ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 30-ы мен шілденің 5-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ПРЕЗИДЕНТ
Маусымның 30-ында Ақордада Қазақстан Республикасының және Израиль Мемлекетінің президенттерінің кездесуі өтеді.
ПАРЛАМЕНТ
Маусымның 30-ында ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
ҮКІМЕТ
Маусымның 30-ында Үкімет отырысы өтеді.
ҚОҒАМ
Маусымның 30-ында «Интерконтиненталь» қонқүйінің «Абай-2» залында «ЕҚЫҰ Жерорта теңізі мемлекеттері әріптестігімен ынтымақтастық тобы аясындағы төзімділік» деген тақырыпта семинар өтеді.
Маусымның 30-ында Тұңғыш Президент мұражайында «Балалар ертегіні бейнелейді» деген тақырыпта көрме ашылады.
Маусымның 30-ында Президенттік мәдениет орталығында «Елбасы және Елорда» атты көрме ашылады.
Маусымның 30-ында Алматыдағы Қазақстан баспасөз клубында «Жатыр мойыны рагының және сүт бездері рагының бастапқы диагностикасының проблемалары» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді.
Маусымның 30-ында Алматыдағы «Интерконтиненталь-Анкара» қонқүйінің «Астана» залында «Қазақстандағы сот-құқықтық реформасын одан әрі дамытудың перспективасы» деген тақырыпта баспасөз мәслихаты өтеді.
СПОРТ
Маусымның 20-сы мен 30-ы аралығында Ыстықкөлдің жағасында Шолпанатада өтетін халықаралық шахмат фестиваліне Астана, Алматы, Қарағанды және республиканың басқа да қалаларынан қазақстандық шахматшылардың үлкен тобы қатыспақ.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Маусымның маусымның 29-ы мен 30-ы аралығында ЕҚЫҰ әріптес-елдердің Жерорта теңізі топтары аясында төзімділік және гуманитарлық өлшемдер бойынша семинар өтеді.
Маусымның 30-ында «Думан» қонқүйінде ТМД елдері ақпараттық кеңесі IX отырысының қорытындылары өткізіледі.
Маусымның 30-ында Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының VIII отырысы өтеді.
Маусымның 30-ында «Президент-Отель Риксос» қонқүйінің «Жерұйық» залында Қазақстан Республикасының және Израиль Мемлекетінің президенттерінің қатысуымен Қазақстан-израиль бизнес-форумы өтеді. Израиль Мемлекеті президентінің Израиль және ҚР іскер топтарының өкілдерімен кездесуі өтеді.
АСТАНА
Маусымның 30-ында Астана қаласының әкімдігінде 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша Мемлекеттік комиссияның 1-ші отырысы өтеді.
Маусымның 30-ында «Пекин-Палас» қонқүйінің «Ұлы қорған» залында «Қазақстан Республикасындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған бірыңғай біріктірілген ақпараттық жүйе құру» деген тақырыпта брифинг өтеді.
Маусымның 30-ында Астана қалалық ішкі істер департаментінің күн сайынғы брифингі өтеді.
АЛМАТЫ
Маусымның 30-ында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде Н.Т.Данаевпен сұхбат өткізіледі.
Маусымның 30-ында Д.Қонаев атындағы университетте «Қазақстан Республикасындағы сайлау құқығы» деп аталатын оқу құралының таныстырылымы өтеді.
Маусымның 30-ында Қазақстан-британ техникалық университетінде «KAZENERGY-2009» білім беру бағдарламасының стипендиаттары-түлектерінің слеті өтеді.
--------------------------------------------------------------------------------------------------
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР.
МАУСЫМНЫҢ 30-ы, СЕЙСЕНБІ
Конго Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Конго Орталық Африкада орналасқан. Батысында және солтүстік-батысында Конго Республикасымен, солтүстігінде Орталық Африка Республикасымен, солтүстік-шығысында Суданмен, шығысында Уганда, Руанда, Бурунди, Танзаниямен, оңтүстігінде Замбиямен, оңтүстік-батысында Анголамен шектеседі. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Елде 200-ден астам этникалық топтардың өкілдері тұрады. Астанасы - Киншаса қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - конго франкі.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
90 жыл бұрын (1919) Өскемен түрмесіндегі саяси тұтқындар колчакшыларға қарсы көтеріліс ұйымдастырды.
26 жыл бұрын (1983) Қазақ КСР-нің Тұрғын үй кодексі қабылданды.
ЕСІМДЕР
90 жыл бұрын (1919) ветеринария ғылымының докторы, профессор НОВАК Дмитрий Драгутинович дүниеге келді.
Алматы облысында туған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген. 1970-1986 жылдары Қазақ мал дәрігерлік ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, ғылыми консультанты қызметтерін атқарған.
Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері эпизоотология мәселелеріне арналған. Ол Қазақстанда мал туберкулезінің эпизоотологиясын, осы ауруды емдеу, анықтау, одан сақтану мәселелерімен шұғылданды.
1-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.
60 жыл бұрын (1949) Қазақстан Композиторлар одағы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры, композитор, халықаралық, республикалық, облыстық байқаулардың лауреаты ІЗТАЙ Тұрдықылыш дүниеге келді.
Түркіменстанның Тахтабазар ауданында туған. Шымкент музыка училищесін, Құрманғазы атындағы консерваторияны, Ленинградтағы Н.Крупская атындағы мәдениет институтының аспирантурасын бітірген. 1973-1994 жылдары - әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтының халық аспаптар кафедрасының доценті. 1994 жылдан Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі, халық аспаптар оркестрінің дирижері қызметтерін атқарған.
Ол жиырмадан астам ғылыми және оқу әдістемелік жұмыстарының авторы. Әндері жеке альбом болып «Махаббат - өмір» деген атпен жарық көрді. Т.Ізтай облыстық мәслихаттың грамотасымен марапатталып, облыс әкімі белгілеген «2000 жылдың ең үздік композиторы» атағын алған.
60 жыл бұрын (1949) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ Ханбибі дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында туған. Еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастаған. 1971-1976 жылдары - Сарыағаш аудандық «Қызыл Ту» газетінің қызметкері. 1976-1980 жылдары - Облыстық телерадио комитетінің редакторы. 1980-1987 жылдары - облыстық халық шығармашылығы орталығының бас маманы. 1987-2007 жылдары - Облыстық «Қайырымдылық» қорының төрайымы, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы, облыстық мәдениет басқармасының бастығы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Шымкенттегі саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры қызметін атқарады. «Қанат қақты», «Бұлтсыз аспан», «Жұлдызым», «Жангүлім», «Жан айқайы», «Махаббат мәңгілік», «Жыр кітабы», «Сыр кітабы», «Шындыққа қарай жүздім» атты прозалық кітаптардың авторы.
«Парасат» орденімен және «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.
55 жыл бұрын (1954) кинорежиссер, Қазақстан комсомолы сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ӘЗІМОВ Сергей Жұмабайұлы дүниеге келді.
Өзбекстан Республикасында туған. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері, Қазақстан Кинематографияшылар одағының хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1997-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Телерадио кешені бас директорының орынбасары, Алматы телеорталығының директоры. 2001-2002 жылдары - «Хабар» агенттігінің бас продюссері. 2002-2007 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясының бас директоры болған.
Ол «Шеңбер», «Ұлдар», «Мен Абайды әке деймін», «Қиянат», «Астана - жаңа ел ордасы», «Мүмкін емес ештеңе жоқ», «Бейтаныс Назарбаев», т.б. толық және қысқаметражды деректі фильмдерді қойып, кейбірінің сценарийін жазды.