ҚазАқпарат-Анонс: Маусымның 14-і мен 20-сы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: Маусымның 14-і мен 20-сы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

Маусымның 14-інде ҚР Үкіметінің отырысы болады.

Маусымның 14-і күні жыл сайынғы «2010 жылдың ең үздік провизоры» байқауы болады.

Маусымның 14-і күні ҚР Сыртқы істер министрлігінің апталық брифингісі өтеді.

Маусымның 17-сі күні сағат 15.00-де «BNews.kz» студиясында ҚР Мұнай және газ вице-министрі Әсет Мағауовтың қатысуымен «Қазақстандағы мұнайхимия өнеркәсібінің дамуы» атты тақырыпта www.bnews.kz порталында оnline-конференция өтеді.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Маусымның 14-і мен 18-і аралығында штаб пәтері Эр-Риядта орналасқан Шығанақ араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Архман аль-Атыя Астанаға келеді.

Маусымның 15-і мен 17-сі аралығында Лондонда «Қазақстан: дамудың жаңа белестері» атты V форум өтеді.

Маусымның 16-сы күні «Тегран-Алматы-Тегран» бағытындағы тікелей әуе байланысының ашылуы болады.

ҚОҒАМ

Маусымның 1-інен бастап елімізде жыл сайынғы «Скутер» шарасы басталып, ол шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.

Маусымның 1-інен бастап «Қазкоммерцбанк» АҚ мемлекеттік бағдарлама бойынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры есебінен ипотекалық несиелеуді қайта қаржыландыруды жаңғыртады.

СПОРТ

Маусымның 11-і мен шілденің 11-і аралығында Оңтүстік Африка Республикасында футболдан Әлем чемпионаты өтуде.

Маусымның 12-17-сі аралығында Тараз қаласында футболшы әрі жаттықтырушы Антон Шохты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді.

АСТАНА

Маусымның 14-і мен 19-ы аралығында ҚР Президенттің мәдениет орталығында кітап көрмесі өтеді.

Маусымның 14-19-ы аралығында ҚР Президенттің мәдениет орталығында сондай-ақ «Түрк әлемі» тақырыбында көрме өтеді.

Маусымның 16-сы күні Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Президент және жастар» атты фотокөрме өтеді.

АЛМАТЫ

Маусымның 14-і күні Алматыдағы«Интерконтиненталь Алматы» қонақүйінде «Америка-қазақстанның бастамасымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің банктік және қаржы реформалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Маусымның 14-і -18-і аралығында Директорлар институты «Менеджменттің» авторлық семинарын өткізеді.

АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

МАУСЫМНЫҢ 14-І, ДҮЙСЕНБІ

Бүкіләлемдік қан өткізуші күні. 2005 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 58-ші сессиясы барысында Женевада (WHA58.13 қарарымен) бекітілді. Жыл сайын маусымның 14-де өткізіледі.

Донор латынша «donare» - «сыйлау» деген мағына білдіреді. Қан тапсырушы донорлар жағдайында оны қабылдаушы үшін сый - өмірдің өзі болып табылады.

1868 жылы осы күні австриялық дәрігер, иммунолог, 1930 жылы адам қаны топтарын ашқаны үшін Нобель сыйлығын алған Карл Ландштейнер туған. Маусымның 14-ін Бүкіләлемдік қан өткізуші күні ретінде атап өтуді ұсынушылар, ерікті және тегін қан өткізуге шақырған төрт халықаралық ұйымдар - Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы, Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай федерациясы, Халықаралық қан өткізушілер ұйымдары федерациясы мен Халықаралық қан құю жөніндегі қоғам.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1995) Алматыдағы Ғалымдар үйінде Қаныш Сәтбаев (1899-1964) атындағы халықаралық қордың ашылу салтанаты болды.

10 жыл бұрын (2000) Түркістанда Қожа Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жаңа кешенінің ірге тасы қаланды.

10 жыл бұрын (2000) Астанада бірінші халықаралық «Транзит-Транс-Қазақстан-2000» көлік көрмесі ашылды. Көрмеге халықаралық 50-ге жуық көлік компаниялары қатысып, Ресей, Қытай, Латвия, Швеция, Эстония мемлекеттері ерекше қызығушылық білдірді.

3 жыл бұрын (2007) Сырым Датұлының (1753-1802) бейітін анықтау мақсатында Өзбекстанға барып келген Батыс Қазақстан облысынан шыққан арнайы экспедиция өз байламын білдірді.

Арнайы сапар барысында экспедиция жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы, облыстық тарих және археология орталығының директоры, профессор Мұрат Сыдықов бастаған ғалымдар жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде Өзбекстандағы Хорезм облысы Гүрлен ауданы орталығынан 9 шақырым жердегі Майлышеңгел елді мекеніндегі бейіт ғылыми тұрғыдан батыр бабамыздікі екендігі дәлелденді. Экспедиция Сырым Датұлының 265-жылдығына орай ұйымдастырылған болатын. Оның құрамына жеті адам кірді, соның ішінде танымал ғалым-өлкетанушылар, тарихшылар, археологтар, Сырым Датұлының ұрпақтары бар.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1940) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары дәрежелі дәрігер-анестезиолог ЖАНӘДІЛОВ Болат Сүлейменұлы дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы) бітірген.

Көкшетау облыстық ауруханасының дәрігер-анестезиологы, анестезиология-реаниматология бөлімінің меңгерушісі, бас дәрігерінің емдік жұмыстар жөніндегі орынбасары, бас дәрігері, Көкшетау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1997 жылдан - Ақмола облыстық ауруханасы бас дәрігерінің емханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Ақмола облыстық ауруханасының аурулық Кеңесі мен эксперттік комиссиясының мүшесі.

«Құрмет», «Халықтар достығы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

55 жыл бұрын (1955) «Қазфосфат» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы, техника ғылымдарының кандидаты ЕСЕНОВ Мақсұтбек Шахмарданұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында туған. Мәскеу болат және қорытпа институты және оның аспирантурасын бітірген.

Қазақ политехникалық институтының (Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) доценті, оқытушысы, Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің Электрбайланыстары мемлекеттік комиссиясы бөлімі бастығының орынбасары, бас маманы, Қазақстан металдар биржасының президенті, «ҚазИнтерМеталл» мемлекеттік сыртқы сауда компаниясының президенті, «ҚазИнтерМеталл» акционерлік қоғамының президенті, «Қазфосфор» ААҚ-ның президенті, «Алаутрансгаз» ААҚ-ның бірінші вице-президенті, «Қазфосфат» ЖШС-нің президенті қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдан.

МАУСЫМНЫҢ 15-І, СЕЙСЕНБІ

Әзірбайжан ұлттық құтқару күні. 1993 жылғы маусымның 15-де Гейдар Әлиев Әзірбайжан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Сонымен, 15-ші маусым ел тарихында Ұлттық құтқару күні болып қалды.

Қырғызстан өрт сөндіру қызметкерлерінің күні. 1994 жылғы қазанның 28-де Қырғызстан Республикасы Үкіметі Қаулысымен бекітілген.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (2000) Қостанай облысы Рудный қаласында «Өндірістік мекемелердегі жастармен жұмыс істеу тәртібі» туралы республикалық мәслихат ашылды. Мәслихаттың өткізілуіне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жастар саясаты тұжырымын жүзеге асыру мақсатында Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ұйытқы болды. Қатысушылар Соколов-Сарыбай кенішіндегі жастар саясаты бөлімінің тәжірибесімен танысты.

10 жыл бұрын (2000) жазушы С.Мұқановтың (1900-1973) туған жері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит ауылында жаңа мектеп ашылды.

1 жыл бұрын (2009) Ақтау қаласында қан орталығы құрылысының бірінші тасы салтанаты түрде қаланды. Жоба республикалық бюджеттен қаржыланады. Орталық жылына 7000 литр қан қабылдай алатын болады.

ЕСІМДЕР

100 жыл бұрын (1910-1986) дәрігер-эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор МӘКІРОВ Қуаныш Аманбайұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Ақтөбе облысында туған. Әскери медициналық академияны бітірген.

1936-1949 жылдары - әскери дәрігер. 1950-1959 жылдары - 2-ші Мәскеу медицина институтының эпидемиология және микробиология кафедрасының ассистенті. 1959-1986 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының (С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті) эпидемиология кафедрасының доценті, ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, микробиология және вирусология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ол ішек аурулары, пневмония, туберкулез, пиелонефрит дерттері микробиологиясы мен эпидемиологиясының Қазақстанға тән ерекшеліктерін зерттеген.

«Әскери эпидемиология», «Микробиология, вирусология және иммунология» атты еңбектердің авторы.

45 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, экономика ғылымдарының докторы МӘСІМОВ Кәрім Қажымханұлы дүниеге келді.

Астана қаласында туған. Бейжің тіл институтын, Ухань заң университетін (ҚХР), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек министрлігінің бөлім бастығы, бас маманы, «Казақпригранторг» фирмасы директорының орынбасары, ҚХР-ның Үрімші қаласындағы «Қазақинторг» өкілдігінің бас маманы, «Акцепт» ЖШС директорының сыртқы экономика жөніндегі орынбасары, Гонконгтағы Қазақ сауда үйінің атқарушы директоры, «Алматы сауда-қаржы банкі» ЖАҚ басқармасының төрағасы. 1996-2007 жылдары - «Тұранбанк» басқармасы төрағасының міндетін атқарушы, Халықтық жинақтаушы банктің басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрі, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Премьер-министрдің орынбасары. Аталған қызметінде - 2007 жылдың қаңтар айынан.

Қазақстандағы Тай боксы федерациясының президенті, Қазақстан Республикасы Таеквон-до федерациясының құрметті президенті.

МАУСЫМНЫҢ 16-Ы, СӘРСЕНБІ

Дуань-у цзе (Айдаһар-қайықтардың мерекесі). Бұл Қытайдың маңызды дәстүрлі үш мерекелердің бірі. Бұл күнді тағыда екі бестік мерекесі, Дуань-ян, Ақын күні деп те атайды. Мереке ай күнтізбесі бойынша бесінші айдың бесінші күніне келеді.

Кең таралған пікірлер бойынша, бұл мерекенің пайда болу себебі ежелгі қытайдағы ақын-патриот Цюй Юане атымен байланысты.

Қазіргі кезде Дуань-у цзе мерекесі мемлекеттік демалыс күндері болып табылады (демалыс күндер үш күнге созылады).

Вьетнамда Тэт Доан Нго мерекесі. Халықтардың сенімі бойынша адамдарға ауру және сырқат туғызатын құрттар адам денесінде болады. Бұл құрттар ай күнтізбесі бойынша бесінші айдың бесінші күнінде әлсіз болады екен, сондықтан дәстүр бойынша вьетнамдықтар жыл сайын бұл күні Тэт Доан Нго мерекесін атап өтеді.

Бұл күні таңертенгі астың орнына ерекше рыноунеп тағамын жейді. Бұл тағамды қайнатылған қара және ақшыл-сары түсті күріштен және жемістерден әзірлейді.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1995) Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы II Алексий (1929-2008) Елбасы Н.Назарбаевтың шақыруымен Қазақстан Республикасына сапары болып өтті.

10 жыл бұрын (2000) Астанаға «Қалалар - бейбітшілік үшін» ЮНЕСКО сыйлығының сертификаты табыс етілді.

1 жыл бұрын (2009) қазақстанның танымал жазушысы, публицист және аудармашы Герольд Бельгердің қазіргі қоғамның көкейтесті мәселелерін көтеретін «Қазақ сөзі: таңдаулы» («Казахское слово: избранное») атты жаңа кітабы жарық көрді.

Г.Белгердің қолынан көптеген мақалалар және 30-дан астам кітаптар жазылған. Жазушы қазақ, неміс және орыс мәдениеттерінің саласында қызмет атқарып, қазақ тілін жетік меңгеріп, еркін сөйлейді. Президенттік бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденімен марапатталған. Автор өзінің шығармаларында қазiргi Қазақстан өмiрiнiң көкейкестi сұрақтарын көтерген.

Кiтапқа «Тұйық су», «Разлад» деген екi романы және «Вольные строки» деген үш эссесі енген.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1920-2008) жазушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі ОРАЗАЛИН Кәмен дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында туған. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.

Алғашқы өлеңдері 1938 жылдан бастап жарияланды. Оның Ұлы Отан соғысы туралы «Жексен» повесі мен тың игеру тақырыбына жазылған «Ақжазық», ұжымдастыру кезеңі суреттелген «Көктем салқыны» және «Абайдан соң» романдары, М.Әуезов өміріне арналған «Сахара шымылдығы» пьесасы бар.

2-дәрежелі Отан соғысы, 3-дәрежелі Даңқ, «Парасат» ордендерімен және медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

60 жыл бұрын (1950) жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты ӘШІМХАНҰЛЫ Дидахмет дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

«Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1992-1994 жылдары - халықаралық «Заман-Қазақстан» газетінде бөлім меңгерушісі және газет редакторының орынбасары. 1994-2003 жылдары - еларалық «Түркістан» газетінің бірінші орынбасары. 2003-2006 жылдары - «Алаш» баспасының директоры. 2003-2006 жылдары - «Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті. 2006 жылдан - «Орхон» баспасының директоры.

«Аққабаның толқыны», «Он бірінші күз», «Каменная ладь», «Жер аңсаған сары атан», «Самырсын сазы» әңгімелер мен повестер жинақтарының авторы. Жеке шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. А.Курчаткин, Т.Минулмен, А.Аширов, Х.Абдулин, П.Пурзвеу шығармаларын қазақ тіліне аударған.

45 жыл бұрын (1965) «Каспий» Әлеуметтік өндірістік корпорациясының басқарма төрағасы НҰРҒАЛИЕВ Асқар Қайыртайұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Қазақ КСР Ғылым Академиясы Экономика институтының экономисі, «Медеу банк», «Казкоммерцбанк» басқарма төрағаларынының орынбасары, «Финист банк» Мәскеу бөлімшесінің директоры, «Муниципальный» банкі басқармасының төрағасы, «Казахгаз» Тау-кен химиялық комбинатының вице-президенті, «Казахойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясының вице-президенті, «Казахгаз» АҚ-ның президенті, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы мамырдың 18-нен.

МАУСЫМНЫҢ 17-І, БЕЙСЕНБІ

Рағайып түні - Мұхаммед пайғамбардың ата-анасының үйленген күні (Мұсылман мейрамы).

Рағайып түні - Раджаб айының бейсенбіден жұмаға қараған бірінші түні. Рағайып араб тілінен аударғанда «арман, ниет» деген мағынаны білдіреді. Бұл түні Мұхаммед пайғамбардың ата-анасы Әбдулла мен Әмина некелерін қиды. Аңыз бойынша осы уақытта жерге бір топ періштелер түсіп, Абдолланың пайғамбарлық қасиеті ұлына дарыды. Бұл түні барша мұсылмандар көп дұға оқып, ораза тұту керек. сонда Бұл түні оқылған намаз үшін, ораза ұстаған үшін, садақа берген үшін Алла Тағала өзінің сауабын рақым етеді.

Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні. 1995 жылғы қаңтардың 30-да БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының 1994 жылғы маусымның 17-дегі Шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі конвенциясының қабылдануына байланысты маусымның 17-сін Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні деп жариялады.

Шөлейттену - қоршаған ортаның әлем бойынша аса қауіпті күйреу үдерістерінің бірі. БҰҰ-ның Қоршаған орта бойынша бағдарламасы мәліметтеріне сай, планетамыздағы құрлықтың төрттен бірі шөл далаға айналу қаупінде екен.

Қуаңшылық шөлейттенуге ұрындыруы мүмкін, бірақ басты кінә, әдетте, адамның іс-әрекеті болып шығады - егістік жерлерді шектен тыс өңдеу, малды бей-берекет жая беру, ормандарды кесіп құрту мен нәтижесіз суландыру.

БҰҰ БА-ның қарары барлық мемлекеттерге Дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күнін шөлейттенумен және қуаңшылықтың зардаптарымен күрестегі халықаралық ынтымақтастыққа қатысты конференциялардың, «дөңгелек үстел» мәжілістерінің, семинарлар мен көрмелердің құжаттық материалдары мен ұйымдастыру мәселелерін жариялау және тарату арқылы қоғамның хабардарлығын арттыруға арнауды ұсынады.

ОҚИҒАЛАР

12 жыл бұрын (1998) Оңтүстік Қазақстан облыстық филармония үйі алдында Шәмші Қалдаяқов (1930-1992) ескерткішінің ашылу салтанаты болды.

1 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінде кореялық халықаралық ынтымақтастық жөніндегі «KOICA» агенттігі Қазақстанда туристік кластерді дамыту жобасын таныстырды.

Жобада Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында ғарыштық туризмді дамыту, Қамбаш көлінде курорттық аймақ салу, Қорқыт Ата мемориалдық кешенінде этнокурорт салу, сондай-ақ Атырау облысында «Сарайшық» керуен сарайы - туристік орталығын қалыптастыру көзделген. Жоба 2011-2020 жылдарға есептелген.

1 жыл бұрын (2009) Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық университетi және Болгарияның Пловдив қаласының Аграрлық университетi аралығында студент халықаралық айырбастау туралы келiсiмге қол қойды.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1945) техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылымдар Академиясының академигі МӘДИЕВ Өскенбай Қабылбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында туған. Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтын бітірген.

Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтында, Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Тараз мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогикалық және басшылық қызметтер атқарған. 2003 жылдан - Алматы экономика және статистика академиясының Тараз қаласындағы өкілдігінің директоры.

Мәдиев тері өндеу процесінде қолданылатын алюминий, цирконий және титан қосындысы негізінде жаңа илегіштер синтезінің теориялық негіздерін жасайтын жаңа бағыт ашты. Бұл жұмыстарының нәтижесінде өндірілген өнімнің түр-түрін көбейту және сапасын арттыру, тері өңдеу фабрикаларында экологиялық жағынан зиянды хром қосындыларын қолдануды азайтуға немесе толығымен ауыстыруға мүмкіндік беретін жаңа кешенді минералдық илегіштер шығарды. Қоршаған ортаға зиянсыз диаммоний фосфатпен мал терісін бүлінуден сақтаудың теориялық негізін салып, практикалық әдістерін енгізді. Мәдиевтің практикалық ұсыныстары мен түрлі әдістемелері Казақстан мен ТМД елдеріндегі тері өңдеу фабрикаларында кеңінен қолданыс тапты.

Ол 16 авторлық куәліктің, 4 монография, 150-ден астам ғылыми еңбектердің авторы.

МАУСЫМНЫҢ 18-І, ЖҰМА

Әзірбайжанда адам құқығы күні. Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевтің 2007 жылғы маусымның 18-дегі Қаулысына сәйкес жыл сайын атап өтеді.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2007) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» сапалы мемлекеттік қызмет ұсынуды қамтамасыз етуге бағытталған Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлыққа қол қойды.

1 жыл бұрын (2009) Оралда б.э.д. VІ-ІІ ғасырлардағы археологиялық қазбалар табылды. Табылған тұрмыс тіршілік заттары және әшекей бұйымдарды бағалау үшін Ресейдің және Германияның ғалымдары шақыртылған. Ғалымдар бұл қазбалардың тарихи маңыздылығы зор екенін бағалап, оларды халықаралық тізімге енетінін хабарлады.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1900-1984) суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері АНТОЩЕНКО-ОЛЕНЕВ Валентин Иосифович дүниеге келді.

Украинаның Полтава облысында туған. Мәскеудегі жоғарғы техникалық көркемсурет шеберханасында оқыған.

«Советская степь», «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Әйел теңдігі» газет-журналдар редакцияларында жұмыс істеген.

Тарихи тақырыпқа жазылған «Әкелеріміздің жастық шағы», «Қамығу», «Бостандық және өлім» графикалары, «І.Жансүгіров», «П.Пикассо», «О.Ренуар», «Ы.Жақаев», «А-Х.Ярмұхамедов», тағы басқа психологиялық портреттері және замандастар өмірінен алынған романтикалық сипаттағы «Жарқырайды жаңа құрылыс оттары», «Мазар», «Қонаққа бару» линогравюралық шығармалары бар. Шығыс тақырыбына арналған «Хиуа», «Ақындар» топтамалары бар.

95 жыл бұрын (1915-2007) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты СЕРГЕЕВ Александр Николаевич дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Ресейдің Тула қаласында туған. Алматы жоғары партия мектебін, Мәскеу жоғары партия мектебін бітірген.

Қарағанды облыстық радиокомитетінің бас редакторы, «Социалистическая Караганда» облыстық газеті бас редакторының орынбасары, «Казахстанская правда» республикалық газеті редакторының бірінші орынбасары, «Советский патриот» газетінің Қазақстан мен Қырғызстан бойынша меншікті тілшісі, «Ара» - «Шмель» журналы редакторының орынбасары қызметтерін атқарған.

«Пастырь поневоле», «Опасное задание», «Сыновья возвращаются», «Звездное небо Талгата» әңгімелер, повестерінің, «Петербургский посол», «Искупление» романдарының авторы.

Көптеген шығармалары қазақ тіліне аударылған. Орыс тіліне қазақ және ұйғыр жазушыларының шығармаларын тәржімәлаған.

Отан соғысы орденімен, медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

105 жыл бұрын (1905-1989) кеңес шығыстанушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Тәжік КСР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Тәжік КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері БРАГИНСКИЙ Иосиф Самуилович дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Киев қаласында туған. Мәскеу Шығыстану институтын бітірген.

КСРО Ғылым Академиясының Шығыстану институтында, Дүниежүзілік әдебиет институтының ғылыми қызметкері, «Азия және Африка халықтары» журналының бас редакторы болған.

Негізгі еңбектері Орта Азия халықтары әдебиетінің тарихи және теориялық мәселелерін, Шығыс пен Батыс әдебиетінің өзара байланысын, парсы-тәжік әдебиетінің классиктері Рудаки, Фирдоуси, Хафиз, Жәми еңбектерін, тәжік кеңес әдебиетін зерттеуге арналған.

«Садриддин Айни», «12 миниатюр», «Исследования по таджикской культуре», «Иранское литературное наследие» атты кітаптардың авторы.

МАУСЫМНЫҢ 19-Ы, СЕНБІ

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1995) Бейжің қаласында маусымның 19-26 аралығында Абай күндері өтті.

3 жыл бұрын (2007) Алматыда тұңғыш рет қарт адамдарға арналған «Үшінші ұрпақ мектебі» ашылды. Жоба қалалық әкімшіліктің ішкі саясат департаментінің қолдауымен жұмыс істей бастады.

Мектеп зейнеткерлерге арналған экология және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы, заңға сүйенген сауаттылықты жоғарлату, өздерінің денсаулығы туралы жаңа білімдерді алуға көмектесетін тегін курстарды өткізеді.

«Үшінші ұрпақ мектебінің» ашылуы қарт адамдардың мәселелерін көтеріп ғана қоймай, оларды шешуге бағытталған мемлекет тарапынан қаржыландырылған алғашқы іс-әрекет.

3 жыл бұрын (2007) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Алматыда Достық үйінде «Достық үйі - Этносаралық қатынастардың мәселелерін зерттейтін орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорын құрылды.

Орталықтың басты мақсаты ұлтаралық қатынастар саласындағы негiзгi мәселелердi анықтау, жұртшылық пiкiрiнiң жүйелi барлауын өткiзу болып табылады.

3 жыл бұрын (2007) қалалық мәслихат шешімімен Семипалатинск қаласы ресми түрде Семей болып өзгертілді.

1 жыл бұрын (2009) Өскеменнің Аблакетка тауында Қазақстанның мемлекеттік туы орнатылды. Еліміздің басты мемлекеттік рәміздерінің бірі - көлемі 6-да 12 метрлік ту теңіз деңгейінен 522 метр биіктікте орнатылған. Оның қасына үлкен әріптермен жазылған «Қазақстан» орын алған.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1900-1938) мемлекет қайраткері, жазушы ЖҮСІПБЕКОВ Хамза дүниеге келді.

Қарағанды облысының Нұра ауданыныда туған. Марксизм-ленинизм курсын бітірген.

1920-1922 жылдары Омбы, Ақмола губернияларында, Көкшетау уезінде жауапты қызметтер атқарған. 1922-1926 жылдары - БК(б)П Ақмола, Бөкей губерниялық комитеттерінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы. 1927-1932 жылдары - БК(б)П Қазақ өлкелік комитеті бақылау комиссиясының алқа мүшесі және жауапты хатшысы. 1933-1937 жылдары - Қазақстан кәсіподақтар кеңесінің төрағасы, Қазақ АКСР әділет халық комиссары, коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, Марксизм-ленинизм ғылыми-зерттеу институтының қазақ бөлімшесінің аудармашысы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры қызметтерін атқарған.

1925-1937 жылдары мерзімдік баспасөзде әдеби-сын мақалалары, әңгімелері, очерктері жарияланған. «Қарсақбай» атты кітабы жарық көрді. Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романын қазақ тіліне аударған.

Х.Жүсіпбеков 1937 жылы күзде «халық жауы» деген жалған айыппен тұтқындалып, ату жазасына кесілді.

60 жыл бұрын (1950) Алматы облысының әкімі ҮМБЕТОВ Серік Әбікенұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген.

Күрті ауданындағы «Желтораңғы» кеңшарының директоры, Кеген аудандық агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1992-1999 жылдары - Күрті ауданының әкімі, Алматы облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі. 1999-2005 жылдары - Жамбыл облысының әкімі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрі. Қазіргі қызметінде - 2005 жылдан.

«Парасат» орденімен марапатталған. Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

МАУСЫМНЫҢ 20-Ы, ЖЕКСЕНБІ

Медицина қызметкері күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Дүниежүзілік босқындар күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы Дүниежүзілік босқындар күнін 2000 жылы желтоқсанның 4-де (№55/76 қарарымен) жариялаған. Маусымның 20-да атап өтіледі.

Қарарда атап көрсетілгендей, бұл шешім Африка Бірлігі Ұйымымен (АБҰ) келісім бойынша қабылданған, өйткені осы күні, 1969 жылдан бастап, Халықаралық африкалық босқындар күні атап өтіліп келді (2002 жылдан АБҰ Африкалық одақпен алмастырылды).

Босқындар құқығы 1951 жылы қабылданған босқындар дәрежесі туралы конвенцияда айқындалған. Жыл сайын БҰҰ босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссарының Басқармасы Нансен Сыйлығының лауреатын анықтап, ол Дүниежүзілік босқындар күні табыс етіледі.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (2000) Мәскеу үкіметі мен Астана әкімшілігі экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени шараларға байланысты келісімге қол қойды. Келісімде Астана қаласында Мәскеу сауда үйін ашу, жәрмеңкелер мен көрмелер ұйымдастыру қарастырылды.

5 жыл бұрын (2005) Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияда «Қазақстанның ән өнерінің атақты шеберлері» атты үн таспаның тұсау кесер рәсімі өтті.

Үн таспа «Асыл Мұра» жобасы шеңберінің аясында шығарылды.

«Асыл Мұра» - қазақ музыкасының «алтын» қорын қалпына келтіруге және сақтап қалуға бағытталған коммерциялық емес гуманитарлық жоба. Оның мақсаты - Қазақстанның ұлттық мұрасын көпшілікке тарату.

1 жыл бұрын (2009) Ақтөбеде Кеңес Одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдиновқа арналған ескерткіш ашылды.

Ескерткiш - гранит постаментiндегi қола мүсiн Талғат Бегелдинов атындағы Әскери әуе қорғаныс күштерi институтының аумағында орнатылған. Ескерткіштің авторы - Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Марат Ғабдрахманов.

ЕСІМДЕР

105 жыл бұрын (1905-1983) хирург-онколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері ЫДЫРЫСОВ Ақырам Сәлімұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Атырау облысының Теңіз ауданында туған. Саратов медициналық институтын бітірген.

1932-1957 жылдары Саратов облысында, Қызылорда, Алматы қалаларында дәрігер болған. 1957-1960 жылдары - Семей медицина институты жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі. 1960-1962 жылдары - I Республикалық аурухананың бас дәрігері. 1962-1964 жылдары - Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты хирургия клиникасының меңгерушісі. 1964-1983 жылдары Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты онкология кафедрасының доценті, меңгерушісі болған.

Ысқақов туберкулез перитониті мен алапес асқынуларын емдеу әдістерін ұсынды.

2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

95 жыл бұрын (1915-1986) актер, Қазақстанның халық әртісі БАҚИЕВ Мақпир Құрбанұлы дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Алматы қаласында туған.

Ұйғыр музыкалық драма театрының (Ұйғыр музыкалық комедия театры) актері.

Театр сахнасында Хамра (Д.Асимов пен А.Садыровтың «Анарханында»), Қозы (Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында») Ғарип (И.Саттаров пен В.И.Дьяковтің «Ғарип пен Сәнәмінде»), Таһир (С.Абдулланың «Таһир мен Зуһрасында»), Полат (Ш.Сәлиевтің «Отанға деген махаббатында») рөлдерін сомдаған.

1981 жылы Ұйғыр музыкалық комедия театры құрамында Мәскеу қаласында өнер көрсетті.

2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.