ҚазАқпарат-Анонс: маусымның 5-і мен 7-сі аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

None
None
None
ҮКІМЕТМаусымның 5-інде Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күніне арналған жиналыс өтеді. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Маусымның 1-інен бастап тамыздың 15-іне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылданады. Құжаттарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Астана және Алматы қалаларында сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге қабылдайды. Ескерту: 2009 жылғы маусымның 1-і мен 30-ы аралығында Алматы қаласында тек өз бетімен ынта білдірген үміткерлердің құжаттары қабылданады. Пошта арқылы жіберілген құжаттар қабылданбайды.Ыстықкөлде Қырғызстанның «Ақ Жол», Ресей Федерациясының «Единая Россия» және Қазақстанның «Нұр Отан» партияларының жастар қанаттары өкілдерінің қатысуымен жастар форумы өтіп жатыр. Форум жұмысына мемлекеттік құрылымдар мен жеке секторларда жұмыс істейтін жас мамандар қатысуда. Форумға қатысушылар мемлекеттік қызмет, кәсіпкерлік салалары мен үкіметтік емес секторларға жастарды жұмысқа тарту мәселелері талқыланады. Маусымның 5-інде форумға қатысушылардың алдында Қырғыз Республикасының Президенті Құрманбек Бакиев сөз сөйлейді деп күтілуде. Халықаралық жастар форумының жұмысы маусымның 6-сына дейін созылады. СПОРТ Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2010 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі шеңберінде маусымның 7-сінде Алматыда - Англиямен, ал маусымның 10-ында Киевте - Украинамен кездеседі. Біздің команда Әлем біріншілігінің іріктеу кезеңі аясындағы бұған дейін бес кездесу өткізіп, соның біреуінде ғана жеңіске жетті, ал қалғандарында жеңіліп қалды. Осылайша, бес ойыннан кейін 3 ұпай жинаған олар өз тобындағы алты команданың ішінде бесінші орында келеді. Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) сәуірде жариялаған рейтингі бойынша Қазақстан 137-ші орында тұр. Англия болса 6-шы, Украина 22-ші орында. Іріктеу турнирі аясында жерлестеріміз бұл командалармен алғашқы айналымдағы ойындарын өткізіп қойған. Маусымның 7-16-ы күндері Қытайдың Жухай қаласында бокстан Азия чемпионаты өтеді. Дамир Буданбеков жаттықтыратын ел құрамасы соңғы оқу- жаттығу жиынын қазір Гуанжу қаласында өткізіп жатыр. Команда бастығы Қайрат Манашовтың айтуынша, бұл дүбірлі додаға қазақстандық боксшылар толық құрамда қатысады. Онда ел намысын қорғау - Біржан Жақыпов (48 кг), Олжас Сәттібаев (51 кг), Міржан Рақымжанов (54 кг), Мақсат Оспанов (57 кг), Ғани Жайлауов (60 кг), Омар Тәшенев (64 кг), Серік Сәпиев (69 кг), Әділбек Ниязымбетов (75кг), Данияр Елеусінов (81 кг), Василий Левит (91 кг) пен Иван Дычкоға (+91 кг) сеніп тапсырылып отыр.Маусымның 7-сінде футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында кезекті кездесуін өткізеді. Алматыда біздің команда Черногориямен ойнайды, АСТАНАМаусымның 5-інде «Думан» қонақүйінде KazEnergy үйлестіру кеңесінің мәжілісі өтеді. Маусымның 5-інде «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының кеңсесінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының тендерлер өткізудегі проблемалық мәселелері» тақырыбына арналған кеңес өтеді. Маусымның 5-інде Ресейдің Ғылым және мәдениет орталығында А.С.Пушкиннің 210 жылдығына арналған әдеби кеш өтеді. АЛМАТЫ Маусымның 5-інде Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінде Білім министрі Ж.Түймебаевтың қатысуымен Ұлттық біртұтас тест сынағы өтеді. Маусымның 5-інде әл-Фараби атындағы университетте «Түркі әлемі: мыңжылдық межесіндегі тілдің, тарих пен мәдениеттің ықпалдастығы» тақырыбына арналған халықаралық симпозиум өтеді. Маусымның 5-інде Қазақстан баспасөз клубында Қазақстан мен Англия ұлттық құрамаларының жанкүйерлер командаларының арасындағы жолдастық кездесуге арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Маусымның 5-інде «Интерконтиненталь» қонақүйінде Англия құрамасының бас жаттықтырушысы мен капитаны баспасөз мәслихатын өткізеді. Алматыда маусымның 5-і күні «Ғасырдан кейінгі қауышу: Қазақстан мен Венгрияның тарихи-мәдени байланыстары» деп аталатын фотокөрменің ашылу рәсімі өтеді. АЙМАҚТАЛДЫҚОРҒАНМаусымның 5-інде Талдықорғанда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде сөйлеген сөзінен туындайтын облыстық партия ұйымының міндеттерін жүзеге асыру мәселелері талқыланады. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР МАУСЫМ АЙЫНДА:55 жыл бұрын (1954) Рудный қаласында Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі құрылды. 1957 жылы Соколов, 1960 жылы Сарыбай кенішінің бірінші кезеңі іске қосылды. Оның құрамына Сарыбай, Қашар, Қоржыкөл ашық темір кеніштері мен Соколов жерасты кеніші кіреді.16 жыл бұрын (1993) Ақмолада Қазақстандағы екінші халықаралық телефон стансысының және 120 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салу бойынша «Дойче БундесТелеком» фирмасымен Қазақстан-неміс кәсіпорнын құру туралы келісім-шартқа қол қойылды. 14 жыл бұрын (1995) «АТФ банкі» акционерлік қоғамының негізі қаланды. Ол кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне «Алматы сауда-қаржы банкі» жабық акционерлік қоғамы деген атаумен тіркелген болатын. Қазіргі атауымен 2003 жылдан бастап қызмет істейді.6 жыл бұрын (2003) Тайландтың Чиагмай қаласында өткен Азиядағы ынтымақтастық диалогы Сыртқы істер министрлерінің 2-ші кеңесінде Қазақстан Республикасы Оман, Шри-Ланка және Куәйт мемлекеттерімен бірге аталған ұйымға мүше болып қабылданды. МАУСЫМНЫҢ 5-І, ЖҰМАБүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 1972 жылы бекітілген. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасын басшылыққа ала отырып өткізіледі.Дания Корольдігінің Ұлттық мейрамы ? Конституция күні. Дания Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан ең кішкентай мемлекет. Ютланд түбегінің біраз бөлігін, Зеландия, Фюн, Лолланн, Фальстер, Мен, Борнхльм, т.б. аралдарды алып жатыр. Бұған қоса елдің құрамына кіретін Гренландия мен Фарер аралдарының дербес автономиялық құқықтары бар. Оңтүстігінде Германиямен шектеседі. Шығысында Балтық, батысы мен солтүстігі Солтүстік теңізімен шайылады. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Астанасы ? Копенгаген. Мемлекеттік тілі ? дат тілі. Ақша бірлігі ? дат кронасы. Дания ? Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? Королева. Жоғарғы атқарушы органы ? Үкімет. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент ? Фолькетинг. Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 6-да орнатылды. Сейшель аралдары Республикасының Ұлттық мейрамы ? Азаттық күні (1977). Сейшель аралдары мемлекеті Мадагаскар аралының солтүстік-шығысында, Үнді мұхитындағы аралдарда орналасқан. Әкімшілік-аумақтық жағынан 23 округке бөлінеді. Астанасы ? Виктория қаласы. Ресми тілі ? креоль, ағылшын және француз тілдері. Ұлттық ақша бірлігі ? сейшель рупийі. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР71 жыл бұрын (1938) Әулиеата қаласына ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жамбыл ? Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ол әр жылдары Талас, Тараз, Әулиеата, Мирзоян деп аталған болатын. 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қалаға оның көне атауы Тараз қайта берілді.17 жыл бұрын (1992) Талдықорған облысы Қапал ауданының Қарашоқы мекенінде ақын Сара Тастанбекқызына ескерткіш ашылды.17 жыл бұрын (1992) «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы» Заң қабылданды.16 жыл бұрын (1993) Республикалық көркемөнер колледжі мен Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының осы саладағы факультеттері базасында Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы және Т.Жүргенов атындағы театр және кино институты құрылды. Жеті жылдан кейін жоғарыдағы екі институт қосылып, Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы болды. 2001 жылғы шілденің 5-де Президент жарлығымен академияға ұлттық мәртебе берілді. 11 жыл бұрын (1998) Астанада Қажымұқан атындағы Орталық стадионның ашылу рәсімі болды.10 жыл бұрын (1999) Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында Бәйдібек баба мен Домалақ ана, қасиетті Бес ана кесенесінің ашылу рәсімі өтті.9 жыл бұрын (2000) Алматыда жазушы Тахауи Ахтанов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.3 жыл бұрын (2006) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.ЕСІМДЕР80 жыл бұрын (1929) биология ғылымының докторы, профессор АЛЕШИН Иван Алексеевич дүниеге келді. Ол 1953 жылдан Түрікмен мемлекеттік медицина институты физиология кафедрасының ассистенті, доценті, профессоры болған. 1980 жылдан Ақтөбе мемлекеттік медицина институты дәрігерлік бақылау, емдік дене шынықтыру және физиотерапия кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері спортшылар физиологиясына арналған. И.Алешин электр-физиологиялық әдістермен асқазанның (қарынның) сөл бөлу, жиырылу қабілетін, жүйке жүйесін зерттеген. 50 жыл бұрын (1959) Атырау облысы әкімі аппаратының бөлім меңгерушісі ЛҰҚПАНОВ Сәден Сәкенұлы дүниеге келді. Атырау облысында туған. Атырау ауыл шаруашылығы техникумын, Алматы мал дәрігерлік институтын бітірген. Еңбек жолын кеңшардың мал дәрігері болып бастаған. 1995-2000 жылдары ? Махамбет аудандық әкімдігі басшысының орынбасары ? аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2000-2002 жылдары ? Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облыстық аумақтық басқармасының бастығы. 2002-2006 жылдары Атырау облысы Индер ауданының әкімі қызметін атқарған. Медальмен марапатталған. МАУСЫМНЫҢ 6-СЫ, СЕНБІШвецияның және Швеция Байрағының ұлттық күні. Швеция Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Скандинавия түбегінде оңтүстік, оңтүстік-батыстан солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай 1600 шақырымға, шығыстан батысқа 400 шақырымға созыла орналасқан. Батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстігі мен шығысы Балтық теңізі мен Ботния шығанағымен шайылады. Оңтүстік-батыс жағалауы Скагеррак, Каттегат, Эресунн бұғаздары арқылы Даниямен ұласады. Сонымен қатар Балтық теңізіндегі Готланд және Эланд аралдары да осы мемлекетке қарайды. Әкімшілік жағынан 24 ленге бөлінеді. Астанасы ? Стокгольм қаласы. Мемлекеттік тілі ? швед тілі. Ақша бірлігі ? швед кронасы. Швеция ? Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы ? Король. Жоғарғы атқарушы органы ? Үкімет. Заң шығарушы жоғары органы бір палаталы парламент ? Риксдаг. Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-інде орнатылды.Пушкин күні. Ресей Федерациясы Президентінің 1997 жылғы мамырдың 27-дегі Жарлығымен ұлы ақынның туылған күні салтанатына орай жыл сайын атап өтіледі. А.Пушкин шығармашылығын жоғары бағалайтын қазақстандықтар да жер-жерде ақын ескерткішінің алдына барып, рухына тағзым етіп, өлеңдер оқиды. А.Пушкин 1833 жылы Орынбор және Орал қалаларына келген. «Пугачев тарихына» қатысты мағлұматтар жинап, «Қозы Көрпеш ? Баян сұлу» эпосын жазып алған. Оның шығармалары 19 ғасырдың 2-ші жартысында Абайдың аударуымен елімізде кеңінен таралды. Абай «Евгений Онегиннен» бірнеше үзінді-нұсқаларды таңдап алып, «Татьянаның хаты», «Ленскийдің сөзі» атты өлеңдер шығарды. Ақын І.Жансүгіров «Евгений Онегин» романын бірінші болып толық аударды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР64 жыл бұрын (1945) Қарағандыда әлемде тұңғыш көмір комбайны сынақтан өтті. 1932 жылы кеңес өнертапқышы Бахтумский Алексей Иванович осы көмір комбайнының ең алғашқы үлгісін жасады. 22 жыл бұрын (1987) Алматы облысының бұрынғы Кеген ауданында Ораз Жандосов тұрған және қызмет істеген үйде мұражай ұйымдастырылды.17 жыл бұрын (1992) кинорежиссер Абдолла Қарсақбаев тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.9 жыл бұрын (2000) Алматыдағы «Ер Төстік» ұл балалар хоры (жетекшісі Қымбат Нұралиева) Австрияның Линц қаласында өткен халықаралық «Хор олимпиадасы - 2000» байқауына қатысып, қола жүлдеге ие болды. 8 жыл бұрын (2001) Жамбыл облысының Жамбыл ауданы орталығында ақын Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылды. 8 жыл бұрын (2001 маусымның 6-14-і) Астанада Мәскеудің мәдени күндері өтті. ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Фтизиатрлар қоғамының президенті, ТМД елдері Фтизиатрлар қоғамы басқармасының мүшесі ЖАНГЕРЕЕВ Амангелді Әбдірахманұлы дүниеге келді. Еңбек жолын Ақтөбе медицина институтының ассистенті болып бастады. Содан кейін КСРО Денсаулық сақтау министрлігі Туберкулез орталық ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. Бірнеше жыл Қазақстан Республикасы Өкпе аурулары проблемалары жөніндегі ұлттық орталығының директоры болды. 2000 жылдан бері Алматы мемлекеттік дәрігерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі болып істейді. Ғалымның 70-ке жуық ғылыми еңбегі, оның ішінде 1 монографиясы жарық көрген.55 жыл бұрын (1954) Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, сықақшы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты ЖАППАСҰЛЫ Еркін дүниеге келді. Шығыс Түркістанда туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1971-1973 жылдары Ақсуат аудандық Пионерлер үйінің директоры қызметін атқарған. 1975 жылы Отан алдындағы борышын өтеп оралғаннан кейін, аудандық музыка мектебінде бір жыл ұстаздық еткен. «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінде, «Қазақкітап» кітап саудасы бірлестігінің насихат редакциясында қызмет атқарған. Қазір «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы қызметін атқарады. Қаламгердің «Кімге күлкі, кімге түрпі?», «Ой, қытығым келеді...» атты сатиралық кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, қытай тілдеріне аударылған. 50 жыл бұрын (1959) Қызылорда облысы әкімінің кеңесшісі, экономика ғылымының кандидаты СӘРСЕНБАЙ Нұрлан Алдабергенұлы дүниеге келді. Жамбыл облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1992-1995 жылдары - әл-Фараби атындағы жас таланттарды қолдау республикалық қорының вице-президенті. 1995-1996 жылдары ? «Фараби-консалтинг» консалтингтік фирмасының бас директоры, Қазақстан кәсіпкерлері конгресінің вице-президенті, Республикалық төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға консультация беру орталығының директоры. 1996-1997 жылдары ? Қазақ әлеуметтік дамуды несиелеу акционерлік банкі басқармасы төрағасының орынбасары, «Тұрғынүйқұрылысбанкі» жабық акционерлік қоғамының вице-президенті. 1997-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі төрағасының орынбасары, департамент директоры, төрағаның орынбасары. 2000-2002 жылдары ? «Центркредитбанкі» ашық акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі төрағасы кеңсесінің жетекшісі. 2001-2002 жылдары ? Қаржы полициясы академиясының профессоры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі орталығының жетекшісі. 2002-2006 жылдары ? Қазақ-жапон адами ресурстарды дамыту жөніндегі орталығының арнаулы кеңесшісі. 2006-2008 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді. МАУСЫМНЫҢ 7-СІ, ЖЕКСЕНБІИспания Корольдігінің Ұлттық мейрамы ? Республика күні. Қазақстан Республикасы мен Испания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 11-інде орнатылды.Норвегия корольдігінің Ұлттық мейрамы ? Тәуелсіздігін жариялаған күні. 1905 жылғы маусымның 7-інде Норвегияның жоғарғы өкілетті органы ? Стортингтің шешімімен швед-норвегия униясы бұзылды. Өткізілген референдум нәтижесінде Норвегия конституциялық монархия болып жарияланды. Қазақстан Республикасы мен Норвегия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-ында орнатылды.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еуразия мемлекеттер одағын құру туралы» жобасы баспасөзде жарияланды.12 жыл бұрын (1997) Павлодарда «Таза алюминий» деп аталатын ірі өндіріс орнының алғашқы қазығын қағу рәсімі өтті.6 жыл бұрын (2003 маусымның 7-10-ы) Астанада Пенза облысының мәдени күндері өтіп, аталған облыстың Елордадағы өкілдігі ашылды.90 жыл бұрын (1919) Нью-Йоркте алғаш рет жүргізуші куәлігін алу үшін жазбаша тест тапсырылды.ЕСІМДЕР110 жыл бұрын (1899-1952) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, режиссер НАСОНОВ Михаил Григорьевич дүниеге келді. Мәскеу қаласында туған. Мәскеудегі Пролеткульт театр студиясын бітірген. 1932-1941 жылдары Қазақ академиялық драма театрының көркемдік жағын басқарумен қатар режиссері болған. М.Насонов М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Тас түлектер», «Шекарада», Б.Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібі», Ж.Шаниннің «Арқалық батыр», С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар», М.Әуезов пен Ә.Тәжібаевтің «Ақ қайың», Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» және Ә.Әбішевтің «Отан үшін» пьесаларын сахнаға шығарды. Қазақ академиялық драма театрының дамуына елеулі үлес қосты. 1941-1944 жылдары Шымкент облыстық драма театрында режиссер болып, М.Әуезовтің «Сын сағатта», С.Мұқановтың «Жеңіс жыры» және А.Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» спектакльдерін қойған. 50 жыл бұрын (1959) «Панорама» республикалық газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі ЦОЙ Лера Владимировна дүниеге келді. Өзбекстан Республикасында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. «Коре Ильбо», «Жезказганская правда», «Агитатор Казахстана», «Избиратель» газеттерінің тілшісі болып істеген. 1992-1993 жылдары ? «Панорама» газетінің тілшісі, бас редактордың орынбасары. Қазіргі қызметінде 1993 жылдан бастап істейді.
Соңғы жаңалықтар