ҚазАқпарат-Анонс: қыркүйектің 20-сы мен 26-сы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ
Қыркүйектің 20-сында сағат 11-ден 12-ге дейін (Астана уақытымен) ҚР ІІМ-нің сайтында ( www.mvd.kz ) он-лайн режімінде сайт пайдаланушылардың жол полициясы қызметіне және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарына Қазақстан Республикасы ІІМ Жол полициясы комитетінің төрағасы Қайрат Сағатханұлы Тыныбеков жауап береді.
Қыркүйектің 20-21 күндері «Тілі бірдің - иелігі бір» атты республикалық жастар форумы өтеді.
Қыркүйектің 20-сында ҚР Сыртқы істер министрлігінің апталық брифингісі өтіп, Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбайдың қатысуымен «Араб әлемі» кітабының тұсаукересі болады.
ПАРЛАМЕНТ
СЫРТҚЫ САЯСАТ
Қыркүйектің 9-ы мен 25-і аралығында Шанхай Ынтымақтастық ұйымының «Бейбіт мақсат-2010» оқулары өтеді. Жетінші рет өткізілейін деп отырған оуларға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстанның 5 мыңнан астам әскери қызметкерлері қатысады.
Қазан айының 20-23-і аралығында ТМД-ның Қаржылық-банктер кеңесі мен Әзірбайжанның Халықаралық банкі Достастықтың Атқарушы комитетінің қолдауымен Бакуде халықаралық конференция өткізеді.
ҚОҒАМ
Қазақстанның цирк әртістері қыркүйектің 16-сы мен 21-і аралығында Петерборда өтетін «Жаңа туындылар жәрмеңкесі» І Дүниежүзілік цирк режиссурасы фестиваліне қатысады.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы қазан айының 14-і мен 25-і аралығында өтетін Бүкілресейлік халық санағына дайындалуда.
ТМД-ның Қаржылық-банктер кеңесі мен Әзірбайжанның Халықаралық банкі Достастықтың Атқарушы комитетінің қолдауымен қазан айының 20-23-і аралығында Бакуде халықаралық конференция өткізеді.
Қазан айының 29-ы күні Петербордағы Таврия сарайында ТМД Парламентаралық ассамблеясының ұйытқы болуымен «Жолдардағы қауіпсіздік - өмір қауіпсіздігі» атты ІІІ халықаралық конгрес өтеді.
СПОРТ
Үндістанның Калькутта қаласында қыркүйектің 17-20-сы күндері волейболдан Орталық аймақ елдерінің ІІІ Азия чемпионаты өтеді.
Қыркүйектің 19-ы мен 25-і аралығында Қытайдың Тайсанг қаласында әйелдер командалары арасында II Азия кубогы үшін жарыс өтеді.
АСТАНА
Қыркүйектің 2-сі мен қазанның 3-і аралығында Астана мен Алматы қалаларында Латын Америка апталығы өтеді.
Қыркүйектің 24-і күніПрезиденттік мәдениет орталығында Қазақстанның халық әртісі, ұлы сазгер, әнші Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Шәмші - қазақ вальсінің патшасы» атты әдеби-музыкалық кеші өтеді.
АЛМАТЫ
Қыркүйектің 20-сында «БАҚ болашағы журналистер қолында» атты алғашқы аймақтық медиафорум өтеді.
Қыркүйектің 20-сы күні Төтенше жағдайлар министрі В.Божконың жетекшілігімен «Қазқұтқару-2010» 15-ші Халықаралық құтқарушылар семинарының ашылуы болады.
Қыркүйектің 20-сы күні «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауының әлеуметтік тиімділігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
Қыркүйектің 20-сында 2011 жылы өтетін 7-ші қысқы Азия ойындарының ақпараттық қауіпсіздігі жөніндегі әріптесінің ресми түрде таныстырылуына арналған баспасөз мәслихат өтеді.
Алматыда қыркүйектің 21-25-і күндеріаралығында өтетін VI-шы Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Француз киносының бірінші фестивалі өтеді.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 20-Ы, ДҮЙСЕНБІ
Оңтүстік Осетияның тәуелсіздік күні.
1990 жылы 20 қыркүйекте Оңтүстік Осетия автономиялық облысының Халық депутаттары кеңесі Оңтүстік Осетия кеңестік демократиялық республикасын егеменді мемлекет екендігін жариялады.
Әзірбайжанда мұнайшылар күні.
Әзірбайжан Президентінің 2001 жылығы 16 тамыздағы Жарлығымен бекітілген.
ОҚИҒАЛАР
55 жыл бұрын (1955) Семейде Республикалық тарихи-патриоттық «Поиск» клубы құрылды.
«Поиск» клубының қызметі жастарды тәрбиелеуге бағытталған. Семейлік клубтың белсенді қатысушылары Шығыс Қазақстан аймағы бойынша экспедиция жасап, соғыс кезінде із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдерін қалпына келтірді.
9 жыл бұрын (2001) Қарағандыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы этнопарк ашылды. Жалпы аумағы 36 га. құрайтын этнопаркте Ұлытау және Қарқаралы тауы, Балқаш көлі, қаланың бас ғимараттары орналасқан.
8 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметі туралы», «Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлықтарына қол қойды.
5 жыл бұрын (2005) Қостанайдың облыстық тарихи-өлкетану мұражайында қазақстанның танымал мүсіншісі Хәкімжан Наурызбаевтың жеке көрмесі ашылды.
«Мелодия камня» атты көрме қостанайлық суретшінің шығармашылық өмірі туралы баяндайды. Көрмеге оның жарты ғасырдан астам уақыт ішінде жасалған жұмыстары қойылған. Негізінде көрмеге қазақтың көрнекті мәдениет қайраткерінің мүсін портреттері қойылған.
Наурызбаев Хәкімжан Есімханұлы (1925-2009) - мүсінші, ұлтық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қостанай облысы Мендіғара ауданының Ұлыкөл ауылында туған. Харьков көркемсурет институтын бітірген. 1952 жылдан бастап Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарды. Ол 200-ден астам әр алуан ескерткіш («Амангелді Иманов», Қостанай облысы Амангелді ауданының орталығында), бюстер («Құрманғазы», «М.Хакімжанова», С.Қожамқұлов», «С.Сейфуллин», ҚР Мемлекеттік өнер мұражайында), сондай-ақ Қ.Сәтбаев, Ы.Жакдев, А.Жұбанов, Т.Тәжібаев, Ж.Саин, Д.Нұрпейісова, Т.Жароков, Х.Есенжанов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Жамбыл тұлғаларын жасаған. Казақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері. «Парасат», Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда, көздері жартылай және толығымен көрмейтін адамдарға арнап шығарылған алғашқы «Жеке заң кеңесшісі» атты заңнамалық актілер аудиожинағының таныстырылымы болып өтті.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқығы туралы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық заңнамалық актілер жинағын шығару идеясының иесі «Анашым» ғаріп балалар мен жастар қорына жатады. «Жеке заң кеңесшісінің» құрылу мақсаты - білім, денсаулық сақтау және салық төлеу сұрақтары бойынша түсінікті заң көмегін беруге бағытталған.
3 жыл бұрын (2007) Шымкенттің «Жебе» киностудиясы «Түлкі, бүрге және тасбақа» атты жаңа анимациялық фильмін шығарды.
Мультфильм қазақ халық ертегілері бойынша түсірілген. Ертегіде достық және еңбекқорлық жайлы баяндалады.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1994) экономист, Қазақ КСР-нің қоғам және саясат қайраткері, құрметті теміржолшы АТАМБАЕВ Өтешқали Дүйсенғалиұлы дүниеге келді.
Бұрынғы Орал облысы Гурьев уезінде (Батыс Қазақстан облысы) туған. Куйбышев экономикалық жоспарлау институтын бітірген.
1936-1940 жылдары - Қазақ республикалық конторы мемлекеттік банктің ревизоры, аға инспекторы, сектор директоры, Гурьев облыстық мемлекеттік банкі бөлімшесі басқарушысының көмекшісі, қалалық тұтынушылар одағының төрағасы, аймақтық тұтынушылар одағының нұсқаушысы, басқарма төрағасы, Гурьев аймақтық комитетінің статистика бөлімінің бастығы, іс жүргізушісі. 1940-1942 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік бақылау халықтық комиссариатының аға тексерушісі. 1942-1945 жылдары - Қазақ КСР Қаржы халық комиссарының орынбасары. 1945-1955 жылдары - КСРО Халық Комиссарлар Кеңесінің тұрақты өкілі. 1955-1961 жылдары - Қазақ КСР-інің Қаржы министрі. 1961-1963 жылдары - Қазақ КСР-інің Министрлер кеңесінің төрағасының орынбасары. 1963-1966 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1966-1973 жылдары КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ КСР-інің Министрлер кеңесінің тұрақты өкілі қызметтерін атқарған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-, 8-шақырылымының депутаты.
Ленин, Октябрь Революциясы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
90 жыл бұрын (1920-2004) агроном-ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Еуразия» Халықаралық экономика академиясының акдемигі, Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының Құрметті академигі БАЛАПАНОВ Жұмахан дүниеге келді.
Алматы облысы Алакөл ауданында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген.
1945-1951 жылдары - Алакөл аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, үшінші, екінші хатшысы. 1951-1953 жылдары - Гвардейский аудандық партия комитетінің екінші хатшысы. 1953-1959 жылдары - Киров аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1960-1961 жылдары - Алматы облыстық партия комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 1962-1963 жылдары - Талдықорған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1963-1964 жылдары - Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы. 1967-1971 жылдары Қазақ ауыл шаруашылығы экономикасын ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары, 1971-1977 жылдары осы институттың директоры болған. 1977 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы халық шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі, профессоры болды.
Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты - аграрлық-өнеркәсіп кешенінің шаруашылық тетігін ұйымдастыру, жоспарлау, басқару және жетілдіру. «Специализация: межхозяйственное и агропромышленное кооперирование в Казахстане», «Организация и планирование агропромышленного комплекса», «Рынок и развитие инфраструктуры сельскохозяйственного производства», «Экономика и организация сельского хозяйства» атты кітаптары мен 120-дан астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 6-шақырылымының депутаты.
Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», 2-дәрежелі Отан Соғысы ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
85 жыл бұрын (1925-1994) ақын, жазушы, драматург ТӘШЕНОВ Жұмабай дүниеге келді.
Қарақалпақстанда туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Өзбекстан Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік журналистика институтының тарих факультетін және Қарақалпақ кеңес әдебиеті мамандығы бойынша аспирантураны бітірген.
Қарақалпақ АКСР-і Жазушылар одағында драматургия секциясының меңгерушісі, «Қызыл Қарақалпақстан» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редакторы, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Алғашқы өлеңдері баспасөз бетінде 1940 жылдың басынан жариялана бастады. Содан бергі уақыт ішінде оның қазақ, қарақалпақ, өзбек, орыс тілдерінде ондаған өлең, әңгіме, повестер жинағы, бірнеше драмалық шығармалары, көркем фильм сценарийлері дүниеге келді. Оның сценарийі бойынша «Қазақфильм» киностудиясы «Ана туралы аңыз», «Тәжікфильм» киностудиясы «Қашқын» теледидарлық фильмін түсірген. Пушкин мен Лермонтовтың өлеңдерін, Некрасовтың «Русьте кім жақсы тұрады?» поэмасын, А.Фадеевтің «Жас гвардия» романын, В.Катаевтың «Полк баласы» повесін, т.б. шығармаларды қарақалпақ тіліне, К.Рахмановтың «Келін» комедиясын қазақ тіліне аударған.
Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Әскери ерлігі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарымен, Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
45 жыл бұрын (1965) актер, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының әртісі, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, Жас көрермендер театрының бас директоры ҚҰЛЖАНОВ Ғани Әбдуалиұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында туған. Қызылорда қалалық музыкалық училищесін, Алматы мемлекеттік театр және кино институтын бітірген.
1990-2007 жылдары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында қызмет атқарды. 2007 жылдан бастап Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрынның әртісі, Жас көрермендер театрының бас директоры.
М.Мақатаевтың «Қош махаббат» спектаклінде Айбар, М.Байджиевтің «Қалындық пен күйеу» - Күйеу, У.Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» - Гортензио, М.Әуезов «Айман-Шолпан» - Арыстан, Е.Замятиннің «Еділ патшасында» - Вегила, Ғ.Мүсірепов «Махаббат туралы аңыз» - Қодар, Иран Ғайыптың «Шынғысханында» -Сүбітай, «Абылайханында» -Әбілмансұр, Қ.Аширдың «Қабыл - Адам Ата перзенті» - Абыл, Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесіндегі» - Құмар, Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» - Эрих Кламрот, У.Шекспирдің «Гамлетінде» - Король Клавдий, Д.Исабековтың «Әпкесіндегі» - Омар, Шахимардан «Қазақтарында»-Қасымсұлтан Ш Айтматов «Ақ кемесінде» - Оразқұл, Ә.Нұршайықовтың «Қан мен терінде» Тәңірберген рөлдерін ойнап, Қазақфильм, Қырғызфильм, Өзбекфильм, Ресей киностудяларында киноға түскен. Кейінгі кездері «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке», «Дневной дозор», «Ләйләнің зары», «Жас ұлан» кинофильмдерінде басты ролдерді сомдаған.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 21-І, СЕЙСЕНБІ
Халықаралық бейбітшілік күні.
Жыл сайын 21 қыркүйекте атап өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыруымен ерекшеленеді.
Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. 2002 жылғы 21 қыркүйекте атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін 21 қыркүйегінде мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55 сессиясында (2001 жылғы 28 қыркүйегіндегі №A/RES/55/282 арнайы қарары) қабылданды.
Бас Ассамблея бұл күн бүкіл әлемде зорлық-зомбылықтан бас тарту және соғыс отын тоқтату күні болсын деп жариялады. Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізуден тартыну ұсынылды.
Жыл сайын 21 қыркүйегінде БҰҰ-да, дәстүрге сай Бейбітшілік қоңырауы жанындағы салтанатпен басталатын, түрлі шаралар өткізіледі. Салтанат рәсімі БҰҰ Бас хатшысының арнау сөзімен басталып, сосын ол қоңырауды ұрады. Сонан соң бір минут үнсіздік жайлап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы сөз арнайды.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Украина астанасы Киевте Абайдың 150 жылдығына арналған мереке болып өтті.
Сонымен қатар 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Мәскеудегі Чистопрудный булварында қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішін ашқан.
9 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ватикан қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анджело Соданоны І-дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
5 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазына комитеті ақпараттық технологиялар саласындағы ерекше интегралды ақпараттық жүйені енгізген үшін «Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар емес» категориясының The Computerworld Honors халықаралық бағдарламалар сертификаты - әлемнің ең жоғары сыйлығымен марапатталды.
5 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасындағы Ұлттық түрік мәдениет орталығының өкілі Зиятдин Қасанов көп ұлтты елде ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтқаны үшін, ЮНЕСКО-ның осы саладағы стратегияларына белсенді қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО бекіткен «Алтын қыран» құрмет белгісімен марапатталды.
Сыйлықты орталық жетекшісіне Еуропалық комиссияның мүшесі Ким Сен тапсырды. Сонымен қоса «Азия - одна семья» халықаралық қайырымдылық қауымдастығының және Еуропалық университетінің Құрметті ғылым докторының дипломы тапсырылды.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда, Орталық көрме залында «Возвращение динозавров» атты көрме ашылды.
Көрмеге динозаврлардың табылған сүйектерінен ғылыми талдау негізінде жасалған роботтандырылған макеттер қойылған. Заманауи компьютерлік бағдарламалардың көмегімен палеонтологиялық зерттеулердің қорытындысы негізінде диназаврлардың сыртқы келбеті, терісі қалпына келтірілді.
Көрменің негізгі ерекшелігінің бірі - 400 миллион жыл бұрыннан қазіргі күнге дейінгі жер бетіндегі тіршіліктің кезеңдері көрсетілген.
1 жыл бұрын (2009) Атырауда Еуропалық Қауіпсіздік бойынша Ынтымақтастық Ұйымының Каспий аймақтық Орхус орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Бұл құжатқа Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, облыс әкімдігінің, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының және республиканың үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының өкілдері қол қойды. Бұл республикамыздағы аймақта құрылған алғашқы Орхус орталығы.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1915-1981) ақын КАЛАШНИКОВ Иван дүниеге келді.
Ресейдің Челябі облысы Брединск ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген.
Қазақстан Жазушылар одағы орыс әдебиеті секциясының кеңесшісі, «Қазақстан большевигі» журналы редакциясының жауапты хатшысы, Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы, Қазақ радиосының редакторы болып қызмет атқарған.
Алғашқы өлеңдері 1934 жылы жарияланған. «Молодость», «Возвращение», «Левитан» (поэмалар), «Мышка-Мишка», «Илийская степь», «Зимняя сказка», «Воробейка-Воробей» ән жинақтарының авторы.
85 жыл бұрын (1925-1977) Кеңес Одағының Батыры БЕКБОСЫНОВ Серікқазы Бекбосынұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.
1943 жылы Кеңес армиясы қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 300-ші гвардияшы атқыштар полкінің атқышы, қатардағы жауынгері болған. Свирь өзенінен өту кезіндегі көрсеткен ерлігі үшін аға сержант Серікқазы Бекбосыновқа 1944 жылғы 21 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін туған жеріне оралып, кеңшарда жұмыс істеген.
Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен және медальдармен марапатталған. Өзінің туған ауылында батырға ескерткіш орнатылып, Абай ауданында бір мектептің аты берілген.
60 жыл бұрын (1945) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Сенаттың Экономика, қаржы және бюджет комитетінің хатшысы, инженер-экономист, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Жоғары мектебінің, Халықаралық ғылым академиясы Жоғары мектебінің академигі, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі ДОСМАНБЕТОВ Бақберген Сәрсенұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу инженерлік-экономикалық институтын, Мәскеу басқару институтының аспирантурасын бітірген. 1960-1971 жылдары - «Риссовхозстрой» трестінің аға инженері. 1971-1973 жылдары - Қызылорда педагогикалық инситутының (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы. 1973-1976 жылдары - Мәскеу басқару институтының аспиранты.
1976-1996 жылдары - Қызылорда педагогикалық инситутының (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, проректоры, ректоры. 1996-1999 жылдары - Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры, Қызылорда қаласының әкімі, Арнайы экономикалық аймақтың Әкімшілік Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1999 жылы Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші шақырылымында Сенат депутаты болып сайланған. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші шақырылымында Сенат депутаты - Сенаттың Экономика, қаржы және бюджет комитетінің хатшысы.
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының мүшесі, ЕКПА Экономикалық мәселелер, ғылым, технологиялар және қоршаған орта комитетінің мүшесі, Бельгия Корольдігі Парламентімен, Жапония Кеңесшілер Палатасымен ынтымақтастық тобының мүшесі.
100-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, олардың арасында «Қазақстан халқының дамуы», «Қазақстан халқының статистикасы», «Рынок труда в Казахстане», «Население Казахстана» сияқты ғылыми еңбектері бар.
«Құрмет» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
ҚЫРКҮЙЕКТІК 22-І, СӘРСЕНБІ
Бүкіләлемдік автокөлікті пайдаланбау күні.
Автокөлікті пайдаланбау күнін өткізу күні 1998 жылы Францияда дүниеге келді. Сол күні бұл мейрамға жиырма шақты қала ғана қатысты. Бірақ 2001 жылы бұл қозғалысқа 35 елдің мыңдаған қалалары қосылды.
Бұл күні Еуропаның ірі қалалары автокөлікті пайдалануын қысқартады, қала ішінде трамваймен, троллейбуспен, автобуспен, метромен және де қоғамдық көліктің басқа түрлерін, сонымен қатар жаяу жүреді немесе велосипедті пайдаланады.
ОҚИҒАЛАР
9 жыл бұрын (2001) Қазақстанға мемлекеттік іссапармен келген Рим папасы Иоанн II Павелды (1920-2005) Елбасы Н.Ә.Назарбаев Астана әуежайында қарсы алды.
7 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев өз резиденциясында Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Нугзара Дучидзеден сенім граматосын қабылдады.
5 жыл бұрын (2005) қазақтың профессоры, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру институтының отбасылық медицина кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының Президенті Дамиля Нұғманова республика және ТМД дәрігерлерінің арасында бірінші болып Бүкіләлемдік отбасылық дәрігерлер ұйымының құрметіне ие болды.
Дамиля Нұғманова «Бүкіләлемдік отбасылық дәрігер» атағына Қазақстанның және Орталық Азияның барлық аймағындағы денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі үшін ие болды. Ол облыстық және ұлттық деңгейдегі денсаулық саласының жоспарларын реформалауға және стратегияларын құрастыруға, Қазақстанның, Өзбекстанның және Тәжікстанның отбасылық дәрігерлер институтының қалыптасуына, учаскелік педиаторларды және терапевттерді қайта оқыту жүйесін ұйымдастыруға қатысты. Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығы отбасылық дәрігерлердің мүдделерін қорғайды, оларды озық медициналық ақпараттармен және Қазақстан халқына қолайлы үздіксіз және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінің ғимаратында Қазақстанның Олимпиада чемпиондарына арналған пошта маркасы топтамасының тұсау кесер рәсімі өтті.
«Қазақстанның Олимпиада чемпиондары» тақырыбындағы маркалар «Спорт» сериясынан алғаш рет шығып отыр. Топтама төрт маркадан тұрады, онда классикалық күрестен Жақсылық Үшкемпіров, жеңіл атлетикадан Виталий Савин, бокстан әйгілі чемпиондар Василий Жиров және Бекзат Саттарханов бейнеленген. Әзірше төрт марка басып шығарылды. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов. Жалпы маркалардың саны - 50 мың дана. Маркалар Пекин пошталық төлем белгілері фабрикасында басып шығарылған.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда қыркүйектің 23-29 аралығында Қазақстанда Голландия апталығы өтті.
Ұйымдастырушысы - Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы өкілі.
Голландия апталығы аясында SOUL және R&B стиліндегі шоу өтті, онда қазақстандық музыканттармен бірге «All-Stars Band» тобы өнер көрсетті, «Цезарь» кинотеатрында голландия киносының week-end болды, «Тенгри Умай» қазіргі заманғы өнер галереясында нидерландық суретші Рональд Кляйердің жұмыстары қойылған және «Нидерландымен іскерлік ынтымақтастық» тақырыбында бизнес-семинар өткізілді.
1 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентте Тәуелсіздік монументінің ашылу салтанатына қатысты.
Ескерткіш Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би атындағы көшелердің қиылысында орналасқан «Ордабасы» алаңында бой көтерді. Биіктігі 24 метрлік үш қырлы стелла ел халқының бірлігін бейнелейді, монументтің әр қырына дана билердің сөздері қашап жазылған. Монументтің ұшар басына «Жер-Ана» мүсіні орнатылған. Стелланың іргесі ою-өрнектермен безендірілген. Монумент авторлары - Насыр Рүстемов пен Бақытжан Әшірбаев.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1925-1997) соғыс және еңбек ардагері, қоғам қайраткері СЫЗДЫҚБАЕВ Ұзақбай Сыздықбайұлы дүниеге келді.
Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған. Кировоградтағы танк-техникалық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Мәскеу КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. Ұлы Отан Соғысына қатысқан.
1947-1959 жылдары Қазақстан Компартиясы Жамбыл облысы Сарысу, Свердлов (қазіргі Байзақ ауданы) аудандық партия комитеттерінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, үшінші, екінші хатшысы болған. 1961-1963 жылдары - Жамбыл аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1963-1967 жылдары - Қордай аудандық партия комитетінің екіншісі хатшысы. 1967-1983 жылдары Қазақстан Компартиясы Сарысу, Свердлов аудандық партия комитеттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1983 жылдан ардагерлер қатарында қоғамдық қызметке белсене ат салысқан.
Екі рет Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Сарысу ауданындағы ауылға, көшеге, Байзақ ауданындағы көшеге есімі берілген.
60 жыл бұрын (1950) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері АЙТҰЛЫ Несіпбек дүниеге келді.
Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданында туған. 1962 жылы тарихи отанына оралған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1974-1984 жылдары - «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасының редакторы. 1984-1994 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1995-1996 жылдары - «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 2008 жылдан - «Алтын тамыр» журналының бас редакторы қызметін атқарады.
«Балалық» деген алғашқы өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрген. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә.Науаи), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, италян ақыны Дж.Родаридың, сондай-ақ, М.Исаковский, А.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, В.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін қазақ тіліне аударған.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 23-І, БЕЙСЕНБІ
ОҚИҒАЛАР
17 жыл бұрын (1993) Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары Орта Азияда Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды.
7 жыл бұрын (2003) Астанада Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер съезі басталды.
6 жыл бұрын (2004) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Афиныда өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындары жүлдегерлерімен кездесіп, мемлекеттік наградалар табыс етті. Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев 1-дәрежелі «Барыс» орденімен, Олимпиаданың күміс жүлдегерлері - грек-рим күресінің палуаны Георгий Цурцумиа, боксшы Геннадий Головкин, еркін күрес палуаны Геннадий Лалиев, ауыр атлет Сергей Филимонов «Құрмет» орденімен, қола жүлдегерлер - жеңіл атлет-онсайысшы Дмитрий Карпов, боксшы Серік Елеуов, грек-рим күресінің палуаны Мкхитар Манукян «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушылар - Н.Ақүрпеков, К.Ғалымтаев, Л.Дон, Ю.Мельниченко, Т.Сайханов және В.Карповқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді. Қазақстан спортшылары Олимпиада ойындарынан бір алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Командалық есеп бойынша Қазақстан жиырма төртінші орынға табан тіреді.
5 жыл бұрын (2005) Павлодарлық Тарас Шевченко атындағы Украина мәдениет серіктестігінде республикадағы бірінші украин-қазақ сөздігінің тұсау кесер рәсімі болды.
Сөздік украина диаспорасының оқушыларына өз тілін және мемлекеттік тілді үйренуге көмек көрсетеді. Басылымның тиражы үш мың дана.
5 жыл бұрын (2005) Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені ашылды.
Қоладан құйылған Әлияның бейнесі гранит тұғырға орнатылған. Ескерткіштің екі жағындағы гранит бедерлерге сақ дәуірінен бастап қазіргі кезеңге дейінгі қазақ тарихы бейнеленген. Мемориал авторлары - белгілі мүсіншілер Бақытжан Әбішев пен Ескен Серғабаев.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстанның шайбалық хоккей федерациясы өзінің ресми сайтын - www.icehockey.kz. іске қосты.
1 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда Қабанбай батыр ескерткіші салтанатты түрде ашылды.
Жетісу жерінде тұрып жатқан батырдың ұрпақтары «Дарабоз» қоғамдық-мәдениет қорын құрып, бірнеше қайырымдылық акцияларын жасау нәтижесінде ескерткіштің құрылысына қаражат жиналып отыр.
Ескерткіш қоладан құйылған, биіктігі 11 метр. Мүсінші-архитектор - Болат Құсайынов, жобалаушы - Бердібек Шігербаев.
Қаракерей Қабанбай (1691-1769) - қазақ батыры, жоңғарларға қарсы азаттық соғыстың даңқты қаһармандарының бірі. Аңырақай-Алакөл шайқасына, кейін Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырларының бірі болған.
1 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстанның Жарма ауданындағы Қалбатау ауылында Ер Жәнібек батырдың мемориалдық кешені салтанатты түрде ашылды.
Кешен қолындағы найзасымен бейнеленген батырдың алтыметрлік қола ескерткішінен тұрады. Оның екі жағын екі қасқыр қоршап тұрса, ал арқасында биіктігі 45 метрлік стела бар. Ескерткіштен 30 метрдей жерде Ер Жәнібектің кесенесі орнатылған.
Ер Жәнібек, Жәнібек Бердәулетұлы (1714-1792) - жоңғар шапқыншылығы кезінде ерекше көзге түскен батыр, шешен. Ол үш жүздің хандары Әбілмәмбет және Абылай (Әбілмансұр) кезінде жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда қазақ қолының ең батыр сардарлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Уақ Өтеген және Орақбай, Малайсары қатарлы батырлармен тізе қоса отырып, «Құба Қалмақ» аталған жоңғар шапқыншыларына қарсы соғыстарда күрескен қолбасы, әйгілі шешен, әділ би әрі сол кездегі тұтас Абақ-Керейдің ел иесі болған.
ЕСІМДЕР
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 24-І, ЖҰМА
Бүкіләлемдік теңіз күні.
1978 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 10 сессиясының шешімімен қабылданған.
Бүкіләлемдік теңіз күнінің мақсаты - теңіздер мен мұхиттарда балықты шектен тыс аулаудың, суаттарды ластау мен жаһандық жылынудың қаншалықты орны толмас зиян шектіретініне халықаралық қоғамдастық назарын аудару. Мейлінше маңызды екі міндет - теңіздегі қауіпсіздікті арттыру және теңіз аумағын, соның ішінде мұнаймен, ластаудың алдын алу.
ОҚИҒАЛАР
5 жыл бұрын (2005) Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде қазақстан-германияның есептеуіш ғылым және жоғары өнімді есептеп шығару тақырыбындағы алғашқы семинар болып өтті.
Семинардың негізгі мақсаты - есептеуіш ғылымы саласындағы соңғы жетістіктерді талқылау және Қазастан мен Германия ғалымдары арасындағы тығыз ынтымақтастықты дамыту.
5 жыл бұрын (2005) Петропавлда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.
Жобаның авторы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Хасен Абаев. Петропавлда ескерткіш орналасқан жерде бұрын Халықтық Ішкі істер комиссариатының ғимараты орналасқан болатын. Ескерткіштің іргетасына шойын жолға бекітілген пирамида орнатылған. «Саяси қуғын-сүргін құрбандарына» деген жазу қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Үшбұрышты пирамида - бұл бәріне белгілі адам символы болып табылады. Ол шойын жолға бекітілген сияқты, сол жолмен кезінде репрессияға ұшырағандарды Қазақстанға жеткізген. Шетінде - үш жол, ол жарлық шығарған сталиндік «үштікті» бейнелейді. Композицияда үш түс пайдаланылған: қара түс - өлім, қызыл түс - қан, ақ түс - болашаққа деген сенім мен үміт. Ескерткіш орнатылған алаңда қазіргі заманғы талаптарға сай жасалған шағын бақ ашылды.
3 жыл бұрын (2007) БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде климаттың өзгеру проблемаларына арналған жоғары деңгейдегі кездесу болып өтті.
Президенттер мен үкімет басшылары, сондай-ақ өкілдер делегациялары климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту, зиянды ауа қалдықтарының ауаға шығарылуын азайту сияқты тақырыптарын, сондай-ақ аталмыш проблемалардың техникалық және қаржылық аспектілерін талқылады. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода әлемнің 180-нен астам елі қол қойған Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ-ның негізгі конвенциясы қабылданған болатын. Ол келісімде климаттың өзгеру проблемасы бойынша қатысушы елдердің ортақ іс-қимыл қағидалары көрсетілген. Тараптардың нақты міндеттемелері зиянды газ квоталарының тетігін анықтайтын Киот хаттамасында жазылған.
3 жыл бұрын (2007) Астанадағы Жастар сарайында жаңадан жабдықталып ашылған кинозалдың тұсаукесері өтті.
3 жыл бұрын (2007) Павлодар облысының Баянауыл ауылында академик Әбікен Бектұровтың (1901-1985) ескерткіші орнатылды.
Ә.Бектұров қазақтың алғашқы академигі Қаныш Сәтбаевпен бірге Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастыруға қатысты, бүгіндері өзінің есімімен аталатын Химия ғылымдарының институтын құрып, оған басшылық етті.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Ақпараттық даму орталығы ашылды.
Бұл орталық Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Дүниежүзілік банк, Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаменті, Еуразия даму банкі, Ислам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен серіктестігі нәтижесінде құрылды.
Ақпараттық даму орталығының міндеті - Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың озық тәжірибелері мен жинақтаған білімдерін барша жұртшылыққа кеңінен тарату. Орталық даму саласындағы ақпараттарға ашық және ақысыз қол жеткізуге мүмкіндік береді және барлық мүдделі тұлғаларға қазіргі заманғы үнемі жаңартылып тұратын ресурстарды, халықаралық ұйымдардың озық білімдері мен тәжірибелерін пайдалануды ұсынады.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда Жетiсу ауданының «Құлагер» ықшамауданында орналасқан жаңа әкiмшiлiк орталығы ашылды.
2008 жылдың шілдесінде Алатау ауданының бой көтеруіне байланысты, Алматы әкімшілігінің және ХІ сессия мәслихаттының шешімімен Жетісу әкімшілік аймағының жаңа шекарасы белгіленген.
1 жыл бұрын (2009) Алматы поштамтының ғимаратында Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған бағдарламасының эмблемасы бейнеленген жаңа марка салтанатты түрде айналымға енгізілді.
Бағдарлама мен «Kazpost» логотиптері бар маркаланған конверт «Қазақстан Республикасының мемлекеттік символикасы» сериясына жатады, номиналы «Литер А», ол 20 гр. дейінгі қарапайым хатты жіберу тарифіне тең. Конверттің көлемі 220х110 мм, таралымы 1000000 дана, пошта айналымына - 2009 жылдың 24-ші қыркүйегінен бастап енгізілді.
ЕСІМДЕР
50 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі «Жобаларды мемлекеттік сараптау» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Мемлекеттік сараптау» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Астана филиалы директорының орынбасары ӘЙТІМОВ Қасымбек Құсайынұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысы Балқаш қаласында туған. Алматы сәулет және құрылыс институтын (Қазақ бас сәулет және құрылыс академиясы), Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген.
1982-1986 жылдары - Алматы қаласындағы «Казграждансельпроект» мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі. 1986-1987 жылдары - Алматы сәулет және құрылыс институты ғылыми-зерттеу секторының кіші ғылыми қызметкері. 1987-1992 жылдары - Ақмола облысы Степногоррск қаласының бас сәулетшісі. 1992-1995 жылдары - Степногорск қалалық атқару комитеті жанындағы өндірістік-жобалау және сәулеттік жоспарлау бюросының бастығы. 1995-2000 жылдары -«Казинтерэтнос» Қазақ халықаралық қоғамы «Саулет» ғылыми-өндірістік фирмасының бас директоры. 2000-2006 жылдары - «Астанабасжоспар» мемлекеттік қазыналық кәсіпорының директоры - директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдан.
Халықаралық, Бүкілодақтық, республикалық сәулетшілер байқауларының лауреаты. «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен, «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» белгісімен марапатталған.
45 жыл бұрын (1965) физика-математика ғылымдарының кандидаты, «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры - басқарма мүшесі
РАХМЕТОВ Нұрлан Құсайынұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде оқытушылықтан бастаған. 1990-1996 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Математика және механика институтының кіші ғылыми қызметкері, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аға оқытушысы. 1996-1998 жылдары - «Бутя» компаниясының бөлім бастығы, қаржы директоры. 1998-2002 жылдары - «Қазақстан темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі талдау және табыстарды болжау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің вице-министрі. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің вице-министрі. 2003-2004 жылдары - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ және «Intergas Central Asia» ЖАҚ-ның бас директорының орынбасары. 2004-2006 жылдары «ҚазМұнайГаз»ҰҚ» акционерлік қоғамының қаржы және экономика жөніндегі басқарушысы. 2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан бастап.
9 ғылыми мақаланың авторы.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 25-І, СЕНБІ
Қырғыстанның дене шынықтыру және спорт кәсіби қызметкерлері мен денешынықтырушылар күні.
Қырғызстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 17 қыркүйектегі Қаулысымен бекітілген.
АҚШ аңшылары мен балықшыларының ұлттық күні.
Жыл сайын қыркүйек айының төртінші сенбісі күні аталып өтіледі.
ОҚИҒАЛАР
73 жыл бұрын (1937) Алматыда қалалық хайуанаттар бағы ашылды.
Бүгінгі күні хайуанаттар бағында 3 мыңнан астам жануарлар мен құстардың 500 түрі бар. Ол қала қонақтары мен тұрғындарының демалатын және көз тартатын орындарының біріне айналды.
40 жыл бұрын (1970) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президумының Жарлығымен Қостанай облыстық атқару комитетінің әділет бөлімі құрылды. Бірінші бастығы болып Иртай Делмағамбетұлы Баймұхамбетов тағайындалды.
9 жыл бұрын (2001) Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Венгрия мен Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшілері Миклош Яцкович пен Жұмағұл Сааданбеков сенім грамоталарын табыс етті.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Ресейдің, Шығыс Еуропаның және Орталық Азияның, Қытай Халық Республикасының қоғамдық ғылымдар Академиясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары достастық мемлекеттер арасындағы сауда және қаржы-экономикалық қарым-қатынасты кеңейту болып табылады.
Зерттеу орталықтары мамандар арасындағы біріккен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр, олар кездесулер аясында жүріп жатқан ғылыми шаралар туралы ақпарат алмастыра алады.
5 жыл бұрын (2005) Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты.
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер біздің дәуіріміздегі І-VI ғасырлардан жетіп отыр. Сол дәуірде Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде қыш тақталарға жазу тәсілі кеңінен тараған. «Мирас» университетінің археологиялық отряды күйдірілген қыш тақтасын Арыс өзені алқабында орналасқан Қылымжар деген жердегі көне қоныстан тапты. Табылған қыш тақтада төрт қатар етіп жазылған 15 таңба анық көрінеді.
3 жыл бұрын (2007) Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының Игілік ауылында жаңа мешіт ашылды.
Жергілікті тұрғындардың күшімен салынған мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан діни басқармасы Ақмола облысы бойынша имам өкілі Рахметолла қажы Оразұлы қатысты.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда британдық «Хэйлибэри» мектебінің құрылысының іргетасына капсула қалау рәсімі өтті.
ТМД-дағы бұл алғашқы британдық орта мектеп «Хэйлибэри Алматы» деп аталатын болады. Оқуды аяқтаған оқушылар орта білім бітіргені жөніндегі сертификатты - IGCSE (International General Certificate of Secondary Education) және халықаралық бакалавр дипломын алады.
1 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда Алматы облысы Ішкі істер департаментінің ғимаратында Жедел басқару орталығы ашылды.
Ішкі істер органдарын техникалық қайта жарақтау және ақпараттық қамтамасыз етудің мемлекеттік бағдарламасы аясында Ішкі істер министрлігі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған полиция қызметінің жаңа тұжырымдамасын белсенді және мақсатты жүзеге асырып отыр. Жедел басқару орталығы қалада орын алатын кез-келген оқиғаға: жеке тұлғалардың шағымдарынан бастап бүкіл қалаға қатысты төтенше жағдайларға үн қататын болады.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1915-2002) медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Ғылым Академиясының, Қазақстан Республикасының Медициналық алдын алу академиясының академигі БЕКЛЕМИШЕВ Николай Дмитриевич дүниеге келді.
Мәскеу облысында туған (Ресей). Вильно (Польша) университетін бітірген.
1939-1949 жылдары - дәрігер, емдеуші инспектор, дәрігерлік бөлімнің меңгерушісі. 1949-1972 жылдары - Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары. 1972-2002 жылдары - Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары әрі бөлім меңгерушісі, ғылыми консультанты, құрметті директоры.
Негізгі ғылыми еңбектері иммунология және аллергология мәселелеріне арналған. Ол адам денесінің аллергендерге деген сезімталдығын зерттеп, тыныс жолының аллергендік ауруларын анықтау тәсілдерін жетілдіріп, бруцеллез микробы тудыратын аллергендік реакцияның табиғи сырын ашты. «Хронический бруцеллез», «Курорт Боровое», «Кортизон и его производные в клинике», «Инфекционная аллергия», «Руководство к диагностике, лечению и предупреждению человеческого бруцеллеза» (1982 жылы ағылшын тілінде шыққан), «Аллергия к микробам в клинике и эксперименте», «Иммунотерапия при аллергии к микробам», «Поллинозы» атты кітаптардың авторы.
Халықтар достығы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
85 жыл бұрын (1925-1984) қазақстандық геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы ЕФИМОВ Игорь Андреевич дүниеге келді.
Ресейдің Смоленск облысында туған. Кишинев мемлекеттік университетін бітірген.
1955-1958 жылдары - Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерттеу институтының минералогия-петрография зертханасының аға ғылыми қызметкері, меңгерушісі. 1958-1964 жылдары осы институттың қара металлдар секторының аға ғылыми қызметкері. 1964-1965 жылдары - Ауғанстандағы кеңес геологтары тобында бөлімнің меңгерушісі. 1965 жылдан - Қазақ минералдық шикізаттар ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі болған.
Ғылыми еңбектері минералдық шикізатты зерттеудің методикалық мәселелеріне арналған. «Методы выделения мономинеральных фракций», «Древнейшие породы Казахстана и Северной Киргизии» атты еңбектері жарық көрген.
80 жыл бұрын (1930) инженер-металург, техника ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, КСРО және Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты АҚБИЕВ Махмұт дүниеге келді.
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. И.В.Сталин атындағы Мәскеу болат және қорытпа институтын бітірген.
1952-1980 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатында шебердің көмекшісі, ауысым бастығы, цех бастығының орынбасары, партия комитетінің хатшысы, Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы, конвертор цехының бастығы, техникалық бөлімнің бастығы, өндірістік бөлімнің бастығы, Қарағанды металлургия комбинатының бас инженері. 1980-1987 жылдары - Қарағанды металлургия комбинатының директоры. 1987 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Қайқармет» Қазақ республикалық өндірістік бірлестігінің бас директоры, «Қазқайқармет» акционерлікқоғамының бас директоры.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаты.
70-тен астам ғылыми жарияланымдары мен 75 авторлық куәлігі бар.
«Парасат», Октябрь Революциясы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
50 жыл бұрын (1960) Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театрының меццо-сопрано дауысты әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының лауреаты ИЩАНОВА Сара дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақтың мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры жанындағы опера студиясын, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы музыкалық училищесін, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.
1990 жылдан бастап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамының соло-әншісі. Осы театрдағы алғашқы партиясы - Любаша (Н.Римский-Корсаков «Патша қалыңдығы»). Бұдан кейін Граф әйелі, Ольга (П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі»,«Евгений Онегин»), Амнерис («Аида» Дж.Верди), Флора («Травиата» Дж.Верди), Азучена («Трубадур» Дж.Пуччини), Кармен («Кармен» Ж.Бизе), Марта («Фауст» Ш.Гуно), Маддалена («Риголетто» Дж.Верди), тағы басқа орыс және шет ел классиктерінің опера партияларын кемеліне келтіре орындап, шығармашылық концерттерге белсене қатысқан. Гастрольдік сапармен Қытай мен Түркияда, Мәскеу, Санкт-Петербор қаларында болып, өнер көрсетті.
ҚЫРКҮЙЕКТІҢ 26-Ы, ЖЕКСЕНБІ
Саңыраулардың халықаралық күні.
Бүкілдүниежүзілік саңыраулар федерациясының құрылуына (1951) орай қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтіледі.
Шет тілдердің еуропалық күні.
26 қыркүйекте атап өтілетін Шет тілдердің еуропалық күні 2001 жылғы 6 желтоқсанында Тілдердің еуропалық жылында Еуропа кеңесімен жарияланған (және Еуропа одағы қолдау көрсеткен). Еуропалық шет тілдер мағынасы өте зор, оны Еуроодаққа мүше-елдердің ресми тілімен шатастыруға болмайды.
Бұл күннің басты мақсаты мектептегідей басқа да тілдерді үйретуді қолдау болып табылады.
Дүниежүзілік контрацепция күні.
2007 жылғы 26 қыркүйекте репродукторлы денсаулық сауалымен шұғылданатын көптеген ұйымдардың бастамасымен алғашқы рет Дүниежүзілік контрацепция күні белгіленді. Оның мақсаты - жаспарланбаған жүктіліктің жоғары деңгейін төмендету.
Қазіргі кезде 15-25 жастағы жастар арасында контрацепция туралы ұғымды кеңейту керек. Осы төңірегінде қажетті ақпарат беруіміз керек, өйткені олардың нәпсі репродукторлы жүріс-тұрысы қалған өміріне із қалдырады.
ОҚИҒАЛАР
10 жыл бұрын (2000) «Қазақстан-Сорос» қоры «Шетелде білім алу» атты алғашқы білім жәрмеңкесін өткізді. Онда әртүрлі халықаралық елшіліктер мен донор ұйымдар білім гранттарын ұсынды.
9 жыл бұрын (2001) Республика тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы болып өтті.
8 жыл бұрын (2002) ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілетін ежелгі Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдениет пен ғылым өркендеген көне Тараздың 2000 жылдығына арналған мерекелік шаралар болып өтті. Орталық алаңда Бәйдібек Қарашаұлының үлкен ескерткіші ашылып, Мұражай мен Тараз университеті жанынан сәулет өнерінің соңғы жетістіктері үлгісімен салынған Мұхамед Қайдар Дулати атындағы Жастар сарайы пайдалануға берілді. Бұрынғы Химиктер сарайы жаңғыртылып, Баласағұн атындағы сарай болып қайта ашылды. Осы күні қойылған театрландырылған көрініске қаланың 6 мыңнан астам өнерпаздары қатысты.
7 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне ұлттық мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Бүгінгі таңда университеттің 10 факультетінде 63 мамандық бойынша кадрлар даярланып, 14 мыңнан астам студент, 650 аспирант, докторанттар және ғылыми ізденушілер дәріс алады. 63 кафедрада 1100 оқытушы, оның 226-ы ғылым докторы, профессоры, 550-і ғылым кандидаттары мен доценттер.
5 жыл бұрын (2005) Атырау мұнай өндеуші зауытының есімі ғаламшарға берілді.
«Рос Астро» аспан денелер тізімдемесінде Атыраудың мұнай өндеуші зауытының есімі Бикеш шоқжұлдызының тоғызыншы көлеміндегі жұлдызға берілді. Галактикалық координаттар бойынша ол Күннен 281 жарық жыл ұзындығында орналасқан. Халықаралық нөмірі - FE 095-259.
3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің, сондай-ақ Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенцияның факультативті хаттамаларына қол қойды.
Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық келісім 1996 жылы Бас Ассамблеяның қарарымен қабылданған болатын. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің құзыреті салаларын анықтайды. Зорлық пен зомбылыққа және басқа да ауыр, адамгершілікпен сыйыспайтын немесе кемсіту түріндегі жазалауларға қарсы Конвенция 1984 жылы қабылданды. Оның факультативті хаттамасы БҰҰ сарапшыларына Конвенцияның қатысушы-елдеріндегі түрмелер мен тергеу оқшауландыру орындарында болу мүмкіндігін беріп, зорлық-зомбылықтарды болдырмауға бағытталған ұлттық тетіктерді құруға шақырады.
ЕСІМДЕР
105 жыл бұрын (1905-1975) өлкетанушы, Қазақстанның халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі ЗАРИПОВ Ғұмар дүниеге келді.
Қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында (бұрынғы Бөкей ордасы) туған. Алматы педагогикалық училищесін, Орал педагогикалық институтын бітірген.
Туған ауылындағы мектепте мұғалім болған. Жергілікті, республикалық мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жазып тұрған. Өлкені аралап, ауыз әдебиеті нұсқаларын, Орда туралы тарихи деректерді жинаған. Оның өлкетанушылық еңбектері негізінде «Кеңес өкіметі үшін күресте» кітабы жарық көрген. 1954 жылы Алматыда өткен республикалық педагогикалық оқуда оның «8-10 кластарда көркем әдебиет шығармаларын талдау» атты баяндамасы 1-дәрежелі сыйлыққа ие болған. Сондай-ақ өлең, көркем әңгіме, әдеби сын жазған.
«Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.
65 жыл бұрын (1945) Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы ПЕРЕСЫПКИН Иван Петрович дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысы Приишимск ауданында (қазіргі Қызылжар) Солтүстік Қазақстан механикалық техникумын бітірген.
1968-1973 жылдары - «Петропавловскстрой» трестінің ағаш ұстасы, құрылысшы-инженер, аға инженер, техникалық шаруашылық бөлімінің бастығы. 1988-1998 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитеті тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі бас директорының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі уәкілдік органының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс, коммуналдық шаруашылық, транспорт және байланыс департаменті бастығының орынбасары, Солтүстік Қазақстан облыстық құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым басқармасының бастығы. 1998-2004 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық сәулет, құрылыс және әлеуметтік инфрақұрылым департаментінің бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2004-2006 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс департаменті бастығының бірінші орынбасары. 2007 жылдан - Солтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы.
«Ерен еңбегі үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына 20 жыл»», «Қазақстанның Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Констуциясына 10 жыл» медальдарымен марапаттталған.