ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 25-і мен 28-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ҮКІМЕТ
Маусымның 25-інде Төтенше жағдайларды жою жөніндегі Ведомствааралық мемлекеттік комиссиясының отырысы өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
Маусымның 25-інде ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы өтеді.
ҚОҒАМ
Маусымның 24-і мен 25-інде Еуро-атлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ Қауіпсіздік форумы өтеді.
Маусымның 25-інде Тәуелсіздік сарайында Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесі Форумының пленарлық отырысы өтеді.
Маусымның 25-інде Рэдиссон қонақүйінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық Комитетінің жанындағы Әлеуметтік саясат жөніндегі кеңесінің бірлескен отырысы өтеді.
Маусымның 25-інде «Нұр Отан» ХДП жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтеді.
Маусымның 25-інде «Абай» қонақүйінің конференц-залында «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерге жаһандық экономикалық дағдарыстың әсері» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтеді.
Маусымның 25-інде Ұлттық академиялық кітапханада «Астананың мәдени мәтіні» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Маусымның 25-інде «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Партиялық бақылау комиссиясының отырысын өткізеді.
Маусымның 25-інде Алматыда Ана мен бала институтында «Репродуктология және перинатология» деген тақырыпта ғылыми-конференция өтеді.
Маусымның 25-інде Алматы облысының Шамалған ауылында ҚР Президентінің туған жері туралы фотокөрме ұйымдастырылады.
Маусымның 25-інде Алматыдағы «Интерфакс» баспасөз орталығында «Еуразия» сақтандыру компаниясы баспасөз мәслихатын өткізеді.
Маусымның 25-інде Таразда «Қазақстан - ата жұртым, қасиетім - ана тілім» атты қазақ тілінен мектеп оқушыларының VІ халықаралық олимпиадасы өтеді.
СПОРТ
Маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында Ыстықкөлдің жағасында Шолпанатада өтетін халықаралық шахмат фестиваліне Астана, Алматы, Қарағанды және республиканың басқа да қалаларынан қазақстандық шахматшылардың үлкен тобы қатыспақ.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Маусымның 10-ы мен 26-сы аралығында «In search of Kazakhstan» бағдарламасы аясында Нидерландыдан келген волонтерлер тобы Алматыда болады. Нидерландылық волонтерлер «Code-X International» халықаралық бағдарламаны ұсынады.
Ұйымдастырушылар: «Komanda SOS» волонтерлер үйлестіруші оталығы және «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы.
Маусымның 23-і мен 25-і аралығында Лондон мэрі Сити Иан Дэвид Лудердің Қазақстанға сапары болады.
Маусымның 25-26-сында Польшаның Замость қаласында «Шығыс-Батыс» атты Қазақстан-Польша кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтеді.
Маусымның 25-інде Астанадағы Рэдиссон қонақүйінде «ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер халықтарының еңбек, көші-қон және әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің» отырысы өтеді.
Маусымның 25-інде Алматыда Оңтүстік Корея және Қазақстан бизнесмендерінің бизнес-кездесуі өтеді.
Маусымның 25-інде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Кореялық электронды технологиялар институтымен Меморандумға қол қойылады.
АСТАНА
Маусымның 25-інде «Бәйтерек» халықаралық медиа-орталығында Астана қаласының әкімі И.Тасмағамбетовтың қатысуымен Астана күнін тойлау мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.
Маусымның 25-інде Журналистер үйінде «Орыстілді басылымдардағы қазақ тілі туралы үздік жарияланымдарға арналған конкурстың қорытындысы» туралы баспасөз мәслихаты өтеді.
АЛМАТЫ
Маусымның 25-інде Алмалы ауданы әкімдігі әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан балалар үшін қала бойынша саяхат ұйымдастырады.
Маусымның 25-інде «Интерконтиненталь» қонақүйінде Қазақстан бизнес-лидерлері клубының форумы өтеді.
Маусымның 25-інде қала әкімдігінде «Этномәдениет бірлестіктердің рөлі» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтеді.
Маусымның 25-інде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінде Студенттік құрылыс жасақтарының мерейтойлық маусымы ашылады.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР.
МАУСЫМНЫҢ 25-І, БЕЙСЕНБІ
Мозамбик Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1975). Мозамбик Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Малави, Замбия, Зимбабвемен, оңтүстігінде Свазиленд және Оңтүстік Африка Республикасымен, шығысында Үнді теңізімен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Астанасы - Мапуту қаласы. Ресми тілі - португал тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі - метикал. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы - Үкімет.
Словения Республикасының Ұлттық мейрамы - Словен мемлекеттілігінің күні (1991). 16 жыл бұрын ел парламенті Скупщина Словения Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін жариялайтын Декларация қабылдады.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
93 жыл бұрын (1916) орыс патшасының майдандағы қара жұмысқа Қазақ және Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы шықты. Бұл жарлық қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына түрткі болды. Жалпы майдан тылындағы қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам шақырылған. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды.
75 жыл бұрын (1934) академик Ахмет Жұбановтың ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. Ахмет Жұбановтан кейін ұжымды қырық жылға жуық КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері, профессор Қажығалиев Шамғон Сағитдинұлы басқарды. Оркестр көптеген халықаралық, республикалық форумдарға, фестивальдерге, конкурстарға қатысқан. Оған 1967 жылы «Республиканың еңбек сіңірген ұжымы», 1978 жылы «академиялық» құрметті атақтары берілсе, 1984 жылы қарашаның 29-да ол «Халықтар достығы» орденімен марапатталған. Оркестр көптеген шет елдерде: Польша, Румыния, Венгрия, Германия, Франция, Швеция, Португалия, Дания, Үндістан, Қытайда өнер көрсеткен.
18 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР-нің «Қазақ КСР Министрлер Кабинеті туралы» Заңы қабылданды. Заңға сәйкес Министрлер Кабинетінің мәртебесі, құрылуы мен құрамы, сондай-ақ негізгі міндеттері мен өкілеттілігі анықталды. 1995 жылы тамыздың 30-ында жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілді.
13 жыл бұрын (1996) Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне жазушы Мұхтар Әуезов есімі берілді.
10 жыл бұрын (1999) Алматыдағы Ғалымдар үйінде 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының алғашқы томының тұсаукесер рәсімі өтті.
10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тұңғыш директоры Ораз Жандосовтың 100 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті.
40 жыл бұрын (1969) «Машина времени» тобы құрылды.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1924) соғыс және еңбек ардагері, Кеңес Одағының Батыры ИСЕТОВ Расул дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында туған. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына алынып, 138-ші атқыштар дивизиясының бөлімше командирі болды. 1944 жылы қазанның 11-інде оның бөлімшесі жау бекінісіне басып кіріп, дұшпанның 50 солдаты мен офицерінің көзін жойып, қару-жарақтарын, оқ-дәрі қоймасын қолға түсірді. Осы ерлігі үшін батыр атағына ұсынылды. Соғыстан кейінгі жылдар Түркістан қаласында қызмет етті.
1-2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
70 жыл бұрын (1939) экономика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп ғылым академиясының, Инженерлік академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Өскемен қаласының құрметті азаматы БАТАЛОВ Юрий Васильевич дүниеге келді.
Семей қаласында туған. Семей ауыл шаруашылығы техникумын, Өскемен құрылыс-жол институтын, Мәскеу басқару институтының аспирантурасын бітірген. 1978-2000 жылдары - Өскемен құрылыс-жол институтының аға оқытушысы, деканы, проректоры, ректоры. 2000-2006 жылдары - Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ректоры, бірінші проректоры, проректоры. 2006 жылдан бастап аталған университеттің кафедра меңгерушісі болып істейді.
Ғалымның 80-нен астам ғылыми жұмысы мен оқу-әдістемелік ұсынысы бар.
Медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
100 жыл бұрын (1904-1985) әйгілі сынақшы-ұшқыш, авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры КОККИНАКИ Владимир Константинович дүниеге келді.
Ол 1939 жылы Мәскеуден АҚШ-қа дейін аялдамасыз ұшып өткен. Авиация саласында 22 әлемдік рекорд жасаған. 40-тан астам әртүрлі ұшақтарды (оның ішінде ИЛ-2, ИЛ-62) сынақтан өткізген. 1961 жылдан Халықаралық авиация федерациясының вице-президенті, президенті, құрметті президенті болған. Оның есімі Алматы қаласының бір көшесіне берілген.