ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 25-і мен 31-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 25-і мен 31-і  аралығындағы   оқиғалардың    күнтізбесі
ҮКІМЕТМамырдың 25-інде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Павлодар облысына жұмыс сапарын жасайды. Мамырдың 25-інде Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев елордадағы №52 мектепте өтетін «Соңғы қоңырау» рәсіміне қатысады. Мамырдың 25-інде Ішкі істер министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінде апталық брифингтер өтеді. Мамырдың 26-сында www.bnews.kz бизнес-порталында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің қатысуымен Интернет-конференция өтеді. Интернет-конференцияның тақырыбы ? Қазақстан Республикасында ақпараттық технологияларды дамыту. Интернет-конференция он-лайн режімінде 2009 жылғы мамырдың 26-сында сағат 17:00-ден 19:00-ға дейін өтеді. Сұрақтар 2009 жылғы мамырдың 26-сына, сағат 12.00-дейін www.bnews.kz порталында қабылданады. ПАРЛАМЕНТМамырдың 25-і күні Мәжілісте Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің таныстырылымы өтеді. Аталған шараны Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті ұйымдастырып отыр. Үкімет есебі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында белгіленген макроэкономикалық көрсеткіштердің және Үкіметтің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатында белгіленген салық-бюджет саясаты бағыттарының болжамы негізінде әзірленгенҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ Мамырдың 23-25-і күндері Дамаск қаласында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 36-шы жұмыс конференциясы өтеді. Оның жұмысына ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаев қатысады. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.БАЙҚОҢЫРМамырдың 27-сінде, Астана уақытымен 16 сағат 34 минөтке Халықаралық ғарыш стансысына Байқоңырдан «Союз-ТМА-015» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» ғарыштық зымыранын ұшыру жоспарланып отыр.АСТАНАМамырдың 25-інде Ұлттық академиялық кітапханада «Айтулы адамдардың өмірі» биографиялар сериясы бойынша шыққан «Абай» кітабының таныстырылымы өтеді. Мамырдың 25-і күні Астанадағы барлық орта білім беру мекемелерінде «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты шаралар өтеді. Биылғы жылы Астанада 2 мың 769 оқушы мектепті тәмамдайды. Дәл осы балалар 11 жыл бұрын елордамыз Алматыдан Астанаға көшкен жылы алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған болатын. Сонымен қатар биыл, оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін шаралардың аясында «Сыныптастар кездесуі», «Мектеп күні», «Түлек-2009», «Ашық есік күндері», «Балалықпен қоштасу», «Өз ағашыңды отырғыз» секілді акцияларды ұйымдастыру жоспарланған.Мамырдың 28-інде Астанада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде қаржылық бақылау жоғары органдарының (ҚБЖО) бақылау-қадағалау органдарымен өзара іс-қимылы» атты халықаралық конференциясы болады. Жиын Қазақстанның Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Ресей Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин, Қырғызстан Есеп палатасының төрағасы Ескендір Ғайыпқұловтың қатысуымен өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. АЛМАТЫ Мамырдың 24-26 аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне араб ақыны, «Поэтикалық шығармашылықты қолдау қоры» директорлар кеңесінің төрағасы, куәйттік кәсіпкер Әбд әл-Әзиз Сауд әл-Бабтин арнайы сапармен келеді. Мамырдың 25-інде Қазақтың Экономикалық университетінде «Рысқұлов оқулары» халықаралық ғылыми форумы өтеді. Мамырдың 25-інде 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта қала әкімі А.Есімовтың қатысуымен генерал С.Нұрмағамбетовтың 85 жылдығын өткізуге арналған іс-шара өтеді. Алматыда мамырдың 25-і күні «National Business Forum Spring 2009» атты экономикалық қаржыландыру, қайта құру жүйесінің үлгісі мен сараптама-көшбасшылық бірлестігін нығайту, дағдарысқа қарсы сараптаманы бағыттау Ұлттық бизнес форумы өтеді. АЙМАҚМАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫМаңғыстау облысында мамыр айының 27-сі мен 30-ы аралығында «Кеден келбетi айқын» республикалық акциясы өткізілмек. ҚР Кедендік бақылау комитеті баспасөз хатшысының облысқа келуіне байланысты өтетін журналистік десантқа республикалық, аймақтық деңгейдегі барлық БАҚ өкілдері қатыспақ. Келген қонақтар, журналистер қауымы облыстағы сапары кезінде «Ақтау ? ЦТО», «Морпорт», «Энергетический», «Әуежай-Ақтау» кеден бекеттеріне, кинология питомнигіне барып, олардың қызметімен таныспақ. Сондай-ақ теңіз портына экскурсияға шығып, облыстық Кедендік бақылау департаментінің жаңадан салынып жатқан әкімшілік ғимаратының құрылысын барып көрмек. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР МАМЫРДЫҢ 25-І, ДҮЙСЕНБІАлматыда субұрқақтар мерекесі. 2005 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Алматы қаласы әкімінің қаулысымен бекітілген.Африканың азаттық күні. 1963 жылы Эфиопия астанасы Аддис-Абебада Африка елдері басшыларының І конференциясы болып өтті. Кездесу нәтижесінде Африка елдерінің бірлігі ұйымы құрылды. БҰҰ-ның шешімімен бұл күн - Африканың азаттық күні деп жарияланды.Өзін-өзі басқармайтын аумақтар халықтармен ынтымақтастық апталығы (мамырдың 25-31-і аралығы). (БҰҰ-ның халықаралық күні).Иордания Корольдігінің Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні. Иордания ? Батыс Азияда орналасқан мемлекет. Шекарасы Иракпен, Израилмен, Сауд Арабстанымен және Сириямен шектеседі. Әкімшілік жағынан 8 аймаққа бөлінеді. Астанасы ? Амман қаласы. Ақша бірлігі ? иордан динары. Ресми тілі ? араб тілі. Иордания ? Конституциялық монархия. Заң шығарушы органы екі палаталы ұлттық жиналыс. Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимиттік Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы ақпанның 8-інде орнатылды.Филолог күні. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Орал қаласында Батыс Қазақстан облыстық суретшілер бөлімшесі құрылды.11 жыл бұрын (1998) Алматыда Әлібек Дінішев театры ұйымдастырған 1-ші Халықаралық әншілер байқауы өтті. 3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірлігінде Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы Жарлыққа қол қойды. 3 жыл бұрын (2006) Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын толтыру аяқталды. Оның құрылысы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасында 2004 жылғы мамырдың 17-сінде жасалған Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын салудың негізгі ұстанымдары туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылды. Құбырды толтыруға қажет технологиялық мұнайдың көлемі 400 мыңнан астам тоннаны құрады. Мұнай құбырын толтыру салтанаты 2005 жылғы желтоқсанның 15-інде басталған болатын. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Астанадағы орталық диспетчерлік басқару ғимаратынан мұнай құбырларын автоматты бақылау және басқару жүйесі көмегімен іске қосты. Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының ұзындығы ? 962,2 шақырым, құбыр диаметрі 813 миллиметр. Оның жобалық өткізу қабілеттілігі ? жылына 20 млн. тонна, соның ішінде алғашқы кезеңінде жылына 10 млн. тонна мұнай өткізе алады. Мұнай құбыры Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын басып өтіп, ҚХР аумағындағы Алашаңқайға жетеді. Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын салуды аяқтау және оны пайдалануға беру ? Қазақстан Республикасының көп салалы экспорттық мұнай тасымалдау инфрақұрылымының тағы бір маңызды кезеңі болмақ.ЕСІМДЕР100 жыл бұрын (1909-2007) Қазақстан мұнай индустриясының ардагері, КСРО-ның құрметті мұнайшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері, Ақтау қаласының құрметті азаматы ӨТЕБАЕВ Сафи дүниеге келді. Атырау облысында туған. Баку мұнай институтын бітірген. Оқуын аяқтағаннан кейін «Ембімұнай» бірлестігі Мақат, Құлсары, Комсомольск мұнай басқармаларының инженері, бастығы қызметтерін атқарған. 1945-1951 жылдары ? Қазақстан Компартиясы Жылой аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1951-1957 жылдары ? «Қазақстанмұнай» бірлестігінің бастығы. 1957-1965 жылдары ? Атырау, Батыс Қазақстан халық шаруашылығы кеңесінің төрағасы. 1965-1971 жылдары ? «Қазақстанмұнай», «Маңғыстаумұнай» бірлестіктерінің директоры. 1971-1980 жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті Техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары қызметін атқарған. Ол Құлсары, Прорва, Кеңқияқ, Қаратон, Мұнайлы, Жетібай, Өзен мұнай кен орындарын ашқан. Мұнай өнеркәсібін дамыту бойынша 30-дан астам еңбектің және 2 естелік кітаптың авторы. I дәрежелі «Барыс», «Отан», «Ленин», «Қазан төңкерісі», II дәрежелі «Отан соғысы», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.85 жыл бұрын (1924) әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы НҰРМАҒАНБЕТОВ Сағадат Қожахметұлы дүниеге келді. Ақмола облысының Ақкөл ауданында туған. 1943 жылы Кушка қаласындағы Түркістан пулемет училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберілді. Солтүстік Кавказ, 4-ші Украин және 1-ші Беларус майдандарында взвод, рота және батальон командирі болып, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті. 1949 жылы Мәскеудегі Әскери академияны бітіріп, Түркістан әскери округі штабында істеді. 1954-1958 жылдары ? мотоатқыштар полкінің командирі. 1958-1961 жылдары ? мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы. 1962-1969 жылдары Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы. 1969-1989 жылдары ? Орта Азия әскери округі қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскери тобы қолбасшысының бірінші орынбасары. 1991-1992 жылдары ? Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары ? Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды. С.Нұрмағанбетов Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуде, республиканың Қарулы күштерін құруда, ұлттық кадрларды даярлауда үлкен еңбек сіңірді. 1999 жылы наурызда Астана қаласында генерал Сағадат Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі құрылды. Тәуелсіз еліміздің қарулы күштерінде қызмет ететін болашақ сарбаздар осы мектеп қабырғасынан тәрбиеленіп шығады. «Ленин», 2 мәрте «Қызыл жұлдыз», 1,2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі», «Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Отан» ордендерімен, медальдармен, шет ел орден-медальдарымен марапатталған. 75 жыл бұрын (1934) биология ғылымының докторы, профессор ҚОНАЕВА Рауза Меңліахметқызы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Ботаника институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі қымзеттерін атқарған. 1983 жылдан Қазақстан Ғылым академиясы М.Айтқожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институтының зертхана меңгерушісі болған. МАМЫРДЫҢ 26-СЫ, СЕЙСЕНБІГрузия Республикасының Ұлттық мейрамы ? Мемлекет тәуелсіздігінің қалпына келтірілген күні. Грузия Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Ресеймен, шығысында Әзербайжанмен, оңтүстігінде Түркиямен, Армениямен шектеседі. Астанасы ? Тбилиси қаласы. Ресми тілі ? грузин тілі. Ақша бірлігі ? лари. Әкімшілік жағынан 65 ауданға бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған Президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы екі палаталы парламент. Жоғарғы атқарушы органы ? Жоғарғы Кеңес. Қазақстан Республикасы мен Грузия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 23-де орнатылды.Гайана Кооперативтік Республикасының Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1966). Гайана ? Оңтүстік Американың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстік-батысында Венесуэламен, оңтүстік-батыс және оңтүстігінде Бразилиямен, шығысында Суринаммен, солтүстік-шығысы Атлант мұхитымен шектеседі. Астанасы ? Джоржтаун қаласы. Ресми тілі ? ағылшын тілі, сонымен қатар үндіс және жергілікті халықтардың да тілдері қолданылады. Ақша бірлігі ? гайан доллары. Әкімшілік жағынан 10 окургке бөлінеді. Елді 5 жылға сайланған Президент басқарады. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы ? Ұлттық ассамблея. Жоғарғы атқарушы органы ? Министрлер Кабинеті. Негізгі сауда серіктестері Канада, АҚШ және Ұлыбритания. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Түркияның Ыстамбұл, Бурса және Балакесер қалаларында қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай поэзия күндері өтті. 14 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ жеріндегі атом қаруының жойылғаны жөніндегі үндеуі баспасөз бетінде жарық көрді. Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды. Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды. 9 жыл бұрын (2000) Шымкентегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимараты алдына Мұхтар Әуезовтың ескерткіші орнатылды.ЕСІМДЕР115 жыл бұрын (1894-1933) қазақ ақыны, қаламгер, қоғам қайраткері ДӨНЕНТАЕВ Сәбит дүниеге келді. Павлодар облысында туған. Жас кезінде ауылда ескіше хат танып, Павлодар қаласы жанындағы Қасым қажы Ертісбаевтің медресесін бітірген. Ол Абай мен татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың шығармаларымен танысып, «Айқап», «Шора» журналдары мен «Қазақ», «Уақыт» газеттерін алып оқып тұрған. 1913 жылы «Айқап» журналында «Қиялым» атты өлеңі тұңғыш рет жарық көрген. С.Дөнентаевтың алғашқы өлеңдер жинағы «Уақ-түйек» деген атпен Уфа қаласында басылып шықты. Ақынның алғашқы жинағына енген өлеңдерінде сол кездегі ауыл тұрмысы шынайы бейнеленеді. С.Дөнентаев сол кезеңде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, т.б. қаламгерлердің шығармаларымен танысады. Оларға еліктеп, халқын өнер-білімге шақырған өлеңдер жазды. 1916 жылы майданға шақырылып, Екібастұздың көмір кенінде, кейінен Рига қаласының өңірінде болды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін туған жеріне қайтып оралады. Семейде мұғалімдер курсында оқиды. Кеңес үкіметі орнаған соң, С.Дөнентаев жаңа үкіметті қолдайды. Ол кеңес үкіметі қазақ халқына басқа халықтармен тең құқықтар береді, қарапайым шаруаның өмірін өзгереді, жесір-жетімдердің қамын ойлайды деп сенеді. 1931-1933 жылдары Семейдің «Қазақ тілі» газетінде жұмыс істейді. Ақынның «Өгей ұл», «Көркемтай» атты әңгімелері, «Қазақ тіліне», «Алты жылда», «Ерікті Айша» атты өлеңдері мен «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» атты мысалдары бар. Тоқайдың, И. Крыловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. С.Дөнентаев шығармашылығы туралы Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, тағы басқа ғалымдар зерттеу еңбектерін жазған. 60 жыл бұрын (1949) жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ӘЛІМГЕРЕЕВ Өтепберген дүниеге келді. Атырау облысында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастаған. Біраз уақыт Атырау облыстық газетінде қызмет істеген. 1990 жылдан Атырау телерадио компаниясының бас редакторы болып істейді. Қаламгердің туындылары 1966 жылдан бері түрлі газет-журналдарда жарық көріп келеді. Оның 6 әдеби-публицистикалық кітабы және Махамбет, Асан қайғы, Жиренше шешен, Мұрат, бала Ораз, Мақаш әкім туралы зерттеулері бар. Ол Қазақстан Журналистер одағының, осы одақ пен Оратлық табиғат қорғау қоғамының үш дүркін, Атырау облысы әкімі белгілеген Махамбет атыдағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанып, «Егемен Қазақстан» газеті мен «Ара» журналы конкурстарының жүлдегері болған. МАМЫРДЫҢ 27-СІ, СӘРСЕНБІЖалпыресейлік кітапхана күні. 1995 жылдан бастап жыл сайып атап өтіледі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Жамбыл облысының Шу ауданындағы Балуан Шолақ атындағы ауылда ақын, композитор Балуан Шолақтың ескерткіші ашылды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды.32 жыл бұрын (1977) КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1991 жылы КСРО тарағанға дейін қолданылған Кеңес одағының мемлекеттік әнұраны бекітілді. ЕСІМДЕР75 жыл бұрын (1934) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық консерваториясының доценті ҚАРАЖІГІТОВ Нариман дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын, Алматы консерваториясын бітірген. Өнер жолын көркем өнерпаздар үйірмесінен бастады. 1963-1968 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының әншісі болды. Ол Айдар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Ақан (С.Мұхамеджанов «Ақан сері - Ақтоты»), Біржан (М.Төлебаев «Біржан ? Сара»), Жек (Н.Жиганов «Алтыншаш»), Владимир Игоревич (А.Бородин «Князь Игор»), Дон Оттавио (В.Моцарт «Дон Жуан») тағы басқа партияларды орындаған. Гастрольдік сапармен Канада, Үндістан, Финляндия, Польша, Сирия, Куба, тағы басқа елдерде болған. Әншінің репертуарында қазақ халық әндері, орыс романстары, қазақ, орыс және шет ел композиторларының әндері бар. 1968 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысады. МАМЫРДЫҢ 28-І, БЕЙСЕНБІӘзірбайжан Республикасының Ұлттық мейрамы ? Республика күні. Ресейде шекарашылар күні. КСРО шекарашылар күні 1958 жылы бекітілген. 1918 жылы мамырдың 28-інде Кеңес халық комиссариатының декретімен РКФСР Шекара күзеті құрылды. 1994 жылы мамырдың 23-інде РФ Президентінің № 1011 «Шекарашылар күнін бекіту туралы» Жарлығы негізінде бекітілген.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын құру туралы» қаулысы шықты.10 жыл бұрын (1999) Алматыда қазақстандық қаржыгерлердің бірінші конгресі болды.ЕСІМДЕР230 жыл бұрын (1779-1852) ағылшын ақыны МУР Томас дүниеге келді. МАМЫРДЫҢ 29-Ы, ЖҰМАБҰҰ-ның Халықаралық бітімгершілер күні. 2003 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарымен бекітілген. Қарарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге, үкіметтік емес ұйымдарға және жекелеген азаматтарға БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау мақсатындағы операцияларының құрамында қызмет істеген адамдарға құрмет, сонымен қатар қаза болғандарды есте сақтау күні ретінде атап өту ұсынылған ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР11 жыл бұрын (1998) «Жас Астана ? жастардың көзімен» атты республикалық фестиваль өтті. Алғашқы жылдары Астана күніне орайластырылған бұл бай¬қау¬ға еліміздің жер-жерінен кел¬ген жас тілшілер бас қосып, бел¬гілі бір уақыт ішінде дайындаған өздерінің еңбектерін әкеліп, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Кейін келе, аталған фестиваль өзінің ауқымын кеңейтіп, жалпы мазмұнын, бағытын өзгертті. Шағын байқау 2002 жылы «Еуразия сақинасы» деген жастар ақпараттық форумына айналды. Аталмыш фестивальді ұйымдастырушы қазақстандықтарға танымал журналист ? Галиева Светлана Ахметжанқызы.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) техника ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының, Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі ШТОЙК Гарри Гвидович дүниеге келді. Ресейде туған. 1978-1980 жылдары ? Қазақ КСР Түсті металлургия министрлігі Қорғасын-мырыш өнеркәсібі басқармасының бас байытушысы. 1980-1986 жылдары ? Зыряновск қорғасын комбинаты байыту фабрикасының бастығы. 1986-1990 жылдары ? Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинатының директоры. 1992-1993 жылдары ? «КРАМДС-Өскемен» акционерлік қоғамының президенті. 1993-1994 жылдары ? «Лениногор полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамының президенті. 1994-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары ? «Қазмырыш» жабық акционерлік қоғамының президенті. 1998-2003 жылдары ? «Қазмырыш» АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі. 2003 жылдан «Қазмырыш» АҚ президентінің кеңесшісі. Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген, 17 авторлық куәлігі бар. «Еңбек Қызыл Ту», «Қазан төңкерісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.55 жыл бұрын (1954) «Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу жобалау институты» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, сәулетші ДОСМАҒАМБЕТОВ Баир Фарденұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Мәскеу сәулет институтын бітірген. «Қазқалақұрылысжоба» институтының сәулетшісі, аға сәулетшісі, топ жетекшісі, шеберхана бастығы қызметтерін атқарған. 1988-1993 жылдары ? Қазақстан Мемлекеттік құрылыс комитеті бас басқармасының бастығы, комитет төрағасының бірінші орынбасары. 1993-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрінің бірінші орынбасары. 1995-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ақмоладағы жоғары және орталық мемлекеттік органдарды қайта орналастыру мемлекеттік комиссиясы төрағасының орынбасары ? аппарат басшысы. 1998-2000 жылдары ? Астана қалалық сәулет және қала құрылысы департаментінің бас сәулетшісі. Қазіргі қызметінде 2000 жылдан бастап істейді. Медальмен марапатталған. МАМЫРДЫҢ 30-Ы, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР414 жыл бұрын (1595) Тәуекел хан В.Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады.56 жыл бұрын (1953) «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, музыкасын Е.Брусиловский жазған, режисері ? Қ.Байсейітов. Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті Думан арасындағы нәзік махаббат сезімі «Дудар-ай» әні арқылы беріледі. Композитор қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Лейтомотив ретінде қолданған «Дудар-ай», «О, сен кең дала», «Эх ты доля» әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр. Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мария партиясын Э.Епонешникова орындаған. 12 жыл бұрын (1997) Алматыда Әлібек Дінішев театры ашылды.6 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербор қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашты. Бұл ескерткіш ? Қазақстан халқының Петерборға жасаған сыйы.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Пре¬зидентінің Мұрағатында «Хасен Өзденбаев: азамат, аудармашы, журналист. Естеліктер жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Белгілі аудармашы, журналист Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен Өзден¬баев 1937?1938 жылдардағы сталиндік зобалаңды басынан өткерген. Естеліктер жинағына мұра¬ғатқа қабылданған қолжазба мен қазақтың аяулы ұлдары С.Мәуленовтің, Ғ.Қайырбековтің әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен замандас інілері ? белгілі абай¬танушы ғалым Ж.Ысмағұлов пен С. Әсіпұлының естеліктері енгізілген.3 жыл бұрын (2006) Астанадағы Пушкин көшесіндегі 91-үйге, осында 1998-2004 жылдар аралығында тұрған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты мәңгі еске қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнатылды.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1986) ақын, жыршы, қазақ ауыз әдебиетін жинаушы ЖҮРГЕНБАЕВ Әбділдә дүниеге келді. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туған. 1938-1948 жылдары Н.Бекежановтың концерттік бригадасында өнер көрсеткен. Ақын әр жылдарда өткен республикалық ақындар айтысына қатысқан. Ә.Жүргенбаевтан «Көреғұлы» дастанының көне нұсқасы, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» эпостарының кейбір нұсқалары жазылып алынған. Ол халық мұраларын жинауға қатысып, Әдебиет және өнер институтына «Байбатша», «Атымтай Жомарт», « Шәкір-Шәкірат», тағы басқа дастандарын тапсырған. Шығармалары әр жылдары «Пернедегі термелер», «Айтыс» жинақтарында жарық көрген. Сыр өңірінің 20-дан астам ән-термесі Жүргеновтың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген. 70 жыл бұрын (1939-2006) экономика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі КЕНЖЕҒОЗИН Марат Балғожаұлы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. Г.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын және аспирантурасын бітірген. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының аға инженер экономисі, аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 1979-1985 жылдары ? КСРО Орталық статистика басқармасының Бүкілодақтық есепті механизациялау және санақ жұмыстары мемлекеттік жобалау технологиялық институты Қазақ филиалының директоры. 1994-1995 жылдары ? Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің проректоры. 1995-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Экономика институтының директоры болған. Ғалымның 300-ден астам ғылыми жұмысы, оның ішінде 22 монографиясы мен кітаптары жарық көрген. «Құрмет» орденімен марапатталған.30 жыл бұрын (1979) Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, А.Педротти, Ловро фон Матачич, Н.Малько атындағы конкурстардың лауреаты БӨРІБАЕВ Алан Асқарұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. К.Байсейітова атындағы Музыка колледжін, Вена музыка және сахна өнері университетін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. МАМЫРДЫҢ 31-І, ЖЕКСЕНБІСаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Елбасының Жарлығымен қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Қазақстан аймағында Кеңес билігінің 11 лагері болған. Осы күні 1931-33 жылдарда 2 миллиондай қазақтың өмірін қиып кеткен ашаршылық құрбандарына да аза тұтылады.Дүниежүзілік темекі тартуға қарсылық күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша атап өтіледі.Оңтүстік Африка Республикасының Ұлттық мейрамы ? Республика күні. 1961 жылы осы күні Оңтүстік Африка Республикасы тәуелсіздігін алды.Химик күні. Аталған мереке жыл сайын мамыр айының соңғы жексенбісінде Ресей мен Беларус мемлекетінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1980 жылғы қазанның 1-індегі «Мерекелер және атаулы күндер туралы» және 1988 жылғы қарашаның 1-індегі «КСРО Мерекелер және атаулы күндер туралы заңнамасына өзгертулер енгізу туралы» Жарлығына сәйкес тойланады.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР13 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданды.7 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішті ашты. Ескерткіш XX ғасырдың 30-шы жылдарында тұтқындарды жаппай ату орны болған Жаңажол елді-мекенінде орнатылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интеллигенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде еліміздегі қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.150 жыл бұрын (1859) Лондонда Биг Бен сағаты жүргізілді. Біріккен Корольдік парламенті мұнарасындағы бұл сағаттың дабылын бүкіл әлем естиді. Биг Бен - өз уақытының, елдегі гүлденген дәуірінің символы.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924) Қазақстанның еңбек сіңірген шахтері, Социалистік Еңбек Ері, «Шахтер даңқы» орденінің толық иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты КУРЖЕЙ Станислав Павлович дүниеге келді. Украинада туған. Қарағанды тау-кен техникумын, Томск политехникалық институтын бітірген. «Қарағанды көмір телімі» тресінің телім бастығы, шахтаның тау-кен шебері, «Северный» телімі бас инженерінің орынбасары, Ертіс көмір телімі дирекциясының бастығы, «Богатырь» телімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1988 жылы зейнет демалысына шыққан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақырылмына депутат болып сайланған. 2 мәрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», 2-ші дәрежелі «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.