ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 16-сы мен 21-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 16-сы мен 21-і  аралығындағы   оқиғалардың    күнтізбесі
ЕЛБАСЫМаусымның 15-16-сы күндері Ресейдің Екатеринбор қаласында Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары кеңесінің 8-ші отырысы өтеді. ҮКІМЕТМаусымның 15-і мен 23-і аралығында Ішкі істер министрлігінің сайтында (www.iim.kz және www.mvd.kz) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес, есірткі қылмыстары үшін жауапкершілікті күшейту мәселелеріне арналған интернет-конференция өтеді. Жұртшылықтың сауалдарынан Ішкі істер вице-министрі Қалмұханбет Нұрмханұлы Қасымов жауап береді. Сауалдар ведомство сайтының «Конференция» айдарында маусымның 15-і мен 23-і аралығында қабылданады, ал вице-министрдің жауаптары маусымның 26-сы күні шығады.Маусымның 16-сында «Риксос» президенттік отелінде Қазақстан-Қырғыз үкіметаралық комиссиясының мәжілісі өтеді. ПАРЛАМЕНТ Маусымның 16-сында Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңестің отырысы өтеді. Маусымның 18-19-ы күндері Жамбыл облысының Қордай ауданында және Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық комиссияның отырысы өтетіні жоспарлануда. Маусымның 19-ы күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық комиссияның бірінші отырысы өтеді.ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Қазақстан және әлем Немістің Штутгарт қаласында осы жылғы маусымның 13-і мен 16-сы аралығында Алматының мәдени күндері болады. Шара Қазақстанның Германиядағы жылы ауқымында өтеді. Алматылық делегацияны қала әкімі Ахметжан Есімов басқарып барады. Шара ауқымында екі концерттік бағдарлама және фотоэкспозиция мен сәндік-қолданбалы өнер көрмесі болады.Маусымның 15-16-сында Екатеринбургте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшылары Кеңесінің 8-ші отырысы өтеді. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ба шылары, Ұйымдағы бақылаушы мемлекеттер, төрағалық етуші елдің қонақтары ? Ауғанстан және Түрікменстан, сонымен қатар БҰҰ, ТМД, ҰҚШҰ тұрақты органдары өкілдері қатысатын аталмыш саммит 2008-2009 жылдардағы Ресей төрағалығын қорытындыламақ.Маусымның 16-сы күні Қазақстанға Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Игорь Чудинов ресми сапармен келмек. Сапар аясында И.Чудиновтың қатысуымен сауда-экономикалық, су-энергетикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтитын екі жақты ынтымақтастық мәселелерін қарастыратын Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің бірінші отырысы өтеді деп жоспарлануда.Маусымның 16-сы күні елімізге Еуропалық комиссияның сыртқы қатынастар жөніндегі Бас директоры Гуннар Виганд ресми сапармен келеді. 16-17 маусым аралығында Г.Виганд еліміздің бірқатар ресми тұлғаларымен кездесулер өткізіп, «Қазақстан Республикасы ? Еуропалық одақ» үлгісіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.СПОРТ «Астана» велоклубының шабандоздары маусымның 13-і мен 21-і аралығында болатын Швейцариядағы «Tour de Suisse» жарысына қатысады. Маусымның 16-22-сі күндері Румынияның Бухарест қаласында ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты өтеді. Онда қазақстандықтар 4 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынамақ. Бұл дүбірлі додада ел намысын қорғайтын 7 атлеттің төртеуі - қызылордалықтар. Олар - 85 килә салмақтағы Мирас Қожахметов, 94 киләдағы Роман Русяновский мен Альберт Хакимурин және 105 киләдағы Айбол Алдабергенов. Бапкерлер бұл сайыста өзге өңірлерден тек 77 киләдағы қарағандылық Роман Кулик пен Александр Дзюбаны және 85 киләдағы алматылық Тахир Халматовты қосып отыр.Өскеменде маусымның 16-18-і күндері волейболдан әйелдер арасында 2010 жылғы Әлем чемпионатының біліктілік турының 2-ші кезең ойындары өтеді.Маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында Ыстықкөлдің жағасында Шолпанатада өтетін халықаралық шахмат фестиваліне Астана, Алматы, Қарағанды және республиканың басқа да қалаларынан қазақстандық шахматшылардың үлкен тобы қатыспақ. Дубайда маусымның 17-24-і күндері волейболдан ерлер арасында клубтық Азия чемпионаты өтеді. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бұл дүбірлі додаға биыл 14 команда қатыспақ. Онда ел намысын XVII Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Алматының «Алматы» клубы қорғамақ.АСТАНАМаусымның 16-сында Астана Ішкі істер департаментінде апталық брифинг өтеді. Маусымның 16-сында Қазіргі заман өнері мұражайында Рабиндраната Тагорды еске алу кеші өтеді. Маусымның 16-сында Денсаулық сақтау министрлігінде апталық брифинг болады. Маусымның 16-сында «Нұр Отан» партиясының орталық кеңсесінде Партияаралық кеңестің отырысы өтеді. Маусымның 16-сында «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде брифинг өтеді. АЛМАТЫ Маусымның 13-і мен 16-сы аралығында Немістің Штутгарт қаласында Алматының мәдени күндері өтуде. Алматылық делегацияны қала әкімі Ахметжан Есімов басқарып барды. Шара ауқымында екі концерттік бағдарлама және фотоэкспозиция мен сәндік-қолданбалы өнер көрмесі болады.Маусымның 16-сынла «Мега-орталықтың» алдындағы алаңда «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен Балалар суреттерінің конкурсы өтеді. Маусымның 17-сі күні сағат 17.00-де Астанадағы Германия Елшілігінде Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Райнер Ойген Шлагетер виза рәсімдеу амалдарына байланысты мүдделі бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына жауап береді. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МАУСЫМНЫҢ 16-СЫ, СЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты құрылды. Аталмыш институт Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшылығымен жұмыс істейді.16 жыл бұрын (1993) Елбасы Н.Назарбаевтың «Үндістан Республикасында Қазақстан Республикасының Елшілігін ашу туралы» және «Қазақстан Республикасы Мүгедектерінің күнін бекіту туралы» Жарлықтары жарық көрді.9 жыл бұрын (2000) Астанаға «Қалалар ? бейбітшілік үшін» ЮНЕСКО сыйлығының сертификаты табыс етілді.ЕСІМДЕР115 жыл бұрын (1894-1981) химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның және Өзбекстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері УСАНОВИЧ Михаил Ильич дүниеге келді. Украинаның Житомир қаласында туған. Киев университетін бітірген. 1920-1929 жылдары Киев қаласындағы Химия-фармацевтика зауытында басшылық қызметте, сонымен қатар политехникалық институтта оқытушы болды. 1929-1943 жылдары Томск университетінің, Орта Азия (Ташкент) университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды. 1944 жылдан Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі болып істеді. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері ерітінділер теориясына арналған. М.Усанович ? «Қышқылдар мен негіздердің Усанович теориясының» авторы. Оның 300-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген. 3 мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған. 90 жыл бұрын (1919) әнші, Қазақстанның халық әртісі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі АНДРЕЕВА Ольга Давыдовна дүниеге келді. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында туған. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербор) консерваториясының фортепьяно, вокал факультетін бітірген. Ол 1961 жылы Кеңес мәдениет қызметкерлерін Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерушілер арасында әуесқойлар ұжымдарын ұйымдастырып, жандандыруға шақырды. «Целинник» ән-би ансамблін (қазіргі Астана) ұйымдастырып, 1962-1965 жылдары оның көркемдік жағын басқарды. 1965 жылдан Санкт-Петербор қаласында тұрып, қызмет етті. 80 жыл бұрын (1929) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі НҰРМҰҚАНОВ Хайролла Мырзағалиұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Орал педагогикалық институтын және Қазақ мемлекеттік университетін сырттай оқып бітірген. Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастаған. 1963 жылдан Қарағанды педагогикалық институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, деканы қызметтерін атқарған. Ғалымның 50-ден аса ғылыми еңбегі, оның ішінде «Сөз және шеберлік» атты монографиясы жарық көрген. МАУСЫМНЫҢ 17-СІ, СӘРСЕНБІБүкілдүниежүзілік қуаңшылық пен шөлейттенуге қарсы күрес күні. 1994 жылы Парижде шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі Халықаралық конвенция қабылданған күннен бастап атап өтіледі.Исландия Республикасының Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1944). Солтүстік Еуропада Атлант мұхитындағы Исланд аралдарында орналасқан мемлекет. Ел аумағы әкімшілік жағынан 8 аймаққа, 23 ауданға бөлінеді. Астанасы ? Рейкьявик қаласы. Ресми тілі ? исланд тілі. Ұлттық ақша бірлігі ? исланд кронасы. Исландия парламенттік республика. 1944 жылы қабылданған Конституциясы бойынша мемлекет басшысы Президент 4 жылға ашық сайлау арқылы сайланады. Заң шығару билігін Президент пен бір палаталы парламент Альтинг жүзеге асырады.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) «Ана тілі» баспасы Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл тағлымы» атты кітабын жарыққа шығарды. 17 жыл бұрын (1992) Қостанай облысы Комсомол ауданының атауы Қарабалық болып өзгертілді. 16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институты құрылды.11 жыл бұрын (1998) Оңтүстік Қазақстан облыстық филармониясы үйі алдында композитор, Қазақстанның халық әртісі, Шымкент, Тараз, Жетісай қалаларының құрметті азаматы Шәмші Қалдаяқов ескерткішінің ашылу салтанаты болды.6 жыл бұрын (2003) Астанада «Думан» ойын-сауық орталығының ашылу салтанаты өтті. ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты СУХОДОЕВА Галина Савельевна дүниеге келді. Қазан мемлекеттік медицина институтын, Қазақстан Ғылым академиясы Өлкелік патология институтының аспирантурасын бітірген. 1963 жылдан Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының, Эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері микроб әрекетінен туған аллергология және иммунология мәселелеріне арналған. Ол тәжірибе жүзінде түрлі организмдер тудыратын аллергия үлгілерін жинап, бактерия аллергендерін жетілдірді. Оның 2 авторлық куәлігі мен 9 патенті бар.80 жыл бұрын (1929-1984) атақты армян шахматшысы, шахмат журналисі, халықаралық гроссмейстер, шахматтан әлемнің 9-шы чемпионы ПЕТРОСЯН Тигран Вартанович дүниеге келді.60 жыл бұрын (1949) спортшы, жеңіл атлетикадан КСРО спорт шебері, 800, 1500, 3000 метрлік қашықтыққа жүгіруден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы КҮРЕНКЕЕВ Бекен Жексенбайұлы дүниеге келді. Алматы облысының Алакөл ауданында туған. Спортшы Жасөспірімдер арасындағы КСРО біріншілігінің күміс жүлдегері, Жастар арасында КСРО чемпионы, «Правда» газетінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған халықаралық жарыстың жеңімпазы атанып, «Сельская жизнь» газетінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған бүкілодақтық жарыстың чемпионы атанды. Сонымен қатар Украина, Ресей, Алжир, Франция, Германия, Испания елдерінде өткен халықаралық турнирлерге қатысып жүлделі орындарға ие болды. МАУСЫМНЫҢ 18-І, БЕЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР17 жыл бұрын (1992) КСРО Түркістан әскери округі таратылды.ЕСІМДЕР70 жыл бұрын (1939) ветеринария ғылымының докторы, профессор БИЯШЕВ Қадыр дүниеге келді. Қ.Бияшев инфекциялы аурудың алдын алу үшін пайдаланылатын биологиялық дәрі-дәрмектің 23 түрін ойлап тауып, өндіріске енгізді. Ол ойлап тапқан дәрі-дәрмектің 10-нан астам түрі Сан-Диего (АҚШ) қаласында өткен «Қазақстан-95» конференция-көрмесіне қойылып, мақтау қағаздарына ие болды. Ғалым ірі қара мен құстардың ішек ауруларының алдын алу жөнінде 170-тен аса ғылыми-әдістемелік еңбек жазды. Ғылыми еңбектері Түркия, Германия, Ресей, Беларус баспасөздерінде жарияланды. 2 авторлық куәлігі, 21 патенті бар. «Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.60 жыл бұрын (1949) техника ғылымының докторы, профессор ШЫНЫБАЕВ Мақсат Даниярұлы дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ химия-технология институтын бітірген. 1971 жылдан қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кіші ғылыми қызметкері, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, қолданбалы механика кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған. Ғалымның 80-нен астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 3 монографиясы, 2 оқулығы жарық көрген. 45 жыл бұрын (1964) «Қазақстан мемлекеттік-жеке әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы СМАҒҰЛОВ Болат Советұлы дүниеге келді. Қарағанды облысында туған. Қарағанды кооперативтік институтын, «Тұран» университетін бітірген. 1992-1998 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 1998-2001 жылдары ? Қазақстан Республикасы Кәсіпорындарды қайта құру және тарату агенттігі Астана қаласы бойынша филиалының директоры. 2001-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің комитет төрағасының орынбасары. 2003-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы, Индустрия және сауда вице-министрі. 2006-2008 жылдары ? Астана қаласы әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді. МАУСЫМНЫҢ 19-Ы, ЖҰМАКуәйт мемлекетінің Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздік күні (1961). Куәйт Батыс Азияда, Арабия түбегінің солтүстік-шығысы мен Парсы шығанағының 9 аралында орналасқан. Астанасы ? Әл-Куәйт. Ресми тілі ? араб тілі. Діні ? исламның сүннит және шиит тармақтары. Ақша бірлігі ? Куәйт динары. Куәйт ? Конституциялы монархия. 1962 жылғы қараша айында қабылданған Конституция бойынша мемлекет басшысы Куәйт әмірі. Заң шығарушы органы ? Ұлттық жиналыс (бір палаталы парламент) 4 жылға сайланған 50 депутаттан және әмір тағайындаған үкіметтің 25 мүшесінен тұрады. Қазақстан Республикасы мен Куәйт мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қаңтардың 1-інде орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР14 жыл бұрын (1995) Бейжің қаласында Абай күндері басталды.12 жыл бұрын (1997) «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.8 жыл бұрын (2001) Қазақстанда 184,5 шақырымдық Ақсу-Дегелең темір жолы іске қосылды.3 жыл бұрын (2006) Қазақстан инвестициялық қорының «Investfunds.kz» деп аталатын жаңа сайты іске қосылды.ЕСІМДЕР125 жыл бұрын (1884-1976) қазақтың әйгілі халық ақыны, әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ӘЗІРБАЕВ Кенен дүниеге келді. Жамбыл облысының Қордай ауданында туған. К.Әзірбаев ? қазақ өнеріндегі сал-серілік және айтыскерлік дәстүрлерді үзбей, ХХ ғасырдың 70-жылдарына дейін жеткізген өнерпаз. Әкесі Әзірбай, шешесі Ұлдар да әнші, домбырашы еді. Ән-жырды әуелі ата-анасынан үйренген Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, өз жанынан өлең, ән шығара бастады. «Бозторғай», «Көкшолақ», «Бұлбұл», «Он алтыншы жыл», «Қайран елім», «Аттан» әндерін шығарып, «Әли батыр», «Қырғызбай» дастандарын жырлады. Қазақ, қырғыз арасындағы белгілі жиындарға қатысып, айтысқа түсті, ән сайысына араласты. Мемлекет қайраткерлері О.Жандосов, Ж.Бәрібаев, Т.Бокин, тағы басқалармен таныс-біліс болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасын құрып, ел аралап, халқымыздан шыққан батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеңісін жырлады. «Біз жеңеміз», «Сүйгенім-ай, күйгенім-ай», «Төрт батыр» сияқты көптеген өлең, жырлар шығарды. 50-70 жылдары бейбіт өмірді, республика табыстарын, замандастарын бейнелейтін өлең, терме, толғау дастандары туды. 150-дей ән толғап, оның өлеңін жазды. Оның әншілік, композиторлық болашағына әнші-жыршылардың, домбырашы-күйшілердің әсері зор болды. Әсіресе, Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай сынды белгілі әнші-ақын, композиторлардан үлгі-өнеге алды. Ақын-композитордың «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», тағы басқа әндері халық сүйіп айтатын мәңгілік рухани қазынаға айналды. К.Әзірбаев сондай-ақ Қарағанды кеншілерінің, Балқаш мыс қорытушыларының, Шымкент қорғасыншыларының, Каспий балықшыларының, Түрксіб темір жол құрылысшыларының арасында болып, сол алып құрылыстардың жетістіктерін шабытпен жырлады. Композитордың ән шығармашылығының негізгі тақырыбы ? ел өмірі. Ол ел өміріндегі маңызды оқиғалар мен тарихи кезеңдерге әрқашан құлақ түріп, оған өз үлесін қосып отырды. Әзірбаевтің композиторлығы жайында Қазақстан өнер зерттеушілері А.Жұбанов, Б.Ерзакович еңбектер жазды. Әзірбаев айтыс жанрына ерте араласып, Шалипа, Ләтипа, Кенеқожа, Әбдіғали, Бопипа, Есдәулет ақындармен сөз жарысына түсті. Ол қазақ халқының айтыс өнерінің насихатшысы, осы өнерді кейінгі ұрпаққа жеткізуші тәлімгер-ұстаз да бола білді. Оның «Шөпке барғанда», «Құдалар», «Әли батыр», «Қырғызбай», «Кенебай-Кербез», «Бұрынғы өткен батырлар», «Жалғыз қаз», «Жамбыл ? жыр» атты толғау, дастандары бар. Бұл шығармалары ? ақынның эпикалық дәстүрге құрылған көркем дүниелері. К.Әзірбаев халқымыздың ауыз әдебиеті нұсқаларын есінде мол сақтаған, оның айтуынан жазып алынған фольклорлық мұралар Қазақстан Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбалар орталығында сақтаулы. Ол ? жыр алыбы Жамбылмен жарты ғасырдай бірге жүріп, жаңа дәуірді асқақтата жырлаған замана жырауы. Бұған екі жүзден астам өлең, арнау, толғаулары айғақ. Бұл туындылары әлденеше рет жинақ болып жарияланды. 1984 жылы ақынның 100 жылдық мерекесі өткізілді. Таңдамалы шығармаларының 2 томдығы және «Шырқа, дауысым», орыс тілінде «Песни гор и степей» кітаптары жарық көрді. Деректі кино-телефильмдер түсірілді. Кенен Әзірбаевтің есімі Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Қасық орта мектебіне, Алматы қаласындағы бір көшеге, Жамбыл қаласындағы кинотеатрға берілген. Алматы консерваториясының және Шымкент мәдениет институтының үздік студенттері үшін Әзірбаев атындағы стипендия берілген. Жамбыл облысында ақын ұзақ жылдар бойы тұрған мекен Кенен ауылы атанады. Онда К.Әзірбаевтің мұражай үйі жұмыс істейді. «Еңбек Қызыл Ту», 2-і мәрте «Ленин», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған. МАУСЫМНЫҢ 20-СЫ, СЕНБІБүкіләлемдік босқындар күні. БҰҰ-ның 2000 жылғы желтоқсанның 4-дегі шешімі бойынша Африка босқындарының күнімен қатар атап өтіледі.Аргентинаның мемлекеттік мейрамы ? Байрақ күні. Аргентина Оңтүстік Американың оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Батысында Чилимен, солтүстігінде Боливия, Парагваймен, солтүстік-шығысында Бразилия, Уругваймен шектеседі. Әкімшілік жағынан 22 провинцияға, 1 ұлттық территорияға және 1 федералды астаналық округке бөлінеді. Астанасы ? Буэнос-Айрес қаласы. Ресми тілі ? испан тілі, сонымен қатар ағылшын және итальян тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі ? архентино. Қазақстан Республикасы мен Аргентина арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы маусымның 25-де орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР79 жыл бұрын (1930) «Жоғарғы Марианна» көмір қабаты бойынша бірінші Қарағанды шахтасының құрылысы басталды. 79 жыл бұрын (1930) Қарағандыда Үгіт және мәдени жұмыстар жөніндегі жылжымалы театр (қазіргі К.С.Станиславский атындағы драма театры) ашылды. 17 жыл бұрын (1992) Елбасы Н.Назарбаевтың және министрліктер мен ведомствалар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы форумы өтті.17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Түркі мәдениеті және өнері мәселелері жөніндегі біріккен комитетке кірді. 9 жыл бұрын (2000) Мәскеу үкіметі мен Астана әкімшілігі экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени шараларға байланысты келісімге қол қойды.ЕСІМДЕР90 жыл бұрын (1914-1990) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері АБДУЛЛИН Вахит Абдуллаұлы дүниеге келді. Қарағанды облысында туған. Мәскеу қаржы-экономика институтын бітірген. Қазақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ғалымның ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты қой шаруашылығын индустриялық негізге көшіру жағдайында өндірісті, еңбекті және технологияны ұйымдастырудың озық формаларын ғылыми тұрғыда негіздеуге арналған. «Жауынгерлік Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.60 жыл бұрын (1949) техника ғылымының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттану академиясының академигі ОСПАНОВА Айман Оспанқызы дүниеге келді. Шымкент қаласында туған. Қазақ химия-технологиялық институтын, Мәскеу химия машина жасау институтының аспирантурасын бітірген. 1976-1984 жылдары ? Қазақ химия-технология институтының оқытушысы, аға оқытушысы, технологиялық процестерді автоматтандыру кафедрасының меңгерушісі, доценті. 1997-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2002 жылдан компьютерлік жүйелер мен желілерді бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету кафедрасының профессоры. А.Оспанованың 60-тан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 2 монографиясы жарық көрген. 55 жыл бұрын (1954) жазушы, сыншы САДЫР Берік дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын орта мектептің мұғалімі болып бастаған. «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті» газеттерінің аға тілшісі, «Ара-Шмель» журналының техникалық редакторы, фельетоншысы, «Ұлан» газетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. Қазір «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі болып істейді. Қаламгердің тұңғыш сатиралық кітабы «Не десем екен?» деген атпен 1987 жылы жарық көрген. Оның «Арман қанатында», «Кеш жарық», «О несі-ай», «Қосымша ми» әзіл әңгімелер кітабы, «Бірде...», «Күлкі әлемінің күлкісі» аударма кітапшалары басылып шыққан.55 жыл бұрын (1954) Атырау бизнес және құқық колледжінің директоры, Іскер әйелдер қауымдастығы Атырау филиалының төрайымы, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Минералдық ресурстар академиясының академигі ӘЙТИЕВА Нұрлы Телманқызы дүниеге келді. Атырау қаласында туған. Қазақ политехникалық институтын бітірген. Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының инженері, аға инженері, кіші, аға ғылыми қызметкері зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1986-1993 жылдары ? Қазақ политехникалық институты Атырау филиалының оқытушысы, аға оқытушысы, директордың орынбасары. 1993-2002 жылдары ? Атырау мұнай және газ институтының проректоры, мұнай және газ геологиясы кафедрасының меңгерушісі. 1998-2003 жылдары ? Қазақ экономика және құқық институты Атырау филиалының директоры. Қазіргі қызметінде 2003 жылдан бастап істейді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. МАУСЫМНЫҢ 21-І, ЖЕКСЕНБІМедицина қызметкері күні. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы қарашаның 15-індегі Жарлығына сәйкес жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.Жазғы күн тоқырауы. Дәл осы күні Солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн болса, Оңтүстік жарты шарда ең қысқа күн болады.Канаданың байырғы тұрғындарының күні. 1996 жылғы маусымның 13-де Канаданың генерал-губернаторы Ромо Ле Блан маусымның 21-ін байырғы тұрғындар күні деп жариялады.Музыка мерекесі. Францияда, ең алғаш рет 1982 жылы маусымның 21-нен 22-не қараған түні музыка мерекесі өтті. Бұл күні барлық кәсіпқой музыканттар мен музыка өнеріне енді араласып жүргендер жиналып, Францияның барлық қалаларында қайырымдылық концерттерін өткізеді. Қазір Музыка мерекесі халықаралық мәртебеге ие және маусымның 21-де 5 құрлықтағы 100 мемлекетте атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР91 жыл бұрын (1918) қазіргі Алматы облыстық «Жетісу» газетінің алғашқы саны жарық көрді.15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті қаулысымен Ақмола, Атырау, Павлодар, Талдықорған облыстарында аймақтық университеттер құрылды.13 жыл бұрын (1996) Оңтүстік Кореяда Абайдың қара сөздері корей тілінде кітап болып басылып шықты.12 жыл бұрын (1997) Будапештте венгр тілінде шыққан Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабының тұсаукесері өткізілді. Оның алғы сөзін Венгрия Президенті Арпад Генц жазған.8 жыл бұрын (2001) Қостанай қаласындағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесіне Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып Дулатовтың есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатылды.3 жыл бұрын (2006) Ақтөбе облыстық мәслихатының 25-ші сессиясында «Ақтөбе облысына еңбек сіңірген қайраткер» атағы бекітілді. Арнайы комиссияның шешімі бойынша бұл атақ жыл сайын Ақтөбе облысының дамуына айтулы үлес қосқан үш ақтөбелікке тағайындалады. Бұл атаққа жұртшылық өкілдерінің, үкіметтік ұйым өкілдерінің, т.б. кандидатуралары ұсынылады. Құрметті атаққа лайықты кандидаттардың алғашқылары - Ресей батыры, ұшқыш-ғарышкер, ақтөбелік Юрий Лончаков, еңбек сіңірген қайраткер, ардагер Сапар Сағынтаев және неміс ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Вальтер Мемле деп танылды.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері БАЙТЕНОВ Мәжит Садықұлы дүниеге келді. Алматы көркемсурет училищесін, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Ол бірқатар халықаралық, бүкілодақтық, республикалық көрмелерге қатысқан. Оның туындылары Ә.Қастеев атындағы, Ж.Шарденов атындағы көркемсурет мұражайларында, Астанадағы, Қарағандыдағы, Павлодардағы Мәдениет министрлігінің көрме дирекциясында сақтаулы. М.Байтенов тарихты, түркі халқының салт-дәстүрінен хабардарлығының арқасында өзінің туындыларында сол деректерді кеңінен қолданады. Мысалы, оның көптеген картиналарында Тамғалы тастағы бұқаның суреті салынған. Сондай-ақ қылқалам шебері ауыл тақырыбында жиі қозғайды. Алайда оның шығармашылығының бір ерекшелігі ол өз кескіндемелерін авангардтық, абстрактілі стильде салады.55 жыл бұрын (1954) Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының ректоры, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ Ілияс Райханұлы дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. Алматы мемлекеттік медицина институтын, КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Трансплантология және жасанды органдар ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын, КСРО Медицина ғылымдары академиясы А.Вишневский атындағы Хирургия институтының докторантурасын бітірген. 1988-2001 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының курс жетекшісі, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2001 жылдан бастап істейді. Ғалымның 150-ден астам ғылыми жарияланымы, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрген.