ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 20-сы мен 26-сы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҚазАқпарат-Анонс: сәуірдің 20-сы мен 26-сы аралығындағы   оқиғалардың    күнтізбесі
АҚОРДАСәуірдің 20-сында Ақордада Мемлекеттік хатшы Қ.Саудабаевтың қатысуымен Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. ҮКІМЕТ Сәуірдің 20-сында Үкімет үйінде селекторлық кеңес өтеді. Сәуірдің 20-сында Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінде апталық брифингтер өтеді. ҚОҒАМЕлімізде 2009 жылғы ақпанның 17-сі мен шілденің 1-і аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды.Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылғы наурыздың 30-ы мен сәуірдің 30-ы аралығында «Таза ауа» атты акция өткізіледі. Бұл акцияның басты мақсаты ? Қазақстан Республикасы заңнамасының экологиялық талаптары бойынша өрескел тәртіп бұзушыларды анықтау және тасымалдаушылар мен автокөліктерден шығатын ластаушы заттар мөлшерінің құрамы нормаларына қатаң бақылау орнату.Сәуірдің 15-і мен мамырдың 20-сы аралығындағы «Ең үздік студент ? 2009» республикалық сыйлығына байқау өтеді. Байқау 8 аталым бойынша жүргізілмек. Олар ? журналистика, ғылым, спорт, халықтық шығармашылық, дизайн және қолданбалы өнер, музыкалық- эстрадалық өнер, әдебиет және қоғамдық жұмыстар. Сайысқа 16 мен 25 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Жеңімпаздарға «Ең үздік студент ? 2009» атағы беріліп, диплом, мүсінше мен бағалы сыйлық табыс етіледі.ҚОҒАМ Сәуірдің 20-сы мен 26-сы аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен Еуропада және Қазақстанда Еуропалық иммунизациялау аптасы өтеді. АСТАНАСәуірдің 20-сында «Есіл» қонақүйінде «Орталық Азияның газ секторындағы стандарттарды үйлестіру» тақырыбында семинар өтеді. Сәуірдің 20-сында «Аққу» қонақүйінде «Орны қайта толатын энергия көздері мен Киот хаттамасы» тақырыбында халықаралық семинар өтеді. АЛМАТЫ Сәуірдің 20-сында «Палладиум» джаз-клубында қайырымдылық қорларының жиналысы өтеді. Сәуірдің 20-сында Қазақстан баспасөз клубында «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ы баспасөз мәслихатын өткізеді. Сәуірдің 23-і күні Алматыда Қазақстан Суретшілер одағының XVI сьезі өтедіСәуірдің 25-30-ы күндері футболдан ІІ «ҚР Президенті кубогы» халықаралық жасөспірімдер турнирі өтеді.Сәуірдің 25-і күні Республика сарайында «Көктемді қондырып қанатына, құс қайтып оралды Алматыма...» деп аталатын ән кеші өтеді.Алматыда сәуірдің 23-24 күндері өтетін VIII Еуразия медиа форумы «Өзекті тақырыпқа ? ашық әңгіме» деген атаумен өтеді. АЙМАҚБАТЫС ҚАЗАҚСТАНСәуірдің 1-і мен мамырдың 1-і аралығында Орал қаласында тазалық айлығы жарияланды. Осыған орай қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен тұрғын үй-коммуналдық саласы кәсіпорындары ауқымды жұмыс көлемін атқармақ. Тазалық айлығы жариялануына байланысты Орал қалалық ардагерлер кеңесі үндеу қабылдады. Онда ардагерлер мекеме-кәсіпорындар, ұйымдар басшы-қызметкерлері мен қала тұрғындарын айлыққа белсенді қатысуға шақырған.ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫПавлодар облысында сәуірдің 18-інен көктемгі құс аулау маусымы басталып, екі аптаға созылады. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫСәуірдің 20-сынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық иммунитеттеу апталығы басталады. Ол Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен өткізілуде. 20 мен 29-дың арасындағы жастар - сіреспе, дифтерия, "В" вирустық гепатиті, балалар ? эпидемиялық паротит, қызылша сияқты ауруларға қарсы тегін егілетін болады. Апталық барысында санитарлық-ағарту жұмыстары белсене жүргізіледі. -------------------------------------------------------------------------------------------------- АТАУЛЫ КҮНДЕР, ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР СӘУІРДІҢ 20-СЫ, ДҮЙСЕНБІЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР72 жыл бұрын (1937) Қарағанды облысының Балқаш елді-мекені қала мәртебесін алды.14 жыл бұрын (1995) Түркияда Абай күндері өтті.3 жыл бұрын (2006) француздық Мишель Аман Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Ски-Дубай спорт кешенінде мұздан биіктігі 12,28 метрлік мүсін жасады. Аталған мүсінді жасау үшін ол 10 көмекшісімен 10 күн жұмыс істеген. Өнер туындысын әзірлеу барысында 45 тонна мұз қажет болған.ЕСІМДЕР85 жыл бұрын (1924-1944) қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры МОЛДАҒҰЛОВА Әлия Нұрмұхамедқызы дүниеге келді. Ақтөбе облысының Қобда ауданында туған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербордағы №9 мектепте білім алды. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, мергендер мектебін үздік бітірді. 1943 жылдың тамызынан 2-ші Прибалтика майданында 26-шы атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Ефрейтор Ә.Молдағұлова асқан мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансысының маңында болған ұрыста Әлия жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Қазақтың батыр қызы туралы кітаптар жазылды, кинофильм түсірілді, ән шығарылды. Ақтөбеде мемориалдық мұражай ашылған, үлкен даңғылға Ә.Молдағұлова есімі берілген. Ресейдің Санкт-Петербор және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстарындағы ондаған мектептер, көшелер Ә.Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған. 60 жыл бұрын (1949) ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі РЫБАКОВ Сергей дүниеге келді. Ресейде туған. Калинин мемлекеттік университетін бітірген. «Бельская правда», «Московский комсомол», «Смена», «Торгайская новь», «Дружные ребята» газет-журналдарында істеп, ТАСС-тың Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі болған. Оның «Будильник», «Сайрауық құстар», «Алыптардың алыбы», «Бұған не ұқсас» атты кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында С.Торайғыровтың өлеңдерін, «Күзгі дақтар» атты балалар антологиясының жыр жинақтарын орыс тіліне аударған. 55 жыл бұрын (1954) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі СӘДУАҚАС Тортай дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Қарағанды университетінің филология факультетін бітірген. 1979-1995 жылдары «Жазушы» баспасында редактор болған. Ақынның «Тұңғыш», «Жартастағы жаңғырық», «Жұмбақтас», «Биші қайыңдар», «Айнакөл айшықтары» жыр жинақтары, «Наурызбай би және туған өлке тарихы», «Ел мен жер» атты тарихи-танымдық кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында шет ел жазушылары И.Франко, И.Драч, Я.Колас, Мен До Нук, Г.Блэнаур, Дж.Катичтың және моңғол ақындарының шығармаларын, сондай-ақ Ю.Поройковтың «Қас-қағым сәт» атты кітабын тәржімалап, қазақ оқырмандарына ұсынды.55 жыл бұрын (1954-2006) тарих ғылымының докторы, профессор МАСАНОВ Нұрболат Едігеұлы дүниеге келді. Қарағанды қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының кіші, аға ғылыми қызметкері болып істеген. 1986-1988 жылдары ? Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалым хатшысы. 1992-1998 жылдары - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, профессоры. 2001 жылдан Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының президенті, «ДВК» республикалық қоғамдық бірлестігі саяси кеңесінің мүшесі болған. 2005 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Көшпенділердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметін атқарған. Ғалымның 200-ден астам ғылыми еңбегі бар.50 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасының Гонконгтағы бас консулы СҮЛЕЙМЕНОВ Үсен Әбдіқадырұлы дүниеге келді. Алматы шет тілдері педагогикалық институтын, Колумбия университетінің Халықаралық және қоғамдық қатынастар мектебін бітірген. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1995-1996 жылдары ?Экономикалық ынтымақтастық ұйымы хатшылығының аудармашысы. 1996-2000 жылдары ? Қазақстан Республикасының Ирандағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы. 2000-2001 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бөлім меңгерушісі. 2001-2002 жылдары ? «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының эксперті. 2002-2004 жылдары ? Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері. 2004-2005 жылдары ? Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі. Қазіргі қызметінде 2005 жылдан бастап істейді. СӘУІРДІҢ 21-І, СЕЙСЕНБІБразилияның Мемлекеттік мерекесі ? Тирадентес күні. Тирадентес ? XVIII ғасырдағы отар Бразилияның тәуелсіздігі үшін Бразилияның алтынға бай ауданы Minas Gerais штатында отаршыларға қарсы үлкен қастандық ұйымдастырушылардың басында тұрған күрескерлердің бірі. Қастандық жасау ниеттері ашылғаннан кейін Бразилияның бостандығы үшін күрескерлер қатаң жазаланған, ал Тирадентес 1792 сәуірдің 21-інде Рио-де-Жанейро алаңында дар ағашына асылған.Пәкістанда Икбал күні. Пәкістанның рухани әкесі саналған ақын, Мұсылман лигасының президенті Мұхаммед Икбалды еске алу күні.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР84 жыл бұрын (1925) «Қазақ әйел» және «Теңдік» газеттері негізінде «Қазақстан әйелдері» қоғамдық-саяси журналы шыға бастады.ЕСІМДЕР100 жыл бұрын (1909-1967) тарих ғылымының докторы профессор, Ұлы Отан соғысының ардагері ЕЛЕУОВ Тәжен дүниеге келді. Қызылода облысында туған. Қазақ педагогикалық институтын бітірген. Қазақстан Жастар одағы Алматы облыстық комитетінің екінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы ОК-нің бөлім меңгерушісі, «Хроника» журналының редакторы қызметтерін атқарған. 1946-1948 жылдары ? Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, ғалым хатшысы. 1948-1950 жылдары ? Қазақстан Ғылым академиясы Қоғамдық ғылымдар бөлімшесінің ғалым хатшысы. 1950-1967 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының бөлім меңгерушісі болған. Медальдармен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.45 жыл бұрын (1964) Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Вена қаласындағы басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі ӘБДІРАХМАНОВ Қайрат Құдайбергенұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, аспирантурасын бітірген. Қазақ политехникалық институтының оқытушысы болған. 1993-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, Азия елдері басқармасы бастығының, Азия елдері департаменті директорының орынбасары, Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы ? 4-ші департаменті директорының орынбасары. 1998-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 3-ші департаментінің, Екі жақты қатынастар департаментінің директоры. 1999-2001 жылдары ? Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі. 2001-2003 жылдары ? Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2003-2006 жылдары ? Қазақстан Республикасының Израильдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2006-2007 жылдары ? Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2007-2008 жылдары ? Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі. Қазіргі қызметінде 2008 жылдан бастап істейді. Медальмен марапатталған. СӘУІРДІҢ 22-СІ, СӘРСЕНБІБүкіләлемдік жер күні. Қоршаған ортаны қорғау ісіне бүкіл адамзатты біріктіру мақсатында өткізілетін халықаралық шара ретінде 1990 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1970 жылдан бастап АҚШ-та дәстүрлі түрде өтеді.АҚШ-та ағаш отырғызу күні. Мектеп мерекесі. Көктемнің алғашқы күндерінде бастауыш мектеп оқушылары оқытушыларының басшылығымен ағаш отырғызумен айналысады. Мақсаты ? қала балаларына табиғатты аялауды үйрету.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР24 жыл бұрын (1985) Ақтөбеде Кеңес одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық мұражайы ашылды.15 жыл бұрын (1994) Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.12 жыл бұрын (1997) әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды.ЕСІМДЕР60 жыл бұрын (1949-1997) әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Республикалық эстрада әртістері конкурсының және «Жігер» фестивалінің лауреаты СЕЙІЛОВ Жақсыкелді Уәлиұлы дүниеге келді. Қарағанды облысында туған. Ол «Қарагөз», «Жезкиік» ансамбльдерін ұйымдастырған. Композитордың «Жезкиік», «Айналайын, қанатым», «Әке туралы ой», «Ана туралы баллада», «Кездесу», «Ұлытау» сияқты танымал әндері бар. Жезқазған филармониясының шығармашылық ұжымы құрамында Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолияда болып, өнер көрсеткен.45 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі МҰҚАШЕВ Серікжан Шайзадаұлы дүниеге келді. Ақтөбе қаласында туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Батыс Қазақстан көліктегі ішкі істер басқармасының жедел уәкілі, Ақтөбе көлік прокуратурасының тергеушісі, «ТЭТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің коммерциялық директоры қызметтерін атқарған. 1996-1999 жылдары ? «Ақтөбеоблгаз» акционерлік қоғамының вице-президенті, президенті. 1999-2000 жылдары ? «Ақтурбо» акционерлік қоғамының президенті. 2000-2002 жылдары ? Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары. 2002-2003 жылдары ? «Ақтөбе ЖЭС» жабық акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы. 2003-2004 жылдары ? «GSM Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және кадр саясаты басқармасы Мемлекеттік инспекциясының мемлекеттік инспекторы. 2004-2005 жылдары ? Ақтөбе қаласының әкімі. 2005-2007 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болып сайланған. Медальмен марапатталған.285 жыл бұрын (1724-1804) неміс философы, неміс классикалық философының негізін салушы, Петербор Ғылым академиясының шетелдік құрметті мүшесі КАНТ Иммануил дүниеге келді. Кенигсберг (қазір Ресей иелігіндегі Калининград) қаласында туған. Канттың гимназияға, кейін Кенигсберг университетіне түсіп, білім алуына Шульц деген пастор қол ұшын берген. Университетте Кант философиямен қатар жаратылыстану ғылымдарын (математиканы, физиканы, астрономияны, географияны және медицинаны) тиянақты оқып, меңгереді. Университетте географиядан сабақ беріп, «Физикалық география» атты үш томдық еңбек жазған. 1755-1796 жылдары университеттің доценті, профессоры болған. Ғалымның «Педагогика», «Аспанның жалпы табиғи тарихы және теориясы», «Таза зердеге сын», «Практикалық зердеге сын» және «Пікір қабілеттеріне сын» атты еңбектері бар. СӘУІРДІҢ 23-І, БЕЙСЕНБІБүкілдүниежүзілік кітап және автор құқығын қорғау күні. Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы ? тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері ? 1616 жылғы сәуірдің 23-і. Қазір барлық өркениетті елдерде кітап жәрмеңкелері, көрмелер мен фестивальдар өткізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ? Бүкілдүниежүзілік кітап күнін өткізуді ұйымдастырушылардың бірі.Түркия Республикасының ұлттық мерекесі ? Тәуелсіздік күні. Қазақстан Республикасы мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы наурыздың 2-де орнатылды. Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бағдат Әміреев.Бермуд аралдарында бұрыш күні. Бұл дәмдеуіш Бермуд аралдарының экономикасында үлкен рөлге ие.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР52 жыл бұрын (1957) Қостанай облысындағы Рудный елді-мекені қала мәртебесін алды.ЕСІМДЕР50 жыл бұрын (1959) тарих ғылымының докторы БАТЫРБЕКОВ Ғазиз Оразайұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. 1989-2003 жылдары Қазақ КСР Орталық мемлекеттік мұрағатының жетекші ғылыми қызметкері, Қазақстан Ғылым академиясы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері болған. Ғалымның «Академик Қ.Сәтбаевтың қоғамдық ғылымдар бойынша мұрасы», «Академик Қ.Сәтбаев және оның замандастары» атты кітаптары жарық көрген.50 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Дамыту стратегиясы департаментінің директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент ЫРСАЛИЕВ Серік Әзтайұлы дүниеге келді. Алматы облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және аспирантурасын бітірген. Қазақ ауыл шаруашылығы институтының доценті, шет елдік студенттермен жұмыс жөніндегі деканы қызметтерін атқарған. 1989-1990 жылдары ? Камбоджаның «Чамкардонг» университетінің оқытушысы. 1993-1999 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басқарма бастығының орынбасары, бастығы, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы. 1999-2003 жылдары ? Білім берудің мемлекеттік стандарттары және тестілеу ұлттық орталығының директоры. 2003-2004 жылдары ? Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Орта жалпы білім беру департаментінің директоры, Білім беруді дамыту, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры. 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласын аттестациялау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары болған. СӘУІРДІҢ 24-І, ЖҰМАХалықаралық жастар ынтымақтастығы күні. 1955 жылы Азия мен Африка елдерінің Бандунг конференциясында шешім қабылданған күннен бастап, отаршылдыққа қарсылық білдіріп, бейбітшілікті қолдайтын жастардың халықаралық ынтымақтастығы күні ретінде атап өтіледі.Бүкіл әлемдегі армяндардың аза тұту күні. Осман империясындағы армян геноциді шарықтау шегіне жетіп, шамамен 1,5 миллиондай армян өлтірілген. Бұл күн 1989 жылдан бастап атап өтіледі.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР19 жыл бұрын (1990) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.19 жыл бұрын (1990) қазақ және орыс тілдерінде «Халық кеңесi» және «Советы Казахстана» газетінің алғашқы саны шықты.13 жыл бұрын (1996) Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы мемлекет басшылары аллеясына Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен зайыбы Сара Алпысқызы алғашқы шырша ағашын отырғызды.8 жыл бұрын (2001) Алматыдағы «Атакент» іскерлік әріптестік орталығында «Ұлы Жібек жолымен» атты бірінші халықаралық кітап және полиграфия жәрмеңкесі ашылды.ЕСІМДЕР115 жыл бұрын (1894-1919) Ақмола облысында Кеңес үкіметін орнатуға қатысушылардың бірі СЕРІКБАЕВ Бәкен дүниеге келді. Ақмола (Астана) қаласында туған. Ақмола училищесін бітірген. 1917 жылы С.Сейфуллин ұйымдастырған «Жас қазақ» атты жастар ұйымының жұмысына қатысты. 1918 жылы Ақмола уездік Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. Сол жылы маусым айында ақ гвардияшылар бүлігі кезінде Ақмола кеңесінің басқа мүшелерімен бірге тұтқынға түсіп, атаман Анненковтың «Азап вагонына» қамалды. Ол Омбы лагерінде ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапқан.70 жыл бұрын (1939) шығыстанушы, тарих ғылымының докторы, профессор ХАФИЗОВА Клара Шайсұлтанқызы дүниеге келді. Орал қаласында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. 1969-1990 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының кіші ғылыми қызметкері, Ұйғыртану институтының аға ғылыми қызметкері болған. 1990-1994 жылдары ? Қазақ мемлекеттік университеті қытай филологиясы кафедрасының меңгерушісі. 1995-1998 жылдары ? Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының жетекші ғылыми қызметкері, бөлім бастығы. 1998-2005 жылдары Қайнар университеті стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының директоры қызметін атқарған. 2005 жылдан Қайнар университеті Қазақ тарихы мен өркениеті институтының директоры болып істейді. К.Хафизова Қазақстандағы белгілі қытайтанушы ғалым. Зерттеу еңбектері негізінен 14-19 ғасырлар арасындағы Орталық Азия мен Қытай, оның ішінде Цинь империясы мен қазақ хандары арасындағы байланыстарға арналған. Ғалым 1997-1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы тапсырмасымен қазақ шығыстанушылары арасында тұңғыш рет Қытайдың бірінші тарихи мұрағатында зерттеулер жүргізіп, күрделі еңбек жазды. 50- ден астам ғылыми еңбектің авторы. СӘУІРДІҢ 25-І, СЕНБІПортугалияда Төңкеріс күні. Португалия ? Еуропаның оңтүстік-батыс бөлігінде, Пиреней жарты аралында және Атлант мұхитындағы Азор, Мадейра аралдарында орналасқан мемлекет. Египетте Синай жарты аралының бостандық алған күні. Мереке Синай жарты аралына Египет бақылауының қалпына келтірілу құрметіне орай атап өтіледі.Италияның Ұлттық мерекесі ? Бостандық күні. 1943 жылы сәуірдің 25-інде диктатор Бенито Муссолини Миланнан қашып кеткен болатын. Сонымен қатар осы күні ел тарихында демократия үшін қарулы күрес және қарсылық қозғалыстарының жаңа кезеңі басталды. 1945 жылы немістер жаулап алған Солтүстік Италияда жалпыхалықтық көтеріліс басталып, одақтастарының әскері келгенше Солтүстік және Орталық Италияның 100-деген қаласы азат етілді.ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР92 жыл бұрын (1917) Омбыда Ақмола облысы қазақтарының съезі өтті.88 жыл бұрын (1921) құрамында 233 болыс елді біріктірген Ақмола, Атбасар, Көкшетау және Петропавл уездері негізінде Ақмола губерниясы құрылып, орталығы Петропавл қаласы болды.87 жыл бұрын (1922) Қапал уезінің атауы Талдықорған болып өзгерді, ал орталығы Гавриловка селосы болды.8 жыл бұрын (2001) Стокгольмде өткен конгресте Қазақстан Футбол одағы Еуропа футбол одағы қауымдастығына (УЕФА) кірді. Қазақстан құрамасы осы одақтың мүшесі ретіндегі алғашқы ойынын 2001 жылы шілде айында Эстония құрама командасымен өткізді.ЕСІМДЕР120 жыл бұрын (1889-1964) күйші-композитор СҮЙІНБЕКОВ Оразғали дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. Ол халық күйлері мен халық композиторларының «Қайран Нарын», «Боз төбе», «Айдарлының Ақжелеңі» сияқты күйлерін нақышына келтіре орындаумен қатар өзі де көптеген күйлер шығарған. Оның «Октябрь нұры», «Теңдікті келін», «Тұлпар дүбірі», «Жеңіс күйі», «Көктем шабыты», «Өнер жолында», «Еңбек табысы», «Алтын таулы астанам», «Жігер», т.б. күйлері бар. О.Сүйінбеков домбыраны Абыл, Боғда, Кәуен, Есбай күйшілердің сарынымен тартқан.110 жыл бұрын (1899-1969) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ВЕЛИКАНОВ Василий Васильевич дүниеге келді. Ресейдің Санкт-Петербор қаласында туған. Санкт-Петербор консерваториясының композиция және фортепьяно кластарын бітірген. Композитордың алғашқы шығармалары Ленинград театрларында жұмыс істеген кездерінде жазылды. Онда, негізінен, камералық-аспаптық музыка, әндер мен романстар жазды. В.Великанов 1935-1963 жылдары Этнография институты мен Композиторлар одағы ұйымдастырған музыкалық-этнографиялық экспедицияға қатысып, халық шығармашылығын зерттеумен айналысты. 1937 жылы арнайы шақыртумен Алматыға келіп, алғашқы қазақтың ұлттық балеті «Қалқаман-Мамырды» жазды. Бұдан кейін «Тұтқын қыз» операсына және «Райхан» кинофильміне музыка жазды. Ол Қазақ академиялық опера және балет театрында ұзақ жылдар еңбек ете жүріп, кәсіби қазақ музыкасының дамуына үлес қосты. «Ленинградтық өрендерім» вокалдық-симфониялық шығармасын, «Амангелді» симфониялық поэмасын, «Көктем әні» атты хор және симфониялық оркестрге арналған поэма, «Қазақ симфониясын», оркестрлік пьесалар, фантазия, камералық-аспаптық шығармалар, ән-романстар, спектакль мен кинофильмдерге музыка жазды. 1951 жылы оның «Қамбар ? Назым» балеті қойылды. 1951 жылдан Алматы консерваториясында оқытушы болды. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. 75 жыл бұрын (1934) Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жүзуден халықаралық санаттағы судья, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі ҚҰРАЛОВ Өтепқали Нысанғалиұлы дүниеге келді. Атырау облысында туған. 1957-1970 жылдары Атырау қалалық спорт комитетінің төрағасы, спорт мектебінің директоры, Атырау педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1970 жылдан Республикалық спорт комитетінің бөлім меңгерушісі, Кәсiподақтардың «Қазақстан» дене шынықтыру-спорт қоғамы орталық кеңесiнiң төрағасы болған.60 жыл бұрын (1949-1996) композитор ҚАЖЫҒАЛИЕВ Тілес Шамғонұлы дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Мәскеу консерваториясын, Алматы консерваториясының аспирантурасын бітірген. 1974-1979 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы шығармашылық секциясының меңгерушісі қызметін атқарды. 1982 жылдан өмірінің соңына дейін Композиторлар одағы төрағасының орынбасары болды. Т.Қажығалиев альт пен оркестрге арналған концерт, «Отан туралы» оратория, фортепьяно, ұрмалы және ішекті аспаптарға арналған екі концерт, әндер, романстар, спектакльдер, көркем және деректі фильмдерге арналған музыкалық шығармалар жазды. СӘУІРДІҢ 26-СЫ, ЖЕКСЕНБІХалықаралық зияткерлік меншік күні. Білімнің барлық саласындағы өнертапқыш және шығармашыл адамдардың мерекесі.Радиациялық апат құрбандарын еске алу күні. 1986 жылғы сәуірдің 26-да Чернобыль атом электр стансысында апат болды. Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңес Төралқасының 1993 жылғы сәуірдің 22-дегі қаулысына сәйкес атап өтіледі.Бүкілдүниежүзілік бауырлас қалалар күні. Бүкілдүниежүзілік бауырлас қалалар федерациясының шешімімен, жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. 1943 жылы Сталинград қаласына Англияның Ковентри қаласынан хат келді. Ковентри тұрғындары 1940-1941 жылдары жау қолында қалған батыр қаланың қаһармандығына таң қалып, Сталинградпен достастық комитетін құрған екен. 1992 жылы Халықаралық «Бауырлас қалалар» қауымдастығы құрылды. Бұл ұйым ТМД ауқымындағы қалалардың байланысын дамытып қана қоймай, серіктестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасайды. 2000 жылы бауырлас қалалар қауымдастығы 160-тан астам мемлекеттің 3500-ден аса қаласын біріктірді. Қазақстан Елордасы ? Астанамен әлемнің 12 қаласы бауырласқан, олардың арасында ? Берлин, Мәскеу, Киев, Қазан, Тбилиси, Сеул, Пенсильвания штатындағы Питсбург, Италияның Мантуя сияқты қалалары бар.Танзания Біріккен Республикасының ұлттық мейрамы ? Одақ күні (1964). Танзания ? Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Материктік (Танганьика) және аралдық (Занзибар мен Пемба) бөліктерден тұрады. Солтүстігінде Угандамен, солтүстік-шығысында Кениямен, оңтүстігінде Мозамбикпен, оңтүстік-батысында Бурунди, Руандамен шектеседі. Шығысында Үнді мұхиты, батысында Танганьика, солтүстігінде Виктория көлдерімен шектеседі. Танзания әкімшілік-аймақтық жағынан 20 провинцияға және 1 республикаға бөлінеді. Астанасы ? Додома қаласы. Ақша бірлігі ? шиллинг. Мемлекеттік тілі ? суахими тілі, сонымен қатар ағылшын, итальян тілдері де қолданылады. Елді 5 жылға сайланған президент басқарады. Жоғары атқарушы органы ? Үкімет. Жоғары заң шығарушы органы ? Ұлттық жиналыс.Түрікмен жүйрік аттарының күні. Түрікменстан Президентінің Жарлығымен 1992 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Осы күні Ашғабадта жүйрік аттар тарихына арналған халықаралық конгрестер, конференциялар, сондай-ақ аттар үшін жаттығулары, емдеу мен күтіп-баптау шаралары өтеді. 1991 жылы сәуір айында Сапармұрат Ниязовтың Жарлығымен ақалтеке тұқымының жойылу қауіпінің алдын алу мақсатында «Түркменаттары» мемлекеттік бірлестігі құрылған. Сонымен қатар оның ұйымдастыруымен Халықаралық ақалтеке ат зауыты қауымдастығы құрылған. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР15 жыл бұрын (1994) Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасында Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімге қол қойылды.13 жыл бұрын (1996) Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан мемлекеттерінің президенттері Шанхай келісіміне қол қойды.3 жыл бұрын (2006) Алматыда «Үнді классикалық биі орталығы» ұйымының таныстырылымы өтті. ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі, ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросының өкілі Юрий Пешков және Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпустардың өкілдері, сондай-ақ қаладағы бірқатар мәдени-рухани орталықтардың жетекшілері қатысты. Аталған орталық Қазақстан мен Орта Азияда тұңғыш рет ашылды. «Үнді классикалық биі орталығы» ұйымының негізін салушы, Үндістандағы КАЛАКШЕТРА ғажайып би өнері колледжінің түлегі А.Қайназарова.ЕСІМДЕР75 жыл бұын (1934) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы ЛИТВИНОВ Николай Юрьевич дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысында туған. «Лениногорец», «Алтай» спорт клубтарының бокстан жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы жаттықтырушысы болған. Оның шәкірттері арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кикбоксингтен кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионы Е.Шідербаев бар. Медальдармен марапатталған. 45 жыл бұрын (1964) боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы ҚЫЛЫМОВ Асылбек Сақтапбергенұлы дүниеге келді. Ресейде туған. 1979-1982 жылдары Еуропаның, КСРО-ның жастар арасындағы біріншілігінің, оқушылар спартакиадасының, КСРО жасөспірімдері арасында бокстан өткен біріншіліктердің жеңімпазы атанған. 1983-1986 жылдары КСРО-ның, КСРО Кубогының чемпионы, Тайланд, Индонезия, Франция, Түркия, Солтүстік Корея, Финляндия, Болгария, Германия, Румыния, Польшада өткен халықаралық турнирлерінің, КСРО-АҚШ кездесулерінің жеңімпазы атанған. 1984 жылдың көрсеткіші бойынша А.Қылымов Еуропаның ең үздік және 75 кг салмақ дәрежесіне дейінгі әлемнің үшінші боксшысы атағына ие болған.