ҚазАқпарат-Анонс: 2011 жылғы 5-7 наурыз аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ЕЛБАСЫ
5 наурызда Тәуелсіздік сарайында Қазақстан әйелдерінің съезі өтеді . Съезге Елбасы Н.Назарбаев қатысып, алғысөз сөйлейді.
ҚОҒАМ
3 наурыз бен 3 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді.
АСТАНА
5 наурызда Астанада Қазақстан әйелдерінің съезі өтеді
5-6 наурыз күндері Астанада Қазақстанның 10-шы Ашық қысқы арнайы олимпиадасы өтеді.
5 наурызда «Дәулет» спорт кешенінде ерлер, әйелдер және жасөспірімдер арасында кекушинкай каратэден «ТМД кубогы» IV халықаралық турнирі өтеді.
Астанада 14-15 наурызда «Қазақстан мен ТМД елдеріндегі исламдық қор нарығының дамуы» деген тақырыппен ІІ қазақстандық исламдық қаржыландыру конференциясы өтеді
АЛМАТЫ
5 наурызда Спорт сарайында Қазақстан мұсылмандарының Дін басқармасының ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі тойланады.
5 наурызда Орталық мемлекеттік мұражайда қолөнер туындыларының дәстүрлі «Жауқазындар уақыты» Орталықазиялық көрме-жәрмеңкесі өтеді.
5 наурызда Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтеді.
5 наурызда «Цезарь» кинотеатрында «Әлем азаматы» деректі фильмінің көрсетілімі болады.
5 наурызда Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде қазақтың тұңғыш «Ер Төстік» балалар балетінің премьерасы өтеді.
АЙМАҚ
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
5 наурызда Павлодарда қыз-келіншектерге арналған мерекелік концерт болады
ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР.
НАУРЫЗДЫҢ 5-І, СЕНБІ
Әзірбайжанда дене шынықтыру және спорт күні. Әзірбайжан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен бекітілді. Жыл сайын атап өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
65 жыл бұрын (1946) Миссури штатындағы Фултон қаласында Уинстон Черчилль сөз сөйлеп, «Балтикадағы Щециннен Адриатикадағы Триестке дейін Еуропаның үстінен темір шымылдық жабылды», деді. Содан бері «темір шымылдық» тіркесі тоталитаризмнің балама атауы ретінде қолданысқа еніп кетті.
3 жыл бұрын (2008) «Қазақстан» телеарнасының тарихына арналған кітаптар жарық көрді.
Қазақ теледидарының дәуірі 1958 жылдың 8 наурызынан басталады. Дәл сол күні телеарна хабар тарата бастаған.
Оның тарихынан сыр шертетін үш бірдей кітаптың тұсауы кесілді. 1958 жылы 5 сағаттық бағдарламамен эфирге шыққан телеқұрылым бүгінде бағдарламасының 80 пайызын қазақ тілінде көрсетеді. Республика халықтың 93,05 пайызына телехабар, ал 80,17 пайызына радио хабарын тарататын еліміздің бас арнасы деңгейіне көтерілді. Құдайберген Тұрсынның «Қазақ теледидары», Қайнар Олжайдың құрастыруымен жарық көрген «Ұлттық арна ұлағаты», Ұлбосын Айтөленнің «Әріптестерім менің» атты туындыларында бағдарламалардың тарихынан, көрермен көңілінен орын алған Сағат Әшімбаев, Нели Омарова, Ләзиза Аймашева, Ласкер Сейітов сияқты тұлғалардың өмірінен сыр шертіледі.
1 жыл бұрын (2010) Palgrave Macmillan баспасы Анюшэ Ансари менХомер Хикэмнің «Жұлдыздар туралы арманым: Иран қызынан ғарыш пионеріне дейін» (My Dream of Stars: From Daughter of Iran to Space Pioneer) атты кітабын басып шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, құрамына Михаил Тюрин, Майкл Лопес-Алегриа және Анюшэ Ансари кірген «Союз ТМА-9» ғарыш кемесінің экипажы 2006 жылы қыркүйектің 18-інде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған болатын. Шыққан тегі ирандық американдық Анюшэ Ансари ханым сөйтіп ғарышқа ұшқан алғашқы турист әйел және ғарышта болған алғашқы ирандық атанды. Халықаралық ғарыш стансысында болған сегіз күнде Ансари бірнеше ғылыми тәжірибе жасады. Ол сондай-ақ ғарыш сапары кезінде өз блогын жүргізген алғашқы адам болды.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1916-1989) Қазақ КСР Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, доценті ЖҰМАҒАЛИЕВ Бижан дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында туған. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогоикалық институтын, Жоғары партия мектебін бітірген.
1941-1942 жылдары - орта мектеп директоры. 1942-1943 жылдары - Фурманов педагогикалық училищесінің директоры. 1943-1945 жылдары - Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы. 1945-1948 жылдары - Қазақстан коммунисттік партиясы Орталық комитетінің дәріскері. 1948-1952 жылдары - Қазақстан коммунисттік партиясы Орталық комитеті жанындағы Республикалық партия мектебі директорының орынбасары. 1952-1989 жылдары - Алматы жоғары партия мектебінің тарих кафедрасының меңгерушісі, деканы, доценті, проректоры қызметтерін атқарған.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрметті грамоталарымен марапатталған.
«Развитие КПСС марксистско-ленинского учения о партии» атты кітабының авторы.
55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабтар бастықтары Комитеті төрағасының орынбасары, Генерал-майор ӘЛІМОВ Руслан Сәдуақасұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Благовещенск қаласындағы жоғары командалық танк училищесі, Әскери академиясын, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген.
1977-1986 жылдары - танк взводының, ротасының, батальонының комадирі. 1986-1989 жылдары - Әскери академиясының тыңдаушысы. 1989-1993 жылдары - Штаб бастығы- танк полкі командирінің орынбасары. 1993-1995 жылдары - мотоатқыштар полкінің командирі. 1995-1999 жылдары - Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясынның тыңдаушысы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жедел қимылдау департаменті бастығының орынбасары. 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жетекшісінің қарамағында болды. 2002-2004 жылдары - Штаб бастығы - «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары. 2004-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабтар бастықтары Комитетінің жедел
қимылдау департаментінің бастығы, бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2009 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
ІІ дәрежелі «Айбын», «Даңқ» ордендерімен және 8 медальдармен марапатталған.
40 жыл бұрын (1971) «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары ОСПАНОВ Нұрлан Елеусізұлы дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
1993-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жетекші маманы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия басқармасы бастығының орынбасары. 1996-1997 жылдары - «Терминал» ақпараттық-талдау орталығының директоры. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі басқармасының бастығы. 1998-1999 жылдары - Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржы департаментінің директоры. 2004-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық қатынастар департаментінің директоры. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті төрағасының орынбасары. 2007 жылдың мамырынан бастап 2007 жылдың қазанына дейін - «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ Қаржы жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдың қазанынан бастап - қазіргі қызметінде. «ҚазМақта» АҚ директор кеңесінің төрағасы.
НАУРЫЗДЫҢ 6-Ы, ЖЕКСЕНБІ
Балалардың теледидары мен радиохабарларының халықаралық күні. Бұл мерекелі күнді Каннда 1994 жылы сәуірде БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілдері жариялады. Сол кезден бастап жыл сайын наурыздың алғашқы жексебісін дүниежүзінің барлық теледидар және радиокомпанияларының жүргізушілері эфир уақытын балаларға және балалар бағдарламаларына ұсынады.
Қазақстан Республикасы Телерадиокешенінің дәуірі 1958 жылдың 8 наурызында басталды. Дәл осы күні Алматы студиясында алғашқы бағдарлама өтті. Сосын бұл студия тұрақты апта сайынғы бес сағаттық хабарға айналды. Содан кейінгі жылдарда телестудиялар республикамыздың басқа да қалаларында пайда бола бастады, телехабарлар бүкіл Қазақстанға тарады. Баспа мен киноның бай тәжірибесіне, ерекше сапаның қабілеттілігіне сене отырып теледидар әр үйге еркін кіріп және әр отбасының мүшесі болды.
60-жылдары футбол матчтарының, концерттердің, мерекелік шаралардағы репортаждардың тікелей хабарлары басты орын алды.
Қазақ теледидарының бастауында көрнекті, дарынды инженер Виктор Иванович Тюленев, қазақстандағы алғашқы әйел-инженер Гүлжан Төлегенқызы Балфанбаева, радиотелеорталықтың алғашқы директорларының бірі Рамазан Сағадиұлы Файзуллин және тағы да басқалары тұрды.
Барлық кезеңде де теледидардың бетке ұстарлары дикторлар болған. Қазақ теледидарының алғашқы дикторлары Нелли Омарова, Зульхия Жұматова, Лязиза Аймашева, Орынбала Оразбаева болды. Содан кейін Ласкер Сейітов, Мәриям Айымбетова, Всеволод Иванов, Лидия Тельменко, Қажы Қорғанов, Тыныс Өтеубаев келді. Қазіргі күнге дейін сол кездегі алғашқы дикторлар үлкен кісілердің есінде, олар жаңалықтарды да, концертерді де және сұхбаттарды да өздері жүргізген.
Гана Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. Гана Республикасы - Батыс Африкадағы мемлекет. Астанасы - Аккра. Ресми тілі - ағылшын тілі. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығару органы - бiр палаталы парламент.
Гана Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 14-де орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
3 жыл бұрын (2008) Ақтөбе облысының Қандыағашы стансасында локомотивтерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Орталық бұрынғы локомотив депосында орналасқан, «Локомотив сервис орталығы» акционерлік қоғамы жүргізген қалпына келтіру жұмыстарынан кейін толығымен өзгерді, және заманауи жабдықтармен қамтылған, тепловоздарға техникалық көрсетуге және сапалы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Орталықтың бірінші кезектегі мақсаты - маневрлік локомотивтерге техникалық қызмет көрсету. Жөндеу жұмыстарына арналған жабдықтар Германияда, Ресейде және АҚШ-та жасалған.
1 жыл бұрын (2010) Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Шәкәрім және Сұлтанмахмұт» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Кітаптың авторы филология ғылымдарының докторы Арап Еспенбетов. «Шәкәрім және Сұлтанмахмұт» атты екі бөлімнен тұратын кітаптың тиражы 2 мың дана. Монографияның бірінші бөлімінде әдебиеттану ілімінің өзекті мәселелерімен қатар, Шәкәрімнің әдеби-жарияланымдық еңбектері зерттелген. Кітаптың екінші бөлімінде Сұлтанмахмұттың шығармашылығында Абай мен Шәкәрімнің енгізген поэзия, проза, публицистика бағыттарына арналған.
Арап Еспенбетовтың монографиясын «Шәкәрім тану» ғылыми-зерттеу орталығы басып шығарған. Орталық «Шәкәрім әлемі» топтамасынан 4 кітапты шығарды: Ғарифолла Есімнің «Наука совести», Әбдіғазы Балтабайдың «Шәкәрім әлемі», Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім және Алашорда» және Шанбай Тұрдықұлдың «Культура понятий».
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1936-1983) ақын, көптеген аймақтық бүкілодақтық жарыстардың жүлдегері ҚОЖАМҰРАТОВ Өмірзақ дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасының Бұқар облысында туған. Алғашқы еңбек жолын мектеп мұғалімі, аудандық ерікті спорт қоғамының төрағалығынан бастап, аудандық газеттерде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді. Тарихи отаны Қазақстанға келгеннен кейін Қызылорда қаласында Халық шығармашылығы үйінің әдіскер маманы қызметін атқарды.
Шығармалары елуінші жылдардың аяғында аудандық, облыстық, республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көре бастаған. «Жиделі Байсын», «Таңғы дауыс», «Ой кешу», «Күн астында - құдірет», т.б. жыр жинақтары жарық көрген.
Өзбекстанның қазіргі Науаи облысы, Үшқұдық қаласының №4 қазақ орта мектебіне Өмірзақ Қожамұратов есімі берілген.
70 жыл бұрын (1941) Қазақ-британ техникалық университетінің энергетика және мұнай газ инженериясы факультетінің деканы, профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы ДӘУКЕЕВ Диас Кенжебекұлы дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Томск мемлекеттік университетін бітірген.
1964-1992 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының Ядролық физика институтының инженері, кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 1992-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы бас директорының орынбасары, Талдау орталығының жетекшісі. 1999-2002 жылдары - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ Қарашығанақ департаментінің үйлестірушісі. 2002-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ-ының менеджері. 2004 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
«Радиационно стимулированная сегрегация в металлах и сплавах» (бірлесіп шығарған), «Идентификация моделей диффузии в дефектных средах по экспериментальным данным послойного анализа» (бірлесіп шығарған), «Новый подход к исследованию отжига дефектов» (бірлесіп шығарған) атты кітаптарының авторы.
55 жыл бұрын (1956) «Рауан» Баспа үйі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері ҚАЗЫҒҰЛОВ Шархан Нағметұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысы Арал ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1981-1986 жылдары - Іле аудандық «Путь Ильича» газетінің аудармашысы. 1986-1990 жылдары - Балқаш аудандық газетінің редакторы. 1990-1994 жылдары - Іле аудандық «Путь Ильича» газетінің редакторы. 1994-2002 жылдары - ҚР Үкіметі баспасөз қызметінің консультанты. 2002-2004 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің бас менеджері. 2004-2007 жылдары - «Нұр-Астана» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы ШЕГЕНОВ Моряк Смағұлұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Шет ауданында туған. Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1983-1989 жылдары - Жезқазған облыстық кәсіподақ кеңесінің нұсқаушысы, Жезқазған көлік прокурорының көмекшісі. 1989-1992 жылдары - Жезқазған қалалық сотының судьясы. 1992-1995 жылдары - Жезқазған облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы. 1995-2009 жылдары - Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы, судьясы қызметтерін атқарған. 2009 жылдың қыркүйегінен бастап - қазіргі қызметінде.