ҚазАқпарат-Анонс: наурыздың 18-і мен 21-і аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі
ЕЛБАСЫ
Наурыздың 18-і күні Елбасы Н.Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.
ҮКІМЕТ
Наурыздың 18-інде Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Гендерлік сипатты ескере отырып ауыл тұрғындарын шағын несиелендіруді дамыту» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болады.
Наурыздың 23-25-і аралығында Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Жапонияға ресми сапармен барады.
ПАРЛАМЕНТ
Наурыздың 18-інде Парламент Сенатының жалпы отырысы болады.
Наурыздың 18-інде Парламент Мәжілісінде «Бала құқығын қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болады.
Наурыздың 18-інде Мәжілісте Заңнамалық және сот-құқықтық қорғау жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы болады.
СПОРТ
Наурыздың 14-і мен 19-ы аралығында Астанада Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан және Украина ұлттық құрамаларының қатысуымен бокстан халықаралық турнир өтуде.
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ
Наурыздың 15-19-ы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Іс басындағы төрағасының Арнайы өкілі ретінде Оңтүстік - Шығыс Еуропа мемлекеттеріне жасап жасайды. Іссапар барысында ол Албания, Черногория, Босния және Герцеговинада аталған мемлекеттердің саяси басшылықтарымен кездесіп, аймақта саяси тұрақтылықты сақтау мәселелері бойынша келіссөздер өткізеді деп күтілуде.
АСТАНА
Наурыздың 10-мен 28-і аралығында Астана қаласындағы қазіргі заман өнері мұражайында Германияның Қазақстандағы жылы ауқымында Қазақстан-неміс университеті Қазақстандағы алғашқы «Су және Энергия: өзің үшін Н2О және Ватт әлемін аш!» жылжымалы көрмесін ұсынады.
Наурыздың 18-інде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ғимаратында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған кезекті брифинг өткізіледі. Брифинг барысында азаматтардың әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар, аңшылық шаруашылықтарына жер-су аймақтарын беру кезіндегі заңдылықтың сақталуы және меншікті заңсыз иеленумен (рейдерлік) байланысты прокурорлық қадағалаудың жағдайы туралы және т.б. тақырыптар жарияланады.
Наурыздың 18-інде «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамында «Өнімді ландшафттарда ауыл шаруашылығын тұрақты жүргізу жөніндегі инновациялық жобаларды енгізу тәжірибесі» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болады.
Наурыздың 18-інде «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалында Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мәжілісі болады.
Наурыздың 20-сы күні Президенттік мәдениет орталығында «Түрк дүниесі» орталығының ашылу рәсімі болады.
Наурыздың 21-і күні Президенттік мәдениет орталығының сыйкәде өнімдерінің тұсаукесері (көрме-жәрмеңке) өтеді. Көрме ашылу рәсімі аясында «Армысың, әз-Наурыз!» атты театрландырылған концерттік бағдарлама ұсынылады.
Наурыз мейрамы атап өтілетін наурыздың 22-сі күні Астана қаласында бірқатар автожолда қозғалыстар шектеледі. Мереке күндері жекеменшік және қоғамдық көліктердің кептелісін болдырмас үшін келесі көшелерде қозғалыстарға шектеу қойылады: Қабанбай батыр даңғылы бойымен «Рамстор» сауда үйінен бастап 23-ші көшеге дейін; Сарыарқа даңғылы бойымен Кенесары көшесінен Сығанақ көшесіне дейін; Сарайшық, Тұран көшелерінен Қабанбай батыр даңғылына дейін.
АЛМАТЫ
Наурыздың 18-інде «Holiday Inn Almaty» отелінде «Орталық Азиядағы сақтандыру» деген тақырыпта IV халықаралық конференция болады.
Наурыздың 18-і күні Тұңғыш Президент қорында әдеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтеді.
Наурыздың 18-інде Ұлттық кітапханада рунолог Тайжан Досжанның «Руника құпиясы» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болады.
Наурыздың 18-інде Түрік университетінде «Сөз өнері» сатира конкурсы болады.
Наурыздың 18-інде Алматы ауданы әкімдігінде «Нұр Отанның» Алматы ауданлық филиалы бастауыш партия ұйымдары төрағаларының форумы болады.
АЙМАҚ
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Ақпанның 23-і мен наурыздың 23-і аралығында Батыс Қазақстан облысында туберкулезбен күрес айлығы өткізілмек.
АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. МЕРЕЙТОЙЛАР.
НАУРЫЗДЫҢ 18-І, БЕЙСЕНБІ
Париж коммунасы күні. 1871 жылы тұңғыш пролетарлық революция жүзеге асып - Париж коммунасы құрылды. 1872 жылғы 20 ақпаннан бері Париж коммунасының күні ретінде аталып келеді.
ОҚИҒАЛАР
15 жыл бұрын (1995) Мемлекет басшысы қатысуымен елдегі қылмыспен күресті нығайту мәселелері бойынша республикалық мәжіліс өтті. Сол күні «Қылмыспен күрес және құқықтық тәртiптi нығайту бойынша шұғыл шаралар туралы» және «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы кодексіне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің екі қаулысы басылым беттерінен жарық көрді.
5 жыл бұрын (2005) Алматыдағы Қазақстан Республикасы Орталық мұражайында «Кілем-киіз бұйымдары» атты көрме ашылды. Мұнда ұлттық ою-өрнекпен әрленіп, түр-түске енген ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезіне жататын мұражай қорындағы 500-ден астам еңбектің 30-ы көрмеге шығарылды. Олар текемет, тұскиіз, алаша, қалы кілем, тақыр кілем сияқты жерге төсейтін, қабырғаға ілетін кілем, сырмақтардың сан-алуан түрі.
1 жыл бұрын (2009) Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Локомотив» АҚ-ның тапсырысы бойынша «General Electric» компаниясы жасап шығарған жаңа буындағы «Evolutiоn» сериялы тепловоздарын қолданысқа беру салтанатты рәсімі өтті.
Жаңа буындағы тепловоздар қазақстандық стандарттарды және еліміздегі темір жол жұмыс талаптарының жағдайларын ескере отырып жасалған. Жүргізуші кабинасы жаңа технологиялармен жабдықталған. Мұнда жұмыс істеу үшін барлық жағдайлар жасалып, қозғалтқыш дыбысын оқшаулағыштар және микроклимат реттегіштері орнатылған. Сондай-ақ жүргізуші жұмысын жеңілдететін микропроцессорлық басқару жүйесі енгізілген.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1950) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі АРАЛБАЙ Төлеубек Мұхаметжанұлы дүниеге келді.
Семей қаласында туған. М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының жанындағы студияны, Алматы мемлекеттік өнер институтын (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген.
1964-1970 жылдары Семей облыстық драма театрының, 1974 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актер болып қызмет атқарады. Сондай-ақ, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінде дәріс береді.
У.Шекспирдің «Корлианында» Корлиан, И.Ғайыптың «Мен ішпеген у бармасында» Абай, Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күнінде» Едіге, Ғ.Мүсіреповтың «Амангелдісінде» Амангелді, т.б. 40-қа жуық басты рөлдерді ойнаған.
Гастролдік сапармен Иран, Мысыр, Германия, Ресейде болып өнер көрсеткен. Аралбай «Қарашегіртке» телесериалында және «Аждаһа жылы» (Қытай) көркемфильміне түскен.
НАУРЫЗДЫҢ 19-Ы, ЖҰМА
Ресейдің сүңгуір-теңізшілері күні. 1906 жылы Ресей императоры ІІ Николайдың жарлығымен әскери флот қайықтары қатарына жаңа су асты қайығы дәрежесi қосылды.
ОҚИҒАЛАР
14 жыл бұрын (1996) Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен Жоғарғы сот кеңесінің бірінші мәжілісі өтті.
5 жыл бұрын (2005) Қызылорда облысы Шиелі ауданы Алғабас ауылының №157 орта мектебіне танымал ғалым, қоғам қайраткері, профессор Беркімбай Перімбетовтың есімі берілді.
Беркімбай Перімбетов (1929-1996) Қазақ КСР-ның құрылыс материалдары өнеркәсiбінің министрі, КСРО Министрлер Кеңесінде Қазақстанның тұрақты өкілі болды. 1984 жылдан «Оргтехстром» АҚ басқарды. Ғалым өнеркәсіп құрылыс материалдарының жаңа саласын құруға зор үлесін қосты.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникациялық компаниясы өзінің корпоративті www.telecom.kz порталының тұсаукесер рәсімін өткізді.
Оның ішінде 52 ақпараттық қызмет бар, атап айтқанда олар компания туралы толық ақпарат, барлық көрсетілетін қызмет түрлері мен тарифтердің тізімі, төлеу қызметі туралы мәлімет, абонент анықтамасы және т.б.
ЕСІМДЕР
110 жыл бұрын (1900-1958) француз физигі, Әлем жақтаушыларының бүкiләлемдiк қозғалысының негiздеушісі және жетекшiлерiнің бiрі, Франция Институтының мүшесі, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік мүшесі ЖОЛИО-КЮРИ Фредерик дүниеге келді.
Париж қаласында туған. Физика және қолданбалы химия мектебін бітірген.
Оның атымен Әлем алтын медалі бар. 120-ға жуық ғылыми еңбектер жариялаған. Оның жартысына жуығын жұбайы Иренмен бірігіп жазған. Басында олар «Ирен Кюри және Фредерик Жолио», кейіннен «Ирен және Фредерик Жолио-Кюри» деп жазғандықтан олардың тегі қосылған. Жасанды радиоактивтi құбылысты ашқан үшін, ресми сипатталғандай «радиоактивтi элементтердiң орындалған синтезi үшін», 1935 жылы Жолио-Кюри жұбайымен Нобель сыйлығын иеленді.
60 жыл бұрын (1950) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, режиссер ҚАЖЫМҰРАТОВ Сердеш дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданың Әжібай ауылында туған. Алматы мемлекеттік өнер институтын (Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген.
Қарағанды облысы драма театрының актеры, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының бас режиссеры қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының қоюшы режиссеры.
Театр сахнасында Әлібек, Жапал (Мұхтар Әуезов «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек»), Шоқан (Сәбит Мұқанов «Шоқан Уәлиханов»), Қодар, Сердәлі (Ғабит Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу, «Ақан сері-Ақтоқты»), Бақыт, Алтынбек (Сәкен Жүнісов «Тырау-тырау тырналар», «Қысылғаннан қыз болдым»), Нияз (Тахауи Ахтанов «Махаббат мұңы»), Жангелдин (М.Симашко «Төтенше комиссар») рөлдерін ойнаған.
10-нан аса кинофильмге түсті, 1986 жылы «Күзет бастығы» фильмінде Құрымбайдың рөлін шынайылықпен шебер сомдады. Режиссер ретінде Дулат Исабековтың «Апа» пьесасын Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында сахналады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері.
НАУРЫЗДЫҢ 20-Ы, СЕНБІ
Халықаралық франкофония күні. Бұл - француз тілінде сөйлейтін елдердің мейрамы. Бүгінгі таңда бірнеше күнге созылатын франкофония мерекесі, күнделікті француз тілінде сөйлесетін әлемнің 47 елін біріктіреді. Ал осы франкофония терминін тұңғыш рет француздық ғалым-географ Элизе Реклю қолданған болатын. 1970 жылғы наурыздың 20-ы күні Нигер астанасы Ниамей қаласында бүкіләлемдік франкофония ұйымы құрылды.
Ұйымның негізгі мақсаты барлық француз тілін сүюшілердің басын біріктіру, француз және франкотілдес елдердің мәдениетін тарату және танымал болуына жәрдем беру еді. Әдетте осы мереке күндері ғылыми конференциялар, филологиялық семинарлар, концерттер, таныстырылымдар, пікірсайыстар өтеді.
Бүкіләлемдік астрология күні. Астрология (грек тілінде astron - «жұлдыз» және logos - «сөз, ілім») - жер шарына және адамға жұлдыздардың әрекет етуі туралы ілім.
Астрология ежелде қалыптасқан, жұлдызды ғибадатпен және жұлдызды аңызбен тығыз байланысты. XX ғасыр аяғында батыс жұлдызшылары астрология күнін наурыздың 20-ында, астрономиялық және астрологиялық жыл басталған уақытта атап өтуді ұсынды. Күн бұл кезде тоқты белгісіне енеді (көктемгі күн мен түннің теңесу күні 20-21 наурызға сәйкес келеді).
ОҚИҒАЛАР
75 жыл бұрын (1935) «Төте оқу» деген атпен апталық газеттің алғашқы саны жарық көрді. Газеттің алға қойған мақсаты мектептерге, мұғалімдерге, өз беттерінше сауат ашушы адамдарға іс жүзінде көмек беру болды. 1939 жылдан «Сауатты болуға көмекші» деген атпен, латыншадан орыс графикасына көшуге байланысты 1940 жылдан «Жаңа жазу» деген атпен шықты. 1952 жылдың қараша айынан «Қазақстан мұғалімі» деген атпен жарық көрді.
Бастауыш және орта мектептердің мұғалімдері мен педагогикалық жоғары оку орындарының студенттеріне арналған.
3 жыл бұрын (2007) Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде Қазақстан Республикасының адамгершілік дамуы туралы БҰҰ-ның даму бағдарламасының ақпараттық порталының және оқулықтарының тұсаукесер рәсімі өтті.
Оқулықтарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған.
Оларды дайындауға Қазақстандағы БҰҰ жүйесінің сарапшылары, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және де еліміздің мемлекеттік органдарының қызметкерлері ат салысты.
3 жыл бұрын (2007) Алматыда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан және КСРО халық әртісі Әмина Өмірзақоваға (1919-2006) арналған кітаптың тұсау кесер рәсімі өтті.
Кітап «Қазақстан» баспаханасының «Ғибратты ғұмыр» сериясынан 2 мың 500 дана болып шықты. Оның авторы жазушы Сейілғазы Әбдікәрімов.
Әмина Өмiрзақова театрда және кинода 200-дей рөлді тамаша сомдады, соның ішіндегі басым рөлдері ана бейнесі болған.
1 жыл бұрын (2009) «Қазпошта» АҚ көктем мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы аумағында «Наурыз» сериялы пошталық марканы айналымға шығарды.
Маркаларда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көріністер бейнеленген. Ол төрт түспен безендірілген офсеттік тәсілмен басылған. Өлшемі - 50 х 38 мм, тиражы - 30 000 дана. Маркалар Бейжің пошталық төлем белгілер фабрикасында басылды. Безендіруші - Николай Соколов.
ЕСІМДЕР
100 жыл бұрын (1910-1980) қазақ әдебиетінің зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы БӨЖЕЕВ Мұратбек дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов мемлекеттік университетін, Мәскеу педагогикалық институтын бітірген.
Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері, Қазақ КСР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтының (Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты) аға ғылыми қызметкері болған.
Ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы - әдебиеттану мәселелері, қазақ фольклоры, Абайдың ақындық мектебі.
Бөжеев қазақ әдебиетінің 6-томдық тарихын және М.Әуезовтың 12-томдық шығармашылық жинағын баспаға әзірлеуге, ғылыми түсініктерін жазуға қатысты. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
75 жыл бұрын (1935) Қазақстан Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МОЛДАҒАЛИЕВ Тұманбай дүниеге келді.
Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. «Пионер» журналының әдеби қызметкері, «Жазушы» баспасының редакторы, аға редакторы, «Балдырған» журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі кезде «Балдырған» журналының бас редакторы.
Тұнғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы басылды. Бірнеше жинақтары орыс тілінде Мәскеу, Алматы баспаларынан шықты. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлендерін қазақшалаған.
Н.Тілендиевтің, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтың көптеген әндеріне өлең жазған («Құстар қайтып барады», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Шақырады көктем», т.б).
«Парасат» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. Республика Комсомолы сыйлығының, Бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлығының иегері.
НАУРЫЗДЫҢ 21-І, ЖЕКСЕНБІ
Наурыз мейрамы. «Наурыз» сөзі парсының «ноу» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген.
Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Қазақстан Наурызды мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап атап өтіп келді. 2008 жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі.
Қазіргі кездегі Наурыз көне дәуірдегі дәстүрлер сабақтастығын сақтап қалған - ұлттық мәдениетті қалпына келтіруде бұл «уақыт байланысының», Қазақстан тарихы мен қазіргі кезеңінің аса маңызды жалғастырушы буыны.
Қазақстанда Наурыз мейрамы - Мемлекеттік мейрам.
Көктемгі күн мен түннің теңесу күні. Жер күні. 1971 жылғы наурыздың 21-інде БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімінде жарияланған. Қазір ол дүниежүзінің 167 мемлекеттінде атап өтіледі. Дүниежүзілік Жер күні тағы да сәуірдің 22-інде атап өтіледі.
1990 жылы алғашқы рет халықаралық мейрам ретінде атап өтілді. Қоршаған ортаны қорғау туралы жаһандық мәселелердің ұзақ мерзімді шешімінің бастамасы. АҚШ-тың бастамасымен өтеді, онда ол 1970 жылдан бастап дәстүрлі түрде атап өтіледі.
Планетарийлер күні. Ең алғашқы рет 1990 жылы Италияда өткізілген. Халықаралық мәртебеге 1994 жылы француздық «астрономия шіркеуі» қолдағаннан кейін ие болған. Бір жылдан соң бұл мейрамды Еуропаның басқа елдерінің планитарийлері қолдады. Көктемгі күн мен түннің теңесу күніне таяу жексенбіде тойланады.
Бұл мейрамды өткізу мақсаты - қоғамды планетарийлер қызыметімен таныстыру және астрономиялық білімді насихаттау.
Дүниежүзілік Поэзия күні. ЮНЕСКО Бас конференциясының 1999 жылдың 30-ыншы сессиясында наурыздың 21-де Дүниежүзілік поэзия күнін атап өтуге шешім қабылданды. Дүниежүзілік Поэзия күні тұңғыш рет ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Парижде атап өтілді. «Поэзия, - делінген ЮНЕСКО шешімінде, - қазіргі заманғы адамның өткір де терең рухани мәселелеріне жауап бере алады - бірақ бұл үшін оған қоғам назарын мүмкіндігінше кеңірек аударту қажет. Сонымен қатар Дүниежүзілік Поэзия күні қазіргі ақындардың шығармалары оқырмандарына, негізінен солардың күшімен, жол тауып жатқан - шағын баспалардың, тебіреніске толы сырлы сөзбен мәңгілік дәстүрді қайта тірілтіп жүрген - әдеби клубтардың өздерін кеңінен танытуына мүмкіндік беруі тиіс».
Бұл күн поэзияның шын мәніндегі қазіргі заманғы, адамдар ашық қабылдай алар өнер ретіндегі жағымды кейпін бұқаралық ақпарат құралдарында қалыптастыруға қызмет етуі қажет.
Халықаралық нәсілдік кемсітушілікті жою үшін күрес күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1966-ншы жылғы қазанның 26-сындағы XXI сессиясының шешімі бойынша атап өтіледі. 1960-ыншы жылғы осы күні Шарпевиле қаласында (Оңтүстік Африка) ОАР-да африкалықтарды міндетті түрде төлқұжаттандыру мақстаындағы апартеид режимінің заңдарына қарсы наразылық бейбіт шеруін өткізу барысында полицейлер тұрғындарға оқ атып, 69 адам қаза тапқан. 1966-ншы жылы осы күнді жария ете отырып, Бас Ассамблея халықаралық қоғамдастықты нәсілшілдік кемсітушіліктің барлық түрін жою мақсатында екі есе күш жұмылдыруға шақырды.
Нәсілшілдік пен нәсілдік кемсітушілікке қарсы күресуші халықтармен ынтымақтастық апталығы (2010 жылғы наурыздың 21-і мен 27-сі аралығы). БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілшілдікке және нәсілдік кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі іс-қимылдың бірінші онжылдығы бағдарламасы аясында 1979-ыншы жылғы наурыздың 21-інен (34/24 қарар) барлық мемлекеттердінәсілшілдікке және нәсілдік кемсітушілікке қарсы күресуші халықтармен ынтымақтастық апталығын атап өтуге шақырды.
Бүкіләлемдік ұйқы күні. Бұл атаулы күн 2002 жылдан бастап, Еуропада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйымдастыруымен ұйқы және денсаулық проблемалары жөніндегі бүкіләлемдік жоба шеңберінде өтеді.
Халықаралық қуыршақшы күні. 2003 жылғы наурыздың 21-нен бастап Халықаралық қуыршақшы күні дәстүрлі түрде аталып өтеді. Халықаралық қуыршақшы күнін дүниежүзінде тойлау идеясы қуыршақшы театрының танымал қайраткері Дживада Золфагариходаға (Иран) тиесілі. 2000 жылы Магдебургтағы УНИМА-ның XVIII-ші Конгрессінде осы ұсынысты талқылауға берді.
ОҚИҒАЛАР
60 жыл бұрын (1950) Өскемен қаласында Бүкілодақтық түрлі-түсті металл ғылыми-зерттеу институты құрылды. Қазіргі уақытта металл, цинк алатын полиметалл кендерiн өндіру, байыту және қорғасын концентраттарын қайта өңдеу мәселелерiмен айналысатын республикамыздағы ірі институт болып табылады. Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Институттың 410 зерттемелері КСРО-ның Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің (ВДНХ) алтын, күміс және қола медальдарымен атап өтілген. Институт КСРО-ның 1200 авторлық куәлігіне, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және алыс шетел елдердің 400 патентіне ие.
35 жыл бұрын (1975) жазушы Сапарғали Бегалиннің (1895-1983) «Замана белестері» атты алғашқы романы жарық көрді. Романның бас кейіпкері - тарихи тұлға, көрнекті кеңес қызметкері Мұхаметғали Тәтімов.
5 жыл бұрын (2005) Алматыда сыни сараптамалық «Айт» aрт-журналының алғашқы саны жарық көрді. Журнал еліміздің мәдениеті мен өнерін насихаттап, оны дамытуға арналған. Құрылтайшылары - Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен «Рух-Мирас» қоғамдық бірлестігі. Журналдың атын қоярда бірқатар пікірлер білдіріліп, соның ішінде мәдениеттанушы-ғалым Мұрат Әуезовтың ұсынысы қабылданған көрінеді.
1 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теңіз көлігі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы», «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік шараларды қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
1 жыл бұрын (2009) 2006 жылғы қыркүйектің 8-де Семей қаласында қол қойылған Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ туралы Келісімшарт күшіне енді. Қазақстан жеріндегі тарихи келісімшартқа
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қол қойды.
ЕСІМДЕР
85 жыл бұрын (1925-2001) ақын, Қазақстан Республикасының халық жазушысы ШАҢҒЫТБАЕВ Қуандық Төлегенұлы дүниеге келді.
Ақтөбе облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
Ақтөбе педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, Ақтөбе облысының «Социалистік жол», «Актюбинская правда» газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында бас редактордың орынбасары, бас редактор, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ радиосында бас редактор қызметтерін атқарған.
Алғашқы кітабы «Ар» деген атпен 1945 жылы жарық көрді. Кейін туған өлкенің шынайы өзгерістерін, замандастарының ақыл-парасатын, адамгершілік қасиетін жырлаған «Өлеңдер», «Аққу әні», «Арма, республикам», «Лирика», «Жыр жаһаны», «Гүлтолқын», «Саршатамыз», «Жыл құсы» атты лирикалық шығармалары жарық көрді.
Шаңғытбаев драматургия саласында да еңбек етіп, Қ.Байсейітовпен бірге «Беу қыздар-ай», «Ой жігіттер-ай», Құтырғаннан құтылған» пьесаларын және «Алтын таулар», «Айсұлу» операларының либерттосын жазды. Ол - көптеген ән өлеңдерінің авторы. Сондай-ақ А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын, М.Лермонтов, И.Гете, Р.Бернс лирикаларын, Омар Хаямның рубаяттарын, А.Горкийдің «Қыз бен ажал» поэмасын қазақ тіліне аударды.
70 жыл бұрын (1940) экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының, Қазақ Ауыл шаруашылығы Ғылым Академиясының академигі БАЙЗАҚОВ Сәбит дүниеге келді.
Қостанай облысында туған. Алматы ауыл шаруашылығы институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университет) бітірген.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кафедра меңгерушісі, деканы, проректоры, Қазақ Ауыл шаруашылығы Ғылым Академиясының бас ғылыми хатшысы, Қазақстан Ғылым Академиясының бас ғылыми хатшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық аграрлық университеті орманшылық, екпе ормандар және көгалдандыру кафедрасының профессоры, Орман биоценологиясы проблемалары ғылыми орталығының жетекшісі.
Байзақов орман және орман шаруашылығының сандық, сапалық тұтастығын ғылыми жағынан негіздеп, бұл проблеманы шешудің басты принциптерін жасады. 62 аса ғылыми еңбектердің, оның ішінде үш монографияның авторы. 1 ғылым докторы мен 1 кандидатын даярлаған. Қазақстан Республикасының Орман кодексі жобасын жасауға қатысты.