмановтікі) эстрадалық-цирк композициясымен Бас жүлдені жеңіп алды. Сондай-ақ 1978 жылы Гаванада өткен Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік 11-фестивалінің және Бүкілодақтық Ленин Комсомолы сыйлығының иегері атанды.

СӘУІРДІҢ 10-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Нидерландыда мұражайлар күні. Амстердам - әлемдегі ең iрi көркем мұражай орталықтарының бiрi. Нидерландыда жыл сайын сәуірдің екінші демалысында Мұражайлар күнін атап өтеді.

ОҚИҒАЛАР

19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының орталығы Бурное селосына Бауыржан Момышұлының есімі берілді.

15 жыл бұрын (1996) Алматы қаласында Еуропа комиссиясы өкілдігінің ресми ашылу рәсімі өтті.

9 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасының аумағында «Косманавтика күні» сериясының екі пошта маркасы айналымға түсті, «Алғашқы рет әлемде кеме бортындағы ғарыш саяхаттанушысы бар халықаралық ұшу» тақырыбына арналған.

2002 жылғы сәуірдің 8-і мен 12-і аралығында Алматыға әлемдегі алғашқы ғарыш-саяхатшысы Дэннис Тито сапармен келді, маркалардың салтанатты рәсіміне қатысуға ниет білдірді.

Бірінші марка: «Союз ТМ-32» экипажы ғарышкер-ұшқыш Талғат Мұсабаев және бортинженер Юрий Батурин мен Денис Тито бейнеленген түрлі-түсті сурет. Марканың сол жақтағы астыңғы бұрышында «Союз ТМ-32» кемесінің эмблемасы және барлық ғарышкерлердің фамилиясы бейнеленген.

Екінші марка: Марканың ортасында Жер планетасы және Қазақстаның, Ресейдің және АҚШ-тың желбіреген байрағы.

Бірінші пошта маркасының номиналы - 30 теңге, таралымы - 100 000 дана; екінші пошта маркасының номиналы - 70 теңге, таралымы - 100 000 дана.

5 жыл бұрын (2006) Жамбыл облысы Қаратау қаласындажаңа саябақтың ургетасы қаланды. Жаңа саябаққа «Наурыз» аты берілді, аумағы 7 гектарға жуық жерді алып жатыр. Оның іргетасын қалауда Қаратау қаласының тұрғындары, бірқатар мекемелер мен кәсіпорындар ат салысты.

5 жыл бұрын (2006) Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің қолдауымен БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Семей аймағының құрбандықтарына арналған Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның «Мәңгілік қасірет» кітабы мен белгілі актриса Кимберли Джозеф фотокөрмесінің таныстырылымы өтті. Бас Ассамблеяның 60-шы сессиясында қабылданған «Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстанның Семей аймағы халқын, экологиясын және экономикасын сауықтыру масатындағы қызметтерді үйлестіру» қарарын бірауыздан қолдағандары үшін БҰҰ-ға мүше елдерге алғыс білдірген Қазақстан өкілдігін басшысы Ержан Қазыханов, шетелдік және халықаралық ұйымдардың, атап айтқанда, БҰҰ Даму бағдарламасының, USAID агенттігінің, Еурокомиссияның және Жапония, Ұлыбритания, Канада, Италия, Швейцария үкіметтерінің тікелей қатысуымен Семей аймағында жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобаларға тоқталып өтті. Еуропарламенттің шотландтық депутаты Струан Стивенсон Кеңес Одағы кезінде ядролық қаруды сынаудан зардап шеккендер туралы кітап жазып, сол үшін әлем қауымдастығының ілтипатына және 50 мың доллар сыйлыққа ие болған. Еуропарламент депутаты осы сыйақысын Семейдің онкологиялық емханасына аударғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Қазақстанда, оның ішінде Семей аймағында бірнеше рет болған С.Стивенсон мырзаға полигон проблемасына деген тұрақты қамқорлығы үшін «Семейдің құрметті азаматы» атағы берілген.

3 жыл бұрын (2008) Ұлттық банктің орталық филиалына «2008 жылғы Олимпиада ойындары» сериясының коллекциялық шақасы келіп түсті. «Бесайыс» шақасы 925-ші пробалы күмістен жасалған, салмағы - 31,1 грамм, номиналы - 100 теңге. Дайындалу сапасы - proof. Шақаның аверсінде Қазақстанның елтаңбасы, футбол стадионы бейнеленсе, реверс бетінде бес спорттық ойынның көрінісі мен ойындар өткізілетін жылды білдіретін «2008» деген сандар бейнеленген. Шақаның құны - 5 мың теңге.

2 жыл бұрын (2009) Киевте Қазақстан Республикасының Елшілігінде қазақтың танымал ақыны және жазушысы Олжас Сүлейменовтың украин тіліне аударылған «Тарихқа дейінгі түркілер» кітабының таныстырылымы болып өтті.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Атомдық энергия институты директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы атом саласына еңбек сіңірген қызметкер ТӘЖІБАЕВА Ирина Лашқарқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Қазақ ұлттық университетінде инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерішісі, доцент болып қызмет атқарған. 1992-2000 жылдары - Қазақ ұлттық университеті Эксперименталды және теориялық физика Ғылыми-зерттеу институтында ғылыми хатшы, директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарған. 2002-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан бастап істейді.

230-дан аса ғылыми жұмыстың авторы.

55 жыл бұрын (1956) «Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының президенті, әскери ғылымдар кандидаты, доцент, полковник ДУБОВЦЕВ Георгий Федорович дүниеге келді.

Свердлов Суворов училищесін, Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищені, М.Фрунзе атындағы әскери академиясын бітірген. 1991-1995 жылдары - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінде курсанттар батальоны командирі, мұғалім. 1995-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы күштер Бас штабы департаменті бастығының орынбасары, бөлім бастығы, аға офицер, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-ғылыми орталығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штаб бастығы комитеті Сараптама орталығының бастығы, Әуе қорғанысы күштері бас штабы бастығының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің бастығы. 2009 жылдың қазанынан - вице-президент, қарашасынан - қазіргі қызметінде.

50-ден аса ғылыми мақаланың авторы.