ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 24-і мен 28-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 24-і мен 28-і аралығындағы   оқиғалардың күнтізбесі

 ҮКІМЕТ

Маусымның 24-інде ҚР Сыртқы істер министрлігінде Марат Тәжин Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарымен кездесу өткізеді.

Маусымның 24-інде   ҚР Сыртқы істер министрлігінде Марат Тәжин Дания сыртқы істер министрімен кездесу өткізеді.

Маусымның 24-інде  Шет елдерде тұратын отандастарымыздың ісі жөніндегі ҚР Үкіметі жанындағы комиссияның отырысы өтеді.

ПАРЛАМЕНТ

Маусымның 24-інде   ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы өтеді.

Маусымның 24-інде   ҚР Парламентінің Сенатында «Өңір» депутаттық тобының кеңейтілген отырысы өтеді.

ҚОҒАМ

 Маусымның 24-інде   «Дамыту, тұрақтандыру және қауіпсіздік мүддесі үшін әлеуметтік-еңбек және көші-қон саласында аймақтық және мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту» деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді.

 Маусымның 24-і мен 25-інде Еуро-атлантикалық әріптестік  кеңесінің ІІІ Қауіпсіздік форумы өтеді.

Маусымның 24-інде ТМД елдері халықтарын еңбектік, көші-қон және әлеуметтік қорғау бойынша консультативтік кеңесінің ХХII отырысы ашылады.

СПОРТ

Маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында Ыстықкөлдің жағасында Шолпанатада өтетін  халықаралық шахмат фестиваліне Астана, Алматы, Қарағанды және республиканың басқа да қалаларынан қазақстандық шахматшылардың үлкен тобы қатыспақ.

Маусымның 17-24-і күндері Дубайда волейболдан ерлер арасында клубтық Азия чемпионаты өтеді. Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бұл дүбірлі додаға биыл 14 команда қатыспақ. Онда ел намысын XVII Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Алматының «Алматы» клубы қорғамақ.

Маусымның 24-інде Алматыда  Республика сарайында бильярдтан Азия чемпионатына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Маусымның 24-інде   Республика сарайында бильярдтан Азия чемпионаты басталады.

ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ

Маусымның 10-ы мен 26-сы аралығында «In search of Kazakhstan» бағдарламасы аясында Нидерландыдан келген волонтерлер тобы Алматыда болады. Нидерландылық волонтерлер «Code-X International» халықаралық бағдарламаны ұсынады.

Ұйымдастырушылар: «Komanda SOS» волонтерлер үйлестіруші оталығы және «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы.

Маусымның 23-і мен 25-і аралығында
Лондон мэрі Сити Иан Дэвид Лудердің Қазақстанға сапары болады.

Маусымның 25-26-сында Польшаның Замость қаласында «Шығыс-Батыс» атты Қазақстан-Польша кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтеді.

АСТАНА

Маусымның 24-інде «ҚазАқпарат» ҰҚ» АҚ-ның баспасөз орталығында «Кадрларды өсіреміз» әлеуметтік жобасының қорытындылары» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді.

Маусымның 24-інде «Астанателеком» ҚТО-да «Астанателеком» ҚТО клиенттерге қызмет көрсетуді арттырады» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз мәслихатынан кейін баспасөз-туры ұйымдастырылады.

Маусымның 24-інде сағат Қаржы полициясының апта сайынғы брифингі өтеді.

АЛМАТЫ

Маусымның 24-інде «Инвестициялық мәдениет пен қаржылық сауаттылықты арттыру» деген тақырыпта семинар өтеді.

Маусымның 24-інде №173 физика-математика мектебінде «Әуезов ауданының білім беру ұйымдары қызметтерінің қорытындысы» деген тақырыпта кеңес өтеді.

Маусымның 24-інде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде НАТО-ның «Ғылым - бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін» бағдарламасының ақпараттық күні өтеді.

Маусымның 24-інде «Нұр Отан» ХДП кеңсесінде «Ашық есік күні» акциясы өтеді.

Маусымның 24-інде Балаларды қорғау департаментінде «Қамқорлыққа алған отбасылардың өзара көмек клубының отырысы» өтеді.

Маусымның 24-інде синагогада Раввинмен сұхбат өтеді.

Маусымның 24-інде «Интерфакс» баспасөз-орталығында Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күніне орай баспасөз мәслихаты өтеді.

Маусымның 24-інде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректорымен сұбат өтеді.

Маусымның 24-де АҚШ, Еуропа, сондай-ақ ТМД елдерінің  30-ға жуық  ғалымдарының қатысуымен «Ғылым бейбітшілік және қауіпсіздік үшін» атты НАТО бағдарламасының Ақпараттық күні өтеді.

--------------------------------------------------------------------------------------------------

АТАУЛЫ КҮНДЕР.  ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР.

 МАУСЫМНЫҢ 24-І, СӘРСЕНБІ

 ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

 71 жыл бұрын (1938) 1937 жылы наурыздың 26-ында қабылданған Қазақ КСР Конституциясына сәйкес алғаш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайланды. Кеңес мемлекеттік биліктің ең жоғары органы болып табылып, республикаға қатысты кез-келген мәселені шешуге және өз қарауына алуға өкілетті болды. 1995 жылы тамыздың 30-ында жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасының Парламенті бекітілді.

 17 жыл бұрын (1992) Түркістан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды.

 9 жыл бұрын (2000) Алматыда Қазақстан Республикасы жоғары діни басқармасының  үшінші құрылтайы болып, онда бас мүфти қызметіне белгілі шығыстанушы, филология ғылымының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлиев сайланды.

 ЕСІМДЕР

 110 жыл бұрын (1899-1968) геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері АВРОВ Петр Яковлевич дүниеге келді.

Жамбыл облысының Мерке ауданында туған.  Ленинград (Санкт-Петербор) тау-кен институтын бітірген. 1928-1932 жылдары - Геологиялық барлау партиясының бастығы, цех бастығы. 1932-1942 жылдары - «Ембімұнай» геологиялық барлау тресінің бас геологы. 1942-1956 жылдары - «Қазмұнайбарлау» тресінің бас геологы. 1956-1959 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. 1959-1968 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Қ.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институтының сектор меңгерушісі қызметін атқарған.

П.Авров Каспий маңы ойпатының геологиясын, мұнай мен газ қорларын зерттеді. Атырау облысындағы Қосшағыл, Құлсары, Қошқар, Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ, Бозой мұнай-газ кендерін ашуға қатысты. Негізгі ғылыми еңбектері мұнай және газ геологиясы мен кендерді іздестіру-барлау әдістеріне арналған.

«Ленин» орденімен және медальдармен марапатталған.

 85 жыл бұрын (1924) ақын, жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері СКАЛКОВСКИЙ Леонид Васильевич дүниеге келді.

Ресейдің Алтай өлкесінде туған. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген. «Казахстанская правда» газетінің әдеби қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі, «Простор» журналы поэзия бөлімінің редакторы, «Қазақстан» баспасы бас редакторының орынбасары, республикалық радио хабарының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

Қаламгер көркем аударма саласында көптеген қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліне тәржімалаған. Бірнеше жинақтың авторы.

«Александр Невский» орденімен, «Берлинді алғаш алу», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», тағы басқа медальдармен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

65 жыл бұрын (1944) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі ДОСКАЛОВ Валерий Алексеевич дүниеге келді.

Ресейде туған. Шымкент политехникалық техникумын және Қазақ политехникалық институтын сырттай оқып бітірген. 1971-1991 жылдары - Зырян кенішінің шебері, Зырян қорғасын комбинаты электрмен жабдықтау бөлімшесінің бастығы, техникалық қадағалау инженері, зертхана бастығы, бөлім бастығы, комбинат директорының орынбасары. 1991-1992 жылдары - Зырян қалалық кеңесінің төрағасы. 1992-2003 жылдары - Зырян қалалық әкімдігінің басшысы, әкімі. 2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі   Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры. 2004-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 4-ші шақырылымына қайта сайланған.

Медальмен марапатталған.