ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 11-і мен 14-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ЕЛБАСЫМаусымның 12-сінде Қостанай қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің 21-ші пленарлық отырысы өтеді. Маусымның 15-16-сы күндері Ресей Федерациясының Екатеринбург қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің 8-ші отырысы өтеді.Оған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп жоспарлануда. ҮКІМЕТМаусымның 11-інде Үкіметтің селекторлық кеңесі өтеді. Маусымның 11-інде Білім және ғылым министрлігінде министр Ж.Түймебаевтың қатысуымен «Ұлттық бірыңғай тест -2009» қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. ПАРЛАМЕНТ Маусымның 11-інде Парламент Сенатының жалпы отырысы өтеді. Маусымның 11-інде Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында сурдологиялық көмекті дамыту мәселелері» тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. Маусымның 11-і күні Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарайды. Заң жобасы кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға және мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерге тиімді қол жеткізуге ықпал ететін болады.Бұл заң жобасы туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ержан Рахметов баяндама жасайды.
ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Маусымның 1-інен бастап тамыздың 15-іне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданады. Құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Астана және Алматы қалаларында сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге қабылдайды. Ескерту: 2009 жылғы маусымның 1-і мен 30-ы аралығында Алматы қаласында тек өз бетімен ынта білдірген үміткерлердің құжаттары қабылданады. Пошта арқылы жіберілген құжаттар қабылданбайды.Қазақстан және әлем Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті құны жоғары қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа жылжыту жөніндегі шаралар ауқымында Миланда (Италия) маусымның 10-ы мен 13-і аралығында өтетін «TUTTOFOOD 2009» халықаралық тағам және сусын өнімдері көрмесіне Қазақстанның қатысуын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.Маусымның 12-сінде Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің ұйытқы болуымен Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде «Қазақстан мен Қырғызстан: экономикалық дағдарысты еңсерудің өзара тәжірибесі» атты «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. Маусымның 10-13-і аралығында Еуропалық қайта құру және даму банкі Президенті Томас Миров Қазақстанға келмек. Сапар барысында Т. Миров еліміздің ұлттық компания басшылары және ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, маусымның 12-де Қостанайда өтетін ҚР Президенті жанындағы шетел инвесторлары Кеңесінің 21-ші пленарлық отырысына қатыспақМаусымның 14-інде Мәскеуде ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің кезекті сессиясында ҰҚШҰның жауапты аймағындағы жағдайдың барысына және атқарылар жұмыстар оның ішінде ең алдымен жаңа қауіп қатермен күрес саласындағы мәселелерді есепке ала отырып, Ұйымның нормативтік ? құқықтық негізін жетілдіру мәселелері талқыланбақ.Маусымның 15-інде Орталық Азия елдері бойынша турне барысында директор ? жарлықшы Доминик Стросс-Кан бастаған Халықаралық Валюталық Қор делегациясының Қазақстанға сапары жоспарлануда. Сапар барысында еліміздің қаржылық институттары өкілдерімен және ресми тұлғалармен бірқатар кездесулер өтпек.Маусымның 15-16-сында Екатеринбургте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары Кеңесінің 8-ші отырысы өтеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ба шылары, Ұйымдағы бақылаушы мемлекеттер, төрағалық етуші елдің қонақтары ? Ауғанстан және Түрікменстан, сонымен қатар БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ тұрақты органдары өкілдері қатысатын аталмыш саммит 2008-2009 жылдардағы Ресей төрағалығын қорытындыламақ.СПОРТ Маусымның 7-16-ы күндері Қытайдың Жухай қаласында бокстан Азия чемпионаты өтеді. Дамир Буданбеков жаттықтыратын ел құрамасы соңғы оқу- жаттығу жиынын қазір Гуанжу қаласында өткізіп жатыр. Команда бастығы Қайрат Манашовтың айтуынша, бұл дүбірлі додаға қазақстандық боксшылар толық құрамда қатысады. Онда ел намысын қорғау - Біржан Жақыпов (48 кг), Олжас Сәттібаев (51 кг), Міржан Рақымжанов (54 кг), Мақсат Оспанов (57 кг), Ғани Жайлауов (60 кг), Омар Тәшенев (64 кг), Серік Сәпиев (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (75кг), Данияр Елеусінов (81 кг), Василий Левит (91 кг) пен Иван Дычкоға (+91 кг) сеніп тапсырылып отыр.
АСТАНАМаусымның 11-інде Астана әкімдігінде Қала күніне арналған мерекелік шаралардың идеологиясын түсіндіруге арналған кездесу өтеді. Маусымның 11-інде «Қазақстан темір жолы» компаниясының кеңсесінде «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумақтары арқылы өтетін транзиттік жүк тасымалдарына жеңілдіктер беру» мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтеді. Маусымның 11-інде Тарих институтында «Қазақстан Республикасының саяси партиялары» және «Жаңа саяси терминдер» анықтамаларының таныстырылымы өтеді. Маусымның 11-інде Астана Ішкі істер департаментінде апталық брифинг өтеді. Маусымның 11-інде «Көрме» орталығында Ресей Федерациясы Ульянов облысының экспорттық әлеуетінің таныстырылымы болады. АЛМАТЫ Маусымның 11-інде «Қазақстан» қонақүйінде «Алматыда жер сілкінісі тәуекелдерін басқаруды зерттеу» тақырыбына арналған халықаралық семинар болады.Маусымның 11-інде «Интерфакс» баспасөз орталығында «Сбербанк» акционерлік қоғамы еншілес банкінің баспасөз мәслихаты өтеді. Маусымның 11-інде Бақшасарайда V еуразиялық автокөлік конференциясы өтеді. Маусымның 11-інде Ә.Қастеев атындағы мұражайда Г.Халанскийдің «Сеанс в картинках» деп аталатын көрмесі ашылады. Маусымның 11-інде Ғ.Мүсірепов атындағы театрда «Кішкентай үйдің үлкен құпиясы» қойылымының премьерасы болады. --------------------------------------------------------------------------------------------------МАУСЫМНЫҢ 11-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР415 жыл бұрын (1594) Тәуекел хан жіберген қазақ елшілігі Мәскеуге барды. Патша үкіметі Көшім ханмен қақтығысып қала берген соң, тағы да өзіне одақтас іздей бастады. Ол одақтас Ресеймен вассалдық қатынасқа түскен қазақ жері ғана бола алатын еді. Бұл кезде Қазақстанға Бұқар хандығы қауіп төндіре бастаған болатын. Сондықтан да бұл одақтастық екі жаққа да тиімді еді.91 жыл бұрын (1918) «Алаш» қазақ ұлттық қозғалысы кеңес үкіметінің Қазақстан аумағындағы барлық декреттерін заңсыз деп жариялады.18 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу мемлекеттік комитеті құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы қаңтардың 11-індегі Жарлығымен аталмыш комитет Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті болып қайта құрылды. 17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының әскери соты және әскери прокуратура органдары туралы» қаулысы қабылданды.10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы жарияланды.8 жыл бұрын (2001) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Елордадағы жаңа нысандар: Есіл өзені үстімен өтетін автомобиль көпірінде, «Мастер» құрылыс материалдар орталығында, Қазақ мемлекеттік заң академиясының филиалында болды.7 жыл бұрын (2002) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысының Целинный ауданын Ғабит Мүсірепов атымен атау туралы Жарлыққа қол қойды.5 жыл бұрын (2004) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939-2000) кинооператор, кинорежиссер, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі БАЙҰЗАҚОВ Алмас Хасенұлы дүниеге келді.
Ол «Советтік Қазақстан» киножурналы үшін 100-ден аса сюжет, 20-дан аса фильм түсірді. Олардың көпшілігі бүкілодақтық кинофестивальдарда жүлделі орындарға ие болып, жақсы бағасын алды. Кинопублицистиканың озық үлгісі болып табылатын өзінің көптеген хроникалық-деректі фильмдеріне елінің тарихы мен еліне елеулі азаматтардың ғұмырын арқау етті. А.Байұзақов «Сәкен Сейфуллин. Өмірі мен өнері», Л.Мирзоян туралы «Партия мен халыққа жау болған жоқ», чекист С.Жақыпов туралы «№ 0239-шы істің парақтары» атты фильмдер түсірді.70 жыл бұрын (1939) медицина ғылымының докторы, професссор ОМАРОВ Тарих дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, Мәскеудегі Туберкулез аурулары ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген. Ол Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында, Мәскеудегі Туберкулез аурулары ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеген. Ғалымның 200-ден астам ғылыми жарияланымы жарық көрген. 145 жыл бұрын (1864-1949) неміс композиторы әрі дирижері, Берлиндегі Өнер академиясының мүшесі, опера және симфония дирижерлерінің көрнекті өкілдерінің бірі ШТРАУС Рихард дүниеге келді.
Ол Ф.Лист пен Г.Берлиоздың бағдарламалық симфонизмі дәстүрін, Р.Вагнердің оркестрлік тәсілін одан ары дамытты. Оның симфониялық шығармалары бейнелі музыка тілімен әрі өткір бейнелеу тәсілімен ерекшеленеді. Штраус ? 14 операның, 4 симфонияның, 6 бағдарламалық симфониялық поэманың, концерттердің, камералық аспаптық шығармалардың, хор, әндердің авторы.
МАУСЫМНЫҢ 12-СІ, ЖҰМАДүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсылық күні. 2002 жылғы маусымның 3-20-ы аралығында өткізілген Халықаралық Еңбек Ұйымы сессиясының Бас конференциясы шешімі бойынша жыл сайын атап өтіледі.Ресей Федерациясының Мемлекеттік мейрамы ? Ресей күні (1990). 17 жыл бұрын (1990) РКФСР халық депутаттары съезі Ресей Федерациясының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Декларация қабылдады.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанның 21-де орнатылды. Қазақстан Республикасының Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі ? Жақсыбеков Әділбек. Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ? Бочарников Михаил Николаевич.Филиппин Республикасының Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1898). Тынық мұхитының батыс бөлігінде Малай архипелагының бөлігі болып табылатын Филиппин аралдарында орналасқан мемлекет. Оңтүстігінде Сибуян (Целебеский), шығысында Филиппин, батысында Оңтүстік Қытай теңізімен шектеседі. Мемлекет 7100-ден астам аралда қоныс тепкен. Олардың ірілері Лусон, Минданао, Самар, Негрос, Палаван, Панай, Миндоро, Лейте, Себу, Бохоль, Масбате аралдары, қалғандарының аумағы шағын. Әкімшілік жағынан 74 провинцияға бөлінеді. Астанасы ? Манила қаласы. Ресми тілі ? пилипино және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі ? филиппин песосы. Елді Президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы Сенат және Өкілдер палатасынан тұратын екі палаталы парламент ? Конгресс. Жоғарғы атқарушы органы ? Үкімет.
Қазақстан Республикасы мен Филиппин Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 25-де орнатылды. Филиппин Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ? Эрнесто Вильярика Льямас.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР155 жыл бұрын (1854) Сібір қырғыздарының (қазақтар) аймағы құрылды. Оның құрамына Көкшетау, Атбасар, Ақмола, Қарқаралы аудандары кірді. Қазақстанда 1867-1868 жылдары жүргізілген реформалардан кейін таратылды.145 жыл бұрын (1864) орыс әскерлері Түркістанды алды. Осы ұрыс кезінде полковник Н.Веревкиннің бұйрығымен қасиетті Қожа Ахмет Яссауи кесенесі атқыланып, кешеннің қабырғалары едәуір зақымданды. 123 жыл бұрын (1886) «Түркістан өлкесін басқару туралы» ереже шықты.85 жыл бұрын (1924) РК(б)П Орталық Комитетінің Саяси Бюросы «Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бұхарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы» қаулы қабылдады. Өлке халықтарының тілегін ескере келіп, Түрікмен мен Өзбек КСР-лері құрылды. Түркістанның қазақтары тұратын аудандарын Қырғыз (Қазақ) АКСР-мен біріктіру, РКФСР құрамында Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысын, Өзбек КСР-нің құрамында Тәжік автономиялы облысын құру қажет деп табылды.75 жыл бұрын (1934) Қазақстан жазушыларының 1-ші съезі басталды.52 жыл бұрын (1957) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Екібастұзкөмір елді-мекенінің аты Екібастұз қаласы болып өзгерді. 17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.9 жыл бұрын (2000) Алматыда жазушы Сәбит Мұқановтың ескерткіші ашылды.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929-2001) жазушы, аудармашы, өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ҚОЖАБЕК Байұзақ Рахымұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1947-1949 жылдары ? «Коммунист» журналының қызметкері. 1949-1967 жылдары ? Қазақ КСР Теледидар және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінің тілшісі, редакторы, Әдебиет-драматургия редакциясының бас редакторы, Қазақ теледидарының бас редакторы, коментаторы, «Қазақфильм» киностудиясының аға ғылыми редакторы. 1967-1968 жылдары ? Қазақ КСР-інің Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы. 1968-1989 жылдары ? Қазақ кеңес энциклопедиясының редакция меңгерушісі. 1992-2001 жылдары жеке меншік «Ататек» баспасының директоры қызметін атқарған.
Қаламгердің «Тарихи таным», «Қазақия», «Мұхаммед Хайдар Дулати», т.б. кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында М.Кальманның «Бестерц қорғаны» романын, Ш.Уәлихановтың «Сот реформасы туралы жазбасын», С.Куриловтың «Тундрада кездесеміз» повесін, У.Теккерейдің «Күйкі тірліктің жәрмеңкесі» романын, Мұхаммед Бабырдың «Бабырнамасын» қазақ тіліне тәржімалаған. 70 жыл бұрын (1939) суретші, Қазақстан Суретшілер және Журналистер одақтарының мүшесі ӨТЕМІСОВ Саламат дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын, Алматы қаласындағы суретшілер училищесін бітірген. 1963-1968 жылдары Чапаев селосында орыс мектебінде мұғалім болды. 1971-1975 жылдары Шымкент мәдениет институтында, Алматы политехникалық институтының архитектуралық факультетінде қызметтер атқарған. 1980-1986 жылдары Атырау қаласындағы Батыс Қазақстан аймақтық Суретшілер одағын басқарды.
Алғашқы жеке көрмесі 1982 жылы Будапешт қаласында ашылды. Оның «Шаңырақ», «ХХ ғасыр», «Дала әуені», «Еділдің бойы ен тоғай», «Махамбет ақын және қолбасшы», «Нарынқұм» атты туындылары жоғары бағаланды. Өтемісовтің жұмыстары шет елдердің көркемсурет көрмелеріне қойылды. 50 жыл бұрын (1959) Қарағанды облысы әкімінің орынбасары ӘБДІКЕРОВ Рысқали Қалиақбарұлы дүниеге келді.
Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, БЛКЖО Орталық комитеті жанындағы Жоғары комсомол мектебін, Алматы саясаттану және басқару институтын, Жезқазған агротехникалық колледжін бітірген. Қазақстан Жастар одағы Жезқазған облыстық комитетінің нұсқаушысы, Ағадыр аудандық атқару комитеті төрағасының, әкімдігі басшысының, әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2005-2006 жылдары ? Қарағанды қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары. 2006-2007 жылдары ? Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі. 2007-2008 жылдары ? Қарағанды облысы Шет ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді.45 жыл бұрын (1964) Алматы облысы Алакөл ауданының әкімі ҚАРАСАЕВ Бағдат Иванұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын бітірген. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, «Алакөл-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. 2001-2002 жылдары ? «TSC-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аймақтық директоры, «Тау-Самал Ltd.» компаниясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры. 2002-2004 жылдары ? «Қайыңды» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Алматы облысы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2004 жылдан бастап істейді.
Медальмен марапатталған.85 жыл бұрын (1924) Американың мемлекет қайраткері, АҚШ-тың 41-ші президенті БУШ Джордж (үлкені) дүниеге келді.
Ол мұнай бизнесінің мүддесін білдіруші өкіл ретінде өзінің саяси мансабын республикалық партиядан бастады. Буш ішкі саясатта ? нашақорлықпен күресуге, жаңа американдық мектеп құру жобасын енгізуге, сыртқы саясатта ? халықаралық қауымдастықты күшейтуге, Парсы шығанағындағы дағдарысты реттеуге ұмтылды. Буш президент болған кезеңде АҚШ алғашқылардың бірі болып Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін танып, дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. 1992 жылы алғаш рет екі мемлекет арасында сауда жөніндегі келісімге, ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды.
МАУСЫМНЫҢ 13-І, СЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР85 жыл бұрын (1924) Орынборда қазақ ғалымдарының 1-ші съезі басталды. Маусымның 18-не дейін дейін созылған бұл жиында қазақ фольклорын жинау, зерттеу туралы қаулы қабылданды.15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Энергетика және жанар-жағармай ресурстары министрлігінің негізінде Мұнай және газ өндірісі министрлігі құрылды. 1997 жылы наурыздың 4-інде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен министрлік таратылып, іс жүргізу және мүлкін басқару өкілеттігі Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне берілді.13 жыл бұрын (1996) Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен энергетик, техника ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Шафик Шөкинге «Халық қаһарманы» атағы берілді.13 жыл бұрын (1996) Ислам даму банкі президенті Ахмед Мұхаммед Әли бастаған делегация ресми сапармен Қазақстанға келді. 11 жыл бұрын (1998) Германияда Қазақстанның мәдени күндері басталды.8 жыл бұрын (2001) Алматыда I республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924) кино ісін ұйымдастырушы, кинематография саласының үздігі, КСРО Кинематографистер одағының мүшесі БОШАЕВ Ізет дүниеге келді.
Ол 1959 жылдан бастап, зейнет демалысына шыққанға дейін Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының кино ісін ұйымдастырды. Ұлттық кино саласының «Қыз Жібек», «Артымызда Москва», «Атаманның ақыры», «Қан мен тер» сияқты жоғары деңгейдегі фильмдерінің директоры болды.65 жыл бұрын (1944) Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының академигі СЕЙІТОВ Нәсіпқали дүниеге келді.
Атырау облысында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Геология ғылымдары институтының аға инженері, кіші ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы, жетекші ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, зертхана меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері болған. 1996-2000 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті елтану және әлеуметтік география кафедрасының меңгерушісі қызметін атарған. Қазіргі қызметінде 2000 жылдан бастап істейді.
Ғалымның 120-дан астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген.55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері БЕКБОСЫНОВ Сабыржан Мәдиұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы құрылыс техникумын, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Алматы облысы Іле аудандық прокуратурасының тергеушісі, облыстық прокуратураның аға тергеушісі, аудан прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. 1992-1996 жылдары ? Алматы облысы Қаскелең ауданының прокуроры. 1996-1997 жылдары ? Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары. 1997-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бөлім бастығы. 1998-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі. 1999-2003 жылдары ? Астана қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2003-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Төлем қабілеті жоқ борышкерлермен жұмыс істеу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарады.
«Астана», «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздікке 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
МАУСЫМНЫҢ 14-І, ЖЕКСЕНБІҚан донорларының дүниежүзілік күні. 2005 жылғы мамырда өткен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында әлем денсаулық сақтау министрлері өз еркімен қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті қабылдады. Бүкіләлемдік қан тапсырушы күнін жыл сайын маусымның 14-інде өткізіп тұруға қарар қабылдады.Америка байрағы күні. 1777 жылы Құрлықаралық конгресс Американың барлық тәуелсіз штаттарының ресми туы ретінде жұлдызды-жолақты байрақты бекітті. Америка байрағы күні 19 ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап аталып өтілгенімен, тек 1949 жылы Президент Трумэн Конгресс актісіне қол қойғаннан кейін ресми мерекелер күнтізбесіне кірді.Күйініш пен сүйініш күні (Литва). 1941 жылдың дәл осы күні Литва халқын Сібірге жер аудару басталды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР14 жыл бұрын (1995) Алматыда, Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев атындағы халықаралық қордың ашылу салтанаты болды. Қор президенті болып ақын Кәкімбек Салықов сайланды.12 жыл бұрын (1997) Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабын таныстыру рәсімі болды.9 жыл бұрын (2000) Түркістанда Қожа Ахмед Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жаңа кешенінің ірге тасы қаланды.ЕСІМДЕР65 жыл бұрын (1944) «Алматы» ұлттық холдингтік компаниясының президенті, Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының төрағасы, Қазақстанның құрметті инженері, БҰҰ Бас Кеңесі мәртебесі жанындағы Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, академияның Алматы бөлімшесінің вице-президенті, Қазақтың сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, қамқоршылар кеңесінің мүшесі ЕРМЕГИЯЕВ Амангелді Дінұлы дүниеге келді.
Алматы облысында туған. В.Куйбышев атындағы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітірген. «Алматыоблауырқұрылыс» тресінің аға прорабы, бас инженері, басқарушысы, Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 1989-1990 жылдары ? Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының орынбасары ? «Алматықұрылыс» құрылыс бірлестігінің бастығы. 1990-1993 жылдары ? КСРО Министрлер кеңесі жанындағы Алматы қаласындағы және Алматы облысындағы құрылыс бойынша бас аумақтық басқарманың бастығы ? Қазақ КСР Министрі, «Алматықұрылыс» концернінің президенті. Қазіргі қызметінде 1993 жылдан бастап істейді.
«Халықтар достығы» орденімен, «Мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымшылық және демеушілік қызметі үшін» Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет дипломымен, «Академик И.Юзвишин» алтын медалімен, БҰҰ Генералдық консультативтік статусындағы Халықаралық ақпарат академиясының «Дүниежүзінің ақпаратшылары тандаулысы - 2002» Халықаралық конкурсы жүлдесінің алтын медалімен марапатталған.50 жыл бұрын (1959) «ҚазҚұрылысСервис» МГҚК» акционерлік қоғамы бас директорының құрылыс жөніндегі бірінші орынбасары ШАЙДАРОВ Сергей Николаевич дүниеге келді.
Башқұртстанда туған. Уфа мұнай институтын бітірген. 1988-1997 жылдары ? КСРО «Норильскгазөнеркәсіп» өндірістік бірлестігі желілік пайдалану қызметінің бастығы, құрылыс ағынының бас инженері. 1997-2003 жылдары ? «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ «ҚазҚұрылысСервис» ЖАҚ департаментінің менеджері, бас менеджері, Сапа және техникалық саясат департаментінің директоры. 2003 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ҚазҚұрылысСервис» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі, директоры қызметтерін атқарған.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.