ҚазАқпарат-Анонс: қыркүйектің 18-і мен 20-сы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ҮКІМЕТ
Қыркүйектің 18-інде Төтенше жағдайлар министрлігінде «Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік тіл» республикалық конкурсы өтеді.
ҚОҒАМ
Тамыздың 1-інен бастап жолаушылар пойыздарының плацкарт вагондарының билет құнына төсек жабдықтарының құны қосылады. Жолаушылар төсек жабдықтарын бұдан былай билет кассасында жол құжатын ресімдеу кезінде сатып ала алады. Оған қоса, қыркүйектің 15-іне дейін плацкарт вагондарда ВУ-9 түбіртектері бойынша төсек жаймаларының уақытша сатылымына рұқсат етіліп отыр. Бірақ қыркүйектің 15-інен бастап вагондарда төсек жабдықтарын сатуға тыйым салынады. Жолаушы төсектің құнын билет кассасында төлеуден бас тартса, оны вагонда сатып ала алмайды.
Тамыздың 11-і мен қыркүйектің 30-ы арылығында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде «Ядролық қаруға жол жоқ» қазақстан-жапон көрмесі өтеді.
Қыркүйектің 14-19-ы аралығында Венада Халықаралық атом энергиясы агенттігінің Бас Конференциясының 53-ші сессиясына Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Асет Мағауов басқарған Қазақстан делегациясы қатысады.
Қыркүйектің 17-18-інде Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығына дайындығы аясында Ұйымның Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі Бюросы «Төрағалықтын арнайы тобы - Task Force» қызметкерлеріне арналған брифинг өткізілуді жоспарлауда. Брифингте Бюро өкілдері 2010 жылға жоспарланған ДИАҚБ-ның қызметі туралы ақпаратты беріп, СІМ-нің сарапшыларымен консультациялар өткізеді.
АСТАНА
Қыркүйектің 11-і мен қазанның 11-і аралығында Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мұражайында Қостанай облыстық мұражай қорларының «Ұлттық мәдениеттер бесігі» тақырыбындағы көрмесі өтеді.
Қыркүйектің 15-і мен қазанның 15-і аралығында Астанада тазалық айлығы өтеді.
Қыркүйектің 18-інде «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингінде Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған «Тілдер күні» конкурсы өтеді.
Қыркүйектің 18-інде «Тәңірі» қонақүйінде «Дәруменмен байытылған ұн - ана өлімін азайтудың ең оңай және ең қарапайым әдісі» тақырыбында семинар болады.
Қыркүйектің 18-інде «Интерконтиненталь-Астана» қонақүйінде «Азаматтық сот өндірісіне қатысушылардың теңдігін қамтамасыз ету» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді.
Қыркүйектің 18-інде «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасында Сенат депутаттары шағын және орта бизнес субъектілерімен кездеседі.
Қыркүйектің 18-інде «Каспий» спорт кешенінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдық бөлімдері спартакиадасының ашылу рәсімі болады.
Қыркүйектің 18-інде «Бәйтерек» медиа-орталығында «Сектанттар және олардың сыртында кімдер тұр?» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты болады.
Қыркүйектің 18-інде «Думан» қонақүйінде «KAZENERGY» қауымдастығының кадрларды дайындау және персоналды басқару мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.
Қыркүйектің 18-інде Ұлттық академиялық кітапханада «Бір ел - бір кітап» акциясына арналған баспасөз мәслихаты болады.
Қыркүйектің 18-інде «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесінде партия жанындағы «Өрлеу» экономикалық клубының ІІІ отырысы өтеді.
АЛМАТЫ
Қыркүйектің 18-інде «Интерконтиненталь-Алматы» отелінде «Қазақстан Республикасының кен-металлургиялық кешенінің инновациялық дамуы» тақырыбында конференция өтеді.
Қыркүйектің 18-інде «Алатау» шипажайында «Өркениеттің болашағы және өркениеттің серіктестік стратегиясы» ІІІ Өркениеттік форумы өтеді.
Қыркүйектің 18-інде вице-премьер Ө.Шөкеев Алматыда салынып жатқан нысандарды аралайды және әкімдікте «Үлестік құрылыс нарығындағы ағымдағы жағдай» мәселесіне арналған кеңес өткізеді.
Қыркүйектің 18-інде Ұйғыр театрында «Алматы - жастар қаласы» өнер фестивалі өтеді.
Қыркүйектің 18-інде Ғ.Мүсірепов атындағы Жас көрермендер театрында маусымның ашылуы болады.
Қыркүйектің 20-сында Алматы қаласының күні тойланады.
Қыркүйектің 21-інде Алматыда «Ұлтаралық әрекеттестік үлгісі: Қазақстан халқы Ассамблеясы және ЕҚЫҰ» атты халықаралық семинары өтеді. Аталған іс-шара Қазақстан Халқы Ассамблеясы және ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен және ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар мәселелері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Кнут Воллебектің қатысуымен өткізілетін болады.
АТАУЛЫ КҮНДЕР. МЕРЕКЕЛЕР.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 18-І, ЖҰМА
Чили Республикасының ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1810). Мемлекет Оңтүстік Американың оңтүстік-батыс жағалауындағы Анд және Тынық мұхиты арасындағы таулы жоталы асуларында орналасқан. Астанасы - Сантьяго.
Қазақстан Республикасы мен Чили Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы тамыздың 19-ында орнатылды.
ОҚИҒАЛАР
34 жыл бұрын (1975) Алматы облысында Қапшағай кәрлен (фарфор) зауыты іске қосылды.
17 жыл бұрын (1992) «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.
11 жыл бұрын (1998) Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды.
11 жыл бұрын (1998) Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды.
3 жыл бұрын (2006) Алматы қаласында 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғалардың 20-жылдығына арналған «Тәуелсіздік таңы» ескерткіш-монументі ашылды. Ескерткіш үш бөліктен тұрады, композиция тақырыптың мәндік-идеялық және көркемдік-образдық мазмұнын ашып береді. Ол қызыл және ақ граниттен жасалған екі пилоннан тұрады. Алғашқысы өткен мен болашақ арасындағы қақтығысты, жарылысты, халықтың өзіндік сана-сезімінің сілкінісін білдірсе, екіншісі мемлекеттің тәуелсіздігі мен бостандықтың салтанат құруын меңзейді. Композицияға сондай-ақ ұшуға ұмсынған әйелдің мүсіні енгізілген. Ол оң қолына татулыққа шақыру нышаны іспетті орамал ұстаған. Ал сол қолында бостандыққа талпынысты, ұшу белгісін білдіретін қанатын жайған құсты ұстаған. Ескерткіштің үшінші бөлігі әрлі рельефтік панномен безендірілген.
270 жыл бұрын (1739) Ресей мен Түркия 1735-інші жылдан 1739-ыншы жылға дейін созылған орыс-түрік соғысын қорытындылаған Белград бейбітшілік келісіміне қол қойды.
Осы келісімге сәйкес, Ресей Қара және Азов теңіздерінде флоттарын ұстау құқынан айырылса да, Азовск қаласын өзіне қайтару құқына ие болды. Келісімге қол қойылғанына қарамастан, оның кейбір тармақтарының заңдылығын Ресей жағы 1747 жылға шейін даулап келді.
158 жыл бұрын (1851) АҚШ-та «Нью-Йорк таймс» газетінің бірінші саны жарық көрді.
50 жыл бұрын (1959) КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы Н.С.Хрущев БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде адамзатты жаппай қарусыздануға шақырды.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1954) «Atameken Holding» Қаржылық Өнеркәсіп Тобы» Директорлар Кеңесінің төрағасы ҚАСЫМОВ Әлібек Хамитұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы И.С.Конев атындағы Жоғары әскери командалық училищесін, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. 1975-1982 жылдары - Калининград облысындағы танк дивизиясының взвод, рота командирі, батальон командирінің орынбасары. 1985-1992 жылдары - Закавказье әскери округінде штаб бастығы - мотоатқыштар оқу полкі командирінің орынбасары, аға офицері, бастық орынбасары, бөлім бастығы. 1992 жылдың тамызынан - жедел басқарма бастығы - Қорғаныс министрлігі Бас штабы бастығының орынбасары. 1992 жылдың қарашасынан - Қорғаныс министрінің 1-інші орынбасары - Бас штабтың бастығы. 1995-1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі. 1997 жылдан Қазақстанның Түркиядағы әскери атташесі болып тағайындалған. 2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. 2004 жылдың сәуір айынан желтоқсанына дейінгі аралықта - «Lapidim Project LTD» ЖШС-нің бас директоры. Қазіргі қызметінде - 2004 жылдың желтоқсанынан.
Ә.Қасымов ІІІ дәрежелі «КСРО Қарулы күштерінде Отанға сіңірген қызметі үшін», ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және КСРО медальдарымен марапатталған.
190 жыл бұрын (1819-1868) француз физигі және астрономы, оптика, механика және электромагнетизм саласында қыруар әлемдік маңызды жұмыс атқарған ФУКО Жан Бернар Леон дүниеге келген.
Сан қырлы еңбегі шынайы бағаланған ол - Париж Ғылым академиясының академигі, Берлин Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Петербор Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Лондон корольдік қоғамының мүшесі болған.
1851 жылы еркін тербеліп тұрған маятник (Фуко маятнигі) бойынша тәжірибе жасап, бір тәулікте Жерді өз осінен айналып өткендегі ауытқушылық себебін түсіндіріп берді.
1852 жылы гироскоп жасап шығарған. 1855 жылы Париж расытханасының физигі болып тағайындалады.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 19-Ы, СЕНБІ
Рош Ашана - дүние жаратылғаннан бергі жаңа 5770-інші жыл. Бұл күні Тәңір әрбір адамның және бүкіл әлемнің келесі жылғы тағдырын айқындайды. Осы мейрамда жұмыс істеуге тыйым салынады.
ОҚИҒАЛАР
14 жыл бұрын (1995) Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасында кедендік бақылауды жою туралы» Жарлығы шықты.
14 жыл бұрын (1995) Пәкістанда урду тілінде Абайдың «Таңдамалылар» кітабының аудармасы жарық көрді.
13 жыл бұрын (1996) Алматыда Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ислам даму банкінің ұйымдастырумен «Қазақстан Республикасына инвестициялар» атты аймақтық конференция ұйымдастырылып, онда шетелдік инвесторлар Қазақстандағы инвестициялық ахуал туралы хабарландырылып, республика экономикасына қаржы тарту мүмкіндіктері талқыланды.
3 жыл бұрын (2006) Қазақстанда тұңғыш рет «Журналистика Казахстана» энциклопедиясы шықты. Авторы - Қазақстан журналистика академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.
145 жыл бұрын (1864) АҚШ-та машиналардағы жиналмалы отырғыш патенттелді.
90 жыл бұрын (1919) Кариб теңізінде құтқарушы қайықтары толықтай сай, титімдей зақым тимеген испандық «Вальбарене» кемесі табылды (488 жолаушылары мен экипаж мүшелері ұшты-күйлі жоғалып кеткен).
85 жыл бұрын (1924) Бұқарада (Өзбекстан) Бұқара Халықтық Социалистік республикасын Бұқара Кеңестік Социалистік республикасы етіп қайта құру туралы шешім қабылданған Кеңестердің Бүкілбұқарлық V құрылтайы ашылды. Бір айдан кейін ол Түркімен, Өзбек және Тәжік КСР-лары болып тарқап тынды.
ЕСІМДЕР
75 жыл бұрын (1934-1998) шахматшы, республикадағы шахмат қозғалысының қайраткері, математик, техника ғылымдарының кандидаты СӘЙДЕНОВ Ғалимулла Батырханұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасына (Манила, Филиппин аралдары) қазақстандық спортшыларды бастап барды. Алматы мен Шымкентте өткізілген ірі шахмат турнирлерінің ұйымдастырушысы. 1991-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Шахмат федерациясының атқарушы директоры.
В.Пановтың «Дебют сабақтарын» қазақ тіліне аударған, басқа да кітаптардың авторы.
70 жыл бұрын (1939) классикалық күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген шебері БАКУЛИН Владимир Николаевич дүниеге келді. Ол - жеңіл салмақта (52 кг) Еуропа чемпионы (Германия, 1966), әлем чемпионы (Румыния, 1967). XIX Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (Мехико, 1978). Алматыдағы «Буревестник» және «Локомотив» спорттық қоғамдары сапында сайысқа түскен. Жаттықтырушысы - В.А.Псарев. 1970 жылдан Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқытушылық қызмет атқарады.
95 жыл бұрын (1914-1983) Бүкілодақтық радионың дикторы, КСРО халық әртісі ЛЕВИТАН Юрий Борисович дүниеге келді.
Бүкіл радиодауыстар арасынан оның дауысы - қай жағынан алғанда да - тарихи дауыс. Аңызға сенсек, Адольф Гитлер: «Ең бірінші, менің Мәскеуді алғанда тындырарым - Левитанды дарға асу!» - деп, байбалам салған екен. 1931 жылы Кеңес Одағының күңіренген бас дауысты ұланы бар-жоғы 17 жасқа толған еді - ол нақ осындай жасөспірім шағында радиоға жұмысқа тұрған. Ал, соғыс жылдары оны алдымен бүкілодақтық, сонан соң бүкіләлемдік даңққа бөледі. Бейбіт өмірге көшу оған, кез-келген соғысқа қатысушы сияқты, оңайға түскен жоқ. Левитан даусы ешқашан жұқалтаң, жалаң болған емес. Әрбір мәтін, мейлі ол Информбюро мәліметі болсын, мейлі саяси қайраткерлер бірінің сөзі болсын - ешқашан да жалған естілген жоқ. Оның дауыс екпіндері құдіреттілігімен және сонымен қатар жүрек жылылығымен қайран қалдыратын. Левитан жан-тәнімен шығармашылықты аңсап тұратын. Радио қорында бірсыпыра баға жетпес жазылымдар сақталған: ұлы диктор өлеңдер оқиды. Осылайша, қара жазба тәрелкелер жанында, шағын ғана дыбыс өткізбейтін қабырғалар қоршауындағы студиялық кабинада оның бар өмірі өтті. Микрофоннан ажырап қалу - ол үшін өліммен тең болды.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 20-СЫ, ЖЕКСЕНБІ
Қазақстан Республикасының халықтары тілдерінің күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Қасиетті Рамазан айы, онымен бірге ораза аяқталғаннан кейін, мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын ұлық мереке - Ид-әл-Фитр, Ораза айт келеді. Қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін бұл ұлық мерекені ізгі істермен, жақын-жұрағаттарға деген ерекше қамқорлықпен, мүсәпір-мүскіндерге қайырымдылық көрсетумен атап өту керек. Мұхаммед Пайғамбар: «шын ниетпен және үмітпен ораза тұтқандардың күнәлары кешіріледі» деген. Әрбір діндәр үшін бұл мереке - рухани тәжірибесін толықтырудың, мұсылман қауымының қуанышына ортақтасудың жақсы мүмкіндігі. Мұсылман үшін Ораза айт - Рамазан айының қасиетті күндерімен қоштасу. Әрбір мұсылман өткеніне орала отырып, осы аралықта қол жеткізген рухани байлықтар туралы ойлануға міндетті. Айлардың айын теріс әрекеттерге, жаман ойларға еш етпеді ме, осыны ойлануы керек. Осы күнге аман-саулықта жеткізгені үшін Жаратқанға мадақтар айтылып, шейіт болған әруақтарға бағышталып құран оқылады. Бұдан бөлек мұсылман бауырлар бірінің шаңырағына бірі бас сұғып, есен-саулық сұрасып, бір-біріне денсаулық, жақсылық тілейді.
ОҚИҒАЛАР
8 жыл бұрын (2001) Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қарағанды облысын кішірейтілген ауқымда көрсететін этнопарк ашылды. Этнопарктің жалпы көлемі 36 га. Ол жерде Балқаш көлі, Ұлытау, Қарқаралы тауларымен қатар қалалар мен аудандардың павильондары орналасқан.
60 жыл бұрын (1954) Бейжің қаласында Бүкілқытай жиналысының бірінші отырысында Қытай Халық Республикасының Конституциясы қабылданды.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1909-1989) шахматшы, спорт журналисі, Қазақстанның шахматтан, шахматты жазып ойнау түрінен республикалық біріншіліктердің бірнеше дүркін жеңімпазы ОМАРОВ Хакім Сағадатұлы дүниеге келді. Шахмат жайлы көптеген күрделі мақалалары, жарияланымдары, шахмат шешулері жарық көрген. Қазір Астана қаласындағы шахмат клубы Х.Омаровтың есімімен аталады. Жыл сайын осы астаналық шахмат клубында Х.Омаровтың құрметіне республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында жарыс өтеді.
80 жыл бұрын(1929) алғашқы тың игерушілердің бірі, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, КСРО ауылшарушылығы және Жоғарғы мектеп үздігі ТАЗАБЕКОВ Тілепбай дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылық институтын, Қазақстан Ғылым академиясының Топырақтану институтының аспирантурасын бітірген. Қазақ ауыл шаруашылық институтының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, кафедра меңгерушісі, доценті, ассистенті қызметтерін атқарған. 1981-1985 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылық институтының ректоры. 1985 жылдан - Қазақ ауыл шаруашылық институтының (Қазақ Ұлттық аграрлық университеті) кафедра меңгерушісі, профессоры. 200-ден аса ғылыми еңбектің авторы, 15-тен аса ғылым докторлары мен кандидаттарын даярлаған.
Медалдарьмен марапатталған.
70 жыл бұрын (1939) техника ғылымының докторы, профессор ЗАГОРОДНЯЯ Алина Николаевна дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтының аспирантурасын бітірген. 1961-1966 жылдары Қазақ политехникалық институтында, 1969-1981 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Металлургия және кен байыту институтында әр түрлі қызметтер атқарған. 200-ден аса ғылыми еңбектің авторы.
Медальдармен марапатталған.
55 жыл бұрын (1954) ауыл шаруашылық ғылымының кандидаты, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары ТӨЛЕБАЕВ Кенжехан Атақұлұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылық институтын бітірген. Киров аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Мақталы» кеңшары комсомол комитетінің хатшысы, директоры болған. 1991-1992 жылдары - Киров аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1992-1997 жылдары - Мақтаарал ауданының әкімі. 1997-1998 жылдары - Мақтаарал ауданының әкімінің бірінші орынбасары. 1998-1999 жылдары -Шардара ауданының әкімі. 1999-2002 жылдары - Мақтаарал ауданының әкімі. 2002-2003 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика департаментінің бастығы. Аталған қызметінде - 2003 жылдың қазан айынан.
Медальдармен марапатталған.
75 жыл бұрын (1934) әлем киносының жарық жұлдызы, итальян киноактрисасы ЛОРЕН Софи (шын аты Шиколоне София) дүниеге келді.
Италияның Пиццуоли елді мекенінде туған. Сұлу арулар конкурстарындағы жеңістері бойжеткен Софи Лоренге кино әлемінің есігін айқара ашты, ал қайсарлылығы, қажырлылығы алға қойған мақсатына жетуіне мүмкіндік берді. Оның тағдырына атақты италиялық режиссер әрі актер Витторио де Сикамен кездесуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Нақ осы режиссермен бірлестікте Лорен өзінің ең айтулы және қызықты жұмыстарын өмірге әкелді.
Жиырма жылда шығармашылық жұп соның ішінде неғұрлым таңдаулылары «Неаполь алтыны» (1954), «Чочара» (1960, Канн фестивалінің сыйлығы, «Оскар» сыйлығы), «Альтона дарабоздары» (1962), «Итальянша үйлену» (1964, Мәскеудегі кинофестиваль сыйлығы, 1965) болып табылған он төрт фильмдерді шығарды. Де Сика біртіндеп актриса шеберлігінің жаңа қырларын ашып, үсті-үстіне жаңаша таныта берді. Лорен қаһармандары өзінің таңқаларлық шынайылығымен және өміршеңдігімен, жарқын ұлттық мәнерімен баурап алды. Актриса бейнелеген тұлғалардың ізгі ниеттері мен арман-тілектері көрермендердің жүрегіне риясыз жол тауып жатты.
Лореннің тағдырында, тек күйеуі және оның екі ұлының әкесі болып қана қоймай, өзінің фильмдерінің үздіксіз продюсеріне де айналған атақты бизнесмен Карло Понти де, маңызды орнын қалдырды. «Миллионерша» (1960), «Кеше, бүгін, ертең» (1963), «Гонконгтен келген графиня» (1966), «Күнбағыс» (1969, кеңестік-итальяндық бірлесіп түсірген фильм), «Сенбі, жексенбі, дүйсенбі» (1990), «Дайын көйлек» «1994) фильмдеріндегі оның бейнелері ерекше есте сақталды. Бұл туындылар әр елдердерде, әрбасқа режиссерлермен қойылған, алайда, Лорен таланты, оның кез келген актерлік ұжыммен біте қайнасып кете алуы және жарқын да есте қаларлықтай бейне жасай алуы - қайда болмасын күмән туғызбайды. Лоренның мұндай қайталанбас еңбектері бірқатар мәртебелі марапаттарға да ие болды.
Актриса «Өмір сүре де, сүйе де біл» және «Сұлулық сыры», т.б. бірнеше автобиографиялық кітаптардың авторы, онда жылдар өрісі өзінің көріктілігін жоя алмаған сұлу Лорен жастықты сақтап қалудың шипалы қасиеттерімен сыр бөліседі.