ҚазАқпарат-Анонс: 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ЕЛБАСЫ
30 қарашада «Қазақстан» Орталық концерт залында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Қазақстанның өнер қайраткерлерінің концерті болады.
ҮКІМЕТ
30 қараша күні Үкімет үйінде Еуразиялық қайта құру және даму банк мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының арасындағы меморандумға қол қою рәсімі болады.
ПАРЛАМЕНТ
30 қараша күні Парламент Сенатында спикер Қ.Тоқаев ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының төрағасы П.Эфтимиумен кездеседі.
СЫРТҚЫ САЯСАТ
2 желтоқсанда Минскіде ТМД елдерінің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің мәжілісі өтеді
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
30 қараша күні Астанадағы Тәуелсіздік сарайында ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы Бюросының отырысы өтеді.
1-2 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті өтеді
ҚОҒАМ
GSM Қазақстан/Kcell 1 желтоқсаннан бастап Алматы мен Астана қалаларында 3G қызметін іске қосады
СПОРТ
Шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 7-8 желтоқсанда Новосібірде «Сибиряк», ал 11-12 желтоқсанда Тюменьде "Тюмень" клубтарымен жолдастық кездесулер өткізеді.
АСТАНА
30 қарашада «Rixos» отелінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун «Әйелдер Орталық Азиядағы Ферғана алқабындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайды» аймақтық бастамашылық қозғалыстың өкілдерімен кездеседі.
30 қараша күні «Шабыт» сарайында ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттардың мәселелері жөніндегі жоғарғы комиссары Кнут Воллебек брифинг өткізеді.
30 қараша күні «Шабыт» сарайында ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо брифинг өткізеді.
30 қараша күні «Шабыт» сарайында ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының директоры Янез Ленарчич брифинг береді.
30 қараша күні «Шабыт» сарайында ЕҚЫҰ Бас хатшысы Виржиния Коллудон мен ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Роман Василенко брифинг өткізеді.
30 қараша күні Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінде АҚШ Мемлекеттік хатшысы Х.Клинтон кездесу өткізеді.
Астанада желтоқсанның 1-2-сі күндері өтетін ЕҚЫҰ мүше-елдері мемлекет басшыларының Саммиті кезінде қазақстандық полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді
АЛМАТЫ
15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында Алматыда «Үздік инвестор» конкурсы өтуде. Бұл шараны «CAIFC», «Centras Securities», «Halyk Finance», «Seven Rivers Capital», «Premier Capital брокерлік компаниялары ұйымдастырып отыр.
30 қараша күні Қазақстандық баспасөз клубында «Қазақстанда авторлық құқықтарды қорғаудың мәселелері. Республикада «Абырой» авторлық қоғамы» жаңа қоғамдық бірлестігі құрылды» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді.
30 қарашада «Құлагер» ықшамауданындағы №148 гимназияда жасөспірімдер арасында суицид оқиғаларының кең таралу проблемасын талқылауға арналған кездесу өтеді.
1 желтоқсанда Армияшылардың орталық спорттық клубында (ЦСКА) Азиада ойындарының жүлдегерлерін құттықтау рәсімі өтеді.
3 желтоқсан - Халықаралық мүгедектер күні Абай атындағы опера және балет театрында мүмкіндігі шектеулі жандардың мәдениет, спорт, білім және қоғамдық қызметте жеткен жетістіктерін марапаттайтын «Самғау» алғашқы қоғамдық сыйлығын марапаттау рәсімі өтеді.
ЕЛЕУЛІОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫКҮНДЕР. ЕСІМДЕР
ҚАРАШАНЫҢ 30-Ы, СЕЙСЕНБІ
Халықаралық ақпаратты қорғау күні
1988 жылғы қарашаның 30-да аталып өтеді.
Бұл жылы алғашқы рет бұқаралық компьютерлік індет - Морристің құрт індеті тарады. 1988 жылы американдық компьютерлік жабдықтар одағы қарашаның 30-ын Халықаралық ақпаратты қорғау күні деп жариялады. Компьютерді жабдықтау одағының бастамасымен бұл күні халықаралық ақпаратты қорғау конференциясы өткізіледі.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Теңізшевройл» ЖШС-інің демеушілігімен «Англо-Каспиан» баспасынан шыққан «Қазақтың киіз үйі» этнографиялық-танымдық көркемсуретті кітаптың таныстырылымы өтті.
«Теңізшевройл» Қазақстанда тек мұнай өндірумен ғана шектелмей, еліміздің мәдени-әлеуметтік саласын дамытуға атсалысып келеді. Атырау, Маңғыстау облыстары тұрғындарының әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатында бірталай игілікті шаруаларды тындырды. «Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасына сай, мәдени-тарихи және рухани мұрағаттарды жаңғыртып, оны келешек ұрпақтың еншісіне қалдыру үшін осы елде жасалып жатқан ауқымды жұмысқа қосқан үлесімізді қабыл алыңыздар», деді «Теңізшевройл» кәсіпорнының бас директоры Александр Корнелиус. Қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков «күні кеше киіз үйде туып-өскен өскен қазақ баласы үшін осынау ұлттық мақтанышымызды мұхиттың әр жағынан келген кәсіпкерлердің дүниежүзілік құнды мәдени мұра ретінде бағалап отырғаны ата-баба аруағының асқақтағаны деп білеміз», деді. Ғалым, қаламгер Асқар Егеубаев киіз үйдің этнографиялық маңызына тоқтала келіп, «қазақ атам көбіне алты қанат ақ орданы тұтынып келді. Алты қанаты - Алты Алаш қазақ баласын, ал 92 уық 92 рудың баласын бір күмбез, бір шаңырақ астына жинау белгісін білдіреді», деді ол.
5 жыл бұрын (2005) Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Ресейдің жаратылыстану ғылымдары академиясының «Қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін» үкіметтік емес орденімен марапатталды. Орденді Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Олег Кузнецов, вице-президенттері Юрий Рахманин және Валентин Цой.
Ресейдің жаратылыс ғылымдары академиясының президенті, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Олег Кузнецов атап айтқандай, Президент Нұрсұлтан Назарбаев шын мәнінде көп ұлтты Қазақстанның ғана емес, Ресейдің, бүкіл ТМД елдері қоғамының дамуына да үлкен үлес қосқан адам. Оның айтуынша, аталмыш академияның бұл ордені шетелдік Мемлекет басшысына бірінші рет беріліп отыр. Орденнің бет жағында жанып тұрған алау - көшбасшылықтың белгісі, онда «Pro bono publiko - жалпы барлығының жағдайы үшін» деген мағынаны білдіретін сөз жазылған.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты ғалымдарының жарық көрген зерттеу еңбектерінің тұсаукесері болды.
Экономикалық дамудың өзекті мәселелері мен халықаралық экономикалық ұйымдармен қатынас «Қазақстан Республикасы экономикалық реформаларының стратегиясы» деп аталатын тағы бір ұжымдық еңбекте қарастырылған. Жалпы мұндай іргелі зерттеу ел тарихында алғаш рет жазылып отыр деуге болады. Ал, бөлім меңгерушісі Антон Морозовтың «Қазақстан тәуелсіздік жылдарында» деп аталатын жеке зерттеуі бүгінгі Қазақ мемлекетінің жалпы бет-бейнесін көрсетуге арналып отыр.
3 жыл бұрын (2007) Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында көрнекті қоғам қайраткері, әдебиет сыншысы Сағат Әшімбаевтың екі томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті.
Сағат Әшімбаев қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өзіндік із қалдырған танымал тұлға. Оның «Елорда» баспасынан шыққан екі томдық жинағында әдебиет сыншысының оқырман қауымға кеңінен танымал, қазақ сын жанрына жаңа бетбұрыс әкелген, оның дамуына кең өріс ашқан терең ойлы сыни мақалалары мен зерттеулері, философиялық ой-толғаныстар мен шығармашылық жолындағы өзге де туындылары жинақталған. Шығармалардың екінші кітабында автордың әдебиет әлеміне өшпес мұра қалдырған, ұлы тұлғалар туралы зерттеулері және эссе сипатындағы көркем дүниелері топтастырылған.
Сағат Әшімбаев 1947 жылы Алматы облысы Райымбек ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Оның алғашқы тырнақалды мақалалары баспасөз бетіне 1966-1967 жылдары аудандық «Советтік шекара», облыстық «Жетісу» газеттерінде жарияланған. Еңбек жолын 1969 жылы «Жас алаш» газетінің әдебиет және өнер бөлімінде әдеби қызметкер болып бастап, кейін сол бөлімнің меңгерушісі болған. 1973-1979 жылдары - «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі, «Жас алаш» газеті редакторының орынбасары. 1979-1986 жылдары - Бүкілодақтық авторлық құқық агенттігі (ВААП) Қазақ бөлімшесінің бастығы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің алқа мүшесі, КСРО Жазушылар одағы жанындағы сын кеңесінің мүшесі. 1986-1991 жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы болған. Ол 80-ші жылдардың басынан теледидарда «Жүректен қозғайық» атты бірнеше жылға созылған тізбекті бағдарламаның жүргізушісі болған. Ал өзі теледидарға қызметке келген тұста, осы хабарлардың заңды жалғасы ретінде «Парыз бен қарыз» атты авторлық бағдарламасын енгізіп, оны бірнеше жыл тұрақты түрде жүргізіп отырды. Оның Қазақстаннан тыс тұратын қандастарымыздың арасында түсіріп қайтқан «Қауышу» хабары да кезінде өте жоғары бағаланды.
Әшімбаевтың негізгі тақырыбы - сын жанры. Оның қаламынан туған зерттеу-талдау тұжырымы, көңілге қонымды сын мақалалары мерзімді баспасөз бетінде жүйелі жарияланып тұрды. Сыншының «Сын мұраты», «Талантқа тағзым», «Парасатқа құштарлык», «Шындыққа сүйіспеншілік», «Ақиқатқа іңкәрлік» атты кітаптары жарық көрген.
Әшімбаевтың есімі Райымбек ауданындағы орта мектепке және Алматы қаласындағы бір көшеге берілген. Сонымен қатар Қазақстан Журналистер одағы тағайындаған С.Әшімбаев атындағы ең үздік телехабарларға берілетін жүлде бар.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Жапония арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1950) «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары ЖҮСІПОВА Сапура Таубағұлқызы дүниеге келді.
Ресейдің Орынбор облысында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1972-1982 жылдары - Киров атындағы машинақұрылыс зауытының жинақтаушысы, сектор меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, диспетчері. 1982-1983 жылдары -Алматы қалалық атқару комитетінің бас инспекторы. 1983-1991 жылдары - заведующая отделом, заместитель председателя Алатау аудандық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, төрағасының орынбасары. 1991-1992 жылдары - Алматы қалалық атқару комитетінің хатшысы. 1991-1994 жылдары - Алматы қалалық әкімшілігі жанындағы коллегияның хатшысы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі секретариатының референті. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Іс басқармасының жетекші маманы. 1996-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі аппаратының комитеттермен жұмыс бөлімінің кеңесшісі, бас эксперті. 1997-1999 жылдары - Алматы облысы әкімінің аппарат жетекшісі. 1999-2000 жылдары - Алматы облысы әкімінің кеңесшісі. 2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Алматы облысы бойынша басқармасының төрағасы. 2003-2004 жылдары - «Арна» қоғамдық қорының атқарушы директоры.2004-2007 жылдары - «Атамекен» акционерлік қоғамы холдингінің вице-президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2007 жылдан.
Еңбек ардагері», «Астанаға - 10 жыл» медалдарымен марапатталған.
40 жыл бұрын (1970) спортшы, шаңғымен жүгіруден халықаралық дәрежедегі спорт шебері ДЕШЕВЫХ Светлана Владимировна дүниеге келді. Ақмола облысы Шучье қаласында туған. Қазақстан Республикасының шаңғымен жүгірумен өткен біріншіліктердің, жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы атанған. Азия ойындарында жақсы көрсеткештер көрсетіп, бірнеше мәрте жеңімпаз болған. Нагано, Солт-Лейк-Сити қалаларында өткен Қысқы Олимпиадалық ойындарына қатысқан. Қазіргі уақытта жаттықтырушылық қызметпен айналысады.
2010 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА:
ОҚИҒАЛАР
90 жыл бұрын (1920) Түркістанда алғаш рет жергілікті тұрғандарды күштеп Қызыл Әскер қатарына жарақтау жарияланды. Жыл аяғында Қазақ әскери комиссариаты Бөкей, Орал және Торғай облыстарында 37 әскери бөлім құрады.
85 жыл бұрын (1925) РКП(б) V Жалпықазақ конференциясы ауылдарды жаппай кеңестендіруды жариялады.
80 жыл бұрын (1930) «Қарағанды» тресі құрылды. Алғашқы басшысы - Корней Осипович Горбачев.
15 жыл бұрын (1995) Конакри (Гвинея) қаласында өткен «Ислам Конференциясы» ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері бас қосуында Қазақстан мүшелікке қабылданды.
«Ислам Конференциясы» ұйымы 1969 жылы қыркүйекте Рабатта (Марокко) өткен мұсылман елдерінің үкіметі мен мемлекет басшыларының конференциясында негізі қаланды.
2010 жылы 1-2 желтоқсан күндері Астана қаласында жаңа мыңжылдықтағы тұңғыш Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Саммиті өтеді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрамына Солтүстік Америка, Еуропа және Орталық Азияда орналасқан 56 қатысушы мемлекет кіретін жалпыеуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарыстық ахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған. Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымымен айналысады. ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекет етеді.
Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде - Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды. 1995 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға тікелей қатысуын қамтамасыз еткен, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің іргетасы қаланды. Ал 2008 жылдан бастап алдағы төрағалық тұрғысында Елші Қайрат Әбдірахманов Құдайбергенұлы басқаратын Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі жұмыс істеуде. 1995 жылы Ташкенттегі офисімен ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік Бюросы ашылды. 1999 жылы ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы Орталығы ашылды, сосын ол 2007 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы болып қайта құрылды. Орталықты қазір Елші Александр Кельчевски (Франция) басқарады.
Соңғы бірнеше жыл бойында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бірқатар ірі шараларын өткізді, олардың арасында: «Адам саудасына қарсы күрес - өңірлік жауап» атты өңірлік Орталықазиялық конференция (Астана, 2006 ж. 18-19 мамыр); Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша ІІІ шолу конференциясында Қазақстанның төрағалық етуі (Вена, 2006 ж. 29 мамыр - 2 маусым); ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі «Мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік» атты Кеңесі - Толеранттық жөніндегі кеңес (Алматы, 2006ж. 12-13 маусым); «Минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық» атты өңірлік семинар (Алматы, 2007ж.26-27 наурыз); ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жылсайынғы сессиясы (Астана, 2008 ж. 29 маусым - 3 шілде). 2009 жылғы қаңтарда қазақстандық дипломат, Елші Вячеслав Ғиззатов ЕҚЫҰ Қазіргі төрағасының мұсылмандарға қатысты төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі Жеке өкілі болып тағайындалды.
2007 жылғы қарашада ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің Мадридтегі кездесуінде Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалығы туралы шешім қабылданды.
Қазақстан 2008 жылғы тамызда қабылдаған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында ЕҚЫҰ-дағы қазақстандық төрағалықтың басымдықтарын нақтылау жөніндегі жұмыс көзделген. Олардың қатарына мынадай мәселелер кіреді:
ЕҚЫҰ кеңістігінде демократиялық институттардың дамуы үшін жағдай жасау жөніндегі күш-жігерлерді жалғастыру; ЕҚЫҰ мемлекеттерінің транзиттік-көлік және еуразиялық құрлықүсті көлік дәліздерінің әлеуетін дамыту; экологиялық проблемалардың шешілуі; Қазақстанның бейбітшілікті, қауіпсіздікті және ядролық қарусыздануды қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, сенім мен өңірлік қауіпсіздік шараларын нығайту; ЕҚЫҰ қызметіндегі қауіпсіздіктің әскери емес, атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге, есірткі құралдарының заңсыз айналымына, ұйымдасқан қылмысқа, қару-жарақ пен адам саудасына қарсы күрес саласындағы, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның әріптес елі - Ауғанстанды қалпына келтіру тәрізді аспектілерін дамыту.
2009 жылғы қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан Республикасы ресми түрде ЕҚЫҰ төрағалары Үштігінің құрамына кірді. ЕҚЫҰ-ның Рәсімдер ережелеріне сәйкес Үштікті Ұйымның қазіргі, алдыңғы және кейінгі төрағалары құрайды. Биылғы жылы Үштікке Грекия, Финляндия және Қазақстан қатысады. Үштік іс-қимылдар мен орта мерзімдік жоспарлауды үйлестірудің маңызды құралы болып табылады. Ол Ұйым қызметіндегі сабақтастықты қамтамасыз ететін және Қазіргі төрағаға кеңес беретін орган болып табылады.
2010 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы ресми түрде 20-сыншы ел болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағалығына кірісті.
2010 жылы шілде айында Алматы қаласында өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлерінің биресми кездесуінде ЕҚЫҰ саммиттін үстіміздегі жылы өткізу туралы шешім 2010 жылғы тамыздың 3-інде қабылданған болатын.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарихында Астана саммиті жетінші болып өтпекші. Алғашқы саммит 1975 жылы Хельсинки қаласында, 1990 жылы Парижде, 1992 жылы Хельсинкиде, 1994 жылы Будапеште, 1996 жылы Лиссабонда, 1999 жылы Стамбул қаласында өткен болатын.
Астанада өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне 56 елдің басшылыры мен 65 халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ 1500 жуық шетел және қазақстандық журналистер қатыспақшы.
ЕСІМДЕР
ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 1-І, СӘРСЕНБІ
Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісіне (ЖҚТБ) қарсы халықаралық күрес күні.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) жарияланған. 1988 жылы барлық елдердің Денсаулық сақтау министрлері тарихи кездесу өткізді. Тарихи болатын себебі, онда алғаш рет көпшілікті терең толғандырып жүрген ЖҚТБ ауруы туралы сөз болды. Дәл сол кезден бастап, желтоқсанның 1-і ЖҚТБ-ға қарсы күрес күні деп белгіленді.
Алғашқы рет вирус туралы Лос-Анджелестің жас иммунологы дәрігер Майкл Готтлиб хабарлаған. Ауруларды бақылау орталығының күнделікті бюллетенінде Готтлиб өз хабарларын жазып отырды, бұл жазба аурудың бірінші медициналық жазбасы болды. Бірақ та бұл ауруды 1986 жылы Сан-Францисконың дәрігері Роберт Галооның дәлелі негізінде Халықаралық вирустардың таксономия комитеті жаңа вирусқа АҚТҚ (адамдардың қорғаныш тапшылығы қоздырғышы), ал ауруға - «жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі» - ЖҚТБ атын берді.
ОҚИҒАЛАР
50 жыл бұрын (1960) Қарағанды металлургия зауытында кокс батареясы іске қосылып, Қазақстанның тұңғыш коксі алынды.
19 жыл бұрын (1991) Қазақстан Президентін тұңғыш жалпыхалықтық сайлау өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көпшілік дауыспен жеңіске жетті.
10 жыл бұрын (2000) Минскіде Президент Н.Ә.Назарбаев қатысқан ТМД мемлекеттері басшыларының саммиті өтті. Мемлекет басшыларының кеңесінде ТМД-ының Терроризмге қарсы орталығының қызметіне қатысты мәселелер талқыланып, Халықаралық терроризмге қарсы күрес бағдарламасы қабылданды. Орталық, оның құрылымы мен оны қаржыландыру туралы ереже бекітілді.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда «Қазпоштаның» орталық кеңсесінде және қалалық пошта бөлімінде банкомат пен еліміздің басты пошта мекемесінің терминалы орналастырылды.
Бүгінде банкоматтар пошта қызметінің аудандық басқармасының әрқайсысында орналастырылған. Қазпошта шығарған KazCard ұлттық төлем картасы процессинг орталығымен бірлесіп, ел ішінде қолма-қол емес қаржыны төлеуді тиімді құралы болып табылады. KazCard РНН, СИК, төлқұжат мәліметтері, жүргізуші куәлігінің нөмірі сақталатын, көпсалалы микропроцессоры бар баршаға арналған төлем құралы.
5 жыл бұрын (2005) Қызылордада газ-турбиналық электр стансысы іске қосылды.
Стансы қалаға 90 гекокалория жылу берумен қатар қаланы электр қуатымен толықтай қамтамасыз ете алады.
3 жыл бұрын (2007) Ашғабадта Қазақстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы және Иран Ислам Республикасы Үкіметтерінің арасында Өзен (Қазақстан) - Қызылқая - Берекет - Этрек (Түрікменстан) - Горган (Иран) жаңа темір жол желісінің құрылысына байланысты Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Қазақстан мен Түрікменстан көлік министрліктері арасында «Өзен - Берекет» жаңа темір жол желісі құрылысының жобасын іске асыруға байланысты Ынтымақтастық туралы меморандумға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға сапары барысында қол қойылған болатын. Ал Тегран қаласындағы Саммит кезінде Каспий жағалауы мемлекеттерінің басшылары тарапынан Өзен - Қызылқая - Берекет - Этрек - Горган жаңа темір жол желісі құрылысының жобасын іске асыруға байланысты ынтымақтастық туралы Қазақстан, Түрікменстан және Иран Президенттерінің Бірлескен Декларациясына қол қойылды. Темір жол желісінің ұзындығы - 670 шақырым, соның ішінде Қазақстан бойынша - 130, Түрікменстан бойынша - 470, Иран бойынша - 70 шақырым.
1 жыл бұрын (2009) Елбасы «Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мемлекет басшысымен сонымен қатар «Кедендік одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Тарифтік жеңілдіктер беру туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойылды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Азаматтарға кепілдік берілген ақысыз медициналық көмек алуды қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы қарашаның 19-дағы №1887 қаулысына қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда Қазақстанның сауда кәсіпорындарының І конгресі болып өтті.
Ұйымдастырушысы - Қазақстан кәсіпкерлері форумының қолдауымен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі.
Форумда саудадағы инновациялық технологияларға байланысты маңызды мәселелер талқыланды.
ЕСІМДЕР
125 жыл бұрын (1885-1949) геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-і еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты КАССИН Николай Григорьевич дүниеге келді.
Ресей Федерациясында туған. Петербор тау-кен институтын бітірген.
1913-1917 жылдары - Қазақстандағы геологиялық партиялардың геологы, коллекторы. 1917-1935 жылдары - Қазақ КСР Геологиялық комитетінің геологы, аға геологы. 1935-1941 жылдары - Орталық Қазақстан ғылыми-зерттеу және геологиялық іздестру институтының сектор меңгерушісі, аға геологы. 1941-1942 жылдары - Қазақ геологиялық басқармасының Қазақстан геологиясы бойынша консультанты. 1942-1949 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Геология академиясы институтының аға ғылыми қызметкері, консультанты қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан жерінің геологиялық құрылымын зерттеуге, оның шикізат қорын игеруге арналған. Ол петрография, стратиграфия, геотектоника, металлогения, геоморфология, гидрогеология саласында жұмыс істеп, минералогия және палеонтологиямен де шұғылданған. Қазақстанның геологиялық картасын тұңғыш жасаушылардың бірі, сондай-ақ, Рамазан Борукаевпен бірге Бозшакөл мыс кенін тұңғыш ашқан. «Медные месторождения Северо-Восточного Казахстана» (бірлесіп шығарған), «Вулканизм Казахстана», «Металлогенические процессы Казахстана в связи с его структурой и вулканизмом», «Основные проблемы геологии Казахстана», «Материалы по палеографии Казахстана», «Развитие геологических структур Казахстана» атты еңбектері жарық көрген.
1-дәрежелі Отан соғысы, 2 мәрте Ленин ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
105 жыл бұрын (1905-1996) саяси және қоғам қайраткері АХМЕТОВ Сағынтай дүниеге келді.
Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Петропавл орыс педагогикалық техникумын, Қоғамдық ғылым оқытушылары коммунистік университетін бітірген.
1943-1946 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті секторының меңгерушісі, насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары. 1946-1953 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Өнер істері жөніндегі басқармасының бастығы. 1953-1955 жылдары - Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Өнер істері жөніндегі басқармасының бастығы. 1955-1958 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1958-1970 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1970 жылдан зейнет демалысына шыққан.
«Огромная сила» атты кітаптың авторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 2-, 3-шақырылымдарының депутаты.
Еңбек Қызыл Ту, екі рет «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған.
45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары ҚҰРМАНҒАЛИЕВ Әсет Қабиұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Бұхар Жырау ауданында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
1990-1993 жылдары Қарағанды қаласындағы халық шаруашылығы саласында жұмыс істеген. 1993-1998 жылдары - жеке кәсіпорында заңгер, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы бөлімінің бас маманы. 1998-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық Әкімшілігінде әскери қызметте әртүрлі лауазымды қызметтер атқарып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Заң департаментінің бастығына дейін өскен. 2008-2009 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Орталық әкімшілігі жетекшісінің орынбасары - Заң басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясы әкімшілігінің жетекшісі. 2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әкімшілігінің жетекшісі - Қорғаныс министрлігі коллегиясы хатшысының қызметтерін атқарған. 2010 жылдың қараша айынан - қазіргі қызметінде.
ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 2-І, БЕЙСЕНБІ
Құлдықты жою үшін күрестің халықаралық күні.
БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен атап өтіледі. 1949 жылғы желтоқсанның 2-де БҰҰ Бас Ассамблеясының 4-ші сессиясы адам сату және үшінші тұлғаны жезөкшелікке пайдаланумен күрес туралы конвенцияны қабылдады.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстандағы алғашқы пиротехникалық өнімдерді сынақтан өткізу орталығының таныстырылымы болды.
Ұйымдастырушысы - «Қазақжарылысөнеркәсіп» акционерлік қоғамы. Жаңа орталық пиротехникалық құралдарды қауіпсіздік, экологиялық жағынан таза және стандарттарға сай екендігін анықтай алады. Қазақстан заңдары бойынша барлық пиротехникалық бұйымдар міндетті сертификаттауға жататыны белгілі.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда қоқсықты қайта өңдеуге арналған сынақ алаңы ашылды.
Өзге алаңдармен салыстырғанда шағын полигон тәуліктік сақтау камераларымен, торлы столдар мен қалдықтарға арналған бункермен жарақтандырылған. Алаң 300 шаршы метр аймақты алып жатыр. Ол демеушілердің есебінен салынып, құны 4 миллион теңгені құрады.
Аталмыш алаңның құрылысы 2002 жылы басталды. Онда «Табиғат» экологиялық одағы қатты тұрмыстық қалдықтардың морфологиялық құрамын зерттеумен байланысты тендерді ұтып алған болатын. Одақ мамандары 6 ай бойы сынақ жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтардың саны мен құрамын зерттеді.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда орыс тілінде жазылған тарихи роман «Сақтар» кітабының қайта басылып шыққандығына байланысты салтанатты рәсім болып өтті.
Болат Жандарбеков (1932-1991) тарихшы, жазушы, көптеген әңгімелердің авторы, ғалым, теледидар мен кино режиссеры болған. «Сақтар» атты тарихи кітап ішіндегі «Томирис» және «Ширактың ерлігі» деген атпен оқушы қауымға белгілі. Кітапты көркемдеуші - суретші Дана Мұқанова-Хуршудян.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарифтік квоталарды қолданудың шарттары мен тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Елбасы сонымен қатар «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер қорғаныс министрліктерінің радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайды бақылау саласындағы өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеруге бағытталған «Парыз» конкурсының жеңімпаздарын марапаттады.
1 жыл бұрын (2009) Қарағандыда өрт құрбаны болған өрт сөндірушілерге ескерткіш ашылды.
Ескерткіш «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі үйінің жанында орнатылды. Ол облыс төтенше жағдайлар департаментінің және оның бөлімшелері қызметкерлерінің ерікті қайырымдылық қаражатына салынды.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940-2005) ақын, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері ҚЫЗЫҚБАЙ Тоқтарбек дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында туған.
1958-1962 жылдары - «Совет туы» аудандық газетінің тілшісі. 1962-1975 жылдары - облыстық «Коммунизм туы» газетінің әдеби қызметкері, бас редактордың бірінші орынбасары. 1975-1994 жылдары - республикалық «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақстан коммунисі» («Ақиқат») журналының бөлім меңгерушісі. 1994-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аға референті, консультанты қызметтерін атқарған. 1998 жылдан - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік тіл жөніндегі бас маманы.
Республика баспаларынан әр жылдары «Қыр гүлдері», «Алтай әуендері», «Темір тізгін», «Парыз», «Арайлы шақ», «Зайсан», «Өмір-сапар», «Көңіл қоңырауы», «Жүрек оты», «Жусан исі» атты жыр жинақтары жарық көрген.
«Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
50 жыл бұрын (1960) Түркіменстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі ОРАЗБАЙ Асхат Тұтқышбайұлы дүниеге келді.
Ташкент мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері факультетін бітірген.
1985-1990 жылдары - Қазақ КСР Мәдениет министрлігі Телерадио комитетінің редакторы. 1990-1992 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, факультет деканының орынбасары. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс департаментінің екінші хатшысы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің көмекшісі. 1994-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі жақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары. 2001-2002 жылдары - БҰҰ арнайы миссиясының Исламабад қаласындағы Ауғанстан жөніндегі саяси кеңесшісі. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Африка, Таяу Шығыс және Азия департаментінің директоры. 2003-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы. 2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы қызмет жөніндегі ұлттық үйлестірушісі қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 3-І, ЖҰМА
Мүмкіндігі шектеулі жандардың халықаралық күні.
Бұл күн адамгершілігі, құқықтары мен амандағы сенімді қорғалуы қажет тумысынан өмірдің азабын тартқан мүгедек жандарға қоғамның назарын аудару мақсатында 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген.
Мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамның экономикалық әлеуметтік саласының дамуына қатысуын толығымен нәтижелі түрде қамтамасыз етілуі БҰҰ жарғысында, Жалпы адам құқығын қорғайтын декларацияда терең тамырландырылған. Ол және де Мыңжылдық декларацияда және соңғы онжылдықтың бүкіл басты дүниежүзілік конференцияларының қорытындыларында көрсетілген. Және де, міндетті түрде мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты Дүниежүзілік қызмет бағдарламасының, мүгедектерге бірдей мүмкіндік беретін Стандартты ережелердің өзегін құрайды.
ОҚИҒАЛАР
6 жыл бұрын (2004) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «SOS KINDERDORF INTERNATIONAL» Халықаралық қоғамы арасындағы SOS балалар қалашығын құру жөніндегі Шартты бекіту туралы» Заңға қол қойды.
5 жыл бұрын (2005) Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында Ермек Аманшаевтың «Қасірет драмасы» атты туындысы бойынша жаңа қойылымның премьерасы болып өтті.
Қойылымды театрдың жас режиссері Асхат Маемиров сахналады. Драмада шығармашылық адамының жиынтық бейнесі сомдалып, оның қоғаммен қарым-қатынасы өзек етіп алынған. Жасандылық оған жат, сондықтан кереғарлықтар жайлаған ортаға көндігуі де қиынға түседі.
Ермек Аманшаев - танымал сыншы, жазушы және драматург, көптеген кітаптар мен деректі фильмдердің авторы. Оның туындылары еліміздің көптеген ірі театрларында сахналанған.
3 жыл бұрын (2007) алғашқы рет Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында әйгілі ағылшын драматургі Бернард Шоудың «Адам арбайтын үй» шығармасы бойынша қойылған спектакльдың премьерасы болып өтті.
Пьесаны қазақшалаған - Құжырғали Төлеуішев, сахналаған - Мұқанғали Томанов. Басты рольдерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов, Ақмарал Амандықова, Бибігүл Исалиева сомдаған.
«Адам арбайтын үйде» махаббат пен сатқындық, шындық пен көлгірлік, адалдық пен арамдық, жақсылық пен жамандық - бәрі де көрініс тапқан. Ақыры ақиқатқа барар жолды таппаған басты кейіпкер атылып өледі.
2 жыл бұрын (2008) Қарағандыда Сәкен Сейфуллинге ескерткіш орнатылды. Қола ескерткіш С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының жаңа ғимаратының алдында орнатылған. Жобаның авторы - алматылық мүсінші, Қазақстан Республикасы өнеріне еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Ленин комсомолы сыйлығының иегері Бақытжан Әбішев.
1 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Мемлекет басшысы сонымен қатар жәрдемақылар мөлшерін ұлғайтуға және азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдаудың басқа да қосымша шараларын белгілеуге бағытталған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және денсаулық сақтауды бірыңғай басқару жүйесінің тиімді және ашық жұмыс істеуіне жағдай жасауға, оны қаржыландыруды жетілдіруге және жалпы медициналық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін ұсыну мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстанда тағы екі халықаралық пошта маркасы шығарылды.
Маркалар табиғаттың фауна мен флора түріне арналған. Олардың бетінде долана өсімдігі мен итаю бейнеленген. Әрқайсысы 180 теңгеден тұратын 100 мың данадан шығарылды.
Қазпошта маркаларында бұдан бұрын да суреттелген жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1975) аудармашы ЖАНҒАЛИН Мұхтар дүниеге келді.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Соғыстан кейінгі жылдары Қазақтың мемлекеттік бірлескен баспасының директоры, Қазақ Достық қоғамының төрағасы, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мұрағат басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
Әдеби қызметін 30-жылдары қоғамдық-саяси әдебиет аудармашысы ретінде бастады. Соғысқа дейінгі жылдары А.Островскийдің «Мысыққа бәрі майшабақ емес», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», М.Горькийдің «Егор Булыч және басқалар» пьесаларын, К.Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» мемуарын, Л.Леоновтың «Шапқын» пьесасын, В.Васильевскаяның «Шұғыла» повесін, Н.Никитиннің «Солтүстік аврора» романын, үнді жазушысы П.Чанданың «Тха Хури құдығы» атты әңгімелер жинағын, М.Горькийдің «Коновалов» әңгімесін аударған.
ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 4-І, СЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Женевадағы БҰҰ бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанынан Қазақстан Республикасының тұрақты өкілдігі және Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігі ашылды.
14 жыл бұрын (1996) Ақмола аграрлық университетіне қоғам қайраткері, ақын, жазушы Сәкен Сейфуллин есімі берілді.
12 жыл бұрын (1998) Алматы қаласында Қазақстанның білім беру саласы қызметкерлерінің 1-ші құрылтайы ашылды.
5 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 2005 жылдың желтоқсанының 4-і күні, түнгі сағат 3.00-де Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттардың, халықаралық бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Сайлау» электронды дауыс беру жүйесін іске қосты.
2004 жылы іске қосылған «Сайлау» автоматтандырылған ақпарат жүйесі сайлауды ұйымдастыру мен оны өткізу шараларын автоматтандыру жөніндегі міндетті жүзеге асыруға көмектесті. Онда технологиялық циклдан «адами факторлардың» әсері барынша жойылып, сайлау барынша ашық болды. Автоматтандырылған ақпарат жүйесін енгізу, Мемлекет басшысының 2003 жылдың 4 сәуірдегі Жолдауында көрсетілген сайлаушылардың тізімін жасау, дауыс беру, дауыс берудің қорытындылары мен сайлау қорытындыларын шығару жүйесін енгізу туралы міндеттері негізінде жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 4 сәуіріндегі Конституциялық заңымен сайлауды электронды сайлау жүйесімен өткізу жұмыстарын регламенттейтін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасында 2005 жылы өткен Президент сайлауында электронды дауыс беру 1 мың 447 сайлау учаскесінде қолданыла бастады. Бұл елдегі барлық сайлау учаскелерінің 15 пайызы. Осылайша 2005 жылы желтоқсанның 4-де өткен Президент сайлауында электронды дауыс беру жүйесін еліміздегі салаушылардың 31 пайызы пайдалануға мүмкіндік алды. Алайда осы сайлауда сайлаушыларға дауысты электронды жолмен де қағазбен де беруге мүмкіндік жасалды.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда отандық сауда желісінің супермаркеті «Халық дүкені» ашылды.
Супермаркет отандық тауарларды саудалайды және ол табысы орта деңгейлі тұрғындарға бағытталған. Сауда мекемесінің көлемі 1,5 мың шаршы метр. Ол күніне 5 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.
3 жыл бұрын (2007) Ақордада Эстонияның Қазақстандағы тұңғыш Төтенше және өкілетті елшісі Марина Кальюранд ханым және Куәйт мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілеті елшісі Әзиз Рахим әл-Дехани ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевқа сенім грамоталарын тапсырды.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағы Комиссиясының Хатшылығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Елбасы сонымен қатар қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-ші жалпы мәжілісі болып өтті.
Оның жұмысына еліміздің мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының басшылары, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың басшылары қатысты.
Мәжілісте «Қазақстанның әртараптану және технологиялық даму саясатына шетелдік инвесторлардың қатысуы» тақырыбы қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі Елбасының 1998 жылдың 30 маусымындағы № 3985 Жарлығымен Қазақстанда жұмыс істеп келе жатқан инвесторлармен тікелей қарым-қатынасты орнату, және де инвестициялаудағы әріптестіктерде туындайтын мәселелерді жедел қарастыру мақсатында құрылған.
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1905-1987) ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-і еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ПАК Давид Николаевич дүниеге келді.
Ресей Федерациясында туған. Саратов зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, Бүкілодақтық мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
1938-1942 жылдары - Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мал өсіру бөлімінің меңгерушісі. 1947-1948 жылдары - Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымы академиясының қазақ филиалы мал шаруашылығы секциясының жетекшісі. 1954-1977 жылдары - Қазақ мал шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты бөлімінің меңгерушісі. 1978-1987 жылдары Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институты профессор-консультанты қызметтерін атқарған.
Негізгі ғылыми еңбектері мал селекциясы мен мал өсіру мәселелеріне арналған. Ол сиырдың «Алатау» тұқымын шығарушылардың бірі.
«Породообразование и эволюция крупного рогатого скота», «Алатауская порода крупного рогатого скота» атты еңбектері жарық көрген.
«Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1950) техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Индустриялық құрылыс технологиясы қауымдастығының төрағасы, «Стромпроект» ғылыми-зерттеу институтының ғылыми кеңесшісі НҰРБАТЫРОВ Қанапия Ақпанұлы дүниеге келді.
Астана қаласында туған. Целиноград инженерлік құрылыс институтын (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) бітірген.
1972-1978 жылдары - Целиноград инженерлік құрылыс институтының оқытушысы, Степногор құрылыс басқармасының прорабы, техника қауіпсіздігі жөніндегі аға инженері. 1978-2003 жылдары «Стромпроект» ғылыми-зерттеу институтының аспиранты, ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, ғылым жөніндегі директордың орынбасары, директоры, бас директоры қызметтерін атқарған.
Жоғары аттестациалау комиссиясы эксперттік кеңесінің, докторлық диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы.
200 астам ғылыми еңбектері бар, 10 астам ғылым докторлары мен кандидаттарды дайындаған.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.
ЖЕЛТОҚСАННЫҢ 5-І ЖЕКСЕНБІ
Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1985 жылы үкіметтерге жыл сайын 5-ші желтоқсанды - Экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні деп атап өтуді ұсынды.
ОҚИҒАЛАР
16 жыл бұрын (1994) Будапеште әлемнің ядролық державалары Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды.
15 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Кеңес арасында сауда және осы саладағы ықпалдастық туралы Келісімге қол қойылды.
13 жыл бұрын (1997) «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.
4 жыл бұрын (2006) Екі жақты келісімнің қорытындысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев пен Еуропалық комиссияның Президенті Жозе Мануэл Баррозу Европалық Одақ (ЕО) пен Қазақстанның энергетика саласындағы ынтымақтастығында бірін-бірі түсіну меморандумына қол қойды.
Меморандум Қазақстанның Каспий өңіріндегі табиғи газ бен мұнайдың ірі өндірушісі ретінде және энергетикалық саланың ынтымақтастығын нығайтуда ЕО пен Қазақстанның екіжақты қызығушылығында маңызды рөлін анықтайды. Меморандум энергетикалық қауіпсіздікті және өнеркәсіп ынтымақтастығын нығайту секілді маңызды аспектілерді қамтиды.
3 жыл бұрын (2007) Ақтөбеде 74-ші жеке теңіз атқыштар бригадасын еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды.
74-ші атқыштар бригадасы Каспий теңіз флотилиясы теңізшілерінен, Ленинград жоғарғы әскери-теңіз училищесінің түлектерінен жасақталған. Бригада 1941 жылдың соңында Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысты, сонда қорғаныс шебінде тұрған Мәскеу аумағы әскерінің құрамына қосылды. Волокаламск тас жолы бойында орнатылған ескерткішке Мәскеу үшін шайқасқан теңіз бригадалары қатарында 74-ші жеке теңіз әскери бригадасының да аты көрсетілген.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Елбасы сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне қарсы іс-қимыл жасаудың құқықтық шаралар кешенін қамтитын «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Заңға қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда «Полицияның жас көмекшілері» топтарының 2-ші қалалық слеті болып өтті.
Шараның басты мақсаты - полицияның жас көмекшілерінің жұмысының тиімділігін көрсету, жастарды қоғамда тәртіп бұзушылықты болдырмауды қолдауға жұмылдыру.
Қала бойынша 126 мектепте жоғары сынып оқушылары арасында осындай топтар ұйымдастырылған. Олар мектеп әкімшілігі мен мектеп инспекторларына тәртіпті күшейту, мектеп аумағында тәртіп сақтауға көмектеседі.
Шараны қалалық тәртіп сақтауға ықпал жасау бірлестігі мен «Жас отан» жастар қанаты, «Бүкілқазақстандық құқық қорғау орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырды.
1 жыл бұрын (2009) белгілі жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаев «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапатталды.
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1905-1991) қоғам қайраткері ШӘРІПОВ Сабдық дүниеге келді.
Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Павлодар кеңестік партия мектебін, КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.
1940-1943 жылдары - Алматы облыстық, қалалық атқару комитетінің төрағасы. 1943-1945 жылдары - Алматы облыстық партия комитетінің сауда және қоғамдық тамақтандыру жөніндегі хатшысы. 1945-1950 жылдары - Атырау облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1950-1959 жылдары - Талдықорған облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, жауапты хатшысы. 1959-1968 жылдары - Алматы облыстық сауда басқармасының бастығы. 1968 жылы зейнет демалысына шыққан.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылым депутаты.
Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
65 жыл бұрын (1945) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары ВЕСНИН Виктор Николаевич дүниеге келді.
Ресейдің Челябі облысында туған. Қазақ политехника институтының Рудный филиалын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
1973-1976 жылдары - Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі цех бастығы, партия комитетінің хатшысы, басқарма бастығы, бас энергетиктің орынбасары. 1996-1999 және 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі, Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің хатшысы, төрағасы. 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 2006 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
«Парасат» орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.
65 жыл бұрын (1945) Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік Академиясының және Халықаралық Инженерлік Академиясының академигі ҚАДЫРЖАНОВ Қайрат Қамалұлы дүниеге келді.
Талдықорған қаласында туған. Мәскеу инженерлік-физика институтын, КСРО Ғылым академиясы И.Курчатов атындағы Атом энергиясы институтының аспирантурасын бітірген.
1975-1978 жылдары - Қазақ политехникалық институтының аға оқытушысы. 1978-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ядролық физика институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институты бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары. 1997-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика институтының директоры қызметтерін атқарған. 2006 жылдан бастап - қазіргі қызметінде.
2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы физика-математикалық ғылым бөлімшесінің академик-хатшысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының құрметті академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану Ғылым Академиясы Президиумының мүшесі, Ресей Жаратылыстану Ғылым Академиясының академигі, Біріккен ядролық зерттеу институты (Ресей, Дубна қаласы) мүше-мемлекеттер үкіметтік өкілетті өкілдері Комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілетті өкілі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтар беру комиссиясының, Жоғары ғылыми-техникалық комиссиясының мүшесі.
«Физические основы ионных технологий», «Фазовые преобразования в имплантационных системах металл-металлоид», «Nuclear Physial Methods in Radioecological Investigations of Nuclear Test Sites» (бірігіп жазған), «Физические основы ионных технологий создания стабильных многослойных металлических материалов» атты кітаптардың, 400-ден астам ғылыми жарияланымдардың, соның ішінде 12 монографияның авторы.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, «Е.П. Славский» (Ресей) медалімен, «Қазақстан Республикасы атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» Алтын белгісімен марапатталған. Ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Ғылым Академиясының академигі Шапық Шокин атындағы сыйлықтың иегері. 2009 жылы Словакия Республикасының Құрметті консулы атағы берілген.
55 жыл бұрын (1955) экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ұйымдастыру және кадрлық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі ДҮЙСЕНОВ Боран Төлегенұлы дүниеге келді.
Атырау облысы Мақат ауданында туған. Алматы саясаттану және басқарма институтын, Атырау мұнай және газ мемлекеттік институтын, Қазақ академиялық университетін бітірген.
1980-1982 жылдары - ЛКЖО Гурьев облыстық комитеті секторының меңгерушісі, «Спутник» халықаралық жастар туризмі бюросының төрағасы. 1982-1989 жылдары - Гурьев қалалық атқару комитеті бөлімінің меңгерушісі, хатшысы. 1989-1992 жылдары - Гурьев облыстық кеңесі бөлім меңгерушісінің орынбасары, облыстық атқару комитеті төрағасының көмекшісі. 1992-1993 жылдары - Атырау облыстық әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі, әкімшілік басшысы аппаратының меңгерушісі. 1993-1995 жылдары - Балықшы аудандық әкімшілігінің басшысы. 1995-1999 жылдары - Атырау облысы әкімінің орынбасары - Мемлекеттік мүлік және аймақтық жекешелендіру комитетінің төрағасы. 1999-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитетінің төрағасы. 2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті «Каспий» аймақаралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бастығының орынбасары - Атырау қаласындағы Атырау облысы бойынша филиалының бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» аймақаралық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті бастығының орынбасары, бастығы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың тамыз айынан - қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің грамоталарымен марапатталған.