ҚазАқпарат-Анонс: Мамырдың 26-сы мен 30-ы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ЕЛБАСЫ
Мамырдың 26-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Түркия Президенті Абдулла Гүлдің қатысуымен Түркияның Қазақстандағы Елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу рәсімі болады.
ҮКІМЕТ
ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі Нұрай Оразов бастаған қазақстандық делегация мамырдың 25-і және 26-сы күндері Душанбеде болатын «Ақпаратқа қол жеткізу» атты ЕҚЫҰ-ның БАҚ жөніндегі 12-ші орталықазиялық конференциясына қатысады.
ПАРЛАМЕНТ
Мамырдың 25-26-сы күндері Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 9-шы отырысы өтуде.
Мамырдың 26-сында Парламент Мәжілісінде Түркия Президенті Абдулла Гүл сөз сөйлейді.
Мамырдың 26-сында Сенатта ҚР Үіметі мен Есеп комитеті есептерінің таныстырылымы болады.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Мамырдың 26-сы мен 28-і аралығында Астана қаласында «Рамада Плаза» («Интерконтиненталь») қонақүйінде 13 Халықаралық микроқаржы конференциясы өткізіледі. Оған әлемнің 50 елінен 400-ден аса өкіл қатысады. Қатысушылардың қатарында беделді халықаралық микроқаржы институттарының өкілдері және микроқаржыландыру саласының сарапшылар бар.
Мамырдың 26-29-ы аралығында Астанада «KADEX-2010» («Kazakhstan Defense Exposition») Қару-жарақ, әскери техника мен әскери-техникалық мүлік халықаралық көрмесі өтеді. Оған Қарулы Күштерге қажет отандық және шетелдік әскери және арнайы өнімдер шығаратын шетелдік кәсіпорындар қатысқалы отыр.
Мамырдың 25-і мен 28-і аралығында Франция президентінің арнайы өкілі, сенатор Эмери де Монтескью бастаған іскерлік делегацияның Қазақстанға сапары өтуде.
Мамырдың 25-і мен 28-і аралығында Еуропалық парламенттің депутаттар тобы «Қазақстан Респуликасы - Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастығы комитетінің тоғызыншы отырысына қатысу үшін Қазақстанға келеді.
Мамырдың 27-28-інде Ресейдің Подольск қаласында Жеңістің 65 жылдығына арналған «Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдердегі іздеушілер қозғалысы» атты халықаралық конференция болады.
Мамырдың 27-28-інде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Экономикалық ынтымақтастық ұйымымен бірлесіп ЭЫҰ мүше елдерінің Ұлттық статистикалық кеңселері басшыларының екінші отырысын өткізеді. Жиынға Қазақстан, Ауғанстан, Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан елдерінің статистика мекемелерінің басқарушылары, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтіледі. Басқосу өңірдегі статистика саласындағы жоғары деңгейде өткізілетін негізгі форум болып табылады.
СПОРТ
Мамырдың 23-і мен 31-і аралығында елордада ҚР Спорт және туризм министрлігі, Азия Бокс конфедерациясы және Қазақстан Бокс федерациясының ұйымдастыруымен бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпонаты өтуде. Турнирге 20-дан астам елдің былғары қолғап шеберлері шақырылған. Шаршы алаңдағы 11 салмақ санатындағы бәсекелер ASBC ережелеріне сәйкес әрі Азия Бокс конфедерациясының техникалық ресми тұлғаларының қадағалауымен өтеді.
АСТАНА
Мамырдың 26-сы және 28-і аралығында Астана қаласында «Рамада Плаза» («Интерконтиненталь») қонақүйінде 13 Халықаралық микроқаржы конференциясы өткізіледі. Оған әлемнің 50 елінен 400-ден аса өкіл қатысады. Қатысушылардың қатарында беделді халықаралық микроқаржы институттарының өкілдері және микроқаржыландыру саласының сарапшылар бар.
Мамырдың 24-28-сі аралығында Астана қаласында Құрманғазы атындағы VIII Республикалық халық аспаптарында орындаушылар байқауы ұйымдастырылады.
Мамырдың 26-сында «Риксос» отелінде Денсаулық сақтау мәселелері бойынша форум өтеді.
Мамырдың 26-сында «KADEX» көрмесі ашылады.
Мамырдың 26-сында «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесінде Жоғары Партия мектебінің таныстырылымы өтеді.
Мамырдың 26-сында «Дипломат» қонақүйінде «Қазақстанның жоғары оқу орындары әлемдік академиялық рейтингтер контекстінде» деген тақырыпта халықаралық форум өтеді.
Мамырдың 26-сы күні Астана қалалық прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді. Мәжіліске қала аймағында орналасқан емханалар мен денсаулық сақтау саласының мамандары қатысады. Онда жиынға қатысушылар емдеу орындарының балалардың денсаулықтарын қорғау мен кепілдендірілген медициналық көмектің толық көлемде көрсетілуін реттейтін заңнама талаптарын орындауға байланысты жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижелерін қарайды.
АЛМАТЫ
Алматыда мамыр айының 25-нен маусым айының 2-не дейін 6-шы Халықаралық фестиваль-байқауы өтеді. Фестивальдің мақсаты - балалар шығармашылық ұжымдарының дамуын ынталандыру, балалар ұжымдары арасында байланыстар орнату.
Мамырдың 26-сы мен 30-ы аралығында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің ІІІ Халықаралық театр фестивалі өткізіледі.
Мамырдың 26-сында «Бақшасарай» орталығында «Software Engineering Summit - KITEL-SES 2010» І Орталықазиялық халықаралық конференция өтеді.
Мамырдың 26-сында «Almaty Towers» орталығында Қазақстан урологтарының съезі және ІІ Еуразиялық андрологиялық конгресс өтеді.
Мамырдың 26-сында Ұлттық кітапханада ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының Бас орталығы басып шығарған оқу құралдарын Ұлттық кітапханаға және жоғары оқу орындарының кітапханаларына табыс ету рәсімі болады.
Мамырдың 26-сында Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Г.Марченкомен кездесу өтеді.
Алматыда мамырдың 27-сі күні «Қаржы нарығының жаһандануы. Баламалы инвестицияларды дамытудағы Қазақстанның рөлі» деп аталатын конференция өтеді.
Алматыда мамырдың 28-29-ы күндері «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында семинар-тренинг өтеді. Оны Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырып отыр
АЙМАҚТАР
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ
Павлодарда мамырдың 29-ы күні алғаш рет Еупропа күні атап өтіледі. Ертіс жағалауындағы қалаға Еуроодаққа мүше 15 елдің делегациясы келеді, олар павлодардықтарды өз елдерінің дәстүрлерімен, туризм саласымен, білім және бизнес жүйесімен таныстырады. «Еуропа күнін» Еуроодақтың Қазақстандағы делегациясы, Павлодар облысының әкімдігі және «Десента» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
МАМЫРДЫҢ 26-Ы, СӘРСЕНБІ
Грузияда тәуелсіздік күні. Грузияның демократиялық үкiметiнiң басшысы Жордания Ноэ 1918 жылдың 26 мамырда елдiң тәуелсiздiгiн жариялады.
Грузия Республикасы Еуропа құрылығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Астанасы - Тбилиси. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы органы - бір палаталы парламент. Ресми тілі - грузин тілі. Ақша бірлігі - лари.
Қазақстан Республикасы мен Грузия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 23 шілдесінде бекітілген.
Ресей кәсіпкерлерінің күні. Ресей Федерациясы Президентінің 2007 жылғы 18 қазандағы Жарлығымен бекітілген.
ОҚИҒАЛАР
17 жыл бұрын (1993) Түркияның Ыстамбұл, Бурса және Балыкесер қалаларында қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың (1893-1938) туғанына 100-жыл толуына байланысты поэзия күндері болып өтті.
15 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ жеріндегі атом қаруының жойылғаны жөніндегі үндеуі баспасөз бетінде жарық көрді. Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды. Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды.
10 жыл бұрын (2000) Шымкентегі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғимараты алдына Мұхтар Әуезовтың (1897-1961) ескерткіші орнатылды.
5 жыл бұрын (2005) Елордада Түркия Премьер-министрі Реджеп Эрдоғанның ресми сапары барысында Түрік Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты құрылысының іргетасын қалау рәсімі болып өтті.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда Қазақстан тұрғындары мен басқа ұлт өкілдері арасындағы іскерлік және бейресми қарым-қатынастағы тілдік кедергілерді жеңуге көмектесетін ABBYY Lingvo x3 сөздігінің тұсау кесер рәсімі өтті.
ABBYY Lingvo x3 сөздігінің қазақша нұсқасы қолданушылардың кең қауымы - кәсiпкерлер, мемлекеттiк қызметкерлер, оқушылар, саяхатшылар, аудармашыларға бағытталған. Сөздік қазақ тілінен орыс тіліне және керісінше кез-келген тақырыптағы мәтінді тез және сапалы түрде аударуға көмек көрсетеді, сондай-ақ орыс тілінен ағылшын, неміс, француз, италия және тағы да басқа 10 шет тілдеріне аударады. Жаңа сөздiк қазақстандық нарықта екi нұсқада ұсынылған: «ABBYY Lingvo x3. қазақша нұсқасы. Үш тіл» - ағылшын, қазақ және орыс тілдері үшін 64 сөздік және «ABBYY Lingvo x3. Көп тілді қазақша нұсқасы» - 12 тілдерге арналған 159 сөздік.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1950) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі БЕКТЕМІРОВ Айдос Жұмаділдәұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Алматы эстрада-цирк студиясын, Мәскеу театр институтын, Алматы театр және кино институтын бітірген.
«Қазақконцерт» бірлестігінде, республикалық «Гүлдер» ансамблінде, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында қызмет атқарған. 2003 жылдан - М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері.
Театр сахнасында Мәди (Ә.Әбішевтің «Атыңнан айналайынында»), Мұрат (Т.Әбдіковтің «Біз үшеу едігінде»), Мылқау, Науан хазірет (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқтысында»), Тұрар (Ш.Мұртазаның «Сталинге хатында»), Орманшы (Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралында»), Абай (Р.Сейтметов «Қалың елім, қазағымда») рөлдерін орындады.
Режиссер ретінде 1998 жылы Ә.Сараевтың «Мұңым менің» пьесасын сахналады.
«Шоқан Уәлиханов», «Провинциалдық роман» көркем фильмдеріне де түскен.
45 жыл бұрын (1965) Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімі ӘЗІМБАЕВ Нұрғали Тілекқалиұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Қосағаш ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
Алғабас орта мектебінің мұғалімі, Шұбартау ауданы «Алғабас» кеңшарының комсомол комитетінің хатшысы, Малкелді селолық кеңесінің атқару комитетінің төрағасы, Малкелді селолық округінің әкімі, Аягөз ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың 2 қыркүйегінен.
МАМЫРДЫҢ 27-І, БЕЙСЕНБІ
Бүкілресейлік кітапханалар күні (Кітапханашылар күні). Бұл кәсіби мереке 1995 жылдың 27 мамырында «Жалпыресейлік кітапханалар күнін бекіту туралы» Ресей Федерациясы Президентінің Жарлығымен бекітілген.
Қырғызстанда кітапханалар күні. Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1902 жылдың 27 мамырдағы Қырғызстандағы бірінші жалпыға бірдей кітапхананың ашылуына арналып 2008 жылдың 17 маусымында бекітілген.
ОҚИҒАЛАР
18 жыл бұрын (1992) Жамбыл облысы Шу ауданы Балуан Шолақ атындағы ауылда ақын, композитор Балуан Шолақтың (1864-1916) ескерткіші ашылды.
5 жыл бұрын (2005) Ақмола облысы Степногорск қаласындағы Мәдениет үйінің атауы Достық және шығармашылық үйі болып өзгертілді. Осыған сәйкес қала орталығында орналасқан көркем ғимараттың қызмет бағыты да өзгертілді.
1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Қарағанды облысындағы 500 кВ-тық «Ағадыр» қосалқы стансасында «Ағадыр-ОҚМАЭС» учаскесі іске қосылды.
Қазақстанда алғаш рет 500 кВ-тық «Ағадыр» қосалқы стансасында басқармалы шунттаушы реакторлар орнатылды. Инновациялық жабдықтың қолданылуы транзиттегі электр тораптарының жұмыс қалпын тұрақтандырады, сонымен қатар жабдықтардың тозуы қарқынын төмендетеді.
1 жыл бұрын (2009) саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазушы Қайым Мұхамедхановтың «Тағдыр және Карлаг» атты туындысы оқырмандар назарына ұсынылды. Шара «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» бастамасымен және Қазақстан-Британ техникалық университеттің қолдауымен өткізілді.
Қайым Мұхамедханов (1916-2004) - Мұхтар Әуезовтың ғылыми тұжырымдамаларының шәкірті және сенімді жалғастырушысы, өз өмірінің барлығын Абай өнерін зерттеуге арнаған, ұлы ойшылдың ақындық мектебін оқуды тереңдеткен. Ол қатал кезеңдерде де ұлттық мәдениет өкілдері - Шәкәрім Құдайбердіұлының, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек Аймауытовтардың өнерлерін батыл насихаттаған.
ЕСІМДЕР
95 жыл бұрын (1915-1993) акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері ӨТЕГЕНОВА Камила Досқызы дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Челябинск облысында туған. Қазақ медицина институтын (С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) бітірген.
Қазақ медицина институты (С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) акушерлік және гинекология кафедрасының клиникалық ординаторы, аға лаборанты, ассистенті, доценті, кафедра меңгерушісі, Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің бас акушер-гинекологы қызметтерін атқарған.
«Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
МАМЫРДЫҢ 28-І, ЖҰМА
Әзірбайжанда Республика күні. 1918 жылғы мамырдың 28-де Демократиялық Әзірбайжан Республикасы шығыстағы мұсылман елдер арасындағы 1920 жылдың сәуіріне дейін болып келген алғашқы парламенттік республика болып жарияланды.
Әзірбайжан Республикасы Кавказ тауының оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армениямен және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен шекараласып жатыр. Шығысы Каспий теңізімен қоршалған. Астанасы - Баку. Мемлекет басшысы - президент. Жоғарғы заң шығарушы органы - парламент (мәжіліс). Ресми тілі - әзірбайжан. Ақша бірлігі - манат.
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдың 27 тамызында орнатылған.
ОҚИҒАЛАР
17 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын құру туралы» Жарлығы басылым бетінде жарияланды.
11 жыл бұрын (1999) Алматыда қазақстандық қаржыгерлердің бірінші конгресі болды.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда Жеңістің 60-жылдық мерекесіне орай «Рақымжан Қошқарбаев. Рейхстаг дауылы» деректі фильмінің таныстырылымы болып өтті.
Режиссері Әділ Медетбаев. 40-минуттық фильм Халықаралық мәдени құндылықтарды сақтайтын және қолдау көрсететін қордың көмегімен «Amanat studio» студиясында түсірілген.
3 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Азия Олимпиялық Кеңесінің (АОК) орденімен марапатталды. Кеңестің жоғарғы наградасын Н.Назарбаевқа Азия Олимпиялық Кеңесінің президенті, Кувейт мемлекетінің ұлттық қауіпсіздік министрі Шейх Ахмад әл-Фахад ас-Сабах табыс етті.
1 жыл бұрын (2009) Румынияның Яссы уезіндегі Струнга коммунасынның Братулешть ауылында 1944 жылы Ұлы Отан соғысында қаза болған қазақстандық жауынгер Шернияз Аяғановқа арналған ескерткіштің ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті.
Қатардағы Шернияз Аяғанов Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келдi және соғысқа Семей облысының Аягөз әскери комиссариатынан шақырылды. Мотоатқыштар батальонының 56-бригадасының 23-танк корпусының құрамында қызмет етті.
Бұл шара Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссиясы мен Румынияның батырларды еске алу ұлттық агентствосы және «Ромпетрол» серіктестік тобының бірлескен көмегімен ұйымдастырылды.
1 жыл бұрын (2009) «БТА банкінің» «Столичное» бөлімшесінде автоматтандырылған сейфтік депозитарий жүйесі ашылды. Орталық Азия аймағында ол алғаш рет ашылып отыр.
460 адамға лайықталып жасалған жүйенің басты ерекшеліктерінің бірі, банк клиенттері депозитарий қызметін тәулік бойы және банк қызметкерінің көмегінсіз пайдалана алады.
Аталмыш жобаның құны 1 миллион АҚШ долларын құрайды. Банк клиенттері осы жүйе негізінде қаржы, құжат, құнды бұйымдар немесе өзге де дүниелерін сақтау үшін арнайы дайындалған кәртішке мен ПИН-кодты пайдаланады.
ЕСІМДЕР
120 жыл бұрын (1890-1949) геолог, КСРО Ғылым Академиясының академигі ГРИГОРЬЕВ Иосиф Федорович дүниеге келді.
Санкт-Петербор қаласында туған. Петроградтың тау-кен институтын бітірген.
Кен институтында алғаш рет минераграфиядан, Мәскеу кен академиясында кен орындары жөнінде дәріс оқыған.
Ұлы Отан соғысы жылдары табиғи қорларды Отан қорғау мұқтажына жұмылдыру жөніндегі комиссияның мүшесі. Оның алғашқы ғылыми еңбектері Оңтүстік Қазақстан геологиясына арналған. Кенді Алтайдың полиметал кен орындарында жүргізілген геологиялық барлау жұмыстар Григорьевтың ғылыми қағидаларына негізделді және нәтижелі болды. Ол кенді минераграфиялық зерттеу әдісін ұсынды және кен құрылымының түрлерін анықтады.
Екі орденмен және медальдармен марапатталған.
МАМЫРДЫҢ 29-Ы, СЕНБІ
БҰҰ-ның Халықаралық бітімгершілер күні. 2003-ші жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.
2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының A/RES/57/129 қарарымен бекітілген. Қарарда БҰҰ мүше мемлекеттерге, үкіметтік емес ұйымдарға және жекелеген азаматтарға БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау мақсатындағы операцияларының құрамында қызмет істеген адамдарға құрмет, сонымен қатар қаза болғандарды есте сақтау күні ретінде атап өту ұсынылған.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) республикалық «Үкілі үміт» сазгерлер байқауы басталды.
3 жыл бұрын (2007) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) жамбылдық жазушы, журналист Бақытяр Әбілдәұлының «Шапырашты Наурызбай батыр» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді. Тарихи-деректі роман XVIII ғасырда жоңғарлардың басқыншылығына қарсы соғыста даңқы шыққан қазақтың қолбасшысына арналған. Тарихшылардың мәліметі бойынша, осы азаттық үшін болған шайқаста миллионнан астам қазақтар опат болған.
Бақытяр Әбілдәұлы осы деректерді Ресей мұрағаттарынан тапты. Олардың негізінде деректі-көркем роман жазып шықты. Бақытяр Әбілдәұлының «Шапырашты Наурызбай батыр» романының таныстырылымы Қазақстан Жазушылар одағы өкілдерінің және қалың жұртшылықтың қатысуымен батырдың туған жерінде, Алматы облысының Қаскелең қаласында өтті. Романның авторына Алматы облысындағы Қарасай ауданының құрметті азаматы атағы берілді.
ЕСІМДЕР
70 жыл бұрын (1940-2003) альпинист, география ғылымдарының кандидаты, спорт шебері, КСРО Қарулы Күштері мен Кеңес Одағы біріншіліктерінің чемпионы, бірнеше дүркін жеңімпазы ПОПОВ Виктор Иванович дүниеге келді.
Ресей Федерациясының Мәскеу облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Қазақстан Республикасы Альпинизм федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Альпинизм федерациясының атқарушы директоры, «Вестник гор» жинағының жауапты редакторы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі География институтының жетекші ғылыми қызметкері, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет) туризм кафедрасының доценті қызметтерін атқарған.
Одақ кезінде «жетімыңдық» шыңдарын бағындырудағы экспедицияны басқарған. Африканың Килиманджаро жанартауы мен Тянь-Шань, Памир, Кавказ, Алтай, Камчатка, Альпы таулы аудандарындағы шыңдарға өрлеуге қатысқан.
Одақта алғашқы рет қыста Мәрмәр қабырғасы шыңын бағындырған. Памирдегі Ленин - Раздельная шыңы, Хан-Тәңірі шыңы, Тянь-Шандағы Жеңіс шыңы, Альпі шыңындағы Кристатурм қабырғасына өрлеуге қатысқан.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
40 жыл бұрын (1970) «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бірлескен даму және активтерді басқару бойынша бас директордың орынбасары ӘУБӘКІРОВ Асқар Әкімбайұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Мәскеу гидромелиоративті институтын, Еуразиялық нарық институтын бітірген.
Қызылорда қаласындағы «Көктем» шағын жеке кәсіпкерліктің директоры, «Казкоммерцбанк» ААҚ Қызылорда облыстық филиалының жинақтау бөлімінің меңгерушісі, Атырау қаласындағы «Қазақойл» ҰМК қаржы бөлімінің менеджері, «Эмбамұнайгаз» ААҚ экономикалық анализдің және қаржы бөлімінің меңгерушісі, қаржы дирекциясының директоры, бірінші вице-президенті, «Қазақойл-Эмба» ААҚ-ның бірінші вице-президенті, «Өзенмұнайгаз» ААҚ бірінші вице-президенті, «EuroAsiaGroup» басқарма төрағасы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның «Эмбамұнайгаз» өндірістік филиалы директорының бірінші орынбасары, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның бірлескен даму және активтерді басқару бойынша бас директордың орынбасары, «Ассоциация «KazEnergy» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдың қазанынан.
МАМЫРДЫҢ 30-Ы, ЖЕКСЕНБІ
Түркімен кілемінің күні. Мамырдың соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Ол 1992 жылдан бастап мемлекеттік мереке болды және Ашхабадта орналасқан әлемдегі бірінші түрікмен кілемінің мұражайында өткізіледі.
Химик күні. Бұл осы мамандық бойынша студенттерді, аспиранттарды, оқытушыларды және барлық түлектерді біріктіретін халықаралық мереке.
ОҚИҒАЛАР
415 жыл бұрын (1595) қазақ ханы Тәуекел (т.ж.б.-1598) В.Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады.
3 жыл бұрын (2007) Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы орталығындағы Тәуелсіздік саябағында сталиндік зобалаңнан зардап шеккен және құрбан болған жандарға арналған ескерткіш тақта ашылды.
Тарихтың сол бір ақтаңдақ жылдары ауданнан 36 адам «халық жауы» атанып, олардың 22-сі өлім жазасына кесілген.
1 жыл бұрын (2009) республикада отандық бизнеске көмек ретінде «Қазақстандық мөлшер» ақпараттық интернет-порталы іске қосылды.
1 жыл бұрын (2009) Алматыдағы Республика алаңында қымыздың 6000-жылдық тарихына арналған алғашқы «Қымызмұрындық» фестивалі болып өтті.
1 жыл бұрын (2009) Бішкекте өткен Маргарет Мид атындағы ІІ деректі фильмдер фестивалінде қазақстандық кинотанушы Гүлнәр Әбікееваның «Ұлттық сана сезімнің құрылуының екі дәуірі» атты жинағының тұсау кесер рәсімі болып өтті.
Гүлнәр Әбікееваның жинақты ұсыну мақсаты сирек кездесетін деректі ленталарды сақтап қалу және қайта өңдеу, Орталық Азияның барлық аумақтарындағы мұраларды насихаттау болып табылады.
ЕСІМДЕР
55 жыл бұрын (1955) Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі МАКОВСКИЙ Анатолий Павлович дүниеге келді.
Ақмола облысында туған. Целиноград ауыл шаруашылық институтын бітірген.
Ақмола облысы Ленинград ауданының әкiмi қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 1997 жылдан.
45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы мәдениет министрлігі ішкі аудит басқармасының бастығы МЕЙРІМОВ Асхат Қожыбекұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Алматы темір жол көлігі инженерлерінің институтын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ішкі бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан.