ҚазАқпарат-Анонс: ақпанның 10-14-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: ақпанның  10-14-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

Ақпанның 10-ы күні Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасайды.

Ақпанның 10-ы күні Ішкі істер министрлігінде апталық брифинг болады.

Ақпанның 10-ы күні Үкімет үйінде «Сайғақтардың биотүрлілігін сақтау» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысы болады.

Ақпанның 12-16-сы аралығында Швейцарияның Женева қаласында адам құқықтары саласындағы Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) Жұмыс тобының 7-ші сессиясы шеңберінде Қазақстан Республикасының есебі тыңдалады. Еліміздің делегациясын Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев бастап барады.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Ақпанның 9-10-ында Ұлан-Батырда Еуропалық Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымындағы Қазақстан төрағалығы аясында және Моңғолия үкіметінің қолдауымен «Құлдықтың қазіргі түрлерімен күрестегі ұлттық, аймақтық және халықаралық тәжірибе» атты семинар өтеді. Аталмыш шараға ортаазиялық және бірқатар іргелес мемлекеттердің сарапшылары қатысады.

Ақпанның 9-ы мен 11-і аралығында Нидерландтың Гаага қаласында Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммиттің дайындау жөніндегі ұлттық үйлестірушілер кездесуі өтеді. Қазақстан тарапынан ұлттық үйлестірушінің міндеттері Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Омаровқа жүктелген.

Ақпанның 10-12-сі аралығында Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың шақыруымен Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглудың Астанаға ресми сапары күтілуде. Сапар бағдарламасында Түркиялық дипломатияның жетекшісі Қазақстан басшылығымен бірқатар кездесулері белгіленген.

ЕҚЫҰ

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Венадағы штаб-пәтерінде, бейсенбі, ақпанның 11-і күні басты энергетикалық инфрақұрылымдардың лаңкестік шабуылдарға қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған екікүндік семинары басталады.

Ақпан айында ҚР Мемлекеттік хатшысы -сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы ретінде Оңтүстік Кавказ елдеріне алғашқы сапары өтеді. Сапар барысында Қ.Саудабаев Әзірбайжан, Армения және Грузия елдерінде болады.

СПОРТ

Ақпанның 9-ы мен 13-і аралығында Жапонияда Қазақстан құрамасының қатысуымен шайбалы хоккейден «НАГАНО-2010» кубогының ойындары өтуде.

Атырауда ақпанның 9-16 күндері волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында XVIII Қазақстан чемпионатының 4-ші тур ойындары өтуде.

Ақпанның 12-28-і аралығында Ванкуверде ХХІ Қысқы Олимпиадалық ойындар өтеді. Олимпиада ойындарына Австралия, Австрия, Багам аралдары, Белорусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Гана, Германия, Гонконг, Грузия, Дания, Израиль, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Қазақстан, Кайман аралдары, Канада, Қытай, Солтүстік Корея, Латвия, Ливан, Литва, Лихтенштейн, Молдова, Монако, Моңғолия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Польша, Ресей, Румыния, Сенегал, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Украина, Финляндия, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, ОңтүстікКорея, Ямайка, Жапония елдері қатысады.

Ақпанның 13-де қазақ боксшысы Қанат Кертенбаев Паназиялық боксшылар қауымдастығының (PABA) нұсқасы бойынша чемпион атағын қорғайды. Жерлесіміздің қарсыласы - грузиндік боксшы Бекой Саджая.

БАЙҚОҢЫР

2010 жылғы ақпанның 16-сында Астана уақытымен 6 сағат 39 минутта «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Интелсат-16» ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымырантасығышы ұшырылады деп жоспарлануда.

АСТАНА

Ақпанның 10-ы күні сағат 15.00-те Л.Гумилев атындағы еуразиялық ұлттық университетінде «Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғам институттары» деген тақырыпта ғылыми конференция болады. Оған депутаттар, құқықтанушы ғалымдар, шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы елшіліктерінің өкілдері, ІІМ ардагерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысады.

Ақпанның 10-ы күні Астана қаласының Алматы аудандық ішкі істер басқармасында Мәжіліс депутаты М.Айсинамен кездесу болады.

Ақпанның 10-ы күні, (сағат 18-30) Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының «Ханша-Дария хикаясы» қойылымы сахналанады.

Ақпанның 10-ы күні «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесінде «Бірыңғай қабылдау күні» аясында Астана әкімінің орынбасары С.Хорошун және еңбек вице-министрі А.Нүсіпова азаматтарды қабылдайды.

Ақпанның 11-і күні елордадағы К. Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында VI Республикалық«Елім менің» патриоттық әндер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Шараның негізгі мақсаты - кейіңгі жас буынды ұлттық рухани құндылықтарға тәрбиелеу, отандық композиторлар мен ақындардың шығармашылығын қолдау, орындаушылардың кәсіби шеберліктерінің өсуіне ықпал жасап, жас дарын иелерінің қатарын толықтыру.

Ақпанның 17-сі мен 19-ы аралығында Астанадағы Конгресс-холл сарайында «XXI ғасырдағы білім мен ғылым» атты VII-ші қазақстандық халықаралық көрме өтеді. Көрмеде Қазақстанның жоғары оқу орындары, шет елдерде білім алу туралы ақпараттар, сонымен қатар оқу-әдістемелік құралдар, ағарту ісіне қажетті құрал-жабдықтар ұсынылатын болады. Сондай-ақ талапкерлерге арналған ақысыз сынақтар жүргізіледі

АЛМАТЫ

Ақпанның 10-ы күні ҚР Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы» тақырыбы бойынша ғылыми - тәжірибелік конференция болады. Конференцияға Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қ. Сұлтанов қатысып, баяндама жасайды.

Ақпанның 10-ы күні Республика сарайында Алматы әкімі А.Есімов есеп беру жиналысын өткізеді.

Ақпанның 10-ы күні «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің жағдайын анықтау мақсатында жүргізілген кешенді зерттеудің қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты болады.

Ақпанның 10-ында Қазақстан баспасөз клубында «Табиғат» экологиялық одағы «Іле-Балқаш-2010» экологиялық регатасының өткізілуіне арналған баспасөз мәслихатын өткізеді.

АЙМАҚ

Ақпанның 12-сі мен наурыздың 12-сі апралығында Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиялымен бірлесе отырып, партия филиалының ғимаратында азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткізеді.

АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.

АҚПАННЫҢ 10-Ы, СӘРСЕНБІ

А.С.Пушкинді еске алу күні. Э.Дантеспен дуэльден кейін қаза болған ұлы орыс ақынын еске алудың 173 жылдығы (1799-1837). Дантеспен дуэль Санкт-Петербордың іргесіндегі Қара өзенде өткен.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1995) Алматыда өткен ТМД елдері Мемлекет басшыларының Кеңесі мен Үкімет басшылары кеңесінің мәжілісінде ұжымдық қауіпсіздік, ТМД-ның шекара және бітімгершілік күштерін құру туралы мәселе талқыланды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында бейбітшілік пен тұрақтылыққа қолдау көрсету туралы меморандум қабылданды. Сол күні өткен президенттер Н.Назарбаев, А.Ақаев және И.Каримовтың кездесуінде Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы үш елдің уағдаластығын жүзеге асыру жөніндегі істің жағдайы талқыланды, үш елдің Мемлекетаралық кеңесі атқару комитетінің есебі, Орталық Азиялық ынтымақтастық және Даму банкі басқармасының және Аралды құтқару халықаралық қоры басшылығының есептері тыңдалды. Орталық Азиялық үш республиканың басшылары Мемлекетаралық кеңес және оның институттары туралы келісімге қол қойып, Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның Премьер-министрлер кеңесі және Сыртқы істер министрлері кеңесі туралы ережені бекітті.

15 жыл бұрын (1995) Қазақстанда Өзбекстан Республикасының елшілігі ашылды.

10 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның әскери доктринасы бекітілді.

10 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Үкіметі «Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Қаулы қабылдады.

1 жыл бұрын (2009) Қазақтан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігінің Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1950) профессор, техника ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебінің Ғылым Академиясының, Инженерлік Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ӘБЖАППАРОВ Әбдімүтәліп Әбжаппарұлы дүниеге келді.

Қырғызстан Республикасында туған.

Қазақ политехникалық институтын (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті), Төменгі-Саксон неміс басқару академиясын (Германия), Қазақ политехникалық институтының және Санкт-Петербор тау-кен институтының аспирантурасын бітірген.

Қазақ политехникалық институтының ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, декан орынбасары, доценті қызметтерін атқарған. 1991-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, жоғары білім және ғылым бас басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-министр Кеңсесінің консультанты, Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі жоғары және орта кәсіби білім департаментінің директоры. 2001-2005 жылдары - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры. 2005 жылдан - Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялық және инжиниринг университетінің ректоры.

3 монография, 55 ғылыми мақалалардың авторы. Төрт авторлық куәлігі, үш патенті бар. «Студенттік контингентті қалыптастырудың жаңа үлгісін» енгізу авторларының бірі. «Білім туралы», «Жоғарғы білім туралы», «Білім туралы» заңдарын жасауға қатысқан.

40 жыл бұрын (1970) Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы ТҰРСЫНБАЕВ Ғалым Сұлтанұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында туған.

Қазақ химия-технологиялық институтын, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Ұлттық Жоғары мектебін бітірген.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық басқармасының бастығы - Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тәртіптік кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдан.

АҚПАННЫҢ 11-І, БЕЙСЕНБІ

Дүниежүзілік аурулар күні. 1992 жылы мамырдың 13-інде Рим папасы Иоанн Павел II бекіткен. Католиктермен Лурдскалық Ана құдай күні тойланады.

Иран Ислам Республикасының ұлттық мерекесі - Революция күні. 1979 жылы осы күні Иранда шах режимі құлап, Иран Ислам Республикасы жарияланды.

Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қатынас 1992 жылы қаңтардың 29-ында орнаған.

Жапон империясының құрылған күні. Біздің дәуірімізге дейін 660 жылы Кюсю аралының тұрғыны Дзимму деген кісі Ямато елін басып алып, таққа отырды. Бұл күні Жапон мемлекетінің негізі қаланған күн деп саналады. Дзиммудан бастау алған императорлар әулеті әлі күнге Жапонияны билеп келеді.

ОҚИҒАЛАР

13 жыл бұрын (1997) «Кеңес Одағының Маршалы И.С Конев атындағы Алматыдағы жоғары әскери училищесін Қазақстан Республикасының Қарулы күштер әскери академиясына өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты.

10 жыл бұрын (2000) Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және шет тілдер университетінің Алматыдағы бас ғимараты алдында Абылай ханға ескерткіш орнатылды.

5 жыл бұрын (2005) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде академик Манаш Қозыбаев атындағы дәрісхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

М.Қозыбаев (1931-2002) Кеңес заманында бұрмаланып келген қазақ тарихын сан ғасырлық мұрағат құжаттарын зерттеу нәтижесінде жазып шыққан ғалым. Ол саяси қуғын-сүргін кезінде құрбан болған қазақ зиялыларын ақтау туралы бірінші болып мәселе көтеріп, Парламенттегі ақтау комиссиясын басқарды. Көрнекті ғалымның мыңнан астам зерттеу еңбектерінің біразы Қытай, АҚШ, Түркия, Корея, Иран елдерінде аударылып, кітап болып шықты. Ал, ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміздегі бірсыпыра білім шаңырақтарына ғалымның есімі берілді.

5 жыл бұрын (2005) Павлодарда облыстағы мәдени - ұлттық орталықтарының қызметіне арналған кітап-альбом жарық көрді. Кітапта 23 мәдени - ұлттық орталықтарының, және олардың ауылдық бөлімшелерінің әңгімелері жазылған. Түрлі-түсті суреттерде шығармашылық ұжымдардың, Қазақстан Халықтарының Кіші Ассамблеясының ардагерлері және беделділері көрсетілген. Кітап-альбомның тарауының бірі Қазақстан халықтарының мдениетіне және облыстық мәдениет фестивалдеріне арналған. Суреттердің авторы - фотошебер Александр Пархоменко.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1920-1980) соғыс және еңбек ардагері, Кеңес Одағының батыры ЖОЛДАСОВ Лесбек Бәйімбетұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған.

2-дүниежүзілік соғыста Қызыл тулы 316-атқыштар дивизиясы құрамында Сумы, Белгород, Орел қалалары маңында, Дунай жағалауында болған ұрыстарға қатысқан. Дунай өзенінен өту кезеңіндегі ұрыста рота командирі Л.Жолдасов асқан ерлік көрсетіп, жаудың 60 солдаты мен офицерін жойды.

Соғыстан кейін Қазақ педагогикалық институтын бітіріп, туған ауылында мектеп директоры болды.

Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

55 жыл бұрын (1955) ақын, жазушы ШИЛЕНКО Ольга дүниеге келді.

Қырғыстан Республикасында туған.

Қырғызстан көркемсурет училищесін бітірген.

1983 жылдан бастап Алматыда тұрады. Облыстық және республикалық газеттерде суретші, «Білім» қоғамында референт, Қазақ КСР Кинематография жөніндегі мемлекеттік комитеті саласында аға әдіскер, «Ренессанс» шығармашылық бірлестігінде әдеби кеңесші, «Қазақстан» баспасының көркемдеуші редакторы қызметтерін атқарған.

«Океан», «Жесты» өлеңдер жинақтары, «Оборотень» атты фантастикалық әңгімелер жинағы, «На белом свете - август», «Рассказы о прекрасных дамах», «Утро синего снега», «Дом с тенью», «Урок хиромантии», «Рассказы о красоте и коварстве», «Мост монаха» повестері мен әңгімелердің авторы. К.Альба деген бүркеншік атпен «Андрогины доктора Моора» деген шытырман оқиғалы қиял-ғажайып кітабы жарыққа шықты.

АҚПАННЫҢ 12-І, ЖҰМА

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Орталық бөлімшесіне номиналы 500 теңгелік екі коллекциялық күміс тиындары түсті. Тиынды «proof» сапасында дайындаған, тиражы - 4 мың дана.Тиынның бірінші бетінде баланы бесіке жатқызған әйелдің бейнесі келтірілген, ал екінші бетінде Алматы қаласының орталық мешіті. Коллекциялық тиынның салмағы - 31,1 грамм, диаметрі - 38,61. Құны - 5 мың теңге. Тиындар 925 сапасындағы күмістен дайындалған. Шетінің үсті - кедір-бұдыр. Тиынның бірінші және екінші беттеріндегі жазуы мен суреті - бедерлі.

3 жыл бұрын (2007) Павлодарда айтыс өнерінің дамуына арналған «Өнердің алтын тәжі» атты кітап жарыққа шықты. Басылымның авторы павлодарлық журналшы Мұхамеджан Дәуренбек тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өңірлік айтыстар қалай дайындалып өткізілгені туралы баяндайды. М.Дәуренбек облысты аралап, айтыстарға қатысушыларды іріктей жүріп, көптеген ақындармен танысқан, жыр сайысына бірнеше рет қазылық жасаған.

1 жыл бұрын (2009) Астанада мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған кресло-коляска шығаратын зауыт іске қосылды. Зауыт «Қазақстанның мүмкіндігі шектеулі жандар конфедерациясы» және немістің «Майра» фирмасы көмегімен елорда әкімшілігінің қолдауымен жұмыс істеді.

1 жыл бұрын (2009) Қазақстан-британ техникалық университетінде техникалық ғылымдар докторы, профессор Г.Хаиров атындағы дәрісхана ашылды.

Г.Хаиров (1946-2007) - қазақстанның көрнекті ғалымы, «Почетный разведчик недр СССР», «Қазақстан Республикасының кен орындарының бірінші ашушысы» және КСРО геология Министрлігі сыйлығының иегері.

ЕСІМДЕР

105 жыл бұрын (1905-1974) актер, Қазақстанның халық әртісі АТАХАНОВ Нұриддин Мұхаметқалиұлы дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Өскемен қаласында туған.

Соғыстан оралған соң Қарағанды, Қарқаралы, Семей, Павлодар театрларында актер, режиссер қызметтерін атқарған.

Театр сахналарында Абайдың (М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай» трагедиясы), Кебектің, Казанцевтың (М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарыны»), Қодар мен Қарабайдың, Науанның (Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлуы», «Ақан сері - Ақтотысы»), Тайманның (Ә.Тәжібаевтің «Майрасы»), Сырдақтың (Т.Ахтановтың «Саулесі»), Олжабай (Қ.Мұхаметхановтың «Комиссар Ғаббасовы»), Бекзадтың (Н.Хикметтің «Махаббат жайындағы аңызы») рөлдерін сомдаған. Ол музыкалық қойылымдарға да қатысты.

Атаханов режиссерлік жұмыспен айналысып, Әуезовтің «Айман - Шолпан» мен «Түнгі сарын», Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат» пьесаларын, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» операларын қойған.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

70 жыл бұрын (1940) сатирик жазушы АХМЕТБЕКҰЛЫ Кәрібай дүниеге келді.

Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Республикалық «Лениншіл жас» («Жас алаш»), «Қазақстан пионері» газеттерінің, Қазақ кеңес энциклопедиясының әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, кейінгі жылдары қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, «Қазақфильм» студиясының, «Жалын», «Қазақстан» баспаларының редакторы қызметтерін атқарған.

«Ақдала», «Ақдала» роман-дилогиясының, «Қасірет» романының, «Сый орамал», «Жеңіс сарбазы», «Жалаулы жасыл дүние», «Седая степь», «Егіз қайық» повесть және әңгімелерінің авторы.

Ян Козактың «Қасиетті Михаил» романын, М.Юхманың «Ақ қайың әні» атты кітабын, «Якут ертегілерін» және В.Астафьевтің «Ұрлық», «Жанаргүл» повестерін қазақ тіліне аударған.

АҚПАННЫҢ 13-І, СЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

95 жыл бұрын (1915) Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - Жүсіпбек Аймауытов.

5 жыл бұрын (2005) «Мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте сақтау» бағдарламасының аясында аты аңызға айналған қазақстанның жазушы-жауынгері Бауыржан Момышұлының 30-томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Кітаптің шығармашылық тобына қазақстанның ғалымдары, тарихшылары, жазушылары, журналисттері кірді.

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген өнер кайраткері және халық әртісі Кенжебек Күмісбековтың (1927-1987) есімі Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне берілді.

К.Күмісбеков Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кұмкөл ауылының тумасы, вокал өнерінің факултетінде музыкалық білім алды, содан кейін доцент К.А.Мухитовтың домбра класын бітірді.

Ең танымал шығармалары «Ыхлас туралы поэмасы», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» және басқалары.

3 жыл бұрын (2007) қазақ жазушысы, Михаил Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов Қырғыз Республикасының «Алтын қалам» ұлттық сыйлығының алтын медалімен марапатталды.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1930) философия ғылымдарының докторы, профессор КУТАСОВА Ильфа Мазитовна дүниеге келді.

Ресей Федерациясында туған.

Мәскеу мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.

КСРО Ғылым Академиясының шығыстану институтында қызмет атқарған. Қазіргі уақытта Мәскеу басқару мектебінің философия кафедрасының профессоры.

Франциядағы экзистенциализм философиясымен және «жаңа философияны» зерттеумен шұғылданады. Батыстың жаңа философиялық ойларымен таныстырады.

АҚПАННЫҢ 14-І, ЖЕКСЕНБІ

Компьютершілер күні. 1946 жылы бірінші шын мәнінде жұмыс істейтін электронды ENIAC компьютері шығарылды. ENIAC компьютері практикалық мақсатта жұмыс істейді. Осы ENIAC-тан қазіргі компьютерлер есептеудің екілік жүйесін мұраланған. ENIAC-ты сол кездегі маңызды қажетті шешімін шығару үшін өндірген: әскердің кем есептейтін баллистикалық кестесі үшін. Әскерде артиллерия мен авиацияға қажеті баллистикалық кестені кем есептейтін бөлім бар. Бұл бөлімде адамдар Әскери Калькулятор лауазымында жұмыс істеді. Әрине бұл «есептеуіш қордың» қуаттылығы мен өнімділігі әскерде жеткіліксіз. Сондықтан 1943 жылдың басында кибернетиктер ENIAC компьютерінің жаңа есептеуіш құрылғысының концепциясын өңдеуге кірісті.

ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ономастикалық комиссиясының шешімімен Гурьев облысы мен Гурьев қаласы тиісінше Атырау қаласы мен Атырау облысы деп қайта аталды. Павлодар облысындағы Ермак ауданы Ақсу ауданы болды.

3 жыл бұрын (2007) Батыс Қазақстан облысында «Қазақ зиялылары» атты қоғамдық бірлестігі құрылды. Жаңа ұйымды құрушы - облыстық қазақ драма театры. Ұйымның төрағасы - танымал ақын Ақүштап Бақтыгереева. Ұйым арнайы жоспармен студент жастарының өкілдеріне арнап әр түрлі тақырыптағы кездесулер өткізеді.

3 жыл бұрын (2007) Ақмола облысының танымал ақын-айтыскер Арман Бердалиннің шығармаларының DVD дискісі шығарылды. «Арман айтыстары» жинағына автордың әр жылдары айтылған шығармалары кірді.

1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұржамал Үсенбаева өзінің 25 жылдық шығармашылық қызметіне арналған үлкен гастрольдік сапары аясында Қостанайда жеке концертін берді. Нұржамал Үсенбаева тамаша опера әншісі ретінде әлемге кең танылған. Ерекше сопрано дауысты Н.Үсенбаеваны атақты театрлардың сахналары қашан да құшақ жая қарсы алады. Оның репертуарында Вердидің, Бизенің және Римский-Корсаковтың операларынан ариялар бар.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1945) заң ғылымдары докторы, профессор, Татарстан Республикасыныңеңбек сіңірген заңгері ТАРХАНОВ Ильдар Абдулхакұлы дүниеге келді.

Қазан қаласының тумасы.

Қазан мемлекеттік университетін бітірген.

Қазіргі уақытта сол жоғарғы оқу орнында заң факультетінің деканы және қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры.

И.Тархановтың ғылыми еңбектері қылмыстық құқық саласын қамтиды. Ол 38-ден аса ғылыми еңбектердің авторы.