09:19, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚазАқпарат-Анонс: мамырдың 29-ы мен 31-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
None
ҮКІМЕТМамырдың 29-ында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов Шығыс Қазақстанға жұмыс бабындағы сапармен барады. Вице-премьер Өскеменде өтетін өнеркәсіпшілердің республикалық форумына қатысады. С.Ахметовпен бірге форумға индустрия және сауда, энергетика және минералдық ресурстар вице-министрлері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінің өнеркәсіпшілері қатысады. Мамырдың 29-ында Қаржы министрлігінде Еуразия елдері салық сарапшыларының V семинары өтеді.
ПАРЛАМЕНТМамырдың 27-29-ы күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі еліміздің Қаржы министрлігімен және Халықаралық Салық және Инвестиция Орталығымен (ХСИО) бірлесіп, Еуразия мемлекеттерінің фискалдық сарапшыларына арналған бесінші Жыл сайынғы семинарын өткізеді. Семинар үкіметтік, парламенттік, ғылыми сарапшылармен бірге Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Әзірбайжанның, Түркіменстанның және Арменияның өнеркәсіп саласындағы салық және экономика мәселелері жөніндегі сарапшыларының да басын қосады. Семинарға сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың өкілдері де қатысады. Шетелдік сарапшылардың құрамына Маастрих университетінің профессоры Сиджберн Кноссен кіреді.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕММамырдың 29-30-ы күндері Душанбеде «Еуроодақ үштігі - Орталық Азия елдері» форматындағы Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтеді.Оған ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин қатысады.
ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.АСТАНАМамырдың 29-ында Астанадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында «Менің отбасым» атты балалар суреттерінің көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл шара Балаларды қорғаудың халықаралық күнінің 60 жылдығына орайластырылып отыр. Шараның ашылуына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Астана қаласы білім департаментінің, республикалық БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысады. Көрме маусымның 12-сіне дейін жалғасады.Мамырдың 29-ында Президенттік мәдениет орталығында Ә.Қашаубаев атындағы VII республикалық конкурстың жабылу рәсімі өтеді. Мамырдың 29-ында «Рэдиссон» отелінде GE және «Самұрық-Қазына» компанияларының арасындағы келісімге қол қойылады.
АЛМАТЫ Мамырдың 28-і мен маусымның 1-і аралығында Алматыда ХI «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық конкурсы өтеді. Конкурс жылдағыдай Алматы қаласының Орталық демалыс саябағындағы ашық алаңда болады. Биылғы жылы шараға барлық аймақтардан және Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Литва, Қытай, Болгария елдерінен шамамен 700 жас әншілер, бишілер, халықтық әндерді орындаушылар қатысады.Мамырдың 29-30-ы күндері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Кішкентай үйдің үлкен құпиялары» атты жаңа қойылымның премьерасы өтеді.Мамырдың 29-ында Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтында «Мемлекет тұтастығы» тақырыбына арналған «Аманат» зияткерлік пікірталас клубының отырысы өтеді. Мамырдың 29-ында Алматы әкімдігінде Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжановпен кеңес өтеді. Мамырдың 30-ы күні Алматыдағы Абай алаңында тұңғыш рет «Қымызмұрындық» халықтық фестивалі өтедіМамырдың 31-інде Алматыда «Жас Отан» аруы» байқауы өтеді. Оны ұйымдастырушылар ? «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты. Оған қатысуға қаладағы ірі ЖОО арулар байқауының жеңімпаздары шақырылды. Ұйымдастырушылар ең үздіктер іріктелетініне сенімді. Бойжеткендер білімі, ептілігі, тіл табысқыштығы, шығармашылығы жағынан сайысқа түседі.АЙМАҚМАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫМаңғыстау облысында мамыр айының 27-сі мен 30-ы аралығында «Кеден келбетi айқын» республикалық акциясы өткізілмек. ҚР Кедендік бақылау комитеті баспасөз хатшысының облысқа келуіне байланысты өтетін журналистік десантқа республикалық, аймақтық деңгейдегі барлық БАҚ өкілдері қатыспақ. Келген қонақтар, журналистер қауымы облыстағы сапары кезінде «Ақтау ? ЦТО», «Морпорт», «Энергетический», «Әуежай-Ақтау» кеден бекеттеріне, кинология питомнигіне барып, олардың қызметімен таныспақ. Сондай-ақ теңіз портына экскурсияға шығып, облыстық Кедендік бақылау департаментінің жаңадан салынып жатқан әкімшілік ғимаратының құрылысын барып көрмек.СЕМЕЙ Семейде татар өнерінің Х халықаралық фестиваль-байқауы өтеді. Сондай-ақ оның аясында «Түркі татарлары бүгінгі әлемде: өткені, қазіргі жай-күйі, даму жолдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция жоспарланып отыр. Татар фестивалі мамырдың 29-ында ашылып, мамырдың 31-інде республикалық сабантой мерекесімен аяқталады.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАРМАМЫРДЫҢ 30-Ы, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР414 жыл бұрын (1595) Тәуекел хан В.Степанов бастаған орыс елшілігін қабылдады.56 жыл бұрын (1953) «Дудар-ай» операсы алғаш рет Қазақ академиялық опера және балет театрында қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, музыкасын Е.Брусиловский жазған, режисері ? Қ.Байсейітов. Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті Думан арасындағы нәзік махаббат сезімі «Дудар-ай» әні арқылы беріледі. Композитор қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Лейтомотив ретінде қолданған «Дудар-ай», «О, сен кең дала», «Эх ты доля» әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр. Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мария партиясын Э.Епонешникова орындаған. 12 жыл бұрын (1997) Алматыда Әлібек Дінішев театры ашылды.6 жыл бұрын (2003) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербор қаласында қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашты. Бұл ескерткіш ? Қазақстан халқының Петерборға жасаған сыйы.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасы Пре¬зидентінің Мұрағатында «Хасен Өзденбаев: азамат, аудармашы, журналист. Естеліктер жинағы» кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Белгілі аудармашы, журналист Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Хасен Өзден¬баев 1937?1938 жылдардағы сталиндік зобалаңды басынан өткерген. Естеліктер жинағына мұра¬ғатқа қабылданған қолжазба мен қазақтың аяулы ұлдары С.Мәуленовтің, Ғ.Қайырбековтің әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мен замандас інілері ? белгілі абай¬танушы ғалым Ж.Ысмағұлов пен С. Әсіпұлының естеліктері енгізілген.3 жыл бұрын (2006) Астанадағы Пушкин көшесіндегі 91-үйге, осында 1998-2004 жылдар аралығында тұрған белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаратай Тұрысовты мәңгі еске қалдыру мақсатында ескерткіш тақта орнатылды.ЕСІМДЕР95 жыл бұрын (1914-1986) ақын, жыршы, қазақ ауыз әдебиетін жинаушы ЖҮРГЕНБАЕВ Әбділдә дүниеге келді.
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туған. 1938-1948 жылдары Н.Бекежановтың концерттік бригадасында өнер көрсеткен. Ақын әр жылдарда өткен республикалық ақындар айтысына қатысқан. Ә.Жүргенбаевтан «Көреғұлы» дастанының көне нұсқасы, «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» эпостарының кейбір нұсқалары жазылып алынған. Ол халық мұраларын жинауға қатысып, Әдебиет және өнер институтына «Байбатша», «Атымтай Жомарт», « Шәкір-Шәкірат», тағы басқа дастандарын тапсырған. Шығармалары әр жылдары «Пернедегі термелер», «Айтыс» жинақтарында жарық көрген. Сыр өңірінің 20-дан астам ән-термесі Жүргеновтың орындауында күйтабаққа жазылып, нотаға түсірілген. 70 жыл бұрын (1939-2006) экономика ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі КЕНЖЕҒОЗИН Марат Балғожаұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Г.Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтын және аспирантурасын бітірген. Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының аға инженер экономисі, аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған. 1979-1985 жылдары ? КСРО Орталық статистика басқармасының Бүкілодақтық есепті механизациялау және санақ жұмыстары мемлекеттік жобалау технологиялық институты Қазақ филиалының директоры. 1994-1995 жылдары ? Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің проректоры. 1995-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Экономика институтының директоры болған.
Ғалымның 300-ден астам ғылыми жұмысы, оның ішінде 22 монографиясы мен кітаптары жарық көрген.
«Құрмет» орденімен марапатталған.30 жыл бұрын (1979) Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, А.Педротти, Ловро фон Матачич, Н.Малько атындағы конкурстардың лауреаты БӨРІБАЕВ Алан Асқарұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. К.Байсейітова атындағы Музыка колледжін, Вена музыка және сахна өнері университетін, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.
МАМЫРДЫҢ 31-І, ЖЕКСЕНБІСаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Елбасының Жарлығымен қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі. Қазақстан аймағында Кеңес билігінің 11 лагері болған. Осы күні 1931-33 жылдарда 2 миллиондай қазақтың өмірін қиып кеткен ашаршылық құрбандарына да аза тұтылады.Дүниежүзілік темекі тартуға қарсылық күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша атап өтіледі.Оңтүстік Африка Республикасының Ұлттық мейрамы ? Республика күні. 1961 жылы осы күні Оңтүстік Африка Республикасы тәуелсіздігін алды.Химик күні. Аталған мереке жыл сайын мамыр айының соңғы жексенбісінде Ресей мен Беларус мемлекетінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1980 жылғы қазанның 1-індегі «Мерекелер және атаулы күндер туралы» және 1988 жылғы қарашаның 1-індегі «КСРО Мерекелер және атаулы күндер туралы заңнамасына өзгертулер енгізу туралы» Жарлығына сәйкес тойланады.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР13 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заң қабылданды.7 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси-қуғын сүргін құрбандарына арналған ескерткішті ашты. Ескерткіш XX ғасырдың 30-шы жылдарында тұтқындарды жаппай ату орны болған Жаңажол елді-мекенінде орнатылған. Жалпы 1930-1953 жылдары аралығында 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Әсіресе бұл заңсыз жазалауға Кеңес Одағы құрамында болған барлық халықтар мен ұлттардың бетке ұстар интеллигенция өкілдері ұшыраған. Осы кезеңде еліміздегі қазақтардың 40 пайызы қаза тапқан. Ал Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері қоныс аударылып келген.150 жыл бұрын (1859) Лондонда Биг Бен сағаты жүргізілді. Біріккен Корольдік парламенті мұнарасындағы бұл сағаттың дабылын бүкіл әлем естиді. Биг Бен - өз уақытының, елдегі гүлденген дәуірінің символы.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924) Қазақстанның еңбек сіңірген шахтері, Социалистік Еңбек Ері, «Шахтер даңқы» орденінің толық иегері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты КУРЖЕЙ Станислав Павлович дүниеге келді.
Украинада туған. Қарағанды тау-кен техникумын, Томск политехникалық институтын бітірген. «Қарағанды көмір телімі» тресінің телім бастығы, шахтаның тау-кен шебері, «Северный» телімі бас инженерінің орынбасары, Ертіс көмір телімі дирекциясының бастығы, «Богатырь» телімінің бастығы қызметтерін атқарған. 1988 жылы зейнет демалысына шыққан. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші шақырылмына депутат болып сайланған.
2 мәрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», 2-ші дәрежелі «Достық» ордендерімен, медальдармен марапатталған.