09:23, 27 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 27-сі мен 31-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None
АҚОРДАМамырдың 27-сінде Ақордада Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебекпен кездеседі. ҮКІМЕТПремьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін, мамырдың 27-сінде Қарағанды облысына жұмыс сапарын жасайды. Мамырдың 27-сінде Мәдениет және ақпарат министрлігінде баспасөз мәслихаты өтеді. Мамырдың 27-сінде Туризм және спорт министрлігінде 2011 жылғы Азиада ойындарына дейінгі 600 күн» деген тақырыпта кеңес өткізеді. ПАРЛАМЕНТМамырдың 27- сінде Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді. Мамырдың 27-29-ы күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі еліміздің Қаржы министрлігімен және Халықаралық Салық және Инвестиция Орталығымен (ХСИО) бірлесіп, Еуразия мемлекеттерінің фискалдық сарапшыларына арналған бесінші Жыл сайынғы семинарын өткізеді. Семинар үкіметтік, парламенттік, ғылыми сарапшылармен бірге Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Әзірбайжанның, Түркіменстанның және Арменияның өнеркәсіп саласындағы салық және экономика мәселелері жөніндегі сарапшыларының да басын қосады. Семинарға сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың өкілдері де қатысады. Шетелдік сарапшылардың құрамына Маастрих университетінің профессоры Сиджберн Кноссен кіреді.ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕММинскіде ТМД Атқарушы комитетінде мамырдың 26-сы мен 27-сінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы келісімнің жобасын келісу бойынша сарапшы топтың отырысы болады.Мамырдың 27-де Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің сыртқы саяси ведомстволары арасында консультациялар өтеді. ЕҚЫҰ және НАТО-ның кең ауқымды мәселелеріне арналатын келіссөздер барысында біздің делегацияға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов басшылық жасайтын болады. Мамырдың 28-інде Астанада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде қаржылық бақылау жоғары органдарының (ҚБЖО) бақылау-қадағалау органдарымен өзара іс-қимылы» атты халықаралық конференциясы болады. Жиын Қазақстанның Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Ресей Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин, Қырғызстан Есеп палатасының төрағасы Ескендір Ғайыпқұловтың қатысуымен өтеді. Мамырдың 29-30-ы күндері Душанбеде «Еуроодақ үштігі - Орталық Азия елдері» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.Оған ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин қатысады.
ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.БАЙҚОҢЫРМамырдың 27-сінде, Астана уақытымен 16 сағат 34 минөтке Халықаралық ғарыш стансысына Байқоңырдан «Союз-ТМА-015» ғарыш кемесі бар «Союз-ФГ» ғарыштық зымыранын ұшыру жоспарланып отыр.АСТАНАМамырдың 27-сінде Қаржы полициясында апталық брифин өтеді. Мамырдың 27-сінде «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде «Сыбайлас жемқорлыққа ? жол жоқ!» акциясы аясында «Таза сессиясы» шарасының басталуына арналған брифинг өтеді. Мамырдың 27-сінде Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде РФ Есеп палатасының төрағасы С.Степашинмен кездесу болады. Мамырдың 28-інде Астанада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде қаржылық бақылау жоғары органдарының (ҚБЖО) бақылау-қадағалау органдарымен өзара іс-қимылы» атты халықаралық конференциясы болады. Жиын Қазақстанның Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев, Ресей Есеп палатасының төрағасы Сергей Степашин, Қырғызстан Есеп палатасының төрағасы Ескендір Ғайыпқұловтың қатысуымен өтеді.Мамырдың 26-27-сі күндері Астанаға ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек жұмыс сапарымен келеді. К. Воллебектің еліміздің ресми тұлғаларымен кездесулері барысында Қазақстанның алдағы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына дайындығының түрлі аспектілері, тіл саясаты және білім беру мәселелері, Ұйымның Қазақстан халқы Ассамблеясымен ынтымақтастығы мәселелері қарастырылатын болады. Сонымен қатар сапары аясында К. Воллебек ҚР Әділет министрлігі ұйымдастыратын «Көп ұлтты қоғамда әлеуметтік ықпалдастықты заңнамалық қамтамасыз ету» атты семинарға қатысады. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару институтының Дипломатиялық академиясының студенттері алдында дәріс оқиды.
АЛМАТЫ Мамырдың 26-27-сі күндері Алматыда ҚР Қорғаныс министрлігі ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы орталығымен бірлесіп, «1999 жылғы Вена құжатынан 10 жыл өткеннен кейін, қауіпсіздік пен сенім шаралары: Орталық Азия мен Кавказдағы қауіп қатерлерге жаңа әдістеме мен көзқарастар» атты аймақтық семинар өткізеді. Семинар жұмысына Орталық Азия мемлекеттерінің, Кавказдың, ТМД және Еуропалық Одақ елдерінің қорғаныс және сыртқы саясат ведомстволарының өкілдері, сондай-ақ Стокгольмнің Әлемді зерттеу жөніндегі халықаралық институтының, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының, ЕҚЫҰ хатшылығының өкілдері қатысатын болады.Алматыда мамырдың 27-сі күні Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің 70 жылдығына арналған шығармашылық көрме және салтанатты басқосу өтеді.Мамырдың 27-сінде Қазақтың әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасының сыртқы саяси тұжырымдамасының эволюциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Мамырдың 27-сінде Қазақстан жазушыларының кітапханасында «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған шара өтеді. Мамырдың 27-сінде Ә.Қастеев атындағы Алматы декоративті-қолданбалы өнер колледжінің 70 жылдығына арналған вернисаж болады. Мамырдың 27-сінде «Қазақконцертте» «Таңсәрі» балалар театрының қайырымдылық концерті өтеді. Мамырдың 28-де Алматыда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға алдағы төрағалығына дайындығы аясында «ЕҚЫҰ және Орталық Азия елдеріндегі демократияландыру үдерістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Бұл іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Омбудсмен өкілдері, біздің еліміздің мемлекеттік органдарының, Орталық Азияның талдау орталықтарының, дипломатиялық корпустың, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын болады.Мамырдың 28-і мен маусымның 1-і аралығында Алматыда ХI «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық конкурсы өтеді. Конкурс жылдағыдай Алматы қаласының Орталық демалыс саябағындағы ашық алаңда болады. Биылғы жылы шараға барлық аймақтардан және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Литва, Қытай, Болгария елдерінен шамамен 700 жас әншілер, бишілер, халықтық әндерді орындаушылар қатысады.Мамырдың 31-інде Алматыда «Жас Отан» аруы» байқауы өтеді. Оны ұйымдастырушылар ? «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты. Оған қатысуға қаладағы ірі ЖОО арулар байқауының жеңімпаздары шақырылды. Ұйымдастырушылар ең үздіктер іріктелетініне сенімді. Бойжеткендер білімі, ептілігі, тіл табысқыштығы, шығармашылығы жағынан сайысқа түседі.АЙМАҚМАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫМаңғыстау облысында мамыр айының 27-сі мен 30-ы аралығында «Кеден келбетi айқын» республикалық акциясы өткізілмек. ҚР Кедендік бақылау комитеті баспасөз хатшысының облысқа келуіне байланысты өтетін журналистік десантқа республикалық, аймақтық деңгейдегі барлық БАҚ өкілдері қатыспақ. Келген қонақтар, журналистер қауымы облыстағы сапары кезінде «Ақтау ? ЦТО», «Морпорт», «Энергетический», «Әуежай-Ақтау» кеден бекеттеріне, кинология питомнигіне барып, олардың қызметімен таныспақ. Сондай-ақ теңіз портына экскурсияға шығып, облыстық Кедендік бақылау департаментінің жаңадан салынып жатқан әкімшілік ғимаратының құрылысын барып көрмек.СЕМЕЙ Семейде татар өнерінің Х халықаралық фестиваль-байқауы өтеді. Сондай-ақ оның аясында «Түркі татарлары бүгінгі әлемде: өткені, қазіргі жай-күйі, даму жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция жоспарланып отыр. Татар фестивалі мамырдың 29-ында ашылып, мамырдың 31-інде республикалық сабантой мерекесімен аяқталады.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР
МАМЫРДЫҢ 27-СІ, СӘРСЕНБІЖалпыресейлік кітапхана күні. 1995 жылдан бастап жыл сайып атап өтіледі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) Жамбыл облысының Шу ауданындағы Балуан Шолақ атындағы ауылда ақын, композитор Балуан Шолақтың ескерткіші ашылды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы келісімді бекіту туралы» Заңға қол қойды.32 жыл бұрын (1977) КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен 1991 жылы КСРО тарағанға дейін қолданылған Кеңес одағының мемлекеттік әнұраны бекітілді. ЕСІМДЕР75 жыл бұрын (1934) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ ұлттық консерваториясының доценті ҚАРАЖІГІТОВ Нариман дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын, Алматы консерваториясын бітірген. Өнер жолын көркем өнерпаздар үйірмесінен бастады. 1963-1968 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театрының әншісі болды. Ол Айдар (А.Жұбанов, Л.Хамиди «Абай»), Ақан (С.Мұхамеджанов «Ақан сері - Ақтоты»), Біржан (М.Төлебаев «Біржан ? Сара»), Жек (Н.Жиганов «Алтыншаш»), Владимир Игоревич (А.Бородин «Князь Игор»), Дон Оттавио (В.Моцарт «Дон Жуан») тағы басқа партияларды орындаған. Гастрольдік сапармен Канада, Үндістан, Финляндия, Польша, Сирия, Куба, тағы басқа елдерде болған. Әншінің репертуарында қазақ халық әндері, орыс романстары, қазақ, орыс және шет ел композиторларының әндері бар. 1968 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысады.
МАМЫРДЫҢ 28-І, БЕЙСЕНБІӘзірбайжан Республикасының Ұлттық мейрамы ? Республика күні. Ресейде шекарашылар күні. КСРО шекарашылар күні 1958 жылы бекітілген. 1918 жылы мамырдың 28-інде Кеңес халық комиссариатының декретімен РКФСР Шекара күзеті құрылды. 1994 жылы мамырдың 23-інде РФ Президентінің № 1011 «Шекарашылар күнін бекіту туралы» Жарлығы негізінде бекітілген.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорығын құру туралы» қаулысы шықты.10 жыл бұрын (1999) Алматыда қазақстандық қаржыгерлердің бірінші конгресі болды.ЕСІМДЕР230 жыл бұрын (1779-1852) ағылшын ақыны МУР Томас дүниеге келді.
МАМЫРДЫҢ 29-Ы, ЖҰМАБҰҰ-ның Халықаралық бітімгершілер күні. 2003 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы қарарымен бекітілген. Қарарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге, үкіметтік емес ұйымдарға және жекелеген азаматтарға БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау мақсатындағы операцияларының құрамында қызмет істеген адамдарға құрмет, сонымен қатар қаза болғандарды есте сақтау күні ретінде атап өту ұсынылған ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР11 жыл бұрын (1998) «Жас Астана ? жастардың көзімен» атты республикалық фестиваль өтті. Алғашқы жылдары Астана күніне орайластырылған бұл бай¬қау¬ға еліміздің жер-жерінен кел¬ген жас тілшілер бас қосып, бел¬гілі бір уақыт ішінде дайындаған өздерінің еңбектерін әкеліп, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Кейін келе, аталған фестиваль өзінің ауқымын кеңейтіп, жалпы мазмұнын, бағытын өзгертті. Шағын байқау 2002 жылы «Еуразия сақинасы» деген жастар ақпараттық форумына айналды. Аталмыш фестивальді ұйымдастырушы қазақстандықтарға танымал журналист ? Галиева Светлана Ахметжанқызы.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) техника ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының, Халықаралық минералды ресурстар академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі ШТОЙК Гарри Гвидович дүниеге келді.
Ресейде туған. 1978-1980 жылдары ? Қазақ КСР Түсті металлургия министрлігі Қорғасын-мырыш өнеркәсібі басқармасының бас байытушысы. 1980-1986 жылдары ? Зыряновск қорғасын комбинаты байыту фабрикасының бастығы. 1986-1990 жылдары ? Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинатының директоры. 1992-1993 жылдары ? «КРАМДС-Өскемен» акционерлік қоғамының президенті. 1993-1994 жылдары ? «Лениногор полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамының президенті. 1994-1996 жылдары ? Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және сауда министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 1996-1998 жылдары ? «Қазмырыш» жабық акционерлік қоғамының президенті. 1998-2003 жылдары ? «Қазмырыш» АҚ Бақылау кеңесінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі. 2003 жылдан «Қазмырыш» АҚ президентінің кеңесшісі.
Оның 30-дан астам ғылыми еңбегі жарық көрген, 17 авторлық куәлігі бар.
«Еңбек Қызыл Ту», «Қазан төңкерісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.55 жыл бұрын (1954) «Астана қаласы бас жоспарының ғылыми-зерттеу жобалау институты» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, сәулетші ДОСМАҒАМБЕТОВ Баир Фарденұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Мәскеу сәулет институтын бітірген. «Қазқалақұрылысжоба» институтының сәулетшісі, аға сәулетшісі, топ жетекшісі, шеберхана бастығы қызметтерін атқарған. 1988-1993 жылдары ? Қазақстан Мемлекеттік құрылыс комитеті бас басқармасының бастығы, комитет төрағасының бірінші орынбасары. 1993-1994 жылдары ? Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрінің бірінші орынбасары. 1995-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ақмоладағы жоғары және орталық мемлекеттік органдарды қайта орналастыру мемлекеттік комиссиясы төрағасының орынбасары ? аппарат басшысы. 1998-2000 жылдары ? Астана қалалық сәулет және қала құрылысы департаментінің бас сәулетшісі. Қазіргі қызметінде 2000 жылдан бастап істейді.
Медальмен марапатталған.
МАМЫРДЫҢ 30-Ы, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР414 жыл бұрын (1595) Тәуекел хан В.Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады.56 жыл бұрын (1953) «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, музыкасын Е.Брусиловский жазған, режисері ? Қ.Байсейітов. Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті Думан арасындағы нәзік махаббат сезімі «Дудар-ай» әні арқылы беріледі. Композитор қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Лейтомотив ретінде қолданған «Дудар-ай», «О, сен кең дала», «Эх ты доля» әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр. Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мария партиясын Э.Епонешникова орындаған. 12 жыл бұрын (1997) Алматыда Әлібек Дінішев театры ашылды.6 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербор қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашты. Бұл ескерткіш ? Қазақстан халқының Петерборға жасаған сыйы.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Пре¬зидентінің Мұрағатында «Хасен Өзденбаев: азамат, аудармашы, журналист. Естеліктер жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Белгілі аудармашы, журналист Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен Өзден¬баев 1937?1938 жылдардағы сталиндік зобалаңды басынан өткерген. Естеліктер жинағына мұра¬ғатқа қабылданған қолжазба мен қазақтың аяулы ұлдары С.Мәуленовтің, Ғ.Қайырбековтің әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен замандас інілері ? белгілі абай¬танушы ғалым Ж.Ысмағұлов пен С. Әсіпұлының естеліктері енгізілген.3 жыл бұрын (2006) Астанадағы Пушкин көшесіндегі 91-үйге, осында 1998-2004 жылдар аралығында тұрған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты мәңгі еске қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнатылды.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1986) ақын, жыршы, қазақ ауыз әдебиетін жинаушы ЖҮРГЕНБАЕВ Әбділдә дүниеге келді.
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туған. 1938-1948 жылдары Н.Бекежановтың концерттік бригадасында өнер көрсеткен. Ақын әр жылдарда өткен республикалық ақындар айтысына қатысқан. Ә.Жүргенбаевтан «Көреғұлы» дастанының көне нұсқасы, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» эпостарының кейбір нұсқалары жазылып алынған. Ол халық мұраларын жинауға қатысып, Әдебиет және өнер институтына «Байбатша», «Атымтай Жомарт», « Шәкір-Шәкірат», тағы басқа дастандарын тапсырған. Шығармалары әр жылдары «Пернедегі термелер», «Айтыс» жинақтарында жарық көрген. Сыр өңірінің 20-дан астам ән-термесі Жүргеновтың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген. 70 жыл бұрын (1939-2006) экономика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі КЕНЖЕҒОЗИН Марат Балғожаұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Г.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын және аспирантурасын бітірген. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының аға инженер экономисі, аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 1979-1985 жылдары ? КСРО Орталық статистика басқармасының Бүкілодақтық есепті механизациялау және санақ жұмыстары мемлекеттік жобалау технологиялық институты Қазақ филиалының директоры. 1994-1995 жылдары ? Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің проректоры. 1995-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Экономика институтының директоры болған.
Ғалымның 300-ден астам ғылыми жұмысы, оның ішінде 22 монографиясы мен кітаптары жарық көрген.
«Құрмет» орденімен марапатталған.30 жыл бұрын (1979) Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, А.Педротти, Ловро фон Матачич, Н.Малько атындағы конкурстардың лауреаты БӨРІБАЕВ Алан Асқарұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. К.Байсейітова атындағы Музыка колледжін, Вена музыка және сахна өнері университетін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
МАМЫРДЫҢ 31-І, ЖЕКСЕНБІСаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Елбасының Жарлығымен қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Қазақстан аймағында Кеңес билігінің 11 лагері болған. Осы күні 1931-33 жылдарда 2 миллиондай қазақтың өмірін қиып кеткен ашаршылық құрбандарына да аза тұтылады.Дүниежүзілік темекі тартуға қарсылық күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша атап өтіледі.Оңтүстік Африка Республикасының Ұлттық мейрамы ? Республика күні. 1961 жылы осы күні Оңтүстік Африка Республикасы тәуелсіздігін алды.Химик күні. Аталған мереке жыл сайын мамыр айының соңғы жексенбісінде Ресей мен Беларус мемлекетінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1980 жылғы қазанның 1-індегі «Мерекелер және атаулы күндер туралы» және 1988 жылғы қарашаның 1-індегі «КСРО Мерекелер және атаулы күндер туралы заңнамасына өзгертулер енгізу туралы» Жарлығына сәйкес тойланады.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР13 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданды.7 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішті ашты. Ескерткіш XX ғасырдың 30-шы жылдарында тұтқындарды жаппай ату орны болған Жаңажол елді-мекенінде орнатылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интеллигенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде еліміздегі қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.150 жыл бұрын (1859) Лондонда Биг Бен сағаты жүргізілді. Біріккен Корольдік парламенті мұнарасындағы бұл сағаттың дабылын бүкіл әлем естиді. Биг Бен - өз уақытының, елдегі гүлденген дәуірінің символы.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924) Қазақстанның еңбек сіңірген шахтері, Социалистік Еңбек Ері, «Шахтер даңқы» орденінің толық иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты КУРЖЕЙ Станислав Павлович дүниеге келді.
Украинада туған. Қарағанды тау-кен техникумын, Томск политехникалық институтын бітірген. «Қарағанды көмір телімі» тресінің телім бастығы, шахтаның тау-кен шебері, «Северный» телімі бас инженерінің орынбасары, Ертіс көмір телімі дирекциясының бастығы, «Богатырь» телімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1988 жылы зейнет демалысына шыққан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақырылмына депутат болып сайланған.
2 мәрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», 2-ші дәрежелі «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.