ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 26-сы мен 28-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ҮКІМЕТ
Маусымның 26-сында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде журналистерді марапаттау өтеді.
ҚОҒАМ
Маусымның 26-сында Тәуелсіздік сарайында «Роуз-Рот» семинары өтеді.
Маусымның 26-сында Отан қорғаушылар алаңында Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне арналған акция өтеді.
Маусымның 26-сында Астанада Журналистер үйінде ҚР Журналистер одағының құрылғанына 50 жыл толуына орай БАҚ қызметкерлерін марапаттау өтеді.
Маусымның 26-сында Алматыдағы «Нұр Отан» ХДП кеңсесінде ардагерлер ұйымының тұңғыш республикалық форумын өткізуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
СПОРТ
Маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында Ыстықкөлдің жағасында Шолпанатада өтетін халықаралық шахмат фестиваліне Астана, Алматы, Қарағанды және республиканың басқа да қалаларынан қазақстандық шахматшылардың үлкен тобы қатыспақ.
Маусымның 26-сы мен 28-і аралығында қазақстандық үстел үсті теннисшілері Қырғызстанның астанасында өтетін халықаралық турнирге қатысады.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Маусымның 10-ы мен 26-сы аралығында «In search of Kazakhstan» бағдарламасы аясында Нидерландыдан келген волонтерлер тобы Алматыда болады. Нидерландылық волонтерлер «Code-X International» халықаралық бағдарламаны ұсынады.
Ұйымдастырушылар: «Komanda SOS» волонтерлер үйлестіруші оталығы және «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалы.
Маусымның 25-26-сында Польшаның Замость қаласында «Шығыс-Батыс» атты Қазақстан-Польша кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтеді.
АСТАНА
Маусымның 26-сында Астана қалалық ішкі істер департаментінде Полицияның қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.
Маусымның 26-сында Н.Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласының санитарлық-қорғаныс жасыл аймағын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өтеді.
Маусымның 26-сында Қазіргі заман өнері мұражайында Астана Күніне орай суретші А.Сәрсенбековтың көрмесі ашылады.
АЛМАТЫ
Маусымның 26-сында қала құрылыс нысандары бойынша баспасөз-туры өтеді.
Маусымның 26-сында Республика Сарайы алдындағы алаңда «Біз есірткіге қарсымыз! Біздер салауатты өмір үшін!» атты жастар шеруі өтеді.
Маусымның 26-сында «Рахат Палас» қонқүйінде «Қазақстандағы бизнес-ахуалды жақсарту бойынша реформа» конференциясы өтеді.
Маусымның 26-сында Қазақстан баспасөз клубында Қазақстандағы ЕМС корпорациясы өкілдігінің ресми ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Маусымның 26-сында «Алтын дән» дәмханасында журналистер күнімен құттықтау өтеді.
Маусымның 26-сында «Эйфория» түнгі клубында «Ұлытау» клубымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Маусымның 26-сында «Star Cinema Mega» орталығының vip-залында «Алыстан жеткен хат» отандық фильмінің таныстырылымы өтеді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР.
МАУСЫМНЫҢ 26-ы, ЖҰМА
Мадагаскар Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Бұл ел Үнді мұхитындағы Мадагаскар мен оған жақын ұсақ аралдарда орналасқан. Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді. Астанасы - Антананариву қаласы. Ресми тілдері малагасий және француз тілдері. Ақша бірлігі - малагасий франкі. 1993 жылы қабылданған Конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Ұлттық жиналыс пен Сенат.
Қазақстан Республикасы мен Мадагаскар Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 10-да орнатылды.
Нашақорлық және есірткінің заңсыз айналымымен күрестің халықаралық күні. Нашақорлыққа қарсы күрестің он жылдығы аясында, 1987 жылы қабылданған БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша өткізіліп келеді.
Өткен жылы Қазақстанда нашақорлыққа байланысты 9 мыңнан астам қылмыс тіркеліп, 20 тоннадан астам есірткі айналымнан алынған. Жалпы өткен жылы сондай-ақ есірткіні мөлшерден артық қолданған 211 адамның көз жұмғаны да анықталып отыр. Қазақстанда нашақорлық дертіне шалдыққан 52 мыңнан астам адамның 60 пайызы 30 жасқа дейінгі азаматтардан тұрады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының азаптау құрбандарына қолдау көрсетудің халықаралық күні. 1997 жылғы маусымның 26-да азаптау және басқа да адамшылыққа жат жазалау түрлеріне қарсы Конвенция күшіне енді.
Оңтүстік Африканың бостандық үшін күрес күні.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының Халықаралық қаржы қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына және Халықаралық даму ассоциациясына мүшелігі туралы заң қабылданды.
17 жыл бұрын (1992) «Қазақстан» газетінің ағылшын тіліндегі бірінші саны жарық көрді. Бас редакторы - Нұрмахан Оразбеков.
13 жыл бұрын (1996) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты Әнуар Әлімжановтың Алматы қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды.
13 жыл бұрын (1996) Тегранда Иран радиосының Қазақ редакциясы ресми түрде жұмыс істей бастады.
11 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «ҚР Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңға қол қойды.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1924) геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы ДАЛЬЯН Иван Борисович дүниеге келді.
Украинада туған. А.Горький атындағы Пермь мемлекеттік университетін бітірген. 1953 жылдан «Ақтөбе мұнай-газ геология» бірлестігі Ақтөбе мұнай мен газ геологиялық барлау экспедициясының бөлім бастығы болып істеген. 1964 жылдан «Ақтөбе мұнай барлау» тресінің бөлім бастығы, «Дүние» университетінің кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері мұнай мен газ геологиясы, каспий маңы ойысының мұнайлылығы мен газдылығына арналған. Ол Ақжар, Жаңажол, Кеңқияқ, Бозой, Қожасай газ кендерін ашушылардың бірі. И.Дальянның 230-дан астам ғылыми еңбегі, оның ішінде 4 монографиясы жарық көрген.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
75 жыл бұрын (1934) милиция генерал-майоры, ішкі істер саласының еңбек сіңірген қызметкері ИСАБАЕВ Әбдіқайым Нұрқаұлы дүниеге келді.
Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Қазақ политехникалық институтын, КСРО Ішкі істер министрлігі академиясын бітірген. 1960-1985 жылдары - Алматы облыстық ішкі істер басқармасында, облыстық еңбекпен тәрбиелеу мекемесінде жауапты қызметтер атқарған. 1985-1989 жылдары - Семей облыстық ішкі істер басқармасының бастығы. 1989-1992 жылдары Қазақ КСР Ішкі істер министрінің орынбасары болған. 1992 жылы зейнет демалысына шыққан.
«Қызыл Жұлдыз» орденімен, медальдармен марапатталған.
40 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы ӘШІМБЕТОВ Нұржан Кемерұлы дүниеге келді.
Павлодар облысында туған. Алматы мал дәрігерлік институтын, Алматы экономика және статистика институтын бітірген. 1993-1995 жылдары - Павлодар мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитетінің маманы, бас маманы. 1995-1996 жылдары - «Carana» корпорациясының консультанты. 1996-1997 жылдары - «Remek» консалтингтік фирмасының директоры. 1998-1999 жылдар - «Кемер» агрофирмасының директоры. 1999-2001 жылдары - Павлодар облысының Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары. 2001-2006 жылдары - Павлодар облысы Лебяжі ауданының әкімі. 2006 жылдан бастап Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің директоры болған.
185 жыл бұрын (1824-1907) ағылшынның аса көрнекті физигі, термодинамиканың негізін қалаушылардың бірі ТОМСОН Уильям дүниеге келді.
Ол 1892 жылы ғылымға сіңірген еңбегі үшін лорд Кельвин лауазымына ие болды.